Кәсіподақ қозғалысының жаңа моделін жасау

19
Кәсіподақ қозғалысының жаңа моделін жасау
Жумагельдиева Г. А.
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», заместитель председателя Федерации профсоюзов Республики Казахстан, г. Астана
Азаматтардың қоғамдық процестерді басқаруға белсенді қатысуынсыз демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Кәсіподақ іс жүзінде қоғамдық қатынастарға толық құқықты қатысушыға және әлеуметтік ретттегішке айналды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бүгінгі күні ел еңбекшілерінің неғұрлым бұқаралық және өкілдік ұйымы болып табылады және екі миллионнан астам адамды біріктіреді. Федерацияға ерікті бастамалармен 18 республикалық салалық кәсіптік одақтар мен 16 аумақтық бірлестік кіреді. Олардың құрылымында 18 мыңнан аса бастауыш ұйымдар бар.

Кәсіподақтар. Жаңа курс

Уақыт шақыруына жауап бере отырып, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бірлесу мен ірілендіруге, еңбек қатынастарын реттеудегі жауапкершілікті арттыруға, әлеуметтік әріптестікті дамытуға, ұйымдық-қаржылық жұмысты жетілдіруге, кадрлар рөлі, резерв дайындауға, еңбекші әйелдермен және жастармен жұмысқа, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуға бағытталған жаңа бағыт алды.

Қазақстандық кәсіподақтар қызметіндегі жаңартулар мен реформалардың түпкі мақсаты – кәсіптік қозғалыстың жаңа моделін жасау:

- қоғамдағы беделділікті арттыру;

- әлеуметтік әріптестікті жетілдіру;

- кадрлық әлеуетті басқару;

- еңбек адамдарының әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін іс жүзінде қорғау.

Кәсіптік одақтарды, олардың ұйымдарын кадрлық жағынан нығайту мәселесі қызмет тиімділігін арттырудың аса маңызды шарты ретінде анықталған. Федерация ұйымдары кадрларды іріктеу мен тәрбиелеудің құрамдас бөлігі ретінде резерв дайындау мен қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады. Негізгі тірек қызметтің әртүрлі секторларындағы жұмысшы жастарға жасалады.

Қазіргі уақытта кәсіподақтар мына салаларда біріккен:

- құрылыс пен ТКШ;

- атом өнеркәсібі;

- электр энергетикасы;

- көліктік сала (теміржолшылар, автомобиль көлігі, авиациялық қызметкерлер);

- тұтыну кооперациялары мен кәсіпкерлік.

Әлеуметтік әріптестік

Халықаралық еңбек ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары бойынша әзірленген, Қазақстан Республикасының қолданысқа енгізілген, 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі (06.04.2016 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) еңбек заңнамасы реформасының аса маңызды кезеңінің аяқталуын білдірді.

ҚР ЕК-н кәсіподақ ұйымдарында кеңінен талқылау және жұмысшы топтардағы тер төккен жұмыс еңбек қатынастарындағы көптеген проблемалық мәселелерді реттеуге, еңбек Адамының мүдделері үшін бірқатар мәнді өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Кәсіподақтар федерациясы төменгі буындардың, мүшелік ұйымдардың назарын Еңбек кодексінің қағидаттық жағынан жаңа баптарын түсіндіруге шоғырландыра отырып, кең көлемді жұмыс жүргізді. Жыл басынан бастап 1137 семинар ұйымдастырылып, 51 мыңнан астам адам оқытылды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы өзінің неғұрлым маңызды функцияларының бірі ретінде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу бойынша республикалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысуды таниды.

Бұл жерде уақыттың заманауи талаптары есепке алынумен, жүйе құрылған. Бір-бірін қайталамайтыншешімдер қабылдаудың төрт деңгейі анықталған: орталық-сала-аумақ-кәсіпорын.

- Бас;

- 18 салалық;

- 16 өңірлік келісімдер;

- 67 мыңнан астам ұжымдық шарттар жасалды.

Олардың ішінде республиканың кәсіподақтар жұмыс істейтін кәсіпорындарында 16 мыңнан астам ұжымдық шарт жасалды, қамту 94 %-ды құрады.

Мониторинг еңбек жанжалдарының

Ұжымдарда даулар туындау тәуекелдерін, әлеуметтік шиеленістің өсу мүмкіндігі бар ошақтарын дереу айқындау үшін Федерация осы жылдың сәуір айынан бастап еңбек жанжалдарының апта сайынғы кәсіподақтық мониторингін өткізе бастады, ол жанжалдарды реттеу мен оқшаулау бойынша іс-шаралар әзірлеу мен оларды іске асыруға жағдай жасайды.

Мониторинг:

- кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің мәліметтері;

- интернет-хабарламаларға талдау жасау;

- ақпараттық порталдардың мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

Биылғы жылғы сәуір айынан қараша айына дейінгі кезеңнің ішінде ғана 5 еңбек жанжалы мен әлеуметтік шиеленістің 17 ошағы айқындалды.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес және Бас келісімді іске асыру мақсатында әлеуметтік әріптестік бойынша салалық және өңірлік үшжақты комиссиялар жұмыс істейді. Олардың жұмысындағы басты бағыт – ұжымдардағы тұрақтылықты, жалақы төленуі мен оның төмендеуіне қарсы әрекет жасауды, әлеуметтік кепілдіктердің сақталуын қамтамасыз ету. Әлеуметтік әріптестік тараптары еңбек құқықтары қатынастарын реттеу бойынша консультацияларды тұрақты өткізеді.

Шоғырландыру кәсіподақтар

Кәсіподақтар федерациясы қызметінің ажырамас бөлігі халықаралық ұйымдармен және кәсіподақ бірлестіктерімен ынтымақтастық болып табылады. Федерация дүниежүзілік кәсіподақ қозғалысына белсене қатысады. 2015 жылғы 11 қазанда Бразилияда кәсіподақтардың Халықаралық конфедерациясы (бұдан әрі – КХК) Бас Кеңесінің отырысы болып өтті, онда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясын КХК ұйымына толық құқықты мүше ретінде енгізу туралы шешім қабылданды.

КХК – дүние жүзіндегі кәсіподақтардың ең үлкен конфедерациясы, ол 162 елдің 176 миллион жұмыскерін біріктіреді. КХК құрамына состав МКП входит 328 мүшелік ұйымдар енеді, олар демократияшыл, тәуелсіз және репрезентативті болып танылды.

Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының репрезентативтілігін тану кәсіподақтарды іс жүзінде реформалаудың орындалғандығын тікелей растау болып табылады. Бұған қоса, Қазақстандағы әлеуметтік бағытталғандық мойындалды, бұл жерде кез келген мемлекеттік бағдарламалар іске асырылған кезде басты назарға еңбек Адамы, оның құқықтары мен мүдделері алынады.

Кәсіподақтар және билік

Қазақстандағы экономикалық, саяси және әлеуметтік қайта құрулар жағдайларындаға ерекше қажетті процесс кәсіподақтардың мемлекеттік биліктің өкілдік органдарымен өзара әрекеттестігі болып табылады. Парламенттің жаңа Мәжілісінің құрамына алғаш рет кәсіподақтың үш  көшбасшысы, оның ішінде Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, барлық деңгейлердегі мәслихаттарға – 742 кәсіподақ белсенділері (депутаттардың жалпы құрамының 22%-ы), оның ішінде аумақтық бірлестіктердің үш төрағасы сайланды. Мұндай өкілдік азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделеріне қатысты заң актілерін әзірлеу мен қабылдауда кәсіподақтар құқықтарын толық көлемінде іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте кәсіподақтардың алдында нақты міндеттер: заңнамадағы өзгерістерге ықпал ету мен жұмыскерлер жағдайының нашарлауына жол бермеу тұрады.

Қоғамдық көңіл-күйлерді жинақтай отырып, кәсіподақтар азаматтық қоғамды бюджеттік бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыру мен талқылауға белсенді түрде тартады. Бұған Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы "Қоғамдық кеңестер туралы" № 383-V Заңы жағдай жасайды.

Ресубликалық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің құрамына кәсіподақтардың 6, өңірлік кеңестер құрамына – 15 көшбасшысы енді.

2014 жылдан бастап кәсіподақтардың өңірлердегі аумақтық бірлестіктерінің жанында қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істеп келеді, олардың негізгі міндеттері – жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу. Оларға атқарушы өкілдік органдардың, бақылау мен қадағалау органдарының, кәсіподақ құрылымдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады. 2016 жылдың тек 11 айының ішінде ғана қоғамдық қабылдау бөлмелеріне кеңестер алу үшін 2000-нан астам адам жүгінді.

Өз міндеттерін жүзеге асыра отырып, кәсіподақтардың елді жоғары экономикалық деңгейге жылжытатын, реформалардың әлеуметтік-бағдарланған бағытын күшейтетін, Қазақстандағы лайықты еңбек кепілдіктері мен қағидаттарын қамтамасыз ететін саяси партиялармен және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттестік жасайтынын қоса айтқан жөн.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау» , № 2, 2017 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль