XVIII ғасырдан ХХ ғасырға дейінгі кезеңде Англиядағы еңбек демалысы

20
XVIII ғасырдан ХХ ғасырға дейінгі кезеңде Англиядағы еңбек демалысы
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Англиядағы еңбек құқығы осы уақытқа дейін, герцогтардың, графтардың, шахталар мен фабрикалардың иелерінің мүдделерін қорғайтын «қабаған ит» сияқты болған.

Бұл Тюдорлар әулетіне қатысты ағылшын патшаларының самайы ағарған кезеңінен бері солай. Жұмысшы халыққа, оның ішінде әйелдерге және балаларға қатысты жанкештілік байқалмады. Ұлы мәртебенің кемелерінде немесе үнді колониялардағы қант плантацияларында жұмыс істеуден бас тартқаны үшін қарапайым адамның арқасын тұзға малынған шыбықпен сабаған. Немесе, тіпті, жақын маңдағы ағашқа асып қойған.
    Осындай заңнамалық іс-тәжірибе бүкіл XVIII ғасырда өткізілген. Британ тәжісінің жерлерінде еркін қыдырып жүрген адам бостандығынан айырылатын. Ағылшын парламенті ағылшын капитализмінің пайдасына қарай, кеңес кезеңіндегідей, қаңғыбастық пен арамтамақтыққа тыйым салу туралы актілер қабылдады. Сондықтан кез келген жұмыссыз жүрген адамды ұлы мәртебенің құлдары ұстап, кісен салып, жұмыс күшіне мұқтаж фабрикаға жіберген. 
   XIX ғасырдың басында еңбек саясатындағы кемсітушілік өз шыңына жетті. Жұмысшылардың ең төменгі жалақысын реттеу туралы әділетті заңдар күшін жойды, ірі капиталистерге өз жұмыскерлерінің айлық мөлшерін белгілеуге құқық берілді. Әрине, ең алдымен өз мүдделерін қорғап олар сол құқықты пайдаланды. 
   Одан басқа, еңбек саласындағы ресми кемсітушілік еңбек шартын бұзудағы жауаптылықтың теңсіздігінде көрінді. Егер келісімшартты жұмыскер бұзса, онда оны қылмыстық жазаға тартқан. Ал, егер келісімшартты жұмыс беруші бұзса, оған сұқ саусағын шошайтып, азаматтық-мүліктік жауаптылыққа ғана тартқан. 
Басқарушы топтар кәсіподақтардың пайда болуына ұзақ қарсыласты. Жұмыскерлердің бірлестіктері аристократтар мен ірі капиталистер үшін бас ауруы болды. Бүкіл XIX ғасырдың және XX ғасырдың жартысы кәсіподақтарды заңдастыруға қарсыласқан жоғарыдағылардың аяусыз күресінің қызықты тарихы болды. 
   Жұмысшылардың бірлестіктерін 1871 жылы ғана заңды деп таныды. Алайда ұзақ уақыт, тіпті, өткен ғасырдың 70-ші жылдарына дейін кәсіподақтардың қандай да бір іс-әрекеттеріне шек қойып, олардың қолын байлауға тырысты. Осылайша, қоғамдық қарсыласудың бойкот, ереуіл және компаниялардың пикетке шығуы сияқты шаралары қылмыстық жазаға тартылатын. Негізі, кәсіподақтар ұзақ уақыт ықпал етудің нақты шараларын қолдану мүмкіндігін таба алмай, жалған жұмыс істеді. Барлық шектеулерді XX ғасырдың екінші жартысында алып тастауға қол жеткізілді.

   Балалар мен әйелдер еңбегі саласында шектеулер енгізу үшін де қатаң күрес жүргізілді. ХІХ ғасырдың басында кәсіпкерлерге балалардың түнгі жұмысын пайдалануға тыйым салды, жұмыс күнін 9 жастан 13 жасқа дейінгі балалар үшін сегіз сағатқа дейін (!), ал 18 жастағы жасөспірімдер үшін 12 сағатқа дейін қысқартты. Бүкіл еңбек күнінің ішінде аралас ауысым жүйесін енгізіп, жұмыс берушілер жұмыс ауысымының ұзақтығын барынша жасырғандықтан, бұл шектеулер ұзақ уақытқа дейін қолданыста болды. 

  Сондай-ақ әйелдер мен балалардың жерасты еңбегіне тыйым салынды. Тоқыма саласында олардың жұмыс уақыты он сағатқа дейін қысқартылды. 

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы №1  оқыңыздар



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль