Өздігінен профилактика - еңбектің жаңа жағдайларына бейімделуінің аспектісі ретінде

37
Өздігінен профилактика - еңбектің жаңа жағдайларына бейімделуінің аспектісі ретінде
Кох М. Ю.
Автор: Кох М. Ю.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", инженер отдела промышленной безопасности и охраны труда филиала АО «Алюминий Казахстана» Краснооктябрьского бокситового рудоуправления
Түсіндіру жұмысы, кәсіпорынның барлық жұмыскерлерін жұмыстың қауіпсіз әдістеріне үйрету, «өздігінен профилактика» жарақаттанушылық деңгейін әлденеше рет төмендетуге мүмкіндік береді.

Өмір мен денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің мемлекет пен біздің әрқайсысымыздың  бірінші дәрежелі міндеті. Тек адам ғана өзі мен өзінің жақындарынағат қылықтардың салдарларынан қорғауға қабілетті. Өндірістік сала — бұл іс жүзінде барлығы да кез болатын сала. Сондықтан адамдар қызметі үшін барынша қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету, өндірісті ұйымдастыруда орын алған жаңсақтықтарды талдау мен оларды жоя білуге үйрену қажет. 

Аспектілері өндірістік жарақаттану

        Өндірістік жарақаттанушылықтың негізгі аспектілерін, сондай-ақ қауіптілік деңгейін елеулі төмендететін іс-шараларды қарастырайық. Олардың салдарларымен күресуден гөрі, барлық жағымсыз оқиғалардан сақтандыру анағұрлым тиімдірек екендігін ұмытпау керек. Сондықтан өндірістік қызметтің қауіпті жағдаяттар профилактикасы сияқты қабаты  - жарақаттануды төмендету жөніндегі негізгі шара. 
Өндірістік жарақат — еңбекті қорғау талаптарын сақтамаудан туындайтын, өндірістегі жазатайым оқиғаның салдарынан жұмысшының немесе қызметшінің денсаулығына залал келтірілу.

Өндірістік жарақаттарды:

— өндірістік;

— өнеркәсіптік;

— құрылыстық;

— көліктік және басқаларға бөлуге болады.

Жазатайым оқиғаларды былайша жіктеуге болады:
1. Зардап шекккендердің саны бойынша:
 - жеке (бір адам зардап шегеді);
- топтық (бір мезгілде екі және одан көп адам зардап шегеді).
2. Ауырлық дәрежесі бойынша:
- жеңіл (шаншып алулар, тырналулар, соғып алулар);
- ауыр (сүйектердің сынулары, мидың шайқалуы);
- өліммен аяқталатын (зардап шегуші өледі).
3.    Мән-жайларға байланысты:
- өндіріспен байланысты;
- өндіріспен байланысты емес, бірақ жұмыспен байланысты;
- тұрмыстағы жазатайым оқиғалар.
Егер ол кәсіпорын мүдделері үшін оның шектерінен тыс жерлерде (жұмысқа баратын немесе жұмыстан қайтатын  жолда және т.б.) қандай да бір іс-әрекеттерді орындау кезінде болып өтсе, жазатайым оқиға жұмыспен байланысты болып танылады. Өндіріспен байланысты жазатайым оқиғалар үшін әкімшілік жауапкершілікте болады, ал зардап шегушіге кәсіпорын қаражаты есебінен орташа жалақысы мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
Мертігу, немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы   нәтижесінен туындаған мүгедектік жағдайында зардап шегушіге еңбек қабілеттілігін жоғалтқаны үшін материалдық залалдың орны толтырылады.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктемесі

Адамның бүкіл еңбек қызметі белгілі бір өндірістік орта жағдайларында өтеді, ол әртекті талаптарды сақтамау кезінде адамның жұмыс қабілеттілігі мен денсаулығына қолайсыз ықпал етуі мүмкін. Мұндай бүлдіруші әсер етуді қауіпті, сондай-ақ зиянды өндірістік факторлар көрсетеді: 

Өздігінен профилактика - еңбектің жаңа жағдайларына бейімделуінің аспектісі ретінде
 

                         1 сурет.  Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар 

         Қауіпті өндірістік фактор - жұмыс істеушіге әсер етуі белгілі бір жағдайларда жарақатқа немесе денсаулықтың басқа да кенеттен шұғыл нашарлауына әкелетін  фактор.

§    Зиянды өндірістік фактор деп  жұмыс істеушіге әсер етуі белгілі бір жағдайларда  ауруға немесе жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне әкелетін фактор аталады.

Өндірістегі жарақаттанушылық себептері

   Өндірістік жарақаттанушылықпен  тиімді күресу үшін оның туындау себептерін мұқият талдау қажет, олар бірнеше топқа бөлінуі мүмкін:
• Ұйымдастырушылық: сапасыз оқыту мен нұсқама берумен, жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктермен, материалдар мен бұйымдарды жинастыру ережелерінің бұзылуымен, қорғану құралдарының ақаулығымен, жеке қорғану құралдарының (ЖҚҚ) қолданылмауымен және т.б. байланысты.
• Техникалық: технологиялық процестердің жетілдірілмегендігінен, жабдықтардың, айлабұйымдардың, аспаптардың құрылымдық кемшіліктерінен, қорғаныс құрылғыларының, сигналдандыру мен бұғаттаулардың және т.б. жетілдірілмегендігінен туындайды. 
• Санитарлық-гигиеналық: ауадағы зиянды заттардың жоғары мөлшерімен, шу мен діріл деңгейлерімен, қолайсыз микроклиматпен, жеткіліксіз жарықтандырылумен және т.б. байланысты.
• Әлеуметтік-психологиялық: ұжымның қауіпсіздік мәселелеріне көзқарасынан, ұжымдағы микроклиматтан  құралады.
• Климаттық:  климаттың, тәулік уақытының, еңбек жағдайларының ерекшелік сипатына байланысты болады. 
• Биографиялық: жынысына, жасына, өтіліне, біліктілігіне, денсаулығының жай-күйіне байланысты. 
•    Психологиялық-физиологиялық: зейіннің, эмоциялардың, реакциялардың, физикалық және жүйке-психологиялық асқын жүктемелердің ерекшеліктеріне байланысты болады. 
•    Экономикалық: жұмыстың ырғақсыздығынан, жалақы беру мерзімдерінің бұзылуынан, тұрғын үй жағдайларындағы, балалар мекемелерімен қамтамасыз етудегі  кемшіліктерден туындайды. 

Толығырақ оқыңыздар«Қазақстанда еңбекті қорғау», № 12, 2016  

 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль