Негіз қалаушы басқарушылық қағидат

18
Негіз қалаушы басқарушылық қағидат
Семенов К. П.
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», главный технический руководитель по охране труда - начальник отдела ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
Кәсіпорында өндіріс мәдениетін, еңбек жағдайларын жақсарту мен қауіпсіздікті арттыру үшін қарапайым және іс-тәжірибелік шешім 5S жүйесі мен «Алтын ережелерді» енгізу болып табылды.

Еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, мұнай-химия зауыты қызметінің ауданында тұратын халық пен персонал денсаулығын сақтау, сондай-ақ оның қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуін төмендету біздің кәсіпорын шешетін басымдыққа ие міндеттер болып табылады.

Өмірі мен денсаулығының басымдығы

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС  (бұдан әрі  — ПМХЗ) мұнай өнімдерінің 10 түрін: бензиндер, реактивті қозғалтқыштарға арналған отын,  дизельдік, қазандық отыны, сұйытылған газдар, битумдар, кокс, әртүрлі маркадағы күкірт шығарады.  2009 жылдан бастап  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның құрамына кіреді. Персонал саны — 3 935, зиянды жағдайларда жұмыс істейтіндер — 2 460 адам.

Қазіргі уақытта еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау негіз қалаушы басқарушылық қағидат ретінде қарастырылады. Біздің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі жұмысының аса маңызды бағыты өндірісте жұмыскер денсаулығы мен өмірін сақтау басымдығын қамтамасыз ету болып табылады.

Қойылған міндетті орындау үшін еңбекті қорғауды басқару Жүйесін (бұдан әрі - ЕҚБЖ) жақсартуға бағытталған іс-шаралар әзірленуде және енгізілуде. Оларға:

— оқыту мен нұсқаманы;

— ақпарат пен  коммуникацияларды;

— тексерулерді ұйымдастыруды;

— тәуекелдерді талдау мен басқаруды;

— жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді;

— еңбекті қорғау саласындағы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау;

еңбек жағдайларын жақсарту мен сауықтыруға байланысты іс-шаралар жоспарын әзірлеумен еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттауды;

— өндірістік жабдықтар қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

— өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

— еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайларын қалыпқа келтіруді;

— жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді;

— еңбек пен демалыстың оңтайлы режимдерін қамтамасыз етуді;

— қызметкерлерге санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетуді;

— жұмыскерлерді мамандықтары бойынша кәсіптік іріктеуді жатқызуға болады.

Жұмысшыларды еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету мен нұсқама ПМХЗ-ның барлық құрылымдық бөлімшелерінде өндіріс қауіптілігінің сипатына, орындалатын жұмыс түріне, сондай-ақ жұмысшылардың біліктілігі мен өтіліне қарамастан өткізіледі.

Нұсқаулықтар мен оқыту

Сипаты мен өткізілу уақыты бойынша нұсқамалар:

— кіріспе;

— бастапқы (жұмыс орнындағы);

— қайталама;

— жоспардан тыс;

— мақсатты  болып бөлінеді.

Еңбектің қауіпсіз тәсілдері мен әдістеріне оқыту цех бастығының теориялық және өндірістік оқытуды ұйымдастыру туралы жазбаша өкімі бойынша өткізіледі.  Басшылар, мамандар немесе біліктілігі жоғары жұмысшылар оқытуды  «Дербес жұмысқа жіберудің алдында еңбектің қауіпсіз тәсілдері мен әдістеріне теориялық және өндірістік оқыту бағдарламасына» сәйкес өткізеді. Теориялық және өндірістік оқыту бір мезгілде ұзақтығы 20 жұмыс ауысымынан кем болмайтын күндізгі ауысымда өткізіледі. Қызметкерлер әрбір тақырыпты теориялық жағынан меңгергеннен кейін жауапты тұлғалар практикалық нұсқама өткізеді.

Кәсіпорында электрондық құжат айналысы енгізілген, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша емтихандарды, арнаулы киім беру нормаларын, нұсқамаларды есепке алу жөнінде бағдарламалар әзірленген және енгізілген, бұл еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі мамандарының ғана емес, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер басшыларының да білімдерін тексерудің өз уақытында өткізілгендігін бақылауға мүмкіндік береді. Арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен қамтамасыз ету бойынша бағдарламаны енгізу цехтардың басшыларына ЖҚҚ-н беру мерзімдерінің сақталуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Өндірістік жарақаттанушылық себептерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария ережелерін бұзушылықты өз уақытында айқындау мен жою мақсатында зауытта кәсіпорын басшылары мен мамандары жүзеге асыратын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйіне көпдеңгейлі (кезеңдер бойынша) бақылау жүргізіледі. Цехтарда бірінші және екінші сатылардағы бақылау жүргізіледі.

Кәсіпорын бойынша бұйрықпен 10 тұрақты жұмыс істейтін комиссия белгіленген. Олардың төрағалары болып: бас директор, бас директордың орынбасары — бас инженер, бас мамандар тағайындалған. Бекітілген график бойынша жұмыс істейтін комиссиялардың құрамына барлық бақылаушы бөлімдер мен қызметтердің мамандары кіреді. Әрбір цех жылына кем дегенде екі рет тексеріледі. Тексерулердің нәтижелері бойынша ескертулері мен оларды жою мерзімдері бар актілер жасалады. Мысалы,  2015 жылы  27 тексеру өткізілді, ескертулер саны - 81.  2016 жылға  27 тексеру жоспарланды.

Комиссиялардағы жоспарлы жұмыстан бөлек, қызмет мамандары  басшылықтың тапсырмасы бойынша объектілерде мақсатты тексерулер жүргізеді, сондай-ақ  бекітіліп берілген цехтарда ішкі бақылауды жүзеге асырады. Бұл тексерулердің барысында  2015 жылы 35 нұсқау берілді,  оларда  68 ескерту көрсетілді.

Толығырақ оқыңыздар: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 12, 2016  



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль