Медициналық персоналдың еңбек жағдайларын зерделеу

42
Медициналық  персоналдың еңбек жағдайларын зерделеу
Мақалада ұйымдар қызметкерлерінің еңбек жағдайларын зерттеу мен гигиеналық бағалаудың нәтижелері ұсынылған

Көптеген кәсіптерде еңбек қолайсыз жағдайлармен, әртүрлі этиология мен қарқындылықтағы зиянды өндірістік факторлармен ұштасатыны айқын факт.

Бағалау еңбек медиков

Медициналық қызметкерлердің еңбегі жеке топқа бөлінген, ол бірегей белгілерімен сипатталады, – науқас адамдармен жанасу, науқас денсаулығының жай-күйі туралы ақпараттың тапшылығы, дербес шешімдер қабылдау кезіндегі жоғары жауапкершілік, қолайсыз нәтиже кезіндегі, даулы шешімдер қабылдау кезіндегі ширығушылық әсер.  Бұл ретте медициналық қызметкерлердің қызметі көбінде денсаулықтан көрініс табуы мүмкін, қоршаған өндірістік ортаның зиянды факторларының тұтастай ауқымының әсер етуімен байланысты. Біз денсаулық сақтаудың кейбір мамандандырылған ұйымдарының, наркологиялық, травматологиялық және сот-медициналық бейіндердегі ұйымдар қызметкерлерінің еңбек жағдайларын зерделеу мен гигиеналық бағалаудың нәтижелерін ұсынамыз

Материалдар мен әдістер

Жұмыс ортасы мен еңбек процесі факторларын өлшеу мен гигиеналық бағалау жылдың жылы және суық кезеңінде өткізілді.

Микроклимат параметрлерін (ауа температурасы, ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы) зерделеу еденнен  0,5 – 1,0 м биіктікте отырып жұмыс істеген кезде, немесе еденнен 1,5 метр биіктікте түрегеп тұрып жұмыс істеген кезде, жұмыс ауысымының бас кезінде, ортасында және соңында жүргізілді. Параметрлерді өлшеу: МВ-4-2М психрометр, ,   «Testo – 425» термоанемометр аспаптарымен, температураларды шағын өлшегіш  ИВТМ-7-мен жүргізілді.

Шу жүктемесі дыбыстың   акустикалық  децибелдердегі (бұдан әрі - дБА) эквивалентті деңгейі бойынша бағаланды, дірілдік жүктемені бағалау  «Testo – 816» шу өлшегішін,  «Ассистент» шу мен діріл талдауышын пайдаланумен жалпы дірілдің децибелдердегі (бұдан әрі – дБ) дірілдік үдеудің эквивалентті түзетімделген деңгейі бойынша бағаланды. Басқа зерттеулер үшін  «ТКА-Люкс» люксметрі мен «Ганк-4» әмбебап газталдауышы аспаптары пайдаланылды. 

Қызметкерлер еңбегінің ауырлығын зерттеу серпіндік жұмыс, көтеретін және жылжытылатын жүк массасы, статикалық жүктеме, таптаурын қозғалыстар саны, жұмыстық кейіп көрсеткіштерін зерттеу кезінде жүргізілді. Еңбек қауырттылығы назар аудару функциясы, талдаушылық функциялардың қауырттығы, эмоциялық және зияттық қауырттық, бірсарындылық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Мұнымен қатар, персоналдың қажетті жеке қорғану құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз етілгендігін бағалау да жүргізілді.

Зерттелген мекемелер мен ұйымдардың негізгі кәсіптеріндегі жетекші кәсіптік-өндірістік факторларды гигиеналық бағалау «Өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі, еңбек процесінің ауырлығы мен қауіптілігі көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау мен жіктеудің гигиеналық критерийлері» Басшылығына  (бұдан әрі – Басшылық) сәйкес жүзеге асырылды.

  Наркологиялық бейіндегі емдеу-профилактикалық мекемелер қызметкерлерінің еңбек жағдайларына талдау жасау

Наркологиялық бейіндегі емдеу-прпофилактикалық мекемелеріндегі (бұдан әрі – ЕПМ) негізгі жұмыс орындарындағы метеофакторлар, жарықтық, ауа және шу ортасы параметрлері мен шамаларын бағалау олардың орташа мәндері  –  норма шектерінде екендігін көрсетті. Бұл ретте персоналдың ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілгендігі қолданыстағы салалық регламентке сәйкес келді.

Еңбек процесінің ауырлығы көрсеткіштерін талдау зерделенген негізгі кәсіптік топтардың көпшілігінде олардың еңбек жағдайларының оңтайлы 1 сыныбына немесе жол берілетін 2 сыныбына сәйкес келетіндігін анықтады. Бұл кезде «физикалық серпінді жүктеме», «статикалық жүктеме», «жұмыстық кейіп (түрегеп тұру)», «таптаурын қозғалыстар» мен  «тұрқының еңкеюлері» сияқты көрсеткіштер есепке алынғанда, кіші медициналық персоналдың еңбек процесінің ауырлығы 3.2 сыныбымен бағаланды.

Толығырақ оқыңыз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»  



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль