Жапониядағы еңбек қатынастары

37
Жапониядағы еңбек қатынастары
Тыналин Алим Онербекович
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрист, г. Алматы
Сәлеметсіздер ме, қымбатты оқырмандар! Сіздерге Жапонияның еңбек тәжірибесі мен күнделікті қазақстандық корпоративтік күндерінің арасындағы айырмашылықты анықтауға тура келеді.

Жапондық компаниялардағы дәстүрлерінде, сөзсіз, Күншығыс еліне тән әйгілі әскери самурайлардың рухы сақталған.

Көбінесе жапондық жұмыс берушілер аянбай жұмыс істегенді, қатал тәртіпті және компания жұмыскерлерінің берік адалдығын қалайды. Оның орнына қызметшілерін корпоративтік әмиянның есебінен барлық мүмкін болатын игіліктер сыйлауға дайын.

Жапонияда еңбек қатынастары баяғыдағы соғыстан кейін қабылдаған, сарғайып кеткен заңдар шоғырымен регламенттеледі. Оларға:

1. 1946 жылғы «Кәсіптік одақтар туралы», 1946 жылғы «Еңбек қатынастарын реттеу туралы», 1947 жылғы «Еңбек стандарттары туралы», 1947 жылғы «Еңбекті қорғау туралы», 1947 жылғы «Өндірістегі жазатайым оқиғаларды сақтандыру өтемақылары туралы» заңдар.

2. 1948 жылғы азаматтық кодекс.

3. Сондай-ақ, сәл ертерек қабылданған заңдар –  1959 жылғы «Еңбекақының ең төмен мөлшері туралы», 1972 жылғы «Өндірістегі қауіпсіздік және денсаулық туралы», 1986 жылғы «Жұмысқа қабылдаған кездегі тең мүмкіндіктер туралы».

Осы заңнаманың барлығы, әрине, айтишниктер айтқандай апгрейдке ұшырайды, яғни, білікті адамдар оның мониторингін жасап, уақытқа сай өзгерістер енгізеді. 

                                                     ***

Енді Жапониядағы еңбек құқықтық ерекшеліктерге көз жүгіртейік.

Жұмысқа қабылданатын жұмыскерлер аристократ-феодалға қызмет еткен Токугава уақытының самурайлары сияқты кимоно, катана кимейді, шаштарын түймейді.

Барлығы қазіргі заманға сай: ұйыммен әдеттегі еңбек шарты жасалады. Айтпақшы, ақырын-ақырын, осы рәсімді электрондық үлгіге толық көшіруде.

Ер адамдар үшін мұндай шартты бүкіл ғұмырына жасасатын жағдайлар жиі кездескен. Қызметші әйелдер балалы болған соң үй шаруасымен айналысқан, олармен еңбек шарты тоқтатылған. Ал, қазіргі кезде, яғни, әлемнің қай түпкірінде жүрсе де жұмыс істеуге болатын ақпарат заманында жас жапондықтар бір компанияға өмірлік жалданатын ескі дәстүрді бұзуға қорықпайды.

Еңбек шартында тараптар келесі талаптарды айқын белгілеуге тиіс:

1) еңбек шартының қолданылу кезеңін;

2) жұмыс орнының және жаңадан келген қызметшіге жүктелетін міндеттің сипаттамасын;

3) еңбек уақытының режимін, яғни, жұмыс күнінің басталуы мен аяқталуын, үстеме жұмыстардың сағат санын, үзілістер уақытын, демалыс және еңбек демалыстар санын;

4)  әрине, жалақының мөлшері мен мерзімдеріне қатысты барлық нәрсені;

5)  харакири өткізу яғни, жұмыстан босату тәртібін (жұмыстан босатуға арналған барлық негіздердің сипаттамасын қоса алғанда).

Жапондық жұмыскер үшін сынақ мерзімі үш айды құрайды. Оның нәтижесі бойынша қандай да бір негіздер болса үміткермен қош айтысуға болады.

Жалақы алдын ала келіскен еңбекшінің шотына жіберіліп отырады және негізгі жалақыдан басқа әртүрлі әлеуметтік қосымша ақыларды қамтиды. Тұрғын үйіне төлейтін, балаларды бағуға, көлік шығындарын төлеуге арналған көтерме ақы тәрізді.  Одан басқа, жапондық жұмыс берушілердің дәстүріне  екі мәрте: қыста және жазда төленетін сыйлықақылар жатады. Әрине, бүкіл өркениетті әлемдегідей, жыл бойы істеген жұмысын бағалау нәтижесінде бонустарды төлеу қолданылады. 

                                               ***

Жапонияда жұмыс аптасы  Қазақстандағыдай қырық сағаттан аспауға тиіс. Яғни, бұл жерде, бір сағаттық ланчқа үзілісі бар, сегіз сағаттық жұмыс күні қалыптасқан. Демалыс аптасына бір рет. Үстеме жұмыс істейтіндерге әр артық істеген сағат үшін жоғарылатылған мөлшерде ақы төлейді.                                               

Дегенмен, еңбекқорлық – ол жапондық жұмыс берушілердің бас ауруы. Жұмыскерлер жұмыс күнінің соңында, жұмысы бітпей қалғанда, басқа елдердегі компанияларды қызғандырып,  түгел жұмыста қалады. Көп жағдайда бұл адамдардың жұмыс орнында «күйіп кетуіне» алып келеді, жүрек ауруына шалдығады, кейде оларды кеңседен жедел жәрдем алып кетеді.

Өндірісте мұндай оқиғаларды белгілеу үшін, тіпті, тұрақты үстеме жұмыстардың салдарынан денсаулықтың нашарлауын, талып қалуларды және бас айналуды білдіретін «кароши» деген арнайы термин ойлап тауыпты.  

Соңғы кезде ел үкіметі еңбекқорлықпен күресуде (!) және демалысты үзіп, жұмысқа қайта жүгірмей, тиісті еңбек демалыстарының барлық күндерін демалуға адамдарды мәжбүрлейді екен. Компаниялар өз жұмыскерлерінің жұмыс уақытын азайтуға бағытталған корпоративтік саясатты жиі өткізеді (шіркін-ай десеңші!)

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы №2  оқыңыздар



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль