Еңбек демалысы күндерінің санын есептеу тәртібі

419
Еңбек демалысы күндерінің санын есептеу тәртібі
Садуева Гульжан Сайлаубековна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», магистр юридических наук, директор Института профессиональных экспертов и криминалистов Республики Казахстан, профессиональный бухгалтер
Жыл сайынғы еңбек демалысы үшін есеп айырысу кезеңі мен еңбек демалысы күндерінің санын қалай дұрыс есептеу керек?

Әр адамның тынығу құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында (1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды)  (2011.02.02 өзгерістермен және толықтырулармен) бекітілген.

Еңбек демалыстарының түрлері

ЦИТИРУЕМ ЗАКОН

 Конституцияның 24-бабының 4-тармағына сәйкес, әркімнің тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, жұмыс орны (лауазымы) мен  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексімен (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК)  белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыскердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 56) тармақшасы).

 ҚР ЕК 87-бабының 1-тармағын сәйкес, жұмыскерлерге демалыстардың мынадай түрлері беріледі:

1) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары;

2) әлеуметтік демалыстар.

Өз кезегінде осы демалыс түрлерінің тағы да қосымша түрлері бар:

жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары (ҚР ЕК 87-бабының 3-тармағы):

1) жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы;

2) жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы.

 әлеуметтік демалыстар (ҚР ЕК 87-бабының 5-тармағы):

1) жалақы сақталмайтын демалыс;

2) оқу демалысы;

3) жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс;

4) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.

НА ЗАМЕТКУ

Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскердің тынығуына, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және жұмыскердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады

Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттарда жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын есептеу

ҚР ЕК 87-бабының 2-тармағына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскердің тынығуына, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және жұмыскердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі. Әрі, егер ҚР ЕК , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмесе, жұмыскерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі (ҚР ЕК 88-бабы).

Еңбек демалысы күндерінің жоғарыда көрсетілген саны жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының заңнамалық тәртіппен бекітілген ең төменгі ұзақтығы болып табылады, және жұмыс беруші тарапынан жұмыскерге 365 күнмен есептелетін жұмыс істеген бір жұмыс жылына беріледі. 

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 1 оқыңыздар



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль