Кеңселік агрессия

28
Кеңселік агрессия
Верещагина Анна Анатольевна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», практикующий психолог, доцент Балтийского федерального университета им. И. Канта, действительный член (академик) МАПН, доктор психологических наук, г. Калининград
Адамдардың барлығы бейбітшілікте өмір сүріп, тыныш жағдайда жұмыс істеп, жайлы демалуды қалайды. Сонда агрессия қайдан шығады? Талқылап көрейік.

 Кеңселік агрессия қайдан шығады? 

Адамдардың барлығы бейбітшілікте өмір сүріп, тыныш жағдайда жұмыс істеп, жайлы демалуды қалайды. Сонда агрессия  қайдан шығады? Кеңседе басқыншылық мінез-құлықты не азғырады? Егер сізге немесе әріптестеріңізге «кеңселік құтыру» жұғып кетсе не істеу керек?  Талқылап көрейік.

Жұмыс орнындағы басқыншылық туралы жиі жаза бермейді, бірақ, ол менеджерлер үшін де, жұмыскерлер үшін де өзекті мәселе. Адамның мінез-құлығының осы феноменін зерттеу әрекеттері қолданылған, оларға сәйкес кәсіпорындар мен компаниялардың  50 % қызметкерлер өмірінде бір рет болса да кеңселік агрессияның жағдайын –бақыланатын немесе бақыланбайтын  ашуды басынан кешірген. Әдетте мұндай жағдайдың себептері жұмыста туындайтын қиындықтар болып табылады. Әсіресе бұл мәселе адамдар арасында бастапқыда жоғары бәсекелестік бар салаларда көрінеді. Өшпенділік жұмыс жағдайын бұзып қана қоймай, одан да ауыр салдарына:  әріптестерге, жұмыс берушіге немесе компанияға қасақана зиян келтіруге алып келуі мүмкін. Сондықтан агрессиялық мінез-құлықтың алдын алу ұйымның қауіпсіздік жүйесіне кіреді.

Жұмыс орнындағы агрессия түрлері

Психологияда агрессияның активті және енжар нысаны бар.

Агрессияның активті нысаны кейде «кеңселік құтыру̱» деп атайтын бақыланбайтын ашудың тұтануын білдіреді. Мұндай жағдайдың сыртқы себебі өз міндеттерін орындауға кедергі жасайтын әріптестердің өте шулы мінез-құлығы. Одан басқа, агрессиялық тұтанудың жиі себебі компьютерлік немесе кеңселік жабдықтардың ақаулары; телефон арқылы іскерлік сөйлесулерді үзетін кедергілер.

НА ЗАМЕТКУ  Кеңселік агрессияның шынайы себебі – бұл, әрине, жұмыстағы ұсақ-түйек жайсыздықтар емес, отырып істейтін, бірақ жауапкершілікті талап ететін, күрделі жұмыспен айналысатын адамдарда пайда болатын шаршағандық.

Ер адамдардың өте агрессияшыл деп саналатынына қарамастан, зерттеулер, кеңседегі әйелдер қорлауға және жәбірлеуге   ерлерге қарағанда бейімірек деп көрсетеді.

Мамандар жұмыс орнындағы агрессияның үш түрін ерекше атайды:

1. Дұшпандық агрессия:

а) дұшпандық – ауызша немесе символикалық сипаттағы арам ниетті мақсаттар;

б) обструкция – жұмысты орындауға кедергі жасау мақсатындағы іс-әрекеттер;

в) ашық агрессия – зорлық-зомбылық іс-әрекеттер.

2. Экспрессивтік агрессия – қиын жағдайды тез жеңілдететін еріксіз және оңай тоқтайтын ашу мен ызаның пайда болуы.

3. Аспаптық агрессия – мақсатқа жетуге бағытталған басшылықтың белсенді іс-әрекеттері.

ПРИМЕР Аспаптық агрессияның мысалы ретінде жаңа келген жұмыскерлерді мақтап, ал «бұрынғыларды» бағаламайтын, және сонысымен өшпенділік туғызатын жағдай болуы мүмкін. Егер бұл ретте жаңадан келгендердің жалақыларын көтеріп, ал, бұрынғы жұмыс істейтіндерге бонустарды да төлемесе, онда жанжалдан құтылу мүмкін емес. Басшылық көп жағдайда өзінің позициясын  қызметкерлерді жетістікке жетуге ынталандыруға талпынысы деп түсіндіреді, бірақ, нәтижесінде кәдімгі төбелеске немесе зиянкестікке ұрынуы мүмкін.

Аспаптық агрессияның әдістерін қолданған кезде басшылар «жақсы» және «жаман» күйзелісті ескеру керек. «Жақсы» қойылған міндеттер мен уәждемелердің өзара қатынастарын көрсетеді. «Жаман» қисынсыз қысқартылған мерзімдермен, жұмыстың қолайсыз жағдайларымен, орынсыз сынмен сипатталады.

Агрессияны іске қосу механизмі

Қызметтік қарым-қатынастарда агрессияны іске қосу механизміне мынандай факторлар қызмет атқаруы мүмкін:

·      елемеген шағым;

·      тұрақтылық деңгейінің төмендеуі;

·      экономикалық құлдырау,

·      әлеуметтік қорғалудың төмен деңгейі;

·      тұрақсыз мансап немесе еңбек өтіліндегі үзілістер;

·      жұмыстан босату;  

·      кәсіби немесе материалдық өсуінің болмауы;

·      жеке басының және отбасының мәселелері;

·      денсаулығына байланысты байсалды мәселелер (өзінің немесе отбасы мүшелерінің)

·      тәртіптік жазалар, басшылық және әріптестері тарапынан айтылатын сындар; 

·      қаржылық және заңды мәселелер.

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 1 оқыңыздар 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль