Жұмыс уақытын есепке алу табелін дұрыс жүргіземіз

193
Жұмыс уақытын есепке алу табелін дұрыс жүргіземіз
Маликова Надежда Июрьевна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Әр кадрлық маманға жұмыс уақытын есепке алу табелін қатесіз жүргізу қажет. Қалайша қателеспеу керек?

Ең алдымен, жұмыс уақытын есепке алу табелі –  «жай ғана» жүргізетін құжат емес. Жұмыс уақытын есепке алу табелінің негізінде кадр қызметінің мамандары мен бухгалтерлері жұмыскерлердің жұмысқа келгені не келмегені,  олардың еңбекке жарамсыздық парағы бойынша болмауы туралы және т. б. ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Дәл осы мәліметтердің негізінде бухгалтерия алдағы уақытта қызметкерлердің жалақысын есептейді.

Өз кезегінде жұмыс уақыты деп жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ заңнамаға сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері есептеледі (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 1-бабы 1-тармағының 47) тармақшасы).

Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу тәртібі жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Негізгі ережелерді қарайық.

1-ҚАДАМ. ЖҰМЫС УАҚЫТЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫ КӨРСЕТЕТІН ҚҰЖАТТЫҢ НЫСАНЫН БЕЛГІЛЕЙМІЗ

Көптеген кадр мамандары ҚР ЕК 79-бабында белгіленген жұмыс уақытын  есепке алуды жүргізу қажеттігінен басқа, қазақстандық заңнамада мемлекеттік емес ұйымдарға арналған құжаттың белгіленген үлгісінің жоқтығын айтып шағымданады.

Шынымен, ҚР ЕК 79-бабына сәйкес,  жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті,  бұл ретте жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібі жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

Демек, бірінші кезекте тиісті құжаттың нысанын және мазмұнын айқындауымыз қажет. Іс-тәжірибеде, әдетте, жұмыс уақытын есепке алу табель арқылы жүзеге асады. Оның мазмұны көбінесе ұйымның жұмыс кестесіне байланысты. Жұмыс уақытының икемді кестесі, жұмыс уақытының жиынтық есебі және т. б. бар екені барлығына мәлім. Ұйым жұмысының бүкіл ерекшелігін табелдің мазмұнында дербес белгілеуге болады.

Бүкіл ұйымға бір табелді ресімдеуге жол беріледі, ал, егер ұйымда қызметкерлердің үлкен штаты болса, онда әр құрылымдық бөлімшеге жеке табель жүргізіледі.

Осылайша, жұмыс уақытын есепке алу «Жұмыс уақытын есепке алу табелі» деген атауы бар құжатта көрсетілетінін белгілеуге болады.

 2-ҚАДАМ. ЖҰМЫС УАҚЫТЫН ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗЕМІЗ

Жұмыс уақытын есепке алу табелі нені қамту керектігін шешудің алдында ҚР ЕК 79-бабымен мұқият танысу қажет.

ҚР ЕК 79-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті.

ҚР ЕК 79-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыскер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады.

Жұмыс істеген уақыт есебіне:

•             жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақыты; 

•             еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытына жатқызылатын өзге уақыт кезеңдері жатады.

Жеке есепке алуға:

•             үстеме жұмыстар уақыты;

•             түнгі уақыттағы жұмыс; 

•             демалыс және мереке күндердегі жұмыс; 

•             іссапар күндері жатады.

Жұмыскердің іссапарда болған күндері жұмыскер ұсынған іссапар куәлігінің негізінде ескеріледі.

Жұмыс істемеген уақыт есебіне:

•             ақы төленетін және ақы төленбейтін уақыт (мысалы, жұмыскерлердің жұмыс істемеген уақыт есебіне оларға тынығуға немесе жылынуға, тамақтануға берілген уақытты және жұмыс уақытына жатқызылатын өзге де уақыт кезеңдерін жатқызуға болады).

•             жұмыскердің және (немесе) жұмыс берушінің кінәсінен жұмыс уақытын жоғалту (мысалы, босқа тұрып қалуға байланысты).

Бұл ретте жұмыскердің жұмыс уақытына жұмыстарды жұмыс орнынан тыс жерлерде орындаған не олардың орындалуын жұмыс беруші нақты уақытпен тіркей алмайтын кезеңдер қосылатын жағдайларда, бұл кезеңдер жұмыс уақытын есепке алу құжаттарында еңбек шартында белгіленген жұмыстар көлемін орындау ретінде белгіленеді.

*Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 2 оқыңыздар 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль