Қолхат: түрлері және ресімдеуге қойылатын талаптар

408
Әбдіғалиқызы Шырын
преподаватель КИМЭП, магистр делового администрирования (МВА), тренер-инструктор, г. Алматы
Ақшаны қарызға беру, мүлікті сақтауға беру кезінде, сатып алу-сату мәмілелерін ресімдеу кезінде қолхаттарды жазады, оны сот тергеуі кезінде қолдануға болады

Қолхат не үшін керек?

Қолхат – бұл ақшалай қаражатты, құжаттарды, мүлікті, жүкті алу, міндеттемелерді орындау, наразылықтың болмау және т. б. фактісін куәландыратын жеке сипаттағы құжат.

Қолхатты тараптардың бірі жасайды, қол қояды және оны екінші тарапқа береді.

МЫСАЛ  Бір адам екінші адамнан белгілі бір сомадағы ақшаны алады. Ол осы соманы алғаны және оны көрсетілген мерзімде қайтаруға міндеттенетіні туралы қолхат жазады. Бұл қолхат ақшаны берген адамға беріледі.

Қарыз өтелген кезде, қолхат оны жасаған адамға қайтарылады. Олай болмаған жағдайда қолхат шығынды өтеу үшін сотта қолданылуы мүмкін.

Қолхатты сотта дәлел ретінде пайдалану үшін, оны дұрыс ресімдеу керек.

Қолхаттың белгілі бір түрін және үлгілерін ресімдеуге қойылатын бірқатар талаптарды қарайық.

Ақша алу туралы қолхатқа қойылатын талаптар

 Ақша алу туралы қолхат (1-қосымша) бір тарап екінші тарапқа белгілі бір сомада ақша бергенде жасалады.

Оны жасағанда:

1) құжат түрінің атауын – «Қолхат»;

2) жасалған күнін;

3) қолхатты жасаған жерін;

4) екі тараптың жеке куәлігінде көрсетілгендей толық тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), ЖСН, тараптардың жеке куәліктерінің нөмірлерін, жеке куәлікті берген органды, берген күнін, тараптардың мекенжайларын; 

алынған ақша сомасын санмен және жазумен, қай валютада, ақшаны беру мақсатын, қарыз алушы ақша қайтаруға тиіс мерзімді; ақшаны қайтаруды кешіктірген жағдайда, әр кешіктірілген күн үшін қарыз сомасынан пайызды;

5) құрастырушының немесе екі жақтың қолтаңбалары, қолтаңбаларының толық жазылуын (тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда)) көрсету қажет.

Қолхат қолмен жазылады, бір дана немесе екі дана, бір-бірден тараптардың әрқайсысы үшін. Сотқа жүгінген жағдайда, ол бойынша графологиялық сараптама өткізуге болады.

Қолхатты жазған кезде бос жолдар қалдырмайды. Егер бос жол қалып қалса, сызықшалар қою керек. Қажет болған жағдайда мәміле кезінде қатысатын куәларды шақыруға болады, олар сондай-ақ өздерінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), мекенжайын көрсете отырып, қолхатқа қол қояды. Егер іс сотта қаралатын болса, осы куәлар мәміле фактісін растау үшін шақырылады. Сондай-ақ қолхатты нотариуста куәландыруға болады.

      Құжаттарды алу туралы қолхатқа қойылатын талаптар

Құжатты алу туралы қолхат (2-қосымша) бір тарап екінші тарапқа кейбір құжаттарды бергенде жасалады.

Қолхаттың мұндай түрі, әдетте, мынандай жағдайларда жасалады:

 -    құжаттарды қандай да бір ұйымға жауапты немесе сенімді адамға беру;

 -    жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы өтінішті тапсыру және т.б.

Құжатты жасағанда:

1) құжат түрінің атауын – «Қолхат»;

2) алған ұйым беретін тіркеу нөмірін;

3) алған және берген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН, жеке куәлігінің деректері, мекенжайларын;

4) деректемелерін (тіркеу нөмірін, құжаттың күнін және т. б.) көрсете отырып, кесте ретінде құжаттардың толық тізімін, алынған құжаттардың санын, олардағы парақтар санын, орындау тілін;

5) тараптардың қолтаңбаларын;

6) құжаттарды беру немесе алу күнін көрсетеді;

7) алған адам қолхатты ұйымның мөрімен немесе жеке мөртабанымен куәландырады. 

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2017 жылғы № 2 оқыңыздар 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль