Жалақы: құқықтық реттеу, есептеу және төлеу тәртібі

90
Жалақы: құқықтық реттеу, есептеу және төлеу тәртібі
Курасова Анастасия Михайловна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», кандидат экономических наук, специалист по вопросам труда и заработной платы, бизнес-тренер, г. Алматы
Қазақстан Республикасында жалақыны есептеуді, төлеу тәртібі мен мерзімдерін қатаң түрде бұрынғыдай мемлекет реттейді.

ЖАЛАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУГЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ НОРМАТИВТІК РЕТТЕУ

Жалақыны есептеу және төлеу мәселелері келесі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:

1)                Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексімен (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК)

2)            Қазақстан Республикасының тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен;

3)            Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» № 99-IV кодексімен (бұдан әрі – ҚР СК);

4) Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» № 235-V Заңымен (2016.28.12 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ӘҚБтК);

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысымен (2016.09.12 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – Еңбекақы төлеу жүйесі туралы қаулы);

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» № 908 бұйрығымен (2016.04.03 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары);

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 907 бұйрығымен;

8)  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерлерін айқындау туралы» № 1103 қаулысымен (2015.02.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы» № 1053 бұйрығымен (бұдан әрі – Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 27.05.2016 бұйрығымен бекітілген жеке меншік нысандағы ұйымдар жұмыскерлерінің еңбекақы жүйесін әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдармен.

ҚР ЕК 114-бабында жалақыны есептеу және төлеуге байланысты мәселелер түсіндіріледі. ҚР ЕК 1-бабында осы мәселелерге  қатысты ұғымдарға анықтама беріледі. Олардың негізгілері:

•             еңбекке ақы төлеу – ҚР ЕК және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі (1-бабының 20) тармақшасы);

•             жалақы – жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер (1-бабының 37) тармақшасы);

•             негізгі жалақы – тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақылар, кесімді бағалар бойынша төлемді қамтитын, жалақының салыстырмалы түрдегі тұрақты бөлігі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер (1-бабының 59) тармақшасы).

Осы анықтамалардың барлығы нұсқамалық сипатта болады және жұмыскерлердің жалақысы неден тұруға тиіс екенін, оны қалай белгілеуді, есептеуді, өзгертуді және реттеуді түсіндіреді. Сондықтан оларды мұқият зерттеп, жұмыста пайдалану қажет.

ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР 

ҚР ЕК 102-бабына сәйкес, жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:

1) айлық жалақының ең төмен мөлшерін;

2) сағаттық жалақының ең төмен мөлшерін;

3) үстеме жұмысқа ақы төлеуді;

4) мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеуді;

5) түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеуді;

6) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалудың мөлшерін шектеуді;

7) жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.

ҚР ЕК төмендетуге жатпайтын еңбек саласындағы ең төменгі құқықтар мен бостандықтарды шарттайды.

Мемлекет бір айлық және бір сағаттық жалақының қолжетімді мөлшерлерін, үстеме жұмыс пен түнгі уақыттағы, мереке және демалыс күндердегі жұмыс үшін төленетін ақының мөлшерін регламенттейді.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 2 оқыңыздар 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль