Декреттік еңбек демалысы: құқықтық реттеу және беру тәртібі

60
Декреттік еңбек демалысы: құқықтық реттеу және беру тәртібі
Әйел үшін жүктілік – бұл өміріндегі көптен күткен және қалаулы оқиғалардың бірі, оған ұқыпты және байсалды қарау керек.

Декреттік демалысты беру тәртібінің ерекшеліктерін осындай демалысқа кетейін деп жатқан жұмыскер әйелдің де жұмыс берушінің де білуі қажет. Бұл мәселеде екі тарап әлеуметтік қорғалуы тиіс және заңмен көзделген кепілдіктер мен төлемдер туралы білуі керек. Біз декреттік демалыстың  кейбір ерекшеліктері туралы және оны ресімдеу және беру барысында туындайтын қиындықтар туралы айтып береміз.

Әйел үшін жүктілік – бұл өміріндегі көптен күткен және қалаулы оқиғалардың бірі, оған ұқыпты және байсалды қарау керек. Бұл әйел денсаулығына ғана емес әлеуметтік жағдайына да қатысты. Әйелдердің көпшілігі жүкті болғанын естіп, жұмысын жоғалтып алудан қорқады, соның салдарынан декретке кетуге байланысты көп жағдайларды елемейді.

Бұл жағдайда жұмыс беруші жұмыскерді алмастыратын адамды қашан және қандай мерзімге іздеу керек, соны білуге тиіс. Өйткені демалыс туралы бұйрықты ресімдеу декретке кететін қызметкер әйелді алмастыратын жаңа қызметкермен еңбек шартын жасасуға  немесе міндеттерді қайта бөлу туралы бұйрықты ресімдеуге алып келеді.

НА ЗАМЕТКУ

Декретке кететін қызметкер әйел компания басшылығымен жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу қаншалықты маңызды екенін естен шығармау керек, өйткені оның жұмыс орны сақталады.

Декреттік демалысқа кететін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында дұрыс қарым-қатынасты сақтап қалуға арналған бірнеше қарапайым ұсыным

Біріншіден,

Во-первых, жұмыс берушіге өзінің «қызықты жағдайы» туралы әйел ең болмаса декретке кетуге дейін жарты жыл бұрын хабарлауға тиіс. Бұл жағдайдың теріс  салдарын болдырмау үшін басшысы жаңа адам тауып, оны бейімдеп, компанияның процестеріне енгізуге тиіс.

Екіншіден, әйел үнемі дәрігердің бақылауында болуға тиіс, сондықтан дәрігерге баруға сұранатыны туралы жұмыс берушіні ескертуге тура келеді. Жұмыс жүктемесі дұрыс бөлінуі үшін және әртүрлі келеңсіз жағдайларды болғызбау үшін, дәрігерге баратыны туралы басшылықты бір күн бұрын ескерткен дұрыс.

Үшіншіден, егер әйел денсаулық жағдайына байланысты демалысқа ертерек кететін болса, ол туралы да жұмыс берушіні ескертіп, жаңа жұмыскерге істерді тапсыру үшін бүкіл қажетті құжаттаманы алдын ала дайындау қажет.

Жүкті әйелге мыналарды білу маңызды: 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 99-бабының 4-тармағына сәйкес, егер еңбек және (немесе) ұжымдық шарт талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, жұмыс беруші орташа жалақыны сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегеріп, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа ақы төлейді.

•   ҚР ЕК 91-бабының 3) тармақшасына сәйкес, жұмыскердің жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт еңбек өтіліне қосылады және жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқық береді;

•   жүктілікке және босануға байланысты демалысты беру туралы бұйрықтың көшірмесін қолына алуы тиіс.

Жүктілікке және босануға байланысты демалысты беру

Жүктілікке және босануға байланысты демалыс ана болуға қолайлы жағдайлар жасау, ананың және жаңа туған баланың денсаулығын сақтау мақсатында белгіленген.

НА ЗАМЕТКУ

Жүктілікке және босануға байланысты демалыс жұмыс берушідегі жұмыстың ұзақтығы мен өтіліне байланысты емес.

Жүктілікке және босануға байланысты демалысқа кетуден бұрын қызметкер әйел белгіленген үлгіде медициналық мекемеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларына сәйкес өз компаниясының бухгалтериясына немесе кадрлар бөліміне жүктілігі және босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беруге және жүктілікке және босануға байланысты демалыс беру туралы өтініш жазуға тиіс.  (1-қосымша).

Жұмыскердің өтінішінің және еңбекке уақытша жарамсыздық парағының негізінде жұмыс беруші жүктілікке және босануға байланысты демалыс беру туралы бұйрық шығарады (2-қосымша).

Жүктілікке және босануға байланысты демалыс еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген мерзімге беріледі.

НА ЗАМЕТКУ

Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың ұзақтығы босанғанға дейін күнтізбелік 70 күнді және босанғаннан кейін күнтізбелік 56 күнді,  асқынулары бар босанулар немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда күнтізбелік 70 күнді құрайды.

   Еңбек демалыстарын есептеу жиынтық түрінде жүргізіледі, сонда еңбек демалысы босанғанға дейін нақты пайдаланған күндер санына және жұмыс берушідегі жұмыстың ұзақтығына қарамастан әйелге толық беріледі.

Жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт еңбек өтіліне қосылады және ҚР ЕК 91-бабының 3) тармақшасының негізінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына құқық береді.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы №  3 оқыңыздар 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль