Барлық тәуекелдерді барынша азайта отырып

16
Барлық тәуекелдерді барынша азайта отырып
Донцова Л. И.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", инженер по технике безопасности ТОО «Восход – Oriel» и ТОО «Восход – Хром», г. Хромтау
Іс-тәжірибе көрсеткендей, қауіпсіздік бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру елеулі пайда әкелуі мүмкін. Бұл бағытта ең үздік көрсеткіштерге қол жеткізудің сәті түскен жұмыс берушілер соттық дау-шарларға, сақтандыру төлемдері мен жазатайым оқиғалардан

Оған «Восход-Oriel» ЖШС және «Восход-Хром» ЖШС кіретін «Восход» кәсіпорындар тобы Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы хром кендерін өндірумен және қайта өңдеумен айналысады. Бұл кәсіпорындарда орташа жалақы 230,5 мыңдай теңгені құрайды. 

Әлеуметтік топтама кәсіпорын асханасында барлығын тегін тамақтандыруды, жұмыс орнына дейін жеткізуді, қызметкерлер балаларының жазғы лагерьлерде демалуын және басқаларын қамтиды. Кәсіпорында 793 адам еңбек етеді.

«Восход» кен орнындағы С1 (бағаланған) және С2 (болжамдалған) санаттары бойынша теңгерімдік қорлар 2016 жылдың бас кезінде құрамындағы хром құрамы – 46,4 % болатын, бұл дүние жүзінде ең жоғары болып есептеледі, 15 миллионнан астам тонна кенді құрады. Өнімді шетелге: Ресей мен Қытайға жібереміз.

 «Восход-Oriel» ЖШС құрылымында:

— «Восход» кеніші;

— шахтаны айдау тәсілімен желдетуге арналған, калориферлік бас желдету қондырғысы;

— жыныстық үйме;

— шахтадан айдап шығарылған жерасты суларын жинақтауға арналған тоған-тұндырғыштар;

— жабдықтарды ағымдық жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге арналған жөндеу-механикалық шеберханалар;

— мұнай өнімдерін сақтауға және автокөлікке май құюға арналған ЖЖМ қоймасы;

— жарылғыш материалдардың (ЖМ) базистік қоймасы;

— әкімшілік-тұрмыстық корпус;

— қазандық;

— сумен жабдықтау және кәріздік жүйе объектілері;

— тау-кен бұрғылау, қазу-тиеу, жеткізу және көмекші техниканы қамтитын негізгі жабдықтар паркі бар.

 «Восход-Хром» ЖШС құрылымында:

— байыту фабрикасы;

— сағалық қойма;

— техникалық бақылау бөлімі мен зертхана;

— өткізу және логистика бөлімі бар.

Технологиялық режимі – жерастылық тау-кен жұмыстары, хром кен орындарын игеру. Өндіру бұрғылау-жарылыс тәсілімен жүргізіледі. Қазу  – игерудің қабылданған жүйесіне сәйкес ұңғымалық тәсілмен орындалады.

Компанияда өндіріс технологиясын қамтамасыз етуге арналған, персоналмен толымдалған және қажетті материалдармен, аспаптармен, жөндеу техникасымен, көліктік және жүк көтеру тетіктерімен жарақтандырылған көмекші қызметтер бар.

Компанияда қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімі жұмыс істейді. Ол өз мәртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтермен теңестірілген, басқа бөлімдердің құрамына кіргізілмейді.

Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау (бұдан әрі – ҚТ, ЕҚжҚОҚ) бөлімі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V (01.01.2017 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) Еңбек кодексін (бұдан әрі – ҚР ЕК), Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V Заңын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, қауіпті өнеркәсіптік объектілерге (бұдан әрі - ҚӨО) арналған өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қағидаларын және басқа нормативтік құжаттарды, халықаралық стандарттарды басшылыққа алады.

ҚТ, ЕҚжҚОҚ бөлімінің құрылымы

Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы

"Восход-Oriel» ЖШС қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау  жөніндегі инженері

«Восход-Oriel» ЖШС жетекші инженер-экологі

«Восход-Oriel» ЖШС инженер-экологі

Бөлім қызметкерлері:

–  кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне ешбір бөгетсіз келеді, өндірістік, қызметтік және тұрмыстық үй-жайларды қарап шығады, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі есеп берулермен және басқа құжаттармен танысады;

–  басшының атынан өндірістегі еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын жасау, кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардан сақтандыру бойынша профилактикалық іс-шараларды әзірлеу мен орындауға ішкі бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ ұжымдық шартқа сәйкес басшының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттемесін орындайды;

–  өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу мен тергеп-тексерудің белгіленген тәртібінің сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асырады;

–  еңбек қауіпсіздігі жағдайларының жай-күйін бақылайды, кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуді, енгізу мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді;

–  өндірістік учаскелердегі еңбек жағдайларына жедел талдау жасауды, тәуекелдерді бағалауды жүргізеді, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптармен айқындалған сәйкессіздіктерді жою бойынша іс-шаралар қабылдайды;

–  бұл мәселелер бойынша қолданыстағы ережелердің талаптарына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, білімді тексеруді ұйымдастырады;

–  жазатайым оқиғаларды және еңбек қызметіне байланысты жұмыскерлер денсаулығына келтірілген өзге де зақымдануларды тергеп-тексеру мен есепке алу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

–  жұмыскерлерді ережелер мен нормативтердің талаптарына сәйкес, оның ішінде жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында оқыту бағдарламасын келіседі және оқытуға қатысады;

–  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін, еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды қаржыландырудың көлемі, денсаулық сақтауды жақсарту туралы мәселелерді талқылау кезінде ұжымдық шарт жасасу жөніндегі жұмысқа қатысады;

–  өндірістік мақсат үшін салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;

–  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нормативтік техникалық әдебиетпен қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қабинетін қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, оқу әдебиетімен, плакаттармен, техникалық құралдармен жабдықтау бойынша іс-шаралар қабылдайды;

–  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсетеді.

Қауіпсіздік стандарттары

    «Восход-Oriel» және  «Восход-Хром» кәсіпорындары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттары бойынша жұмыс істейді. 2015 жылдың маусым айынан бастап бізде ИСО 9001; ИСО 14001 және OHSAS 18001 халықаралық жүйелері енгізілді. Сондай-ақ, бірқатар жергілікті құжаттар әзірленді:

1. Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы Ереже.

2. «Қауіптіліктерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау» нұсқаулығы. Қабылдауға болмайтын тәуекелдер тізбесінің негізінде жыл сайын тиісті іс-шаралар әзірленеді.

3. Мердігерлік ұйымдармен жұмыс жөніндегі Ереже.

4. «Аварияларды жою жоспарын, эвакуация жоспарын әзірлеу және басқару тәртібі» нұсқаулығы.

5. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша бағдарлама.

6.Жұмыс аймағы ауасының құрамындағы зиянды заттардың құрамы мен қауіптілігін анықтау бойынша жұмыс бағдарламасы.

7. Өрт қауіпсіздігі бойынша барлық жұмыскерлерге арналған нұсқаулық және т. б.

Кәсіпорындарда арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын тегін беру нормасы әзірленеді және жыл сайын жаңартылады. Гардеробтар мен себезгілік үй-жайлар бар. 2016 жылы 20 825 мың теңге сомасына арнаулы киім, арнаулы аяқ киім мен жеке қорғану құралдары сатып алынды.

Еңбектің зиянды және қауіпті жағдайлары бар жұмыстармен қамтылған жұмыскерлер бір адамға айына  – 500 г жуушы заттар алады. Және де, барлық қалған жұмыскерлер сияқты, – тегін емдік-профилактикалық тағам алады. Бұл мақсаттар үшін 2016 жылдың 11 айы ішінде 116 152,3 мың теңге бөлінді.

Бөлімшелерде еңбек жағдайларына тұрақты бақылау жүргізіледі. Еңбек жағдайларының нашарлауына жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаларға тартылады.

Жыл сайын кәсіпорында Бүкіл дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің қарсаңында әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.  2016 жылы мынадай конкурстар өткізілді:

— «Еңбек қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша үздік құрылымдық бөлімше»;

— «Еңбек қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша үздік учаске»;

— «Менің өмірім, менің жұмысым, менің қауіпсіз еңбегім»;

және: «Еңбекті қорғау – сенің қамқорлығыңда!» тақырыбына викторина.

Заманауи кеніш қалай жұмыс істейді

 «Восход» кенішінің (шахтасының) басқа барлық кеніштердің алдындағы негізгі басымдығы – еңбекті механикаландыру. Егер ол кейбір кеніштерде 50 %-ға дейін жетсе, бізде – до 98 %-ға дейін жетеді, яғни іс жүзінде барлық процестер автоматтандырылған. Ауыр дене еңбегі барынша азайтылған.

Кенішті қазу жүйесі – өздігінен құлап түсу элементтері бар қабатастылық құлап түсу, кенді бетжақтық шығару. Кенді жеткізу өздігінен жүретін техникамен жүргізіледі.

Кеніште дүниежүзілік жетекші Sandvik, Normet, Caterpillar фирмаларының ең жаңа технологиялары мен өздігінен жүретін жабдықтары қолданылады, олар:

 - бұрынырақта қабылданған әдістермен салыстырғанда, еңбек өнімділігін арттыруға;

 - қол еңбегі деңгейін қысқартуға;

–  жерастылық тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Біз Қазақстанда бірінші болып химиялық қоспаларды пайдаланумен торкрет-бетондық бекітпені пайдалана бастадық. Оны анкерлік бекітпемен үйлесімде қолдану процесті механикаландыруға, жерастылық тау-кен жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді. Шахтаға кіру, тау-кен массасын, кенді тасып шығару автокөліктік көлбеу бойынша жүзеге асырылады.

Кеніш екі желдетуші оқпанмен жарақталған:

— «Алимак» лифтілік көтергіші бар желдеткіш-сықағыш оқпан;

— желдеткіш-сорып шығарушы оқпан (шахтадан ластанған кеніш газын сыртқа шығарады).

Кеніште қымталандыру индикаторы бар Si-30 маркалы өзін-өзі құтқарушылар қолданылады. Бұл тыныс алудың маятниктік сұлбасы бар көлемі шағын, белге тағылатын өзін-өзі құтқарғыш. Массасының аздығы мен  эргономикалық жалпақ формасы оны киіп жүруге қолайлы және қолдануға жеңіл етеді. Өзін-өзі құтқарушының жүрген кездегі қолданылуы – 30 минут, отырған кезде – 120 минут. Адамдардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін кеніш үш ауамен авариялық жабдықтау камераларымен (КАВС) жабдықталған. Оларға авария жағдайында кеніштің кез келген жерінен өзін-өзі құтқарушының көмегімен жетуге болады. Мұндай шанаптар аса берік болаттан жасалған, оған электр тогы мен ауа жеке беріледі және 20 адамға есептелген, адамдар ол жерде 36 сағатқа дейін бола алады.  Бұл уақыт әдетте құтқару операциясын жүргізу үшін жеткілікті болады. Камера қосымшалардың көмегімен қайта іске қосылатын ауа тазарту жүйесімен, дәретханамен жарақтандырылған.

2015 жылдан бастап «Восход» кенішінде персоналды жерастылық жағдайларда орналастыру және мониторинг жасау жүйесі жұмыс істейді.

Байыту фабрикасындағы экологиялық жүйе және еңбекті қорғау

Байыту фабрикасы мынадай фракциядағы концентраттардың үш үлгісін алумен хромит кендерін қайта өңдеу мен байытуға арналған: 10-100 мм; 0-13 мм; 0-1 мм. Концентрат өндіру – жылына 425, 75 мың тоннаны, қайта өңдеу – 650 мың тоннаны құрайды.

Қызмет түрін орындау кезінде минералдық шикізатты қайта өңдеу регламенті мен технологиялық талаптары қатаң сақталады. Жабдықтар, айлабұйымдар, керек-жарақтар, аспаптар ақаусыз күйінде ұсталады. Қоймалық шаруашылықтар дайын өнімді, дайындамаларды, қосалқы бөлшектер мен материалдарды, оның ішінде өртке қарсы мүлікті сақтау нормалары мен ережелеріне сәйкес келеді.

Суайдындарын байыту фабрикасының ағын суларымен ластаудан қорғау проблемасының түпкілікті шешімі – айналымдық сумен жабдықтауды ұйымдастыру, бұл кезде кен байыту кезінде алынған ағын су жерге төгілмейді, қайта пайдалану үшін қайтарылады. Біздің фабрикада осындай айналыстық жүйе пайдаланылады. Осыған орай, халық денсаулығы үшін тәуекел төмендейді.

Жұмыскерлер мен жұмыс берушінің арасында  2013 – 2016 жылдарға ұжымдық шарт жасалды. Оның талаптары бойынша, әрбір қызметкерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы және әлеуметтік (қосымша) топтама, ҚР-ның «Республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленген мөлшерден ең төмен жалақыдан аз емес жалақы алады, жалақы толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде төленеді, зейнеткерлік жарналар бойынша қарыздар жоқ, жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған, мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар жүргізіледі, жұмыскерлер жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген, техникалық инспекторлар сапйланған, еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылады.

Біржолғы жәрдемақылар төлеу жүргізіледі:

— емделуге (медициналық қызметтер көрсетуге төлемдер);

— медициналық қызметтерге ақы төлеуге;

— авариялар, өрттер және басқа да табиғи зілзалалар кезінде көмек көрсетіледі;

— кәсіпорын жұмыскерлерінің емделу-сауықтыру жолдамаларының құны өтеледі;

— көпбалалы отбасыларына, мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі.

    Жаңа ұжымдық шартқа 5.5. бабы енгізілді: «Жұмыскерлердің жалақы деңгейін арттыру мақсатымен Жұмыс беруші жалақыны жыл сайын индекстеуді жүзеге асыруға міндеттенеді». Индекстеу өткен жыл үшін ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының ішінде жүргізіледі. Оның мөлшері мен тәртібі индекстелетін жылдың қаржылық нәтижесі ескеріле отырып, кәсіподақ комитетінің келісімімен, ішкі нормативтік актімен белгіленеді.

Мысалы, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап «Восход-Oriel» және «Восход-Хром» жұмыскерлеріне жалақы алдыңғы жылдың инфляциясы ескеріліп,  15 %-ға арттырылды.

    Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» № 30 Заңына сәйкес кәсіпорын өз қызметкерлерін жыл сайын сақтандырады.  2016 жылы сақтандыру сомасы 30 728, 9 мың теңгені құрады. Қызметі үшінші тұлғаларға залал келтірілу қауіптілігімен байланысты объектілер қожайындарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты да жыл сайын жасалады.

Жұмыс орындарын аттестаттау жүргізіледі.

Қауіпті өндірістік объектілерге декларациялар әзірленген. 

    Негігі технологиялық және көмекші жабдықтарды жөндеу бойынша технологиялық регламенттер, сұлбалар, әрбір кәсіпке еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленген және келісілген.

    Кәсіпорын халықаралық талаптармен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген жұмыстар стандарттарын сақтауды тұрақты ұстанады. Барлық бақылау-өлшеу аспаптары мемлекеттік салыстырып тексеруден, жүк көтеруші тетіктер, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар техникалық куәлендіруден, сондай-ақ радиациялық мониторингтен өткізіледі.

    Қызмет көрсетуші персоналға кәсіптер бойынша тиісті куәліктерімен арнаулы жұмыстарды жүргізуге рұқсат берілген.

Кәсіпорында тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиясы құрылған, ол уәкілетті мемлекеттік органдардың (Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің аумақтық бөлімшелері, энергетикалық қадағалау және басқалар) өкілдерімен бірге жұмыс істейді. Барлық қызметкерлердің білімдері жүйелі түрде тексеруден өткізіледі.

    Компания қорларды есепке алумен, Ақтөбе облысындағы хром кенішінде 2029 жылға дейін жұмыс істеуге ниеттеніп отыр.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 3, 2017   



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль