Үшсатылы бақылау — қауіпсіздік негізі

34
Үшсатылы бақылау — қауіпсіздік негізі
Литвинова Т. В.
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», начальник отдела безопасности и охраны труда, гражданской обороны АО «Каустик», г. Павлодар
Кәсіпорында технологиялық тәртіптің сақталуы, тексерулер жүргізу, қауіпті өндірістік факторларды айқындау үйлестіріледі. Әлеуметтік саясат мәселелеріне де көп көңіл бөлінеді.

«Каустик» АҚ кәсіпорны өндірістік қызмет сипаты бойынша химиялық қауіпті объектіге жатады (сұйық хлор мен каустикалық соданы мембраналық әдіспен өндіру). Жұмыскерлер саны  505 адамды құрайды, одардың – 140-ы әйелдер, зиянды  өндіріспен қамтылған қызметкерлер - 416, олардың  – 89-ы әйелдер.

Негізгі өндіріс:

Хлор мен каустикалық сода өндірісі;

Көмекші өндіріс:

№ 2 цех – бу-жылумен жабдықтау;

№ 3 цех – азот – оттектік;

№ 4 цех – электрмен жабдықтау;

 № 6 цех – газ-құтқару қызметі;

 № 7 цех – көліктік;

№ 9 цех – басқару;

 №11 цех – гуммирлеу;

№12 цех – денсаулық тпункті;

 №13 цех – темір жол;

№16 цех – қауіпсіздік қызметі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V (06.04.2016 берілген өзгерістері мен толықтырулармен) Еңбек кодексіне  (бұдан әрі – ҚР ЕК) сәйкес кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, азаматтық қорғаныс бөлімі (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ, АҚБ) құрылған. Оның құрамында: бөлім бастығы, ЕҚжЕҚ жөніндегі инженер, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер, ТЖ және АҚ жөніндегі инженер бар.

Кәсіпорында  94 ішкі нормативтік құжат қолданылады:

— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  бойынша 76 нұсқаулық;

— 15 ереже;

— аварияларды жою жоспары (бұдан әрі  – АЖЖ);

— еңбекті қорғауды басқару жүйесі (бұдан әрі  – ЕҚБЖ);

— қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі (бұдан әрі – ҚОҚБЖ).

      

Кәсіпорында өрт-техникалық комиссиясы ұйымдастырылған. ҚР-ның 2014 жылғы 11 сәуірдегі  «Азаматтық қорғау туралы» (08.04.2016 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) № 188-V Заңына сәйкес азаматтық қорғаныс пен ТЖ бойынша ұйымдастырушылық құжаттар, өрт қауіпсіздігі бойынша Ереже мен нұсқамалар әзірленді және қолданысқа енгізілді, оның ішінде:

— азаматтық қорғаныс жоспары;

— ТЖ-ды жою бойынша іс-әрекеттер жоспары;

— АҚ пен ТЖ-дың ұйымдық-штаттық құрылымы;

— огбъектілерде авариялық және төтенше жағдайлар туындаған кезде персоналды, қала АҚ және ТЖ құралымдары мен кәсіпорын басшылығын хабардар ету сұлбалары бар.

Негізгі бағыттары

    Еңбекті қорғаудың негізгі бағыты жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін қажетті профилактикалық және техникалық құралдар болып табылады. Еңбекті қорғау профилактикасы ЕҚБЖ-не сәйкес жүргізіледі. Оның негізгі міндеттері:

— еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы еңбек заңнамасының сақталуына бақылау жасау;

— еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар Жоспарын әзірлеумен жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау;

— еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқыту және нұсқау беру, және еңбекті қорғауды насихаттау;

— өндірістік жабдықтар, өндірістік процестер қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

— еңбектің  санитарлық-гигиеналық жағдайларын қалыптандыру;

— жұмыс істеушілерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;

— еңбек пен демалыстың оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету;

— жұмыскерлерге санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсету болып табылады.

Үшсатылы бақылау

Цехтарда ЕҚБЖ-не сәйкес еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін үшсатылы бақылау жүргізіледі.

Бірінші саты – бақылауды күн  сайын цех ИТҚ-і жүргізеді.

Екінші саты – бақылау цех бастығымен бірге айына бір рет өткізіледі.

Үшінші саты – бақылау өндіріс жөніндегі басқарма төрағасы орынбасарының басшылығымен өткізіледі.

Жұмысқа жаңадан қабылданған әрбір жұмыскерге ЕҚжЕҚ, АҚ бөлімінде жеке карта ашылады, оған оқыту мен нұсқама өткізу бойынша барлық жазбалар енгізіледі. Оқыту мен білімдерін тексеруден кейін ЕҚжЕҚ, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша куәлік беріледі.           

2015 жылы ЕҚжЕҚ бөлімі «Каустик» АҚ өндірістік бөлімшелерінде еңбекті қорғау саласында   59 тексеру, 13 кешенді тексеру жүргізді. Олардың қорытындылары бойынша еңбекті қорғаудың жай-күйін жақсартуға бағытталған 599 іс-шараның орындалуы көзделді.

Сондай-ақ кәсіпорында  «Қызметкерлерді оқыту мен білімдерін тексеру және бақылаудың талондық жүйесінің қызмет ету тәртібі туралы Ереже» бекітілді, оған сәйкес ЕҚжЕҚ,  өрт, өнеркәсіптік, газ қауіпсіздігі нормаларының бұзылуы, өндіріс технологиясының бұзылуы  айқындалған кезде бұзушыдан талон қайтарылып алынады. Ал оны қайтарып алу кезінде сыйлықақының 50-ден 100 пайызына дейін айыру түрінде материалдық жауапкершілік қолданылады. Өрескел бұзушылықтары үшін материалдық жауапкершілікке 54 адам тартылды.

Барлық жаңадан қабылданған жұмыскерлерге, сондай-ақ бөгде ұйымдардың өкілдеріне ЕҚжЕҚ, АҚ бөлімінің мамандары өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірге кіріспе нұсқамалар өткізеді. 2015 жылы 427 нұсқама өткізілді, олардың 201-і – бөгде ұйымдардың қызметкерлерімен өткізілді.

Соңғы 4 жылдың ішінде «Каустик» АҚ-нда 5 жазатайым оқиға болып өтті. Барлық жарақаттардың 60 пайызы зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың және заттардың әсер етуімен (химиялық күйіктер); 40 пайызы – қозғалатын, ұшқан, айналатын заттар мен бөлшектердің әсер етуімен (сынықтар, соғып алулар, жарақаттық ампутация, жараланулар) байланысты болды.

Өндіріс қауіпсіздігін

Қауіпсіз өндіріске көп көңіл бөлінеді. Бұл мақсаттар үшін қауіптілігі жоғары жұмыстардың әрбір түріне нұсқаулықтар әзірленген:

— «Биіктіктегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша»;

— «Газқауіпті жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша»;

— «Жер қазу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша»;

— «Жүк тиеу-жүк түсіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша»;

— «Отпен істелетін жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша».

Кәсіпорынның олардағы жұмыс ЕҚжЕҚ талаптарын нақты сақтау мен қорғаныстың қажетті құралдарын қолдануды талап ететін қауіпті өндірістік объектілері  ҚР СТ МемСТ 12.4.026 - 2002 мемлекеттік стандартына сәйкес қауіпсіздік белгілерімен белгіленген.

Жыл сайын бекітілген графикке сәйкес жоспарлы-сақтандыру жөндеулері  (бұдан әрі – ЖСЖ) өткізіледі.  2015 жылы  911 ЖСЖ; қысыммен жұмыс істейтін 15 ыдыста, 11 жүк көтеруші машиналарда  (бұдан әрі – ЖКМ) сараптама жүргізілді. Қысыммен жұмыс істейтін 20 ыдыста, 14 ЖКМ үшін техникалық куәлендіру жүргізілді; 10 үй-жайда жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Кәсіпорында «Каустик» АҚ-нда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылау жасау туралы Ереже" әзірленген, ол мыналарды көздейді:

— қауіпті өндірістік объектілердегі (бұдан әрі – ҚӨО) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне талдау жасау;

— өнеркәсіптік қауіпсіздік жай-күйін жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу;

— ҚӨО-де авариялардан, оқыс оқиғалардан сақтандыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

—  технологиялық тәртіпті сақтау;

— тексерулер жүргізу мен қауіпті өндірістік факторларды айқындау.

   Зиянды заттарды бақылау

«Каустик» АҚ-ның ҚР санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкес аккредиттелген  зертханасы шекті жол берілетін мөлшер (бұдан әрі – ШЖМ) нормативтерін сақтау үшін өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағындағы зиянды заттарға бақылау жүргізеді. Ұзын-ырғасы 34 үй-жай бақыланады. Бақылаудың мерзімділігі Павлодар қаласы Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департаментімен келісілген графикпен белгіленеді.

Қауіпті өндірістік факторлары бар әрбір цех үшін аварияларды жою Жоспарлары әзірленген.

Барлық құралымдардың оперативті өзара әрекеттестігі үшін жоспарлы аварияларға қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығулар өткізіледі. Өткен жылы зауыттық  15 жаттығу өткізілді, біреуі - Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің  Павлодар облысы бойынша департаментімен бірге, біреуі – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге өткізілді.

Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет берген аттестат негізінде кәсіпорында газ-құтқару қызметі (бұдан әрі – ГҚҚ) құрылған.

ГҚҚ-нің негізгі міндеті:

— авариялар мен жазатайым оқиғалар кезінде адамдарды құтқару, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету;

— ауа-тыныс алу аппараттарын, арнаулы жабдықтарды қолдануды талап ететін, авариялар мен олардың салдарларын жою жөніндегі жұмыстарға қатысу;

— кәсіпорынның газ бен өрт қауіпті цехтарындағы газ қауіпті жерлердің, қондырғылардың, агрегаттар мен коммуникацмялардың жай-күйін зерттеп-тексеру мен профилактикалық тексеріп-қарауды өткізу;

— авариялық шкафтардың толымдалуы мен дұрыс күтіп ұсталуына бақылау жасау;

— әрбір қолданғаннан кейін газдан қорғау аппаратурасының ақаусыздығын тексеру, оны дайындық жай-күйіне келтіру  болып табылады.

   Кәсіпорында оқу орталығы құрылған, ол кәсіпорын жұмыскерлерін ЕҚжЕҚ, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өндіріс технологиясы бойынша оқытуды өткізеді. Оқыту бағдарламасы:

— қауіпті өндірістік объектіде жұмыс істейтін персонал үшін;

— қауіпті өндірістік объектіге тартылмаған персонал үшін;

—  прекурсорлармен, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстармен, жүк көтеруші тетіктермен жұмыс істейтін персонал үшін әзірленген.

Оқу орталығы жаңа жабдықтармен, оқытудың заманауи құралдарымен, мультимедиалық оқытушы кешенмен жарақтанған.

«Каустик» АҚ-ның жауапты инженерлік-техникалық қызметкерлері үш жылда кемінде бір рет еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімдерін тексеруден өткізіледі. Тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясы бар. Жыл сайын персонал біліктілігін арттыру жүргізіледі. Әрбір кәсіп пен лауазымға арналғанн оқыту мен біліктілікті арттыру бағдарламалары бар.

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы  «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы » № 30 Заңының талаптарына сәйкес (тақырыбы ҚР-ның  30.12.2009 ж.№ № 234-IV Заңының редакциясында берілген. 09.08.2010  ж. қолданысқа енгізілген)  «Каустик» АҚ-ндағы барлық персонал сақтандырылған.

Газ қауіпті, жүк тиеу-жүк түсіру жұмыстарының, қауіптілігі жоғары жұмыстардың тізбесі әзірленген және бекітілген. Әрбір жұмыс оры үшін лауазымдық нұсқаулықтар, әрбір кәсіп пен жұмыстардың белгілі бір түрлеріне нұсқаулықтар әзірленген.

Аттестаттау жұмыс орындарын

ҚР ЕК 183 бабына сәйкес  «Каустик» АҚ-нда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әдеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының мамандарын тартумен бес жылда бір рет жұмыс орындарын аттестаттау жүргізіледі.

 Еңбектің зиянды жағдайларында жұмыс істейтін персоналға:

- сүт – 0,5 литр өткізілген ауысым үшін;

— сабын – айына 500 грамм;

— медициналық дәрі-дәрмек қобдишалары;

— қобдишаларды толықтыру үшін медикаменттер беріледі.

 Жұмыс орындарын аттестаттаудың нәтижелері бойынша еңбектің ерекше зиянды жағдайларымен қамтылған қызметкерлер емдік-профилактикалық тағам алады. Қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істейтін цех персоналы қышқыл-сілтілік сіңдірмесі бар арнаулы костюмдермен, синтетикасы жоқ костюмдермен, қышқылдан қорғайтын аяқ киіммен, қорғаныс көзілдіріктерімен қамтамасыз етіледі. Хлор шығарылуы мүмкін цехтарда персонал сүзгілік газтұтқылармен, тасымал газталдауыштарымен қамтамасыз етіледі.

ЕҚжЕҚ, АҚ бөлімі жыл сайын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жарақаттанушылықтан сақтандыру (қауіпсіздік белгілерін, тасымал газталдауыштарды сатып алу) мен кәсіптік ауруға шалдығушылықтан сақтандыру (қорғаныс құралдарын сатып алу, кәсіпорын цехтарына жөндеулер жүргізу), еңбек жағдайларын жақсарту (қосымша жарықтандыру орнату, жабдықтарды алмастыру) бойынша іс-шаралар әзірлейді.Санитариялық-эпидемияға қарсы  профилактика, дератизация тұрақты жүргізіледі.

Кәсіпорынның барлық цехтарында оқыту мен нұсқаулар беру, медициналық тексеріп-қараулардан өткізуді және т. б. қамтитын, ЕҚжЕҚ саласындағы опертивтік жоспарлар әзірленеді. Кәсіпорын персоналы жыл сайын міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтеді. Қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін жұмыскерлер ауысымалдылық, рейсалдылық және рейстен кейінгі медициналық куәлендіруден өтеді: рейс басталардың алдындағы 30 минут және ол аяқталғаннан икейінгі 30 минут ішінде.

Әлеуметтік саясат

 «Каустик» АҚ қызметінде әлеуметтік саясат мәселелері елеулі орын алады. Бәрінен бұрын, олар бөлімшелер ұжымдарында салауатты микроклимат жасауға бағытталған. «Каустик» АҚ-нда ұжымдық шарт бар, онда қызметкерлердің толыққанды қызметі үшін жағдайлар жасау көзделген. Жұмыскерлерді әрбір ауысымға автобус жеткізеді. Компания әлеуметтік төлемдер жасайды, олардың негізгі үлесін емделуге материалдық көмек, балалар күтіміне байланысты демалыстарға ақы төлеу, зейнетке шығуына байланысты көмек, мүшелтойлық жасқа жеткен зейнеткерлерге көмек, Жаңа жыл мен басқа да меркелік күндерге жасалатын сыйлықтар құрайды.

    Кәсіпорында белсенді өмір салты енгізіліп, насихатталады, қызметкерлер кәсіподақ қаражаты есебінен қала бассейндеріне, жаттығу залдарына барады. Жыл сайын шахматтан, үстел теннисінен, спорттың ойындық түрлерінен (футбол, волейбол) жарыстар өткізіледі,   күзгі, қысқы, шаңғы кросстары өткізіледі. Жуырда кәсіпорын командасы Павлодар облысы бойынша мини-футболдан бірінші орынды иеленді.

 «Каустик» АҚ өз перспективасында әрбір жұмыс орнында, әрбір өндірістік объектіде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ниеттеніп отыр. 

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», №1, 2017  



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль