Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйіне мониторинг

484
Мониторинг еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бақылау жасау жүйесі, сондай-ақ бағалау және болжау, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жағдайына және т. б. (ҚР Еңбек кодексінің 1 бабы, 1 тармағының 28 тармақшасы)

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге асыруға бағытталған.

Кешенді бағалау

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі – өндірістегі еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйіне бақылаулар жасау жүйесі,
сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау және болжамдау (ҚР Еңбек кодексінің 1 бабы, 1 тармағының 28 тармақшасы).
Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау, өндірістік
жарақаттанушылықты төмендету және өндірістегі жазатайым оқиғалардан
сақтандыру мақсатымен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшелері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қатерлерді бағалау мен мониторингін ұйымдастырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мониторингті уәкілетті ор-
ган мен оның аумақтық бөлімшелері тікелей жұмыс берушілерден және олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінен алынған еңбек қауіпсіздігінің, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы ресми ақпарат пен мәліметтердің, сондай-ақ бақылаушы органдардың тексеру актілерінің (құжаттарының) негізінде жекелеген ұйымдарда және экономика салалары бойынша жүзеге асырады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мониторинг өткізудің
мақсаты – жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау,
өндірістік жарақаттанушылықты төмендету және өндірістегі жазатайым
оқиғалардан сақтандыру.
Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешенді бағалау, өндірістік
жарақаттанушылықты төмендету және өндірістегі жазатайым оқиғалардан
сақтандыру еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Ережелерге сәйкес өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу жолымен жүзеге асырылады. Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың негізінде зиянды өндірістік факторларды төмендету және жою жөнінде нақты шаралар белгілейді.
Өткізілген тексерулердің шеңберінде мемлекеттік еңбек инспекторлары ҚР Еңбек кодексінің 38 тарауына сәйкес жұмыс берушілерге еңбек жағдайларын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына келтіру жөнінде тиісті шаралар қабылдау туралы ұйғарымдар береді.
Тексерулердің, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша
аттестаттаудың нәтижелері бойынша және өңір, республика шеңберіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жағдаяттың негізінде талдау жасалады, ағымдағы сәт үшін жағымсыз үрдістерді болдырмау жөнінде шаралар, перспектива жасалады, нормативтік құқықтық база қалыптасады.

Мониторингтің негізгі объектілері:

– еңбек жағдайларының жай-күйі мен жұмыс орындарында еңбекті қорғауды қамтамасыз ету;
– өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруға шалдығушылық
деңгейі;
– өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға,
қызметкерлердің өндірістік жарақаттануы мен кәсіптік ауруларын
қысқарту жөніндегі сақтандыру шараларын қаржыландыруға бағытталған
шаралардың іске асырылуы туралы ақпарат;
– қызметкерлерге ауыр жұмыс және еңбектің зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлары бар жұмысы үшін өтемақылар беру;
– қызметкерлерді өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардан
міндетті сақтандыру туралы мәліметтер;
– еңбекті қорғау ережелерінің мемлекеттік нормативтік талаптарының
сақталуына мемлекеттік қадағалау мен бақылаудың нәтижелері;
– өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізудің нәтижелері;
– еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту бағдарламасын әзірлеу мен іске асыру туралы ақпарат;
– еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың еңбекті қорғаудың нормативтік талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат;
– ұйымдағы еңбекті қорғауды бақару жүйесін енгізудің нәтижелері;
– қызметкерлерді қажетті арнаулы киіммен, жеке және ұжымдық қорғану
құралдарымен, сондай-ақ санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен
және құрылғылармен, емдік-профилактикалық құралдармен, емдік-
профилактикалық тағаммен қамтамасыз етілгендігі туралы мәліметтер;
– жұмыстарды орындаудың және зардап шекендерге алғашқы көмек
көрсетудің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету, қызметкерлердің еңбек
қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексерудің
өткізілгені туралы мәліметтер;
ҚР заңнамасына сәйкес міндетті алдын ала (жұмысқа кірген кезде) және
мерзімдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық тексерудің (зерттеудің) өткізілгені туралы мәліметтер болып табылады.

Дереккөз: «ACTUALIS: Кадрлық іс» электрондық жүйесі, тегін демо-қолжетімділік алу 



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2016  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12, 323-62-13

По вопросам клиентской поддержки тел.:  +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях