Қорғаныс комбинезондарын таңдау және қолдану

47
Қорғаныс комбинезондарын таңдау және қолдану
Уссенов А. К.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", технический специалист компании «3М Казахстан»
Зиянды өндірістерде жұмыс істеген кезде көру және тыныс алу мүшелерін қорғауды қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ денені шашырандылардың, қатты бөлшектердің, химиялық заттар мен басқа да жағымсыз факторлардың әсер етуінен қауіпсіздендіру де маңызды.

Денені қорғау үшін мүмкін болатын әртүрлі – жұмыскерлер киімін ластанулардан қорғауға арналған ең қарапайым сырлаушы комбинезондарынан бастап инфекциялар мен микроағзаларға дейінгі қауіптіліктердің тұтастай бір қатарынан қорғайтын көпфункциялы комбинезондарға дейін әзірленген.

Қорғаныс комбинезондары қолданудың қауіпті (еуропалық CE III санатына сәйкес келеді) және қауіпті емес (CE I санатына сәйкес келеді) салаларына арналуы мүмкін. Олар қауіптіліктердің әртүрлі үлгілерінен: ұсақ бөлшектерден, сұйықтықтар мен газдардан қорғау үшін әзірленген және тестілеуден өткізілген.

Қорғаныс комбинезондарын қандай жағдайларда қолданған орынды

Қорғаныс комбинезондарын қолдану қажеттігі ең әртүрлі жағдайларда туындайды. Атап айтқанда, бұған себеп мыналар болуы мүмкін:

 - Жұмыстардың әралуан үлгілері: металл өңдеу, ағаш өңдеу, тас өңдеу, пісіру, өндірістік жиыстырып-тазалау, пестицидтерді тозаңдандыру және ауылшаруашылық жұмыстары, жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету, жөндеу және құрылыс жұмыстары және басқалар.

- Өндірістердің әралуан үлгілері: фармацевтикалық, жиһаздық, тағам, мұнай-газ, автомобиль жасау, авиациялық өнеркәсіп, машина жасау, цемент өндірісі және басқалар.

- Үй-жайлардың әралуан үлгілері: стерильді жағдайларда, шаңданған үй-жайларда, цистерналар мен сұйыққоймалардың ішінде.

- Әртүрлі заттармен: химиялық реагенттермен, асбестпен, жалтырсыр-бояу материалдарымен, уытты ұнтақтармен және уытты емес ұнтақтық жабындармен, шайырлармен және желімдік құралдармен және т.б.жұмыстар.

Қорғаныс комбинезондарының түрлері мен қасиеттері

Саналуан қорғаныс комбинезондарының арасында неғұрлым кең көлемді 3М  компаниясы – жеке қорғану құралдарының (бұдан әрі – ЖҚҚ) тәжірибелі өндірушісі және берушісі ұсынады.

 3М-нің қорғаныс комбинезондары зиянды өндірісте теріні шаңнан, химиялық буланулардан, газдардан, бактериологиялық қауіптіліктер мен аллергендерден кешенді қорғай отырып, жұмысшыларды қауіпсіздендіруге көмектеседі. 3М комбинезондары қозғалыстар еркіндігін сақтайды және сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді.

 3М компаниясынан қорғаныс киімінің модельдік қатары қасиеттер мен мүмкіндіктердің саналуандығын – арнаулы өңделген маталардан бастап аса жайлылық үшін арқадағы желдетуші қондырмаларды пайдалануға дейін ұсынады.

                             3М комбинезондарының ерекшеліктері:  

Барлық комбинезондар еуропалық СИЗ (89/686/ЕСС) стандарттары бойынша сертификатталған. І санат – стандартты жұмыстар (4500, 4505 сериялары), ІІІ – қауіпті жағдайлардағы жұмыс ( 4510-нан 4570-ке дейінгі сериялар).

Қауіпті жағдайлардағы жұмыстар кезінде 3 М комбинезондары қатты зиянды заттардан (комбинезондар сериялары 4510-нан 4570-ке дейін), шашырандылардан (4510 – 4570), радиациялық бөлшектерден (4510 – 4570), бүркілуден (4565, 4570), микроорганизмдер мен инфекциялық заттардан (4545, 4565) және сұйықтық ағыншасынан (4570) қорғауды қамтамасыз етеді.

Комбинезондардың көпшілігі заряд жинақталуын азайту үшін антистатикалық өңдеуден өткізілді.

Комбинезондар әзірлеу үшін бірнеше қабаттан тұратын спанбонд пен мелтблаунның заманауи полипропилені пайдаланылады, олардың мөлшері мен үйлесу ретіне ауа өткізгіштік деңгейі мен шашырандылардан қорғаудың сенімділігі байланысты болады.

Суға төзімділікті арттыру үшін полиэтиленмен ламинатталған полипропиленді материал пайдаланылады. Ламинаттаудың бірнеше деңгейі қорғаныстың бірнеше нұсқаларын қамтамасыз етеді.

 4530 сериясындағы модельдер тұтанып кетуден қорғауды арттыру үшін, қосымша өңделеді (ISO 14116:2008 Index 1 стандартына сәйкес).

Көпшілік модельдердегі күлапара басқа ЖҚҚ-мен (бетті толық жабатын бетпердемен және қорғаныс көзілдірігімен) бірге пайдалануға арналған үшқұрамдасты қондырмамен жарақтанған.

Иықтарында және жеңдерінің жоғарғы бөлігінде киюдің жайлылығын арттыру және ластанулар өтуінің мүмкін болатын нүктелер санын қысқарту үшін тігістері болмайды.

Киюге қолайлы болуы және желден қосымша қорғау үшін желімделуші қысымтығындарымен екіжақты сыдырмасы бар.

Кейбір модельдерінде аса жайлылық пен қозғалыстар еркіндігіне арналған тоқыма қабаттама жеңселер, бел мен тізе буынында эластикалық таспа болады.

Өлшемдік ауқымы да кең – S-тен 4XL-ге дейін.

Пайдаланылатын материалдардың ерекшеліктері

 3М-нің әртүрлі комбинезондары әзірленетін материалдарды толығырақ қарастырайық.

Қорғаныстың талап етілетін дәрежесіне байланысты, материалдардың әртүрлі үлгілері қолданылады.

 СЕ бірінші санатына сәйкес келетін қауіпті емес жұмыстарға арналған және зиянсыз сұйықтықтар мен бөлшектерден қорғауды қамтамасыз ететін комбинезондарда ауа өткізетін полиэфирлі мата (полиэстр) пайдаланылады. Ол жеңіл, көп рет пайдаланылатын, пайдалануға қолайлы киім.

Қауіпті салаларда қолдануға арналған қорғаныс комбинезондарында тоқылмаған полипропилен – зиянды сұйықтықтар мен шаңға қарсы жайлы және жеңіл қорғанысты қамтамасыз ететін материал пайдаланылады. Бұл мынадай құрамдастардан қалыптасатын көпқабатты материал:

Спанбонд – тоқылмаған, микрокеуекті, бу өткізгіш оқшаулаушы материал, қышқылдық және сілтілік әсер етуге төзімді, жақсы стерильденеді.

Ламинатталған спанбонд – полиэтиленнің жұқа қабатымен жабылған спанбонд. Ол жұмсақ, иілгіш және сұйықтықтарды өткізбейді.

Мелтблаун – спанбондқа қарағанда, неғұрлым тығыз орналасқан полипропилендік талшықтардан жасалған материал. Ол комбинезондарға жоғары тосқауылдық қасиеттер береді.

Жоғарыда аталған материалдардан SMS полипропилен (спанбонд-мелтблаун-спанбонд) қалыптасады. Немесе егер мелтблаун қабаты екеу болса SMMS, немесе SMMMS – нұсқалары болуы мүмкін. «Тыныс алушы» материалдың көпқабатты құрылымы қорғаныстың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және жылулық жүктемені төмендете және жайлылықты сезінуді жасай отырып, ауа қозғалысына кедергі келтірмейді. Мелтблаунның ішкі қабаттары зиянды бөлшектер мен аэрозольдерден тиімді қорғай отырып, сүзгі рөлін атқарады, бұл кезде спанбондтың екі шеткі қабаты жайлылық пен жұмсақтықты сезінуді жасайды және материалға беріктік береді.

Ылғалға төзімділікті арттыру үшін жоғарғы қабат кеуекті немесе гидрофильді ламинатпен ламинатталуы мүмкін. Комбинезондардың кейбір модельдерінде ламинатталған полипропиленнің бірден бірнеше қабаты пайдаланылады, бұл түктілікті қосымша азайтады

Отқа төзімділік қасиеттерін беру үшін арнайы жабынмен қосымша өңдеу жүзеге асырылады. Нәтижесінде материал жалын таралуына шектелген қарсыластыққа ие болады (EN 533 стандартының жіктемесі бойынша тұтанушылық индексі - 1) және 2 және 3 индекстерге сәйкес келетін арнаулы киімнің сыртынан киген кезде жоғары температуралар жағдайларында пайдаланылуы мүмкін. Бұл қымбат тұратын, жылудан қорғайтын костюмдердің қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Қорғаныс комбинезонын қалай таңдау керек?

Жұмыс жағдайлары мен болжамдалған тәуекелдерге орай, таңдаған жөн. Неғұрлым дәл іріктеу үшін комбинезондарды өндірушілерге жүгінуге кеңес береміз. 3М  сарапшылары қауіптіліктер үлгілерін анықтауға көмектеседі және сіздердің жұмыскерлеріңізге олардан жақсырақ қорғануды ұсынады.  Өздігінен таңдау кезінде мынадай аз ғана өзгешіліктерді есепке алыңыздар:

Зиянсыз ластанулар кезінде 4500 және 4505 серияларын, зиянды ластанулар кезінде – барлық қалғандарын таңдаңыздар.

Қорғаныс үлгісін ескеріңііздер (қатты бөлшектер мен шашырандылардан – 5/6 үлгі, сұйық химиялық заттардан – 4, қысымы бар сұйық химиялық заттардан – 3).

Өнім сериясының нөмірі неғұрлым жоғары болса – ылғалдан қорғау дәрежесі соғұрлым жоғары болады. Егер 4515 сериясындағы комбинезондар негізінен шаңнан қорғаса, 4570 сериялы бұйымдар су ағыншасының қысымына шыдайды.

Сіздердің назарларыңызды тағы да бір нәрсеге баса аударамыз: қорғаныс комбинезондарын түпкілікті таңдауды сіздердің кәсіпорындағы жұмыстың нақты жағлайларымен, сондай-ақ сіздердегі жұмыскерлердің функциялық міндеттері мен жеке ерекшеліктерімен таныс және тәуекелдерді бағалауды орындай алатын құзіретті маманға сеніп тапсырған жақсы. 

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 2, 2017  



Ваша персональная подборка

    Вопросы по теме

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль