Дұрыс түйіндемеге бірнеше қадам жасау

37
Дұрыс түйіндемеге бірнеше қадам жасау
Савицкая Татьяна Сергеевна
независимый HR-консультант, г. Алматы
Сондықтан түйіндеме жұмыс беруші назар аударатын жұмыскердің жағымды қасиеттері мен жетістіктерін көрсете отырып, түсінікті және қарапайым тілмен жазылуы керек.

Егер ізденуші жұмысқа орналастыру бойынша көптеген сайттар ұсынатын дайын үлгілерден бас тартып, түйіндемені дербес құрастыруды шешсе, мұндай жағдайда, біз қажетті талаптарды ескере отырып, түйіндеме жасаудың қадамдық алгоритмін ұсынамыз, өйткені дұрыс жасалған түйіндеме ондағы белгіленген қажетті басымдықтармен ерекшеленеді.

1-қадам. Жеке ақпарат

Түйіндеменің бірінші шартты тарауы әрқашан жұмыс берушінің қол астында болатын негізгі деректерді қамтиды.

Тақырыбында  «Түйіндеме» сөзін жазу міндетті емес, оның орнына тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) жазған дұрыс (20-24 қаріп). Атының мұндай орналасуы құжатқа назар аудартады. «Т.А.Ә» аббревиатурасын жазбаса да болады.

Бұдан әрі жоғарғы оң жақ бұрышында сурет орналастырылады. Суреттің сол жағында  іздеуші туралы негізгі ақпаратты көрсетуге болады:

•      туған күнін;

•      ұлтын: 

•      қала және көшесін көрсете отырып, мекенжайын;

•      отбасы жағдайын: тұрмыста (үйленген), тұрмыста емес (үйленбеген), ажырасқан;

•      электрондық поштаның мекенжайы. Байланыстың басқа әдістері: жеке сайты,  Skype және әлеуметтік желілер – ізденушінің қалауы бойынша. Е-mail мекенжайына тек аты мен (немесе) тегі кіруге тиіс;

•      телефон нөмірі.

ВНИМАНИЕ  Өз қауіпсіздігіңіздің мақсатында түйіндемеде жеке ақпаратты көрсетпеңіз – паспорттың нөмірін, нақты тұрғылықты жеріңіз бен тіркелген жеріңіздің мекенжайын және т. б.

НА ЗАМЕТКУ Телефон нөмірін халықаралық үлгіде көрсеткен абзал, өйткені жұмыс беруші сізге басқа елден қоңырау соғуы мүмкін.

ВАЖНО Қажетсіз нәрсені бөлек шығарып қойыңыз!  Жақсы түйіндеме – ол стандартты А4 форматының 1-2 беті. Жұмыс беруші үшін маңызды ақпаратты ғана орналастыру қажет. 

2-қадам. Түйіндеменің мақсаты және лауазым

Бұл тармақта түйіндеменің мақсаты көрсетіледі, яғни, үміткер үміттенген  лауазымды талап ету. Қажет болған жағдайда бір немесе бірнеше лауазымды атап, ең лайықтысын бірінші орынға шығару. Бұл орайда қызықтыратын лауазымды көрсетіп қана қоймайды, бұл жерде неге ізденуші дәл осы лауазымға үміттенетіні және жеке басының  қандай қасиеттері компанияның дамуына себеп болатыны туралы негіздеме өте тиімді болуы мүмкін.

ПРИМЕР Лауазымы: бухгалтер 

Мақсаты: «Альтрон» ЖШС бас бухгалтерге  дейін өсу мақсатымен,  бухгалтер лауазымына жұмысқа орналасу. Кәсіби дағдыларын пайдалана отырып, құжаттармен жұмыста өз тәжірибесін қолдану, компанияның дамуына үлес қосу.

ЛУПА Түйіндемеде лауазымның атауын жұмыс беруші көрсеткен үлгіде көрсеткен жөн.

Ойлап көріңізші, қалаған лауазымға келген үміткер қандай қасиеттерге ие болуы тиіс. Мысалы, офис-менеджер сауатты сөйлеуге, іскерлік қатынас әдебін ұстануға, сондай-ақ іскерлік құжаттаманы жүргізе білуге тиіс. Менеджер – белсенділік пен көпшілдік сияқты міндетті қасиеттерге, ал, бухгалтер заңнаманы білуге, ұқыптылық пен шыдамдылыққа ие болуы қажет.

3-қадам. Білімі

Бұл бөлімде орта мектепті бітіргеннен кейін алған білімі көрсетіледі: оқу орнының толық атауы, факультеті, мамандығы және біліктілік деңгейі. Барлық оқу орындары хронологиялық тәртіппен соңғысынан біріншісіне дейін көрсетіледі.

Курстарын, тренингтер мен семинарларды сипаттау кезінде курстың жылы мен  атауы көрсетіледі. Бұл бөлімде әрбір семинардың бағдарламасы және оның ұзақтығы туралы ақпаратты келтіру міндетті емес. Әдетте, курстың атауынан оқытудың жалпы мәні әрдайым түсінікті, ал, егжей-тегжейін жұмыс беруші әңгімелесуде анықтап алауы мүмкін.

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2017 жылғы № 2 оқыңыздар



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль