Коучинг: өнер ме әлде оқу ма?

31
Коучинг: өнер ме әлде оқу ма?
Немировская Елена Александровна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», менеджер по работе с персоналом, г. Алматы
Коуч кеңесшілері адамға өздерінің әлеуетті мүмкіндіктерін айқындауға, қоғамда және мамандықта өз рөлін түсінуге, сондай-ақ өз мәселелерін шешуге көмектеседі.

Қызметкерлерді оқыту және дамыту қажеттілігі, ол – уақыт талабы екенін кез келген басшы түсінеді. Бұл ретте әр тұлғаның мүмкіндігін ашуға негізделген оқыту жүйесі – коучинг көмектеседі.

СЛОВАРИК

Коучинг – ағылшын тілінен аударғанда «репетиторлықты, нұсқаушылықты» білдіреді. 

Халықаралық коучинг федерациясы (МФК/ICF) келесі анықтаманы береді: «коучинг – бұл клиенттерге өздерінің жеке және кәсіби өмірінде шынайы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін үздіксіз ынтымақтастық».

Коуч кеңесшілері адамға өздерінің әлеуетті мүмкіндіктерін айқындауға, қоғамда және мамандықта өз рөлін түсінуге, сондай-ақ өз мәселелерін шешуге көмектеседі.

Басқаша айтқанда, коучинг – ол өмірлік мақсаттарын анықтауда және соларға қол жеткізуде адамдарға көрсетілетін кәсіби көмек. Бұл әдістеме өміріңді көптеген оның негізгі салаларында  теңдестіруге көмектеседі (қарым-қатынас, отбасы, мансап, қаржылық әл-ауқат, денсаулық және т. б.). Сонымен қатар, коучинг технологияларын қолдану бизнесте командалық жобаларды іске қосуға және аяқтауға мүмкіндік береді. Коучинг – бұл тәлімгерлік,  психотерапия және тренинг емес. Бұл коуч пен клиенттің өзара іскерлік және шығармашылық іс-қимылының процесі.

    

Коучинг кімге қажет

Адамдар өздерінің мәселелерін еңсеру үшін, өзін-өзі дамытуға және теңгерімге қол жеткізу үшін коучингті таңдайды; бұл олардың өмірлік талаптарын жүзеге асыру үшін қажет. Бұл ретте адам өз шешімдерінің дереккөзіне айналады және өз өмірімен өмір сүре бастайды.

Консалтингке қарағанда коучинг дайын шешімдерді ұсынбайды. Консалтинг адамды «жарамдылық мерзімі» аз нәтижелерге бағыттайды, ал коучинг адамға өз қолымен жасаған дамытудың бірегей жүйесін алуға мүмкіндік береді.

Бұл жүйені адам коуч-сессиядан кейін көп жылдардан соң қолданады. Жеке коучинг өмірінде табысқа талпынған, бірақ, ол өз бетінше шеше алмайтын қиындықтармен қақтығысатын адамға қажет.

Коучинг түрлері

Коучингтің бірнеше негізгі түрлері бар.

1. Жеке коучинг.  Ол дербес жаттықтырушымен өткізілетін жұмысқа негізделген. Бұл ретте бағыттардың ең кең спектрі қамтылады: бизнесте жеке өсуден  қоршаған ортамен және өз-өзімен қарым-қатынастар үйлестіруге дейін. Бұл жағдайда адам мүддесінде мақсатқа қол жеткізу қаралады. 

2. Мамандандырылған коучинг,  жеке коучингпен көршілес, нақты бір нәрсеге бағытталған (мансаптық өсу, күйзеліс жағдайлары бар жұмыс және т. б.) немесе қызметтің нақты бағытында көмектеседі (банк құрылымы, маркетинг, басқару аппараты).

3. Командалық, немесе корпоративтік коучинг – компаниядардағы ішкі байланысты ұйымдастыруға себеп болады.

ВНИМАНИЕ

Ұйымдасқан және нәтижеге қол жеткізуге бағыт алған команданың қызметі оның тиімділігіне ықпал етеді.

Коучингтің бұл түрі келесі мақсаттарды көздейді: қызметкерлерді бірге жұмыс істеуге үйрету, компанияның мүддесіндегі алға қойылған мақсаттарға және міндеттерге қол жеткізуге талпыну, даулы жағдайларды болдырмауы, ұжымда жұмыс және психологиялық жайлы жағдайды ұйымдастыру

НА ЗАМЕТКУ

Корпоративтік коучингті енгізу нәтижесінде барлығы ұтады: жұмыскерлер өз қызметінің  келешегін түсінеді,  көбірек еркіндік және өінің бастамасына қолдау алады, ал  жетекші адал, ынталы және нәтижелі қызметкерлерге ие болады.

4. Бизнес-коучинг кәсіби бизнес-ортада компания жұмысының тиімділігін едәуір арттыра отырып, оның әлеуетін  ашуға көмектеседі.  Бизнес-коучингтің мақсаты бизнестің көрсеткіштері мен нәтижелерін жақсарту, сондай-ақ адамның мансаптық  өзін-өзі жетілдіруі болып табылады.

Бизнес- коучинг кез келген деңгейдегі кәсіпкерге және басшыға көмектесе алады: коучпен жұмыс істей отырып, олар кәсіби іске асыру саласындағы жеке міндеттерді шешеді, сондай-ақ өзінің кәсіпорнының дамуына ықпал етеді.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2016 жылғы № 3 оқыңыздар



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль