Өндірістік жарақаттану статистикасы

892
Қызметкерлер денсаулығының кез келген зақымдануы байланысты еңбек қызметімен және соқтырған жарамсыздық болып табылады өндірістегі жазатайым оқиғаларға

Өндірістік жарақаттану статистикасы өндірістік жарақаттанудың сандық сипаттамаларын зерделейді.
Қызметкерлер денсаулығының еңбек қызметіне байланысты және уақытша (бір немесе одан да көп күнге) немесе тұрақты еңбекке қабілетсіздікке не өлімге әкелетін кез келген зақымданулары өндірістегі жазатайым оқиға болып табылады.

Өндiрiстiк жарақат

Өндiрiстiк жарақат – қызметкер еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде алған, оның еңбекке қабiлеттiлiгiн жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы (ҚР ЕК 1-бабының 65) тармақшасы).
Кәсіпорын, ұйым аумағында еңбек міндеттерін орындау кезінде, сондай-ақ кәсіпорын берген көлікпен өндірістік мақсаттармен келе жатқан жолда еңбекке қабілетілігінен айырылу (1 жұмыс күніне және одан көп) және өліммен аяқталған өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккен тұлғалардың санымен сипатталады.
Экономика салаларында қызметті жүзеге асыратын барлық жеке және
заңды тұлғалар, олардың жеке бөлімшелері (меншік формасына қарамастан) уақыттың белгілі бір аралықтарында арнаулы формалар бойынша өндірістік жарақаттанушылық туралы есеп беріп отырады.
Бұл ретте мынадай:
- жұмыс істеушілердің жалпы саны және әйелдердің саны туралы;
- 1 жұмыс күніне және одан көп уақытқа еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан зардап шегушілердің, оның ішінде әйелдердің, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің саны туралы;
- әйелдерді, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді қосқанда, өліммен аяқталған
зардап шегушілік саны туралы;
- 1 жұмыс күніне және одан көп уақытқа еңбекке қабілеттілігінен айырылған, еңбекке уақытша қабілетсіздігі есеп берілетін жылда аяқталған зардап шегушілердегі еңбекке қабілетсіздіктің адам-күн саны туралы мәліметтер ұсынылады.
Жазатайым оқиғалардың материалдық салдарлары мен еңбекті қорғау
жөніндегі шараларға кететін шығындар туралы мәліметтер келтіріледі. Өндірістік жарақаттанушылық туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсыну оның серпінін:
өңірлер, экономиканың салалары мен секторлары, тұтастай алғанда ҚР бойынша бақылап отыру мүмкіндігін береді.
Мұндай статистиканы облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының органдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетіне тоқсан сайын түсіндірмелік жазбасы бар 2 ГИТ-Т (Өндірістік жарақаттанушылық) есептері арқылы беріп отырады.
Статистикалық мәліметтер өндірістік жарақаттанушылыққа талдау жасау үшін қажет, бұл жерде жазатайым оқиғаларды жарақаттың ауырлығы (жеңіл, орташа, ауыр, өлімдік, топтық), зардап шегушілердің жасы (25 жасқа дейінгілер, 25-тен 40 жасқа дейінгілер, 45 жастан жоғарылар), жынысы (еркектер, әйелдер), түрлері мен себептері (жіктеуішке сәйкес), кәсіптер, жұмыс стажы, өндіріс салалары (таукен-металлургиялық, энергетикалық, құрылыс, ауыл шаруашылығы және т. б.) бойынша
саралауға болады.
ХЕҰ-ның мәліметтері бойынша дүние жүзінде күн сайын жұмыста алған
жарақаттар мен аурулардан 6 300-дей адам қайтыс болады. Өндірістегі өлімдер саны жылына 2 млн 300 мыңнан асады, олардың 2 миллионы кәсіптік аурулардан, 300 мыңдайы – жазатайым оқиғалар нәтижесінде болады. Қалыптасқан жағдаят жоғалтылған жұмыс күндері салдарынан елеулі экономикалық залал келтіреді, қызметкерлерді емдеуге және өтемақылық төлемдерге кететін шығындар жыл сайын дүниежүзілік ІЖӨ-нің 4% -ын құрайды.

Өндірістік жарақаттану деңгейі ҚР

ҚР-ндағы өндірістік жарақаттанушылық деңгейі де салыстырмалы түрде жоғары деңгейде қалып отыр. 2012 жылы 2000-нан астам адам зардап шекті, олардың 270-тен астамы қаза тапты. 2013 жылдың 9 айының ішінде жалпы жарақаттанушылық 1444 адамды құрады (2012 жылдың 9 айында 1611 адам), ал 199 адам қайтыс болды, өткен жылдың осындай кезеңі ішінде 180 адам қайтыс болған еді. Бұл жұмыс берушілердің еңбекті қорғау проблемаларына жеткілікті көңіл бөлмеуінен, ұйымдардағы еңбекті қорғауды басқару жүйесінің заманауи талаптарға сәйкес келмейтіндігінен туындайды. Статистикаға сәйкес, бірқатар жазатайым оқиғалар
өндірісте жеке және ұжымдық қорғанудың қажетті құралдарының жоқтығы немесе оларды дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болады. Көптеген жұмыс берушілер қызметкерлерді заманауи және сенімді қорғану құралдарымен қорғауға тек ірі кәсіпорындардың ғана шамасы жетеді деп ұйғарады. Нарықтың қазіргі уақытта дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін заманауи, сапалы және сенімді қорғану
құралдарын ұсынуына қарамастан, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өз қызметкерлерін ЖҚҚ-мен жеткіліксіз қамтамасыз ететіні алаңдатады. Кейбір жұмыс берушілер еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды қалдықтық ұстаным бойынша қаржыландырады, осылайша еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуде үнемдеуге әрекеттене отырып, нәтижесінде жұмыс істеушілердің
өмірі мен денсаулығын қатерге ұшыратады.
2012 жылы өндірісте болған жазатайым оқиғалар себептерінің жалпы
құрылымында 25%-дан астамын жұмыстар жүргізуді қанағаттанғысыз ұйымдастыру, 2%-ын – технологиялық үдерісті бұзушылық құрады. Қызметкерлерді еңбекті қорғау бойынша дайындау мен еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқытудағы кемшіліктер жағдай жасаған жазатайым оқиғалардың үлесі 10%-ды, ЕҚжЕҚ ережелерін бұзушылық –
12%-ды құрайды. Зардап шегушінің өз кінәсінен болған оқиғалар пайызы да жоғары болып қалып отыр және ол 25%-ды құрайды.
Оқиғалардың түрлері бойынша жазатайым оқиғалар санының көпшілігі құлау мен биіктіктен құлауға тиесілі, ол тиісінше 18% және 15%-ды құрайды. Қозғалыстағы, шашырап ұшқан, айналатын заттар мен бөлшектердің әсер етуі жазатайым оқиғалардың 15% -ының себебіне айналды. Барлық жазатайым оқиғалардың 13%-ы жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде орын алды.
Экономика салаларының қимасында зардап шегушілердің ең көп саны
құрылыстың – 17%, таукен-металлургиялық өнеркәсіптің – 15 және бюджеттік ұйымдардың – 13% үлесіне тиеді.
Бұзушыны әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту қаупінен өндірістік жарақатану фактілерін жасыру толғақты мәселе болып қалып отыр. Бұған қоса, материалдық және моральдық зиянның орнын толтыру қажеттігі туындайды.
Сондықтан кәсіпорындардың, ұйымдардың лауазымды тұлғалары жазатайым оқиғаларды жасыруға жол бере отырып, саналы түрде заңнаманы бұзуға барады және тұтастай алғанда өндірістік жарақаттанушылық статистикасын бұрмалайды.
Жұмыс берушілер еңбек заңнамасын бұзушылыққа жол берген лауазымды
тұлғаларды тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тарту одан кейін қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды өз уақытында жою үшін ғана емес, сондай-ақ алдын алу мен сақтандыру қызметін де атқаруы тиіс екендігін түсінулері қажет.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях