Өз адамдарымызбен мақтанамыз!

20
Өз адамдарымызбен мақтанамыз!
Пархоменко Т. В.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", старший инспектор службы безопасности и охраны труда АО «Жамбылская ГРЭС им. Т. И. Батурова»
Жұмыскерлердің денсаулығын сақтау мен еңбек қауіпсіздігі Жамбыл МАЭС өндірістік-шаруашылық қызметіндегі негізгі міндет болып табылады және басымдық маңызға ие болған.

Қызметінің негізгі түрі электр және жылу энергиясын өндіру болып табылатын «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл МАЭС» АҚ  2015 жылы году выиграло главный, золотой, приз Республиканского конкурса «Парыз» республикалық конкурсында в номинации «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымында басты, алтын жүлдені жеңіп алды. Бұл станса ұжымы үшін үлкен жеңіс!

Жұмыскерлердің денсаулығын сақтау мен еңбек қауіпсіздігі Жамбыл МАЭС өндірістік-шаруашылық қызметіндегі негізгі міндет болып табылады және басымдық маңызға ие болған. Ұжым жұмыскерлер денсаулығы мен өмірін сақтау бойынша барлық міндеттемелерін барынша іске асыруға ұмтылады. Бұл үшін қызметкерлерді еңбектің қауіпсіз әдістеріне үздіксіз оқытуды жүргізеді, олардың кәсіптік біліктілігін, құзіретін, еңбекті қорғау саласындағы хабардарлығы мен мәдениетін үнемі арттырады, технологиялық процестерді жаңғыртуды жүргізеді, заманауи технологияларды енгізеді.

Біздің кәсіпорынның басты құндылығыоның адамдары, еңбеккерлері, олардың білімі мен күш-жігерініңі арқасында  Жамбыл МАЭС ұзақ жылдар бойы бүкіл Оңтүстік өңірін электр энергиясымен қамтамасыз етуде көшбасшылық позицияны иеленіп отыр және Қазақстан Республикасы энергетикалық жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазіргі уақытта  станцияда  562 адам еңбек етеді, олардың 112-сі - әйелдер.

     Бұл жерде  Валерий Ходжаұлы Базарбаев өзінің кңбек қызметін 1969 жылдан бастап бастады. Электрлік цехта электр слесірі болып, одан кейін еңбекті ғылыми ұйымдастыру және әлеуметтану зертханасының инженері, орталықтандырылған жөндеу цехының инженері, отын-көлік цехы бастығының орынбасары, бастығы, станцияны пайдалану Департаменті мазут шаруашылығы жабдықтарын пайдалану қызметінің басшысы болып жұмыс істеді. Валерий Ходжаұлы – Базарбаевтар еңбек әулетінің өкілі, олардың Жамбыл МАЭС-ндағы жалпы жұмыс өтілі 90 жылдан асады!  Әулеттің басы - Ходжа Сеидұлы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, - Жамбыл МАЭС-нда оның негізі қаланған 1967 жылдан бастап зейнетке шыққан 1999 жылға дейін,   32 жыл жұмыс істеді.

      Валерий Ходжаұлының беделін оның наградалары паш етеді. Олардың ішінде салалық Құрмет грамоталары, алғыс хаттар бар. Ал өткен жылы ол   «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген энергетик» атағын алды.

     2016 жылы Валерий Ходжаұлы өзінің энергетикадағы елу жылдық жұмысының мерейтойын (ол еңбек қызметін  1966 жылғы ақпан айында «Южная» қосалқы станциясында бастаған) атап өтті.  Оның үш баласы да өз әкелері мен аталарының жолын қуып, өз өмірлерін энергетикамен байланыстырды.

      Станцияда жас мамандарды дайындауға көп көңіл бөлінеді.   Олжас Кұрманбекұлы Қарауылов университетті мұнай-газ жабдықтары инженер-механигі дипломымен аяқтағаннан кейін қазан-турбиналық жабдықтарды пайдалану қызметіне жұмысқа кірді.

            Жоғары біліміне қарамастан, ол 2014 жылы өзінің еңбек қызметін қазандық жабдықтары бойынша машинашы-аралап шығушы жұмысшы мамандығынан бастауға шешім қабылдады. Қазір кәсіптік тілмен айтқанда,  Олжас жылу-механикалық жабдықтарды қауіпсіз, сенімді және үнемді пайдалануды қамтамасыз ететін оперативтік персоналдың үздігі болып табылады.

       Қазіргі уақытта О.Қ. Қарауылов аға машинашы, болашақта – ауысым бастығы оқуынан өтуге дайындалуда.  Және де жастығына қарамастан, білікті маман ретінде ол жас жұмыскерлерді үйретеді.

       Электр станциясындағы жұмыстың жоғары кернеулі электр тогы соғу қаупінің  тұрақтылығы  мен басқа да зиянды факторлармен қатар жүретіндігін ерекше атап өту қажет. Сондықтан барлық қызметкерлер қауіпсіздік техникасы мен техникалық пайдаланудың барлық ережелерін білулері және сақтаулары қажет. Олжас қауіпсіздік техникасы Күндеріне белсенді қатысушы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша конкурстардың бірнеше дүркін жүлдегері болып табылады. Ол капитаны болып табылатын команда көптеген наградаларды жеңіп алды, станцияның әлеуметтік және спорттық өміріне белсене қатысады.

Станция мен жабдықтардың сенімді, үнемді және авариясыз жұмыс істеуін осындай тамаша адамдар қамтамасыз етеді!

Энергетиктерге көрсетілетін құрмет пен мадақтау арта берсін!

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау» , №12, 2016 

 Суретте: В. Х. Базарбаев (ортада)  мазут шаруашылығын пайдалану қызметінің ұжымымен бірге.



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль