«Қауіпсіз мінез-құлық ережелері» Рәсімі

40
«Қауіпсіз мінез-құлық ережелері» Рәсімі
Жандыбаев О. С.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", специалист по БиОТ
Автор оқырмандардың талқылауына өндірістегі қауіпсіз мінез-құлықты жақсартуға бағытталған жаңа енгізілімді – «Қауіпсіз мінез-құлық ережелері» рәсімін ұсынады.

Басшылық жасайтын құжат  (бұдан әрі – Рәсім) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің негізгі қағидаттарын: «Жұмыскердің өмірі мен денсаулығы – өнімділіктен жоғарыны» насихаттайды және шетелдік тәжірибе есепке алына отырып, әзірленген. Рәсім зауыттың әрбір жұсыскерінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасы Еңбек кодексімен көзделген (06.04.2016 берілген өзгерістермен толықтырулармен) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың міндеттеріне құқықты иеленетіндей етіп құрылған.

Рәсім кәсіпорынның бас директорымен келісіледі және бекітіледі. Барлық жұмыскерлердің қаперіне еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қосымша құқықтар мен міндеттер жеткізіледі.

Қазіргі 7 айдың ішінде тұтастай алғанда персоналдың еңбек тәртібі мен еңбек мәдениетінің елеулі артқаны байқалуда.

Рәсім басталды!

Рәсім қолданыла бастаған кезден бастап жұмыс орнындағы нұсқаманы (қосымша тоқсан сайынғы негізде) жүргізген кезде жұмыскерлерге қауіпсіз мінез-құлық Бағдарламасының (бұдан әрі – ҚМБ) ережелерін, ҚМБ-н бұзушылықтың әлеуетті салдарларын, сондай-ақ мерзімдік тексерулердің нәтижелері мен айқындалған бұзушылықтарды түсіндіремін. Ендігі жерде жұмыскерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтармен қатар міндетті түрде ҚМБ-н басшылыққа алулары тиіс.

Кез келген жұмыскер өз әріптесінің ҚМБ-н бұзуын байқаса, оған тікелей жүгінуге және бұзушылық фактісі туралы хабарлауға, аға/ауысым  шеберіне немесе өндіріс меңгерушісіне бұзушының жеке тұлғасын көрсетусіз айтуға құқылы! Бұл ретте бұзушылықтарды тіркеуге арналған қауіпсіз мінез-құлық. Бағдарламасының бланкісін пайдалануға немесе бұл туралы ауызша хабарлауға болады.

ҚМБ-ның айқындалған кез келген бұзушылықтары қандай да бір әкімшілік салдарларға әкелмейді (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттелетіндерін қоспағанда).

ҚМБ сақталуын тексеруді:

1. Жұмыскерлер – тұрақты негізде, бірақ айына 1 (бір)  реттен кем емес.

2. Өндіріс меңгерушісі, аға шебер, ауысым шебері немесе жұмыстардың жүргізілуі үшін жауапты тұлға – он күнде кем дегенде бір рет.

3. Зауыт директоры – айына бір реттен кем емес жүргізеді.

Бұзушылықтар айқындалған жағдайда жұмыстар Рәсімге сәйкес тоқтатылуы мүмкін.

Тексерулердің нәтижелері қауіпсіз мінез-құлық Бағдарламасының қосымшаларында тіркеледі. Бұзушылықтар жоқ болған кезде тексеру өткізу фактісінің өзі бейнеленеді, еңбектің қауіпсіз жағдайларын сақтау мен бұзушылықтардан сақтандыруды қолдауға бағытталған ұсынымдар берілуі мүмкін.

Талдау жасауды мүдделі жұмыскерлерді тартумен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы өткізеді. Талдаудың нәтижелері бойынша іс-шаралар әзірленеді, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған оқыту мен түсіндіру ұйымдастырылады. Талдау жасаудың нәтижесі қауіпсіз мінез-құлық Бағдарламасының 3 тармағында тіркеледі.

Жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылауды ҚМБ-ның 3 тармағымен белгіленген мерзімдерге сәйкес өндіріс меңгерушісі/аға шебер/ ауысым шебері жүзеге асырады.

Талдау нәтижелерінің негізінде сондай-ақ, жүзеге асырылатын қызметтің сәйкестігін сақтау мақсатымен ҚМБ-на өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Рәсімді іске асыру ойдағыдай өтті

Қызметкерлердің бірінші айдағы белсенділігі айтарлықтай емес, ИТҚ-ден басқа қызметкерлердің бәрі ерекшеленбеуге шешім қабылдады және біз олардан талап еткендей, ҚМБ-ның бір нысанын толтырды.Жұмысшылар толтырған  78 нысанның тек 17-інде ғана тәртіптік бұзушылықтар тіркелді.  Керісінше, ИТҚ мен зауыт директоры әрбір ҚМБ нысанынан жұмысшылар тарапынан бірден үшке дейінгі әлеуетті қауіпті әрекеттер тапты. Жұмысшылардың жүрген кезде едендегі белгілеулерді, сондай-ақ тайғанақ жабын туралы сақтандыру белгісін әрқашан сақтай бермейтіні анықталды. Әртүрлі сипаттағы ескертулер болды: мүкаммалдық шкафтардың ашық есіктері мен екінші қабатқа баспалдақпен көтерілу кезінде таяныштарды пайдаланбау.

Рәсімді енгізудің екінші айы қыркүйекке тура келді, барлық жұмысшылар үшін ол 3-тоқсанның соңымен және жұмыс орнындағы нұсқамамен қауымдастырылды. Бұл жерде  ЕҚжЕҚ қызметінің басшысы менің, директордың арнайы қатысуымен (әдетте жұмыс орнындағы нұсқама біздің  қатысуымсыз өтеді) ҚМБ-н сақтау бойынша мәселелер көтерілді. Әрбір ауысымда біз дөңгелек үстел айналасына емін-еркін ипікірлесу жағдайын жасау үшін жиналдық. Мен әңгімелесуді ҚМБ мен оның ағымдағы нәтижелерінен бастадым, жұмысшылардан шығар жолды көрсетуді талап еттім. Неліктен осылай болады? Біздің әріптестер баспалдақтармен көтерілген кезде таяныштан ұстап көтерілуіне қалайша қол жеткізуіміз керек? Қатысқандардың ешқайсысы бұл үшін жазалауды ұсынбағандығы  таңданарлық болды. Барлығы да қауіпсіздік талаптарын бұзбау үшін әркімнің өзін қалағалауға тиіс екендігі туралы айта бастады. Мұның өзі мен үшін жетістік болды. Өйткені, енді мен мұны жұмысшылардың аузынан естіп тұрмын.

Үшінші айдан алтыншы айға дейін ҚМБ-ның толтырылған бланктар саны орташа алғанда әрбір жұмысшыға шамамен 1,3-ті құрады. Сондай-ақ қуанышқа орай, қауіпсіздік шараларының персонал өмірі мен денсаулығына залал келтірмеген өрескел бұзушылығы да тіркелді: слесарь-баптаушы бумалау таспасын аппаратты тоқтатпастан, түзеді. Бүкіл персоналмен бірден жоспардан тыс нұсқама жүргізілді, және де тәртіптік жаза қолданылды.

Жетінші айда ҚМБ-н жақсы зерделеген жұмысшылар Рәсім ережелерін бұзбастан, өздерін тексерді және бланкілер тапсырды. Енді бұрынырақта көзге түсіп тұратын бұзушылақтардың бәрі өндірісте кезеспейтін болды. Жұмысшылардың белсенділігі өсті, біз орташа алғанда әркімнен айына 1,5 бланк алдық.

Сегізінші айдың соңына жақындаған кезде түзетімдеуші іс-әрекеттер турасында ҚМБ қорытындылары бойынша, шешім қабылдайтын кез келді Жұмыс орнындағы нұсқамада түзетулер лауазымына қарамастан: бір адам – бір дауыспен дауыс беру арқылы қабылданды. 

Қорытындыда: әркім өз ісімен айналысуда, тек жұмысқа жаңадан қабылданған жұмыскерлер ғана ҚМБ-н бұзулармен ерекшеленді. Қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау үшін мәлениет пен борыш сезімін дамытудың барлық аспектілерінде оңды серпін байқалуда. ҚМБ-н тексерудегі жұмысшылардың белсенділігі 51%-ға өсті, ҚМБ-на немқұрайды қараушылар саны  18%-дан   9%-ға дейін төмендеді, нақты бұзушылықтардың бірлі-жарым бұзушылықтарға арақатынасы 1/7, бұл персоналдың жауапкершілігі мен мұқияттылығының 86%-ға өскендігін көрсетеді!

Рәсімді енгізу жалпы мәдени ықпалынан бөлек, шағын тәуекелі бар бұзушылықтар санын азайтты, шамалы тәуекелі бар бұзушылықтарға жол бермеді. Талданған кезең ішінде өмір үшін тәуекелі бар бұзушылықтар мүлдем байқалған жоқ, тек сынақ мерзімімен жаңадан қабылданған қызметкер жол берген, денсаулық үшін тәуекелі бар бір ғана бұзушылық орын алды.

Бұл Рәсімді енгізу ұйымдағы әрбір қызметкердің жұмыс сағаттарының мардымсыз мөлшерін алады. Бірақ қауіпсіз мінез-құлық Ережелеріне қосымшалар, өндірістегі мінез-құлық эталондарын әзірлеу кезінде негізделген тәсілді талап етеді. Рәсім табысты енгізілген кезде әлеуетті жарақаттанушылықты  28%-ға төмендетеді және мүмкін болатын жарақаттардың ауырлығын азайтады.

Қауіпсіз мінез-құлык Бағдарламасына

1 Қосымша

Қауіпсіз мінез-құлық бағдарламасы

онкүндік

I

II

III

IV

Жұмыстардың жүргізілуі үшін жауапты*

ай

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Директор**

Егер де Сіз өз қызметіңіздің барысында қызметкерлерден әлдекімінің  қауіпсіз мінез-құлықты бұзуының куәгері болсаңыз, бұл фактіні ұсынылған нысанда тіркеуіңізді және нысанды жұмыстардың жүргізілуі үшін жауапты тұлғаға беруіңізді өтінеміз.

Рахмет!

* Жұмыстардың жүргізілуіне жауапты тұлға міндетті түрде әрбір онкүндікте (10 күнде бір рет) қауіпсіз мінез-құлық Бағдарламасының сақталуын тексеруді өткізеді.

** Директор міндетті түрде айына бір рет қауіпсіз мінез-құлық Бағдарламасының сақталуына тексеру жүргізеді.

Жұмыскерлер қауіпсіз мінез-құлық Бағдарламасын тексеруді кем дегенде айына бір рет өткізеді.

Тексеру датасы          «___» ______________  20___ж.

Тексерушінің Т. А. Ә. _________________________

Бақылау тарауларында қауіпсіз мінез-құлықты «+» бағанына, қауіпті мінез-құлықты  –  «-» – бағанына құсбелгімен белгілеңіздер. Көрген жағдаятқа өз түсініктемелеріңізді берулеріңізді өтінеміз.

Қауіпсіз мінез-құлық Бағдарламасына

2  Қосымша

Офистегі қауіпсіздік

Аспект

Дұрыс мінез-құлық

жұмыскер қызмет процесінде:

+

Түсініктемелер

1. 1

Жүріс

Офисте жүрген кезде аяғының астына қарап жүреді

1. 2

Көтерілу/

түсу

Баспалдақпен көтеріліп, түсу кезінде баспалдақтар бойынша аттамай, таянышты пайдаланады

1. 3

Тексеру нәтижелері: _________________

Жалпы саны «-» _________________

Қауіпсіз мінез-құлық Бағдарламасына

3 Қосымша

                             Тексеру нәтижелеріне талдау жасау және іс-шаралар

Талдау жасауды мүдделі қызметкерлерді тартумен ЕҚжЕҚ қызметінің басшысы жүргізеді. Талдаудың нәтижелері бойынша іс-шаралар әзірленеді және қызметкерлерде қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған оқыту мен түсіндіру ұйымдастырылады.

Бұзушылықтардың себептері

Іс-шаралар және мерзімдері

Ескертулер.

ҚМЕ-н тексеру нәтижелері қауіпсіз мінез-құлық Бағдарламасында тіркеледі (1 Қосымша, 2 Қосымша).

Бұзушылықтар жоқ болған кезде тексеру жүргізу факитісінің өзі тіркеледі, сондай-ақ еңбектің қауіпсіз жағдайларын сақтау мен бұзушылықтардан сақтандыруды қолдауға бағытталған ұсынымдар берілуі мүмкін.

Талдау жасауды мүдделі қызметкерлерді тартумен ЕҚжЕҚ қызметінің басшысы жүргізеді.  Нәтижелер бойынша іс-шаралар әзірленеді. Талдаудың нәтижесі қауіпсіз мінез-құлық Бағдарламасының 3 тармағында тіркеледі.

Жоспарланған іс-шаралардың орындалуын бақылау қауіпсіз мінез-құлық Бағдарламасының 3 тармағында белгіленген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ талдау нәтижелерінің негізінде жүзеге асырылатын қызметке сәйкестікті сақтау мақсатымен ҚМЕ-не өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Қауіпсіз мінез-құлык Бағдарламасына

4 Қосымша

1 тарау. Жылу және сумен жабдықтау жүйелерін жөндеу мен оларға қызмет көрсету

Аспект

Дұрыс мінез-құлық

жұмыскер қызмет процесінде:

+

Түсініктемелер

1. 1

Жүріс

Жұмыстар жүргізілетін жерде жүріп-тұрған кезінде аяғының астына қарайды

1. 2

Ауырлықтарды көтеру

Жүкті көтерген және түсірген кезде тізелерін бүгіп, арқасын түзу ұстайды, салмағы 10-нан 50 кг-ға дейінгі жүкті көтеру мен тасымалдауды жұптасының көмегімен жүзеге асырады

1. 3

Көзбен шолып, қарап шығу

Жұмыстар жүргізілетін жерді көзбен шолып, тексереді, бөгде заттарды алып тастайды

1. 4

Электр тогын беру

Жұмыстарды орындаудың алдында электр тогын беруді ажыратады

1. 5

Су беру

Жұмыстар басталардың алдында су беруді тоқтатады

1. 6

Сақтандырушы белгілер

Жұмыстар басталардың алдында  «Қоспаңдар, адамдар жұмыс істеп жатыр» тақтайшасын іледі

1. 7

Мүдделі тараптарды хабардар ету

Персонал мен күзетке жұмыстар жүргізу мен жабдықтарды ажырату туралы ескертеді

1. 8

Жұмыстар орнына бөгделердің қолжетімділігі

Қажет болған кезде жұмыстар жүргізілетін жерді сигналдық таспамен қоршайды

1. 9

Жабдықтарды бөлшектеу

Еденге су төгілген кезде оны шүберекпен құрғатып сүртеді

1. 10

Жеке қорғану құралдары

Жүргізілетін жұмыстардың сипатына сәйкес келетін жеке қорғану құралдарын қолданады

 2 тарау. Аспап

Аспект

Дұрыс мінез-құлық

жұмыскер қызмет процесінде:

+

Түсініктемелер

2. 1

Тексеру

Жұмыстар басталардың алдында аспаптың жай-күйін тексереді

2. 2

Аспапты қолдану

Бекітпелердің мөлшерлеріне сәйкес келетін ақаусыз аспапты қолданады

2. 3

Пайдаланылмайтын аспап

Аспапты арнаулы жәшікке салады

2. 4

Пайдаланылатын аспап

Аспапты ол құламайтындай дәне домалап  кетпейтіндей етіп, орналастырады

2. 5

Электрлік аспапты тексеру

Жұмыстар басталардың алдында ажыратқыш жұмысының ақаусыздығын тексереді

3 тарау.  Химиялық  заттар

Аспект

Дұрыс мінез-құлық

жұмыскер қызмет процесінде:

+

Түсініктемелер

3.1

Ерітінділер және сусымалы химиялық заттар

Қолдарды, көздерді, тыныс алу мүшелерін қорғаудың жеке құралдарын пайдаланады

3. 2

Сақтау

Жұмыстар аяқталғаннан кейін учаскеден барлық құралдарды өзімен бірге алып кетеді

Тексеру нәтижелері:

Жалпы саны  «-» _____________

4 тарау. Энергиямен жабдықтау  жүйелерін жөндеу және оларға қызмет көрсету

Аспект

Дұрыс мінез-құлық

жұмыскер қызмет процесінде:

+

Түсініктемелер

1. 1

Жүріс

Жұмыстар жүргізілетін жерде жүріп-тұрған кезде аяғыныың астына қарайды

1. 2

Ауырлықтарды көтеру

Жүкті көтерген және түсірген кезде тізелерін бүгіп, арқасын түзу ұстайды, салмағы 10-нан 50 кг-ға дейінгі жүкті көтеру мен тасымалдауды жұптасының көмегімен жүзеге асырады

1. 3

Көзбен шолып, қарап шығу

Жұмыстар жүргізілетін жерді көзбен шолып, тексереді, бөгде заттарды алып тастайды

1. 4

Электр тогын беру

Жұмыстарды орындаудың алдында электр тогын беруді ажыратады, кернеудің жоқтығын тексереді

1. 5

Сақтандырушы белгілер

Жұмыстар басталардың алдында  «Қоспаңдар, адамдар жұмыс істеп жатыр» тақтайшасын іледі

1. 6

Мүдделі тараптарды ақпараттандыру

Персонал мен күзетке жұмыстар жүргізу мен жабдықтарды ажырату туралы ескертеді

1. 7

Жұмыстар орнына бөгделердің қолжетімділігі

Қажет болған кезде жұмыстар жүргізілетін жерді сигналдық таспамен қоршайды

1. 8

Жеке қорғану құралдары

Жүргізілетін жұмыстардың сипатына сәйкес келетін жеке қорғану құралдарын қолданады

 5 тарау. Аспап

Аспект

Дұрыс мінез-құлық

жұмыскер қызмет процесінде:

+

Түсініктемелер

2. 1

Тексеру

Жұмыстар басталардың алдында аспаптың жай-күйін тексереді

2. 2

Аспапты қолдану

Бекітпелер мөлшерлеріне сәйкес келетін, ақаусыз аспапты қолданады

2. 3

Пайдаланылмайтын аспап

Аспапты арнаулы жәшікке орналастырады

2. 4

Пайдаланылатын аспап

Аспапты ол құламайтындай дәне домалап  кетпейтіндей етіп, орналастырады

2. 5

Электрлік аспапты тексеру

Жұмыстар басталардың алдында ажыратқыш жұмысының ақаусыздығын тексереді

Раздел 6 тарау.  Биіктікте жұмыс істеу

Аспект

Дұрыс мінез-құлық

жұмыскер қызмет процесінде:

+

Түсініктемелер

3. 1

Еркін тұратын басқыштар

Басқыштың ақаусыздығы мен орнықтылығын жұмыстар басталғанға дейін тексереді

3. 2

Қосымша сақтандыру

Екінші жұмысшы басқыштың орнықтылығын төменнен қамтамасыз етеді

3. 3

Түсіру/көтеру

Тіректің үш нүктесі ережесін пайдаланады

3. 4

Аспап

Аспапқа арналған арнаулы белдікті пайдаланады

Тексеру нәтижелері:

Жалпы саны «-» _____________

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»  



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль