Қалдықтарды басқарудың жаңа сұлбасын құру керек

14
Қалдықтарды басқарудың жаңа сұлбасын құру керек
Омарова А. К.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", директор ТОО «ГорКомТранс города Караганды»
Іс-тәжірибеде коммуналдық кәсіпорындар қалдықтарды өз уақытында жинастырмау мен тасып әкетпеуден, жинаудың контейнерлік жүйесінің жетілдірілмеуінен. Мақала авторы өз кәсіпорнының мысалында істе сыналған тәжірибені бөліседі.

Қазақстан үшін тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) елеулі проблема болып табылады. Жыл сайын елде бір тұрғынға норма 1,3-тен 2,2 м3-қа дейін болған кезде 14 млн шаршы метрден астам ТҚҚ жинақталады. Ал қалдықтарды ұзақ мерзімдік және қауіпсіз көмудің неғұрлым арзан және қабылдауға болатын әдісі ұйымдастырылған қоқыс төгетін жерлер (полигондар) болып табылады. Біздің Қарағанды облысында 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жай-күй бойынша полигондар мен қоқыс төгетін жерлерде 8 млн тоннадан астам ТҚҚ жиналды. Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, полигондар мен қоқыс төгетін жерлердің жалпы саны  – 202. Бүгінгі күні олардан 45 ТҚҚ полигоны заңдастырылған, заңдастырылмағаны – 157.

Экологиялық талаптарды бұзу

Сондықтан Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті сіздер, полигондар мен қызметін қоршаған ортаны қорғау саласында қызметтер көрсету мен жұмыстар орындау бойынша жүзеге асыратын жобалау ұйымдарының қожайындарына арналған кеңестерді тұрақты өткізіп тұрады.

Облыста ТҚҚ-ды кәдеге жарату өте аз көлемде жүзеге асырылады.  2016 жылдың 1 жартыжылдығында облыста – 333,7 мың тонна ТҚҚ түзілді, олардан полигондар мен қоқыс төгетін жерлерге – 328,2 мың тоннасы орналастырылды,   қайта өңделгені – тек  5,5 мың тонна ғана. Яғни, кәдеге жаратылу пайызы 2 %-дан азды құрайды.

Экологиялық талаптардың толып жатқан бұзылушылықтарына жол беріледі:

–  ТҚҚ-ды жинастырудың белгіленген технологиясын сақтамау;

–  тұтану оқиғалары;

–  жерасты суларына әсер етуін бақылауға арналған ұңғымалардың жоқтығы;

–  келіп түскен қалдықтар массасын анықтауға арналған өлшеу аспаптарының жоқтығы, бұл ТҚҚ-ды дұрыс есепке алуда бұрмалаушылыққа жол береді;

–  ТҚҚ полигондарын экологиялық талаптарға сәйкестікке келтіру жөніндегі жоспарлар жоқ;

–  ТҚҚ полигондары топырағының құнарлылығын қалпына келтіруді жүргізуге арналған жою қоры мен оларға мониторингтердің жоқтығы және басқалар.

Қазіргі кезде, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуіне байланысты кейбір заң актілері өзгертіледі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 – III «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» ( 28.12.2016 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЭК) де өзгерістерге ұшырады.

Заңнамадағы жаңа өзгерістер

ҚР ЭК-нің 301 бабы қалдықтардың кейбір түрлерін көму полигонына қабылдауға тыйым салуды реттейді. Бап нормасы қалдықтарды одан әрі қайта өңдеу және полигондар санын азайту мақсатымен сұрыптау процесін ендіруге бағдарланған. Іс жүзінде полигондарда сұрыптау желілері жекелеген жағдайларға ғана көзделген, бұл жағдайды күрделендіреді. Алайда ҚР ЭК 288 бабының 3 тармағын қолдануға болады, ол қалдықтарды қауіпсіз сақтау орындарында бұдан кейін қалпына келтіру немесе қайта өңдеу мақсатымен үш жылға дейін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл норманы қауіпсіз сақтау орындарын анықтауды есепке алумен, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау (бұдан әрі - ҚОӘБ) кезінде, белгіленген қызмет жобасына, полигондар эмиссиялары нормативтерінің жобаларына қолдану ұсынылады. Сондай-ақ, ҚР ЭК 301 бабының талаптарына сәйкес, қалдықтарды сақтаудың көрсетілген 3 жылдық кезеңінде барлық кәсіпорындар көрсетілген мерзім ішінде қалдықтарды сұрыптауды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелерін алдын ала қарастырулары қажет.

–  Заңнамадағы жаңа өзгерістер – бұл қалдықтармен жұмыс істеудің жаңа өркениетті нарығы құрылуы тиіс негіз, – деп есептейді біздің департаментте. Әрине, заң қабылдау аз, оның іске асырылуына қол жеткізу керек. Және де бұл үшін департамент теңгерімінде полигондар тұрған ауылдық округтар, аудандар, кенттердің әкімдіктерімен бірлесе жұмыс істеп, іске асырудың жол карталарын жасайды. Өйткені ТҚҚ бойынша өңірлік мән-жай нақты осы жергілікті биліктерге байланысты болады.

Және де егер қалдықтарды басқарудың жаңа сұлбасын құру жөніндегі жұмыс табысқа жететін болса, экологиялық жағдаят жақсара түспек.

 «Қарағанды қаласы ҚалаКом Көлік» ЖШС-де өз міндетін осыдан көреді, ол 30 жылдан астам уақыт бойы халыққа, қаланың шағын және орта кәсіпкерлік объектілеріне тұрмыстық қатты қалдықтарды тасып шығару мен көму бойынша қызметтер көрсетіп келеді. Қызмет көрсетуді беруші ретінде кәсіпорын өзін қызметін сапалы және өз уақытында көрсететін өнім беруші ретінде танытты және нарық субъектілерінің арасында үстем жағдайды иеленіп отыр. Біз күніне 500 тоннаға дейінгі тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратамыз, 300 000-нан астам адамға және қаланың 3 500-ден аса компаниясына қызмет көрсетеміз. Біздің қаланың тазалығы үшін күн сайын жинастырып-тазалауға 60-қа дейін қоқыс тасушы көлік шығады.

Қалдықтарды басқарудың жаңа сұлбасын құру керек

Кәсіпорын:

    - мамандандырылған техника паркімен – 140-тан аса бірлік;

    - ауданы – 2600 шаршы метр болатын жөндеу базасымен;

    - ауданы 3,8 га болатын, ТҚҚ-ды көму полигонымен;

    - қуаттылығы жылына 100 000 тонна болатын қоқыс сұрыптайтын желімен;

    - жылына 720 тонна флекс өндіретін желімен;

    - 250 адамнан тұратын қызметкерлер штатымен жарақталған.

Соңғы жылдардың ішінде компания айтарлықтай алға қадам басты, техника паркін тұрақты жаңғырту көрсетілетін қызметтер деңгейін елеулі арттыруға және қызмет көрсету аумағын кеңейтуге мүмкіндік берді. Біз тұрмыстық қалдықтарды полигонға тасып шығарумен ғана шектелмейміз. Қалдықтарды қайта өңдеудің шетелдік ең жаңа технологияларын енгізу бізге қалдықтардың едеулі бөлігін екіншілік айналысқа қайтаруға мүмкіндік береді. Біз өнімділігі жылына 200 000 тонна болатын сұрыптау желісін ойдағыдай іске қостық, бұл екіншілік шикізаттың 12 түрін сұрыптауға мүмкіндік береді:

–  ПЭТ-бөтелкелер;

–  картон;

–  макулатура;

–  полиэтилен;

–  алюминий;

–  әйнек және т. б.

 Пластик пен картонға арналған контейнерлер орнату арқылы тұрмыстық қалдықтарды жеке жинау енгізілуде.

Кәсіпорын мектептерде қоқысты жеке жинастыру бойынша оқытушы дәрістер өткізеді. Олар ойындық нысанда, қоқысты қалай дұрыс бөліп, оны қандай контейнерлерге салу керектігін көрнекті түрде түсіндіретін және көрсететін бейне және фотоматериалдарды қолданумен өткізіледі.

Компанияның ең жуырдағы жоспарларында екіншілік шикізатты терең қайта өңдеу және дайын өнім алу бойынша технологиялар енгізу бар.
Біз өзіміздің негізгі міндетімізді прогресшіл техникалық шешімдер мен қолжетімді технологиялар негізінде, ҚР табиғат қорғау заңнамасы шеңберінде қалдықтарды өз уақытында қайта өңдеу мен залалсыздандырудан көреміз, бұл халық тұратын жерлердің экологиялық жағдайларын жақсартуға септігін тигізеді. «Қарағанды қаласы ҚалаКом Көлік» ЖШС 2015 жылы «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында «Парыздың» алтын жүлдесімен марапатталғанын атап өтпекпін.

Қазіргі уақытта кәсіпорын мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жобасын іске асыруда. МЖӘ тетігі жеке қаржыландыруды тарту мен әлеуметтік инфрақұрылымды басқару үшін жекеменшік және мемлекеттік сектордың арасындағы ұзақмерзімдік қатынастарға негізделеді. Мемлекет әлеуметтік мәні бар объектілерге салынған жеке инвестициялардың көмегімен бюджетті оңтайландыра алады, осылайша өзінен қаржылық жүктемені алып тастап, онымен бір мезгілде кәсіпкерліктің мемлекеттік нарыққа енуіне мүмкіндік береді.

"Жасыл экономика"

МЖӘ шеңберінде «Қарағанды қаласы ҚалаКом Көлік» ЖШС ресурстарды пайдалануды оңтайландыра және табиғат қорғау қызметінің тиімділігін иарттыра отырып, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды жасай отырып, Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерін орындауға ниеттеніп отыр:

–  стихиялық қоқыс үйінділерінің түзілуіне жол бермеу;

–  жаңа полигондар ашу;

–  қалдықтарды тиімді басқару;

–  қалпына келтірілетін энергетика технологияларын енгізу.

Ұлттық экономика министрлігінің есептеулері бойынша, 2050 жылға қарай Қазақстанда «жасыл» экономика шеңберіндегі қайта құрулар:

–  жалпы ішкі өнімді қосымша 3 %-ға арттыруға;

–  500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын жасауға;

–  өнеркәсіп пен қызметтер көрсетудің жаңа салаларын қалыптастыруға;

–  барлық жерлерде халық үшін өмір сүру сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»  



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль