Көпқырлы және тұрақты жұмыс

18
Көпқырлы және тұрақты жұмыс
Ли С. Б.
Автор: Ли С. Б.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", заместитель генерального директора по управлению персоналом ТОО «Средазэнергомонтаж Петропавловск»
Мақала авторы біз үміттенетіндей, сіздердің кәсіпорындағы персонал жұмысын айтарлықтай жүйелендіретін неғұрлым маңызды аспектілер мен қауіптілік кедергілері туралы әңгімелейді.

Қызметкерлердің техникалық сауаттылығын, электрлік жабдықтарды пайдаланудың жалпы ережелерін білуін арттыру – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметінің негізгі міндеттерінің бірі, «Средазэнергомонтаж Петропавловск» ЖШС-нің өнімді еңбегінің кепілі.

Қалыптасу жолы

 «Средазэнергомонтаж Петропавловск» (бұдан әрі – САЭМ) ЖШС мамандандырылған кәсіпорны 2003 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бірқатар бытыраңқы жөндеу ұйымдарының негізінде дағдарыстық 90-жылдардан кейін қалыптасқан кәсіпорын өзіне Петропавл ТЭЦ-2-нің негізгі және көмекші жабдықтарын жөндеумен қамтамасыз ету функциясын алды.

    Бұл жылдар ішінде кәсіпорын екі негізгі қағидатты: еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету мен персоналдың кәсіптік деңгейін тұрақты арттыруды басшылыққа ала отырып, қалыптасудың күрделі жолынан өтті. Бұл ретте энергетикалық жабдықтарды құрастыру мен жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтер тізбесі жыл сайын кеңейіп келеді, осыған орай, персонал саны 2003 жылғы 220 адамнан 2016 жылғы 430 адамға дейін көбейді.

    Петропавл ТЭЦ-2 жабдықтарын жоспарлы жөндеулерден бөлек, САЭМ электр стансаларына арналған қосалқы бөлшектер де дайындайды, бұл қазандық және турбиналық жабдықтарды сыртқы зауыт-дайындаушыларға тапсырыстар орналастырмастан, жөндеу жүргізу мәселелерін неғұрлым жедел шешуге мүмкіндік береді. Металл құрылымдарын дайындау үшін 16мм-ге дейінгі табақтық металды өңдеу ауқымы бар біліктік машина, 16 мм-ге дейін металл шабу мүмкіндігімен гильотиналық қайшылар, 70 мм-ге дейінгі металл кесетін плазмалық қондырғы, еденнен басқарылатын, жүккөтерімділігі 5және 10 тонна болатын екі кран сатып алынды. Кәсіпорын дәстүр бойынша өзі жұмыс істеген барлық жылдар ішінде БКЗ-220 және ТП-46 қазандары үшін жылыту беттерін дайындауды орындады. Және де қазіргі кезде заманауи жоғары сапалы аргонды-доғалық пісіруге толықтай өтті.

 Көрсетілетін жөндеу және құрастыру қызметтері тізбесінің кеңеюіне қарай кәсіпорын Петропавл ТЭЦ-2-нің бас мердігері мәртебесін иемденді.

Энергетикалық жабдықтарды жөндеудің заманауи технологияларын меңгеру мен тұрақты, кәсіпқойлығы жоғары кәсіпорын беделін қалыптастыру Петропавл қаласы шектерінен де шығуға мүмкіндік берді. Кәсіпорын мамандары энергетикалық объектілерді құрастыру мен жабдықтарын жөндеуге қатысу үшін Павлодар мен Астанаға барды. Ұжым жөндеу технологиясы бойынша да, сондай-ақ өз жұмысшылары үшін еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша да өзінің барлық кепілдік міндеттемелерін орындайтын, жоғары технологиялы, мамандандырылған энергожөндеу кәсіпорны мәртебесін ойдағыдай растады.

Орындай отырып, барлық міндеттемелер

«Средазэнергомонтаж Петропавловск» ЖШС қызметінің барлық түрлері мемлекеттік лицензиялармен және сертификаттармен расталған.                      

  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V (06.04.2016 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)  Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 183 бабына сәйкес, кәсіпорында мерзімділігі бес жылда бір рет болатын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау өткізіледі.

 Кәсіпорында 60-тан астам электр, газбен пісіруші жұмыс істейді, оларды дайындауға басымдылық маңыз беріледі. Қысыммен жұмыс істейтін құбыржолдарда, және маңызды металл құрылымдарда пісіру құқығына аттестатталған мамандар бекітілген бағдарлама бойынша « САЭМ тресті» АҚ-ның бекітілген үлгідегі куәлік беруімен, Алматы қаласындағы Оңтүстік Өңірдің № 2 аттестаттау пунктінде жыл сайынғы кешенді қайта атттестаттаудан өткізіледі.

       Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» 188-V Заңына сәйкес «Средазэнергомонтаж Петропавловск» ЖШС-нің технологиялық процесіне қатысатын барлық персоналы кейіннен аттестатталумен, мамандандырылған ұйым - «Технадзор» ЖШС-нің жанында өндірістен қол үзумен өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл сайынғы міндетті оқытудан өткізіледі. Инженерлік-техникалық персонал да өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша азаматтық қорғау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығында өндірістен қол үзумен жыл сайынғы міндетті оқытудан өткізіледі.

     Бұған қоса, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапты басшылар мен тұлғалар кем дегенде үш жылда бір рет «СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ арқылы оқытудан және білімдерін тексеруден өткізіледі.

Оқу - мамандандырылған сыныпта

 САЭМ-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі үшін сабақтар мен нұсқамалар өткізуге қажеттілердің бәрімен жарақталған мамандандырылған сынып ұйымдастырылған.

ҚР ЕК 182 бабына, ұжымдық шартқа  сәйкес «Средазэнергомонтаж Петропавловск» ЖШС жұмыс істеуші персоналы мен жұмысқа жаңадан қабылданған персонал жұмыс берушінің қаражаты есебінен медициналық қобдишамен, жеке қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен және аяқ киіммен  қамтамасыз етіледі. Өндірістік цехтардың персоналы белгіленген нормаларға сәйкес күн сайын сүт алады. 2015 жылы еңбекті қорғау бойынша 8 млн-нан астам теңге жұмсалды, оның ішінде арнаулы киім сатып алуға - 12 млн-нан аса теңге жұмсалды.

Энергетикалық жабдықтарды жөндеу мен құрастыру кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау профилактикасы бойынша пәрменді іс-шаралардың бірі технологиялық процеспен қамтылған барлық инженер-техникалық персоналды тартумен ай сайын өткізілетін тақырыптамалық «Қауіпсіздік техникасы күндері» (бұдан әрі - ҚТ күндері) болып табылады. ҚТ күндерінің тақырыптамасымен қауіпсіздік техникасы мәселелерінен бөлек, өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау Ережелерінің сақталуын тексеру де көзделеді. Нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға әкімшілік жазалар қолдануды қосқанда, айқындалған кемшіліктерді жою жөніндегі қажетті іс-шараларды бекітумен бұйрықтар шығарылады.

Негізгі басшысы көптеген жылдар бойы Владимир Борисович Проскурин болып табылатын САЭМ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі кәсіпорын бойынша барлық қажетті құжаттаманы жүргізеді  және құрылымдық бөлімшелерде регламенттік талаптардың орындалуына бақылау жасауды ұйымдастырады.

2015 жылдың өзінде ғана кәсіпорын персоналды еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша техникалық оқытудың барлық формаларына 7 млн-нан аса теңге жұмсалды. Оқыту әртүрлі алаңдарда: онымен көп жылдар бойы байланыс орнатылған «Технадзор» ЖШС-нде, «М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі» КМҚК-да, «Құрылысшылардың Солтүстік Қазақстан қауымдастығы» ЗТБ, « САЭМ тресті» АҚ оқу-курстық комбинатында өткізілді.

Жас жұмысшыларды өндірістік оқыту үшін кәсіпорында тәлімгерлік бағдарламасы қолданылады.  Жұмысқа қабылданған қызметкер бұйрықпен тәжірибелі тәлімгерге үш айға бекітіледі. Бекітілген бағдарлама бойынша жеке дайындығы ескеріле отырып, жұмысшы жөндеу жұмыстарының қауіпсіз әдістері мен технологияларына оқытылады. Үш айлық тәлімдеменің қорытындылары бойынша жаңадан қабылданған жұмысшыға аттестаттау жүргізіледі. Оңды нәтижеге қол жеткізілсе, тәлімгерге ақшалай сыйақы төленеді. Бұндай мақсаттар үшін 2015 жылы 930 мың теңге бөлінді.

Үздік өңірде

 2012 жылы «Средазэнергомонтаж Петропавловск» ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент» ММ-мен өңірдегі үздіктердің бірі болып танылды және алғыс хатымен аталып өтті.

2013 жылдан бастап кәсіпорында ҚР СТ OHASAS 18001-2008 «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі» енгізілді. Оның талаптарына сәйкес барлық жұмыскерлер мамандандырылған оқыту мен аттестаттаудан өткізілді. Және де өзіне сапа, экология мен еңбекті қорғау талаптарының жиынтығын қамтыған менеджменттің кіріктірілген жүйесінің негізінде сәйкестендіру рәсімі мен қауіптіліктер тізілімі мен тәуекелдерді бағалау еенгізілді.

 «Средазэнергомонтаж Петропавловск» ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі жыл сайын кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулықты басқару бағдарламасын жасайды, көрсеткіштер мониторингін, еңбектің сенімді жағдайларын бақылау мен қамтамасыз ету бойынша көпқырлы тұрақты жұмыс жүргізеді. Күн сайын жұмыс орындарын аралап шығу жүргізіледі. Тікелей жұмыстар орындалатын жерде қызмет мамандарының қатысуымен қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуы мен ұсақ-түйек ескертулердің жойылуы тексеріледі. Оларды жою үшін белгілі бір уақыт немесе керек-жарақтар талап етілетін бұзушылықтар айқындалған кезде, бөлімшенің басшы персоналы тартылады. Бұзушылықтар фактілері бойынша бөлімше басшылығына оларды жою мерзімдері көрсетілуімен ұйғарымдар беріледі.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»  , № 1, 2017



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль