Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудағы жаңалық

17
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудағы жаңалық
Абдуманова М. М.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан, старший научный сотрудник лаборатории аттестации производственных объектов и профессиональных стандартов РГКП «РНИИОТ Министерства труда и социальной защиты Республики Казахстан», г. Астана
Мақалада құқықтық реттеуге байланысты, өндірістік объектілерді аттестаттауды өткізуге қойылатын жаңа талаптар ашып көрсетіледі, олар өлшеулердің неғұрлым дұрыстығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жұргізу және ұйымдастыруды реттейтін негізгі құқықтық нормативтік акт ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары болып табылады.

ҚР Еңбек кодексінің 183 бабы 2-тармағына сәйкес өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

Өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттар жасасқан, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар. Қазіргі уақытта Қазақстанда олардың 240-ы тіркелді, оның ішінде бар болғаны 108 ұйымның меншікті зертханасы бар.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Еңбек кодексінің 204 бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, аттестатауды жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын барлық мамандандырылған ұйымдардың білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар.

Аккредиттеу – бұл аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім. Қазақстан Республикасында аккредиттейтін орган «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС болып табылады.

Қазақстан 2005 жылы МЕМСТ ИСО/МЭК 17025 – 1999 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша зертханаларды аккредитеуге көшті.

Қазақстанда бүгінгі күні МЕМСТ ИСО/МЭК 17025 – 2009 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» стандарты қолданылады.

Аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу мерзімі - бес жыл.

Меншік нысанына қарамастан, нормативтік құжаттардың талаптарына жауап беретін кез келген зертхана аккредиттеле алады.

Сынақ зертханасында:

–  аккредиттеудің мәлімделген саласына сәйкес өнімдерді сынауларды жүргізу үшін тиісті білімі және біліктілігі бар қызметкерлердің жеткілікті штаты болуы тиіс. Персоналдың тиісті оқытудан өткізілуі мен біліктілігі құжатпен расталуы тиіс;

–  жабдықтар, өлшеу құралдары;

–  аккредиттеу саласына сәйкес,сынақтардың қолданылатын әдістеріне арналған нормативтік құжаттарға сәйкес стандартты үлгілер, жұмсалатын материалдар болуы тиіс.

 Зертхана тек аттестатталған жабдықты және тексерілген өлшеу құралдарын ғана пайдалануға міндетті.

Осылайша, зертхананы аккредиттеу өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, ол жұмыскерлердің еңбек жағдайларын бағалауға, еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларына жататын жұмыстар мен кәсіптердің тізбесін айқындауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», №3, 2017  



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль