Өндірісте зардап шеккендердің құқықтарын қорғау

783
Қорғау саласындағы мемлекеттік саясат еңбек қорғауға бағытталған мүдделерінің зардап шеккен өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды

ЕҚжЕҚ жөніндегі мемлекеттік саясат өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға бағытталған (ҚР ЕК 306-бабының 9) тармақшасы).

Денсаулық сақтау құқығы

Денсаулығын сақтау құқығы азаматтардың конституциялық құқығы болып табылады (ҚР Конституциясы 29-бабының 1-тармағы), сондықтан мемлекет ҚР заңнамасында еңбекті қорғау мәселелеріне елеулі орын береді, оны ұйымдастыру принциптерін, еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару тәсілдерін белгілейді.
Сондай-ақ заңнамамен қызметкерлердің еңбекті қорғауға құқықтарына
кепілдіктер мен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу сияқты мәселелер де реттеледі. Жұмыс берушінің еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі міндеттері, сондай-ақ еңбекті қорғауды реттейтін нормалардың орындалуын мемлекет тарапынан қадағалау мен бақылау ерекше маңызға ие болады.
ҚР ЕК-нің 169-бабына сәйкес еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян)
келтірген тарабы оны ҚР ЕК және ҚР заңдарында белгіленген мөлшерде сот шешімінің негізінде не ерікті түрде өтейді.

Жұмыс орны сақталады

Өндірістік жарақатқа немесе кәсіптік ауруға байланысты еңбекке қабілеттілігінен айырылған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады.
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның орнын толты
ру тәртібі ҚР АК-нің «Зиян келтірілу салдарынан туындайтын міндеттемелер» 47-тарауымен белгіленген. Онда зиянның орнын толтырудың көлемі мен сипатын анықтауға, денсаулығы зақымдануының нәтижесінде немесе асыраушысы қайтыс болған жағдайда айырылған еңбекақыны (табысты) есептеу тәртібіне, зиянның орнын толтыру мөлшеріндегі бұдан кейінгі өзгерістерге және оны тұрмыс құнының
көтерілуі мен еңбекке ақы төлеу мөлшерінің артуына байланысты арттыру тәртібіне байланысты іс-әрекеттердің реттілігі баяндалған.
Өндірістегі жазатайым оқиға және кәсіптік ауру кезіндегі кепілдіктер мен
өтемдер ҚР ЕК-нің 164-бабымен белгіленген. Мысалы, қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілгенде жұмыс беруші қызметкерге келтірілген зиянды ҚР азаматтық заңнамасында көзделген көлемде өтеуге міндетті. Сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті.
ҚР АК-нің 940-бабына сәйкес азамат қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласының, сондай-ақ ата-анасының бiреуі, зайыбы не еңбекке қабiлеттілігiне қарамастан жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, жасы 14-ке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина органдарының қорытындысы бойынша
денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуiне мұқтаж аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын (жас балаларды) күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесiнiң зиянды өтетiп алуға құқығы бар.
Қайтыс болған адамның асырауында болған және ол қайтыс болғаннан кейiн 5 жылдың iшiнде еңбекке жарамсыз болып қалған адамдардың да зиянды өтетiп алуға құқығы бар.

Зиянды өтетуге құқығы бар

Ата-аналарының бiреуi, зайыбы не жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған
адамның осы баптың 1-тармағында көрсетiлген балаларын, немерелерiн, ағаiнiлерi мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын және күтудi жүзеге асыру кезеңiнде еңбекке жарамсыз болып қалған отбасының басқа мүшесi осы адамдарды күту аяқталғаннан кейiн зиянды өтетiп алу құқығын сақтап қалады.
Зиян:
1) кәмелетке толмағандарға – 18 жасқа толғанға дейiн;
2) 18-дегi және одан да ересек жастағы оқушыларға – күндiз оқыту нысанындағы оқу орындарындағы оқуы аяқталғанға дейiн, бiрақ әрi кеткенде 23 жасқа дейiн;
3) 58 жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан ер адамдарға – өмiр бойы;
4) мүгедектерге мүгедектiк мерзiмiне;
5) ата-аналарының бiреуiне, жұбайына не қайтыс болған адамның асы-
рауында болған балаларын, немерелерiн, аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерiн,
қарындастарын күтумен айналысатын отбасының басқа мүшесiне – олар 
жасқа толғанға дейiн не денсаулық жағдайы өзгергенге дейiн өтеледi.
ҚР ЕК 45-бабының негізінде қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенше немесе мүгедектік белгіленгенге дейін не кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылуы белгіленгенше жұмыс беруші қызметкерді анағұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға не ҚР азаматтық заңнамасына, сондай-ақ еңбек шартының,
ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес зиянның өтемін төлей отырып, оны жұмыстан босатуға міндетті. ҚР Үкіметінің 2011.01.12 № 1430 қаулысымен бекітілген «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында «жеңіл жұмыс» бойынша түсініктеме бар.
Қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген кезде басқа жұмысқа уақытша ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда қызметкермен еңбек шарты ҚР ЕК 59-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы»
2005.13.04 № 39-III ҚР Заңының 34-бабына сәйкес, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс берушi кәсiптiк оқытуды немесе қайта оқытуды, арнаулы жұмыс орындарын құруды осы Заңға сәйкес жеке қаражаты есебiнен қамтамасыз етедi.
ҚР ЕК 22-бабы,1-тармағының 11) тармақшасына сай қызметкердiң еңбек
міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге құқығы бар, ал жұмыс беруші ҚР ЕК 23-бабы, 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеуге міндетті.

Жұмыс берушінің міндеттері

Еңбек міндеттерін атқарумен байланысты қызметкер өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген кезде жұмыс беруші зиянды қызметкерде сақтандыру төлемдері жоқ болған жағдайда, азаматтық заңнамамен көзделген көлемде өтеуге міндетті. Сақтандыру төлемдері бар болған жағдайда жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы төлеуге міндетті.
Жазатайым оқиға өндіріспен байланысты болған жағдайда жұмыс беруші зардап шегушіге (отбасы мүшелеріне) оның денсаулығына келтірілген залалдың орнын толтыру туралы бұйрық шығаруға міндетті. Жұмыс берушілердің қызметкерлер өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру тәртібі заңнамамен белгіленеді.
ҚР ЕК 22-бабының 14) тармақшасына сәйкес қызметкердің өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқығы бар.
Еңбек дауларын келісім комиссиялары және (немесе) соттар қарайды.
Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау олардың, олардың
өкілдерінің, өзге органдар мен тұлғалардың мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарына өтініштер мен жүгіністер беру, сондай-ақ кәсіпорынның келісім комиссиясына өтініштер және өндірістегі жазатайым оқиғаның нәтижелері бойынша жұмыс берушінің
әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа талап арыздар беру жолымен жүзеге асырылады.

Құқықтарын қорғау

Қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғауды
қамтамасыз ету мемлекеттік еңбек инспекциясы негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлер құқықтары мен бостандықтарын, заңдылықты, объективтілікті, тәуелсіздік пен жариялылықты құрметтеу, сақтау және қорғау негізінде жүзеге асырылады.
Қызметкер немесе оның өкілі құқықтарын қорғау мақсатымен қоғамдық
бақылау қызметіне жүгіне алады, онда ҚР ЕК 340-бабына сәйкес қызметкерлердің еңбекті қорғауға құқықтарын жұмыс берушінің алдында жұмыс берушілердің ЕҚжЕҚ бойынша нормативтік құқықтық актілерді, келісімдерді, ұжымдық шарттарды сақтауына қоғамдық бақылау жасау, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергептексеруге қатысу, ҚР-ның ЕҚжЕҚ туралы заңнамасының бұзылуына, келісімдермен
және ұжымдық шарттармен ЕҚжЕҚ бөлігінде көзделген міндеттемелердің орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарастыруға қатысу арқылы жүзеге асыру, қызметкердің өтініші бойынша еңбек міндеттерін орындауға байланысты мертігуі немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы нәтижесінде келтірілген зиянның орнын толтыруда және қызметкерлердің ЕҚжЕҚ-не құқықтарына қысым жасалудың басқа
да жағдайларында қызметкерлер құқықтарын қорғау үшін соттарға талап арыздармен жүгіну құқығы бар.
ҚР Жоғары Сотының 2003.19.12 № 9 «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңдарды қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысына сәйкес еңбек шарттарынан келіп шығатын еңбек даулары соттан тыс тәртіппен келісім комиссиясымен, сондай-ақ тікелей сотпен қарастырылуы мүмкін. Келісім комиссиясына жүгіну еңбек дауы тарабының міндеті емес, құқығы болып табылады.
Келісім комиссиялары тараптардың келісімі бойынша еңбек дауларының кез келген санатын қарастыра алады. Келісім комиссиясының шешімімен келіспеген, сондай-ақ ол орындалмаған жағдайда еңбек дауының тарабы сотқа өтінішпен жүгінуге құқылы, сот еңбек дауын мәні бойынша қарайтын болады. Еңбек-құқықтық қатынастардан шығатын даулар бойынша талап арыздар азаматтық сот жүргізудің жалпы ережелері бойынша жауапкер – заңды тұлға органы немесе дауда жауапкер
болып әрекет ететін жеке тұлғаның тұратын жеріндегі сотқа ұсынылуға жатады.
Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жұмысқа қайта алу туралы өтініш беру үшін жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесін алған күннен бастап үш ай мерзім, басқа еңбек даулары бойынша – қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл мерзім қарастырылған.
Өтініш беру мерзімін сот даудағы тараптың арызы бойынша ғана қолданады.
ҚР ЕК 172-бабында қарастырылған мерзімдер дәлелді себептер бойынша
өткізіп алынғаны белгілі болған жағдайда сот шешімнің қарар бөлігіне ол туралы көрсетеді және дауды мәні бойынша шешеді.
Егер сот талапкердің еңбек құқықтары бұзылғанын, бірақ ол ҚР ЕК қарастырылған өтініш беру мерзімін дәлелсіз себептер бойынша өткізіп алғанын анықтаса, онда шешімнің дәлелдеме-сипаттама бөлігінде осы құқықтардың бұзылғаны туралы көрсетеді және өтініш беру мерзімінің өткізіліп алуына байланысты талап арызды қараудан бас тартады.
Қызметкерлер еңбек-құқықтық қатынастардан келіп шығатын талаптар бойынша сотқа жүгінген кезде сот шығындарын (мемлекеттік баж салығы мен істі қарауға байланысты шығындар) мемлекет кірісіне төлеуден босатылады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль