2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген ҚР Еңбек кодексіндегі өзгерістер

911
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген ҚР Еңбек кодексіндегі өзгерістер
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстанға келген шетелдіктерге жұмысқа орналасу рұқсатын алудың орнына, Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беріледі.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің 204-бабының 2-тармағы бес баптың кейбір нормаларының қолданылуын жаңа редакцияда белгілейді:

ҚР ЕК 183-бабының 1-тармағына сәйкес өндірістік объектілер еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестатталуға жатады. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар ғана жүргізеді.

Сондай-ақ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап өз бетінше жұмысқа орналасу үшін Қазақстанға келген шетелдіктерге жұмысқа орналасу рұқсатын алудың орнына, Қазақстан Республикасында жұмыс істеу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беріледі.

Осыған байланысты Еңбек кодексінің бірқатар баптары өзгерістерге ұшырады:

2016 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі қолданыстағы редакция

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген редакция

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

64) тармақша

64) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар - білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттар жасасқан, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

64) тармақша

64) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар - өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар;

26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер

1. Мынадай:

4) тармақша

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты алғанға дейiн не шетелдік жұмыскерді жұмысқа орналастыруға жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын алғанға дейiн не Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге беретін рұқсатты алғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шартын жасасуға жол берілмейді.

Осы тармақшаның ережесі мемлекеттік органның шетелдік жұмыскеріне қолданылмайды;

26-бап. Еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектеулер

1. Мынадай:

4) тармақша

4) шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын не халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін берілген біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы алғанға дейін не Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге беретін рұқсатты алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шартын жасасуға жол берілмейді;

30-бап. Еңбек шартының мерзімі

1. Еңбек шарты:

6) тармақша:

6) жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға берген рұқсаттардың не ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген рұқсаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері шегінде жасалуы мүмкін;

30-бап. Еңбек шартының мерзімі

1. Еңбек шарты:

6) тармақша:

6) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін келетін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін мерзімдері, жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға берген рұқсаттар не ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге берген рұқсат шегінде жасалуы мүмкін;

57-бап. Еңбек шартын тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату негіздері

1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:

1) тармақша:

1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға не шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды кері қайтарып алған не тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімі өткен кезде;

57-бап. Еңбек шартын тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату негіздері

1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:

1) тармақша: 

1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайтарып алған не тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімі өткен кезде;

60-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шартын тоқтату негіздері

Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбаса:

3) тармақша:

3) шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға не шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттарды белгіленген тәртіппен алмай немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарты жасалған.

60-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шартын тоқтату негіздері

Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкіндігін болғызбаса:

3) тармақша:

3) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы не шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты белгіленген тәртіппен алмай немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарты жасалған.

     Жұмысқа орналасу үшін Қазақстанға өз бетінше келген шетелдіктер өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама алып (бұдан әрі – Анықтама), жұмыс берушіге беруге тиіс. Анықтаманы халықты жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган, атап айтқанда, халықты жұмыспен қамту саласында басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы береді.

     Анықтаманы алу үшін шетелдік жұмыскер халықты қамту мәселелері жөніндегі органға келесі төмендегі құжаттарды беру қажет:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 503 бұйрығымен бекітілген Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар) 1- қосымшамен белгіленген нысан бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы беру туралы өтініш;
  2. жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тану немесе нострификациялау рәсімінен өткен білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған аудармалары (мемлекеттік немесе орыс тілінде);
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы.

Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға анықтама беруден бас тартуға:

 1) уәкілетті орган осы Қағидаларда көзделген тәртіппен бекітетін экономиканың басым салаларында (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптерге қойылатын біліктілікке және білім деңгейіне қойылатын талаптарға;

 2) шетелдікті немесе азаматтығы адамды бағалау нәтижесінің бес балды құрайтын шекті мәніне қол жеткізбеу негіз болып табылады.

Анықтама үш айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Уәкілетті орган Анықтаманы еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге береді. Анықтаманың мерзімін ұзарту үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жұмыс берушімен еңбек шарты жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қағаз түрінде мынадай құжаттарды жолдайды:

  1. уәкілетті орган бұрын берген анықтама;

      2) жұмыс беруші туралы, атауын қосатын мәліметтер, жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмiрi немесе жеке сәйкестендiру нөмiрi көрсетілген еркін нысандағы өтініш;

      3) еңбек шартының көшірмесі.

Мынадай:

      1) ол берілген мерзім аяқталған;

      2) берілген анықтама кері қайтарылып алынған;

      3) жеке тұлға – жұмыс берушінің қызметі тоқтатылған, заңды тұлға – жұмыс беруші таратылған;

      4) ұсынған кезде шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның жалған ақпарат бергені анықталған жағдайларда анықтаманың қолданысы тоқтатылады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль