Өтірікті анықтаушы детектор: жалған сөзді анықтау

26
Өтірікті анықтаушы детектор: жалған сөзді анықтау
Верещагина Анна Анатольевна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», практикующий психолог, доцент Балтийского федерального университета им. И. Канта, действительный член (академик) МАПН, доктор психологических наук, г. Калининград
Жақсы қызметкерлерді бірден сезуге ойлау қабілетінің тиімді моделі және үміткерлермен сөйлесуге шығармашылық әдісі көмектеседі.

Ізденушімен әңгіме жүргізетін әрбір адам өте жиі лауазымға келген үміткерлердің сөздерінің шындығына күмәнданады. Уайымның деңгейінде туындайтын бұл күмән қорқынышта, тіпті, ішкі агрессияда немесе сұхбаттасушыға қатысты ашушаңдықта көрінеді. HR-менеджер, тікелей сұрақтар қойып, үнемі шындықты біле бермейді.

ВНИМАНИЕ

Тек ауызша ақпарат пен өзара әрекеттесудің сөздік арнасын пайдалана отырып, адамның қандай екенін білу мүмкін емес.

Әрине, тәжірибелі қызметкер үміткердің шынайылығын бағалауға мүмкіндік беретін өз әдістерін қолданады. Бірақ, сіздің тәжірибеңіз болмаса да, адамның мінез-құлығының кейбір қырларын білу үшін, өзіңіздің «өтірік атуды тексеретін детекторыңызды» «жасап алсаңыз» болады.

ВОПРОС

Ең алдымен неге назар аудару қажет?

Әрине, өзіңнің ішкі түйсігіңнің белгілеріне. Егер кенеттен қандай да бір күмән пайда болса, әрі қарай «қазбалаңыз»! Жақсы әдістердің бірі – ізденушіні сынау. Мысалы, үміткер ағылшын тілін жақсы білетініне сендіреді. Сіз әңгімені сол тілде жалғастыруды ұсынуыңызға болады.

Тағы бір тәсіл: күтпеген жерден бір сұрақты қойып, үміткерді састыру. Мысалы, сіз үміткердің басқа жерде тағы бір әңгімелесуден өткенін, бірақ, оны жасырып отырғанын болжап отырсыз. Көптеген сұрақтарыңыздың арасында: «Екінші сұхбатыңыз қалай өтті?», – деп сұраңызшы. Кенеттен қойылған сұраққа адам өтірік айта алмас.

НА ЗАМЕТКУ

Өте жақсы дағды – ол әңгіменің барысын жазып, оны сақтау. Ол ақпаратты салыстырып, сәйкессіздіктерді анықтауға көмектеседі. Бұл әсіресе компанияның негізгі лауазымдарына үміткерді іріктегенде өте маңызды.

Түйіндемеде көрсетілген фактілерді бұрмалау ізденушінің бұған қалай әрекет ететінін көрсетеді: ол сізді түзете ме әлде мән бермей ме?

Қазіргі таңдағы технологиялар жұмысты жеңілдетеді: үміткердің

әлеуметтік желідегі парақшасын қараңыз, ол адам, оның мақсаты,

құндылығы, қарым-қатынасы туралы көп нәрсені айтып береді.

Сіздің адамның өзіңізге баурап алатын қабілетіңіз сұхбат кезінде ең

маңызды сұрақтарды  қоюға мүмкіндік береді.

НА ЗАМЕТКУ

Әдетте, егер әңгіме шын көңілмен өткізілсе, адам әңгімелескен сұхбаттасушысына тек шындықты айтуға тырысады.

Дайындалған үміткерлер бұрынғы жұмыс орнынан кетуінің шынайы себебін айтпайды, әрине. Әдетте, оны дәлелді себеп деп қояды. Мұндай мінез-құлығында ешқандай жамандық жоқ. Кез келген адам, әсіресе, әңгімелесу кезінде жақсырақ көрінгісі келеді.

Кейде жұмыс берушілер сұхбаттасудың кейбір мәселелеріне, оның ішінде жұмыстан босатылу себебіне, көп көңіл бөліп, үміткерлердің тұйықталуына өздері кінәлі болады. Ізденуші бұл бағалаудың жалғыз өлшемі екен деп қалады. Бұл сұраққа «қадала беру» жайсыз сезім тудырады. Және жұмыс беруші мұндай мінез-құлық көрсеткенде үміткер қорғануға мәжбүр болады. 

Дұрыс жауабын ала алмайтын тағы бір қитұрқы сұрақ: үміткердің мінез-құлығының жағымсыз ерекшеліктері туралы сұрақ. Дайындалып келген үміткер өзінің мінезінің жағымсыз жағын жағымды қасиетіне айналдырып жібереді. Мысалы, оның ерте тұрып, барлығынан көп жұмыс істейтін еңбекқорлығы.

Ақпараттың маңызды дереккөзі ауызша емес мінез-құлығы екені сөзсіз. Сіз өте мұқият болуыңыз қажет.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 3 оқыңыздар 



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль