Оқиғаларды тергеп-тексеру және олар бойынша есептілік

19
Оқиғаларды тергеп-тексеру және олар бойынша есептілік
HQ - HS - PR-008 ережесі, «ISKER» консорциумы» ЖШС әзірлеген жазатайым оқиғалар, авариялар, сондай-ақ персонал денсаулығына, қоршаған ортаға, Компания мүлкі мен оның беделіне жағымсыз ықпал ететін әлеуетті қауіпті жағдаяттар бойынша хабарлау

Бұл Ереженің мақсаты мынаны қамтамасыз ету болып табылады:

–  барлық оқиғалар, оларды тергеп-тексеру мен талдау туралы өз уақытында хабардар ету;

–  алған сабақтарды тарату, сондай-ақ осы объектіде, сондай-ақ басқа объектілерде де осыған ұқсас жағдаяттардың туындауын болдырмау мен жағдаятты түзету үшін белгіленген түзетімдеуші іс-шараларды іске асыру.

1. 2. Қолданылу саласы

Бұл Ереже Компанияның барлық бөлімшелерінде қолданылады.

Бұл Ереженің қолданылуы шарттық міндеттемелер шеңберіндегі мердігердік ұйымдардың орындауы үшін де міндетті.

2. Терминдер мен анықтамалар

Авария

Өндірістік объектіде болып өткен, ғимараттардың, имараттардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, елеулі экологиялық салдарларға әкелген бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарылуы, немесе жұмыстарды орындаумен байланысты болып өткендер, елеулі залал келтіру, өзін-өзі сезінудің нашарлауы немесе өліммен аяқталған оқиға.

Түпкі себебі

Нақты айқындалатын және жойылатын, жүйелік деңгейдегі себеп.

Тікелей басшы

Объектіде орналасқан, желілік деңгейдегі басшы (шебер, учаске бастығы).

Жазатайым оқиға

Өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі (ҚР ЕК).

Компания объектісі

Компания немесе мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің күшімен жұмыстар орындалатын кез келген учаске, аумақ немесе құрылыс алаңы.

Объектідегі ЕҚжЕҚ-дың жауапты өкілі

Компания объектісі немесе бөлімшесі басшысының бұйрығымен тағайындалған, еңбекті қорғау, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәселелері үшін жауапты қызметкер. Әдетте — ЕҚжЕҚ жөніндегі инженер. Объектіде жеке инженер тағайындау қажеттігі жоқ болған жағдайда бұл қызметкер оның міндеттерін қоса атқарады.

Әлеуетті қауіпті оқиға

Өзге мән-жайларда жарақатқа, мүлікке, қоршаған ортаға, Компания беделіне залал келтіруге әкелуі мүмкін кез келген жоспарланбаған оқиға, іс-әрекет немесе жағдай.

Оқиға

Жұмыскердің кездейсоқ өлімін қосқанда өндірістегі жазатайым оқиғаға, ауруға, мүлікке, қоршаған ортаға немесе Компаниыя беделіне залал келтіруге әкелген немесе әкелуі мүмкін кез келген жоспарланбаған оқиға, іс-әрекет немесе жағдай, не оқиғалардың реттілігі.

Бөлім басшысы

Бөлім бастығы, бөлім менеджері. Лауазымдық нұсқаулығының өлшемшарттарына сәйкес бастық, менеджердің өкілеттіліктерін иеленетін тұлға.

Басшылық

 Компания директорлары, Компанияның еншілес ұйымдарының директорлары

3. Қысқартулар

ISO

Стандарттаудың Халықаралық ұйымы

ЕҚжЕҚ

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

МКЖ

Менеджменттің кіріктірілген жүйесі

ЖО

Жазатайым оқиға

ЕТТҚ

Еңбекке толық, тұрақты қабілетсіздік

ЖУЖ

Жұмыс уақытын жоғалтатын жарақаттар

ЕІҚ

Еңбекке тұрақты ішінара қабілетсіздік

МККО

Медициналық көмек көрсетілетін оқиға

АМККО

Алғашқы медициналық көмек көрсетілетін оқиға

ЕҚІЖ

Еңбекке қабілеттілікті ішінара жоғалту оқиғасы

ТЖ

Төтенше жағдай

4. Жалпы ережелер

Оқиғаларды тергеп-тексеру, ол бойынша құжаттама мен есептілік жүргізу еңбекті қорғауды басқару мен қоршаған ортаны қорғау жүйесіндегі маңызды буын болып табылады.

Оқиғалар бойынша есептілікті дұрыс жүргізу қажетті зерттеулер және басқару жүйесінің ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізуге, әлсіз тұмстарды айқындауға және оларды жақсарту бойынша тиісті іс-шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Оқиғаларды тергеп-тексеру – бұл нақты мәліметтерді жүйелі жинау, талдау және бағалау процесі.

Тергеп-тексерудің мақсаты оқиғаның түпкі себептерін айқындау болып табылады, олардың негізінде түзетімдеуші іс-шаралар әзірленуі тиіс.

Оқиғалардың қайталанушылығын болдырмау және өндірістік процестерді жетілдіру мақсатымен түзетімдеуші іс-шаралар мен олар бойынша іс-әрекеттердің түпкілікті жоспарының құжаттық ресімделуін қамтамасыз ету қажет. Ал олардың орындалуын тиісті жауапты тұлғалар бақылаулары тиіс. Бұған қоса, мәліметтерді талдау бірден байқалмайтын, қалыптасқан үрдістерді айқындауға септігін тигізуі мүмкін, және өндірістік процестерді одан әрі жетілдіруге қол жеткізу үшін жұмыстағы күш-жігер жинақталуы тиіс бағыттарды айқындауға көмектеседі.

5. Процесті басқару

5. 1. Комиссия құрамын белгілеу

Серьезность

Әсер етуі:

Оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы

людей

имущество

окружающую среду

Қадағалаудың тиісті аумақтық органдарының қатысуы

 Компанияның, бөлімшенің жоғары басшылығыныңқатысуы

Бөлім басшыларының, жоба менеджерінің, бөлімшелердің қатысуы. Тапсырыс берушінің өкілдері (егер талап етілсе)

Желілік басшының қатысуы. Тапсырыс берушінің өкілдері (егер талап етілсе)

5

Құрбандардың көптігі

Елеулі залал

Жаппай әсер ету

×

×

4

Бір адамның өлімі

Елеулі залал

Айтарлықтай әсер ету

×

×

3

Елеулі жарақат

Жергілікті залал

Болмашы әсер ету

×

×

2

Шағын жарақат

Болмашы залал

Болмашы әсер ету

×

×

1

Жеңіл жарақат

Болмашы залал

Болмашы әсер ету

×

×

6. Оқиғалар туралы хабарлама және оларды тіркеу

6. 1. Оқиғалар туралы хабарлаудың тәртібі

Әлеуетті қауіпті оқиғаларды қосқанда, салдарларының елеулілік деңгейіне қарамастан, барлық оқиғалар туралы куәгер тікелей немесе жоғары тұрған басшыға дереу хабарлауы тиіс.

Тікелей басшы болған оқиға туралы объектідегі немесе Компания бөлімшесіндегі ЕҚжЕҚ бөлімінің өкіліне хабарлайды. Қажет болған кезде ЕҚжЕҚ бөлімінің жауапты тұлғасы аумақтық мемлекеттік органдарға тиісті хабарламалар дайындайды.

Барлық оқиғаларға қатысты объектіге немесе Компания бөлімшесіне тағайындалған ЕҚжЕҚ бөлімінің өкілі оқиға болып өткен сәттен кейінгі 12 сағаттың ішінде  HS - FR-070 нысаны бойынша хабарлама дайындайды және оны объект немесе Компания бөлімшесі басшысының көшірмесімен Компанияның электрондық мекенжайына жібереді.

Ескерту: ТЖ-ға ден қою мен олардың салдарларын жою бойынша іс-шаралар белгіленген жергілікті құжаттар және/немесе нұсқаулықтарға сәйкес қолданылады.

6. 2. «Найзағай» хабар

Олар туралы ақпарат еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тұрғысынан алып қарағанда ерекше маңызды болып табылатын оқиғаларға қатысты HQ - HS - FR-030 нысаны бойынша «Найзағай» шолушылық есеп жасалуы және оқиға болған сәттен бастап үш күннен кешіктірмей, электрондық түрінде Компанияның ЕҚжЕҚ бөлімі арқылы жіберілуі тиіс.

Ақпарат неғұрлым тиімді пайдаланылуы үшін «Найзағай» хабарламасы Компания объектілеріндегі адамдар көп жиналатын жерлерге ілінуі тиіс. Сондай-ақ персоналдың қаперіне ауысым алдыда нұсқама жүргізу арқылы жеткізілуі тиіс.

6. 3. Оқиғаларды тіркеу

Өндірістік қызметпен байланысты әрбір жазатайым оқиға немесе денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдаулар журналда HQ - HS - FR-072 нысаны бойынша тіркелуі тиіс.

Әлеуетті-қауіпті оқиғаны қосқанда әрбір оқиға HQ - HS - FR-071 нысаны бойынша мәліметтердің «Оқыс оқиғалар» электрондық қорында тіркелуі тиіс .

7. Оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі

7. 1. Комиссия құру

Оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия Компания басшысының бұйрығымен тағайындалады.

7. 1. 1.Оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы

Комиссия құрамы оқиғаның сипаты мен оның салдарларының елеулілік деңгейіне қарай белгіленеді.

Екінші, үшінші, төртінші және бесінші деңгейлердегі оқиғалар басталған кезде 3 адамнан, бірақ 5-тен көп емес аламнан комиссия құрылады. Комиссияның құрамына:

–  ол жерде оқиға болып өткен объектінің немесе Компания бөлімшесінің басшысы;

–  ақпаратты меңгерген бір қызметкер

–  ЕҚжЕҚ бөлімінің өкілі;

–  егер оқиға мердігерлік ұйым немесе мердігерлік ұйымның қызметкері жұмыстар орындаған кезде болып өткен жағдайда, мердігерлік ұйымның өкілі;

–  құзіретті органдардың өкілі (қажет болған кезде) кіруі тиіс.

Жазатайым оқиға болып өткен тиісті учаскеде еңбек қауіпсіздігі үшін жауап беретін лауазымлы тұлға комиссия құрамына енгізілмейді.

7. 2. Персоналдың міндеттері

7. 2. 1. Тікелей басшының міндеттері

Персоналға қауіпті әсер етуді болдғызбау бойынша дереу іс-шаралар қабылдайды және оқиға туралы өз бөлімінің бастығына хабарлайды.

Оқиғаны алдын ала тергеп-тексеру аяқталғанға дейін оқиға орнына кіруді шектейді.

Медициналық көмекке мұқтаждарды қоспағанда, оқиғаға қатысы бар немесе оқиғаға куәгер барлық тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етеді. Сауалдаманы қамтамасыз етеді, берілген айғақтардың (оқиға сәтіндегі орналасқан жері, көргендердің пікірлері және т.б.) дұрыс екендігін растайды.

7. 2. 2. Бөлім басшысының міндеттері

Оқиға ауырлығының дәрежесіне бастапқы баға береді.

Бұл туралы бұдан кейінгі хабарламаны ресімдеу үшін объектідегі немесе Компания бөлімшесіндегі ЕҚжЕҚ бөлімінің жауапты өкіліне хабарлайды.

Оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін әрбір түзетімдеуші іс-шара үшін жауапты тұлғаның тағайындалғанын және оны орындау датасының белгіленгенін тексереді.

Оқиғаны тергеп-тексеру туралы есепті тексереді, есеппен танысқаны туралы қолын қояды.

Түзетімдеуші іс-шаралардың орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

7. 2. 3. ЕҚжЕҚ бөлімі жауапты өкілінің міндеттері

Оқиға салдарларын жоюды ұйымдастыруда тікелей басшыға көмек көрсетеді.

Оқиғаларды тіркеу үшін оқиға болған орынды фотосуретке тартады.

Көргендермен сауалдама жүргізуге көмектеседі, түсініктемелерді жинайды.

ЕҚжЕҚ бөлімі бастығының нұсқауы бойынша оқиғаны тергеп-тексеруді жүргізу барысында талап етілуі мүмкін қажетті ақпаратты жинаумен айналысады.

ЕҚжЕҚ бөлімінің бастығына түзетімдеуші іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндайды.

7. 2. 4. ЕҚжЕҚ бөлімі бастығының міндеттері

Компанияның тиісті ақпараттық ресурсында ереженің өзекті нұсқасын қамтамасыз ету.

Осы Ереже талаптарының орындалуына бақылау жасайды.

Төртінші және бесінші деңгейлердегі оқиғаларды тергеп-тексерулерге қатысады.

Оқиғаны тергеп-тексеру есебін жасауды қарап шығады және тексереді.

Компания, объект немесе Компания бөлімшесінің басшылығымен бірге оқиғалар үрдістеріне мерзім-мерзім талдау жасайды.

Оқиғалар туралы объективті ақпарат ұсыну мақсатымен жоғары басшылық үшін жиналыстар дайындайды және ұйымдастырады.

7. 2. 5. Компания, объект немесе Компания бөлімшесі басшысының міндеттері

Осы Ереженің талаптарын орындау үшін ресурстар ұсынады.

Оқиғаларды тергеп-тексеру үшін жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықты бекітеді.

Оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша есеп берулерді қарап шығады, ЕҚжЕҚ бөлімінің бастығы дайындаған және ұйымдастырған жиналыстарға қатысады.

Оқиғалар үрдісіне мерзім-мерзім талдау жасап тұрады.

Егер бұл тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қажет болса, технологиялық процесті өзгерту, жаңа жабдық сатып алу туралы шешім қабылдайды.

7. 3. Есеп беруді жасау

Қауіптілігі мен салдарларының ауырлығына қарамастан барлық оқиғалар үшін HQ - HS - FR-073 нысаны бойынша есеп беру дайындалады. Көрсетілген нысан тексеру парағы болып табылады және дербес есеп болып табылмайды. Бұл нысанға толықтыру ретінде жазбаша есеп беру мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:

1) Жалпылау және қорытынды:

–  оқиғаны, зақымдануларды, залал мен жоғалтуларды, сондай-ақ оқиғаны талдау кезінде анықталған неізгі қорытындылар мен себептерді сипаттаумен, алдыңғы тарихымен есептің қысқаша мазмұны.

2) Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамы туралы мәліметтерде:

–  оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің аты-жөні, олар жұмыс істейтін бөлімшелер мен компаниялар көрсетіледі.

3) Оқиғаға тартылған тұлғалар туралы мәліметтерде:

–  оқиғаға тартылған тұлғалар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оқиғаға әкелген мән-жайлардың сипаттамасы келтіріледі.

4) Негізгі фотографиялар мен бейнеленулер:

–  оқиға туралы неғұрлым айқын түсінікті қамтамасыз ететін бейнеленулер, фотосуреттер мен сұлбалар келтіріледі.

5) Оқиғаларды көргендерден сұрастырудың хаттамалары.

–  құзіретті органдар (ПДБ, СЭС, және т.б.) есептерінің көшірмелері.

6) Мыналарды көрсетумен түпкі себептерін талдау:

–  тікелей, негізгі және түпкілікті себептерін.

–  Әрқайсысының орындалу мерзімдері мен жауапты тұлғаларды көрсетумен, түзетімдеуші іс-шаралар.

7. 4. Оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдері

Барлық оқиғаларды тергеп-тексеру алғашқы 24 сағаттың ішінде басталуы тиіс. Салдарларының қауіптілігі бірінші және екінші деңгейіндегі оқиғаларды тергеп-тексеру үш жұмыс күнінің ішінде аяқталуы тиіс. Салдарларының қауіптілігі үшінші, төртінші және бесінші деңгейдегі оқиғаларды тергеп-тексеру комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы тиіс. Қажет болған жағдайда тергеп-тексеру мерзімі тағы да он жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.

7. 5. Есеп берудерді қарастыру, қабылдау және тарату

Оқиғаны тергеп-тексерулі жүргізу аяқталғаннан кейін есеп берудің нәтижелері жауапты тұлғалардың (бөлім басшысының) қарастыруына берілуі тиіс.

Жауапкершілік аймағында оқиға болып өткен бөлім басшысы түзетімдеуші іс-шараларды қарастыру, бекіту және орындалуы үшін жауапты тұлға болып табылады.

Есеп беру мен түзетімдеуші іс-шараларды қарастырғаннан кейін, бөлім басшысы қарастыруды өз қолымен растайды.

ЕҚжЕҚ бөлімінің объектідегі немесе Компания бөлімшесіндегі жауапты өкілі объектіде немесе Компания бөлімшесінде белгіленген тәртіпке сәйкес есеп берулерді тіркеуге және сақтауға міндетті.

Түзетімдеуші іс-шаралардың орындалуына бақылау жасау оның қарамағында оқиға болған бөлім басшысына жүктеледі.

7. 6. Алынған сабақтар

Оқиғаны тергеп-тексеруді жүргізу аяқталғаннан кейін тергеп-тексеру жөніндегі комиссия егер бұл оқиғалардан алынған тәжірибе оны Компанияның басқа бөлімшелеріне беру үшін бағалы болып табылса, 3 деңгейден жоғары және басқа таңдап алынған оқиғалар бойынша «Алынған сабақтар» тарауын дайындайды. Алынған сабақтар HQ - HS - FR-031 нысаны бойынша ресімделеді. Бұл тарау бойынша ақпарат Компанияның ЕҚжЕҚ бөлімі арқылы таратылуы тиіс.

8. Оқыту

Тергеп-тексеру процесіне, сондай-ақ ол бойынша шешімдер қабылдауға әлеуетті тартылатын жұмыскерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес тиісті оқытудан өткізілулері тиіс: руководители Компания басшылары, бөлімшелердің, бөлімдердің басшылары.

 «Оқиғаларды тергеп-тексеру» курсы бойынша қосымша оқытуды жүргізу мүмкіндігін ЕҚжЕҚ бөлімінің басшысы немесе бөлімше басшысы бекітеді.

9. Процесс нәтижелілігінің өлшемшарттары

Оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру процесінің нәтижелілігі оқиғалар мен авариялар туралы ақпараттың өз уақыттылығымен, жиналуының толықтығымен және талдау жасаумен, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған түзетімдеуші іс-шаралардың нәтижелілігімен анықталады.

10. Оқиғалардың жіктемесі бойынша нұскалар

10. 1. Денсаулыққа зиян келтіруімен байланысты оқиғалар

10. 1. 1. Өліммен аяқталған жазатайым оқиға.

Оқиға немесе өндірістік ортадағы қауіпті фактордың әсер етуі нәтижесінде жұмыспен байланысты қызметпен қамтылған жұмыскердің немесе мердігердің өлімге ұшырауы. Өлімнің өндірістік ортада орын алуы мүмкін екендігі міндетті емес.

10. 1. 2. Жұмыс уақытын жоғалту оқиғасы

Нәтижесінде жұмыскер өз міндеттерін орындауға келесі 24 сағаттың ішінде жұмысқа шықпай қалатын оқиға. Оқиғалар тіпті егер жұмыста болмаған бірінші күн оқыс оқиға күнінен бірнеше күнге, апталарға немесе айларға қалып қойса, ал бұған дейін жұмыскер жұмыста болған болса, жұмыс уақытын жоғалту ретінде жіктеледі.

Оқиғаның бір жағдайы өзіне жазатайым оқиға нәтижесінде зардап шеккен жұмыскерлер санына қарай, еңбекке қабілеттіліктен уақытша айырылудың бірнеше оқиғасын қамтуы мүмкін.

10. 1. 3. Еңбекке тұрақты толық қабілетсіздік

Нәтижесі жұмыскердің еңбекке қабілеттілігін тұрақты жоғалтуы мен еңбек шартының бұзылуы болып табылатын кез келген өндірістік жарақат.

10. 1. 4. Еңбекке тұрақты ішінара қабілетсіздік

Еңбекке тұрақты ішінара қабілетсіздік дененің кез келген бөлігінің жұмысқа қабілеттілігін толықтай немесе тұрақты жоғалтуға немесе кез келген, бұрынырақта орын алған функциялардың бұзылуына, жарақаттанған мүшеге немесе дененің бұзылған функциясына қарамастан, дене бөліктері функцияларының кез келген тұрақты бұзылуына әкелетін, өндірістегі кез келген жарақаттың нәтижесі болып табылады.

10. 1. 5. Еңбекке қабілеттіліктің ішінара шектелу оқиғасы

Өліммен немесе жұмыс уақытын жоғалту оқиғасымен байланысты емес, кез келген өндірістік жарақат, ол зардап шегушінің өндірістік жарақат алу сәтінен бастап күндердің бірінде өзінің кәдімгі жұмысын орындау мүмкіндігін толық көлемінде жоғалтуға әкеледі. Бұл ретте жұмыскер:

–  уақытша жұмысқа;

–  толық емес жұмыс күніне;

–  өндірістік міндеттердің кәдімгі көлемін қысқартумен толық жұмыс күніне тартылуы мүмкін.

Жұмыстардың орындалатын көлемін елеулі шектеу қажеттігі болмаған кезде бұл оқиғаны ЖУЖ ретінде тіркеген жөн.

10. 1. 6. Медициналық емдеуді талап ететін оқиға

Жұмыспен байланысты кез келген жарақат, ол жұмысқа шықпай қалуға немесе жұмысқа қабілеттіліктің бірнеше күнге шектелуіне соқтырмайды, бірақ дәрігердің немесе басқа медициналық маманның араласуын талап етеді.

10. 1. 7. Алғашқы медициналық көмек көрсетілетін оқиға

Бұл әлетте дәрігер тарапынан бұдан кейін назар аударуды талап етпейтін ұсақ тырналулар, кесіп алулар, күйіп қалулар, шөгірлер және т.б. алған кезде біржолғы алғашқы медициналық көмек көрсету оқиғалары.

10. 1. 8. Кәсіптік ауру

Белгілі бір кәсіпке тән зиянды фактордың жүйелі және ұзақ уақыт әсер етуімен, немесе қандай да бір өндіріске немесе кәсіпке тән еңбектің ерекше жағдайларымен байланысты ауру кәсіптік ауру болып табылады. Кәсіптік ауру не жіті, не созылмалы болуы мүмкін. Бұл түсініктер өзара байланысты емес. Жіті кәсіптік ауру (уыттану) кенеттен, жұмыс аймағы ауасының құрамындағы химиялық заттардың салыстырмалы түрде жоғары мөлшерлерінің, сондай-ақ басқа да қолайсыз факторлардың мөлшерлері мен деңгейлерінің бір рет (бір жұмыс ауысымынан аспайтын уақытта) әсер етуінен туындайды. Созылмалы кәсіптік ауру қолайсыз факторлардың ағзаға ұзақ, жүйелі әсер етуінің нәтижесінде пайда болады.

10. 2. Жол-көлік оқиғасы

Нәтижесінде адамдарға, Компания мүлкіне, қоршаған ортаға немесе компания беделіне залал/зақымдаулар және (немесе) жарақаттар, аурулар келтірілетін, автокөлік құралының қатысуымен болған оқиға.

Жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖКО) оқиғаға әрбір қатысушыға келтірілген залалға немесе жарақаттардың ауырлығына сәйкес жіктеледі.

10. 2. 1. Апаттық (С)

ЖКО нәтижесінде компания персоналы, мердігер, қосымша мердігер немесе үшінші жақтың өлімге ұшырауының кез келген оқиғасы.

10. 2. 2. Ірі (М)

Компания, мердігер, қосымша мердігер немесе үшінші жақтың көлік құралының (бұдан әрі – КҚ) кез келген аударылуы. КҚ-ның көміліп қалуы аударылу болып табылмайды.

Компания, мердігер, қосымша мердігер немесе үшінші жақ персоналын жұмыс уақытын жоғалту оқиғаларына әкелетін кез келген ЖКО.

10. 2. 3. Елеулі (S)

Бұл ЖКО-на қатысқан Компания, мердігер, қосымша мердігер немесе үшінші жақтың кез келген КҚ 20 км/сағаттан жоғары жылдамдықпен жүрген, кез келген ЖКО.

Бұл кезде компания, мердігер, қосымша мердігер немесе үшінші жақтың персоналы тіркелетін жарақат немесе еңбекке қабілеттіліктен ішінара айырылу оқиғасын алатын, кез келген ЖКО.

10. 2. 4. Жеңіл

Бұл кезде аварияға қатысушы компания, мердігер, қосымша мердігер немесе үшінші жақтың кез келген көліктік құралы 20 км/сағаттан төмен жылдамдықпен қозғалған (мысалы, қиылыста тұрған КҚ-ды қосқанда; бұған тиісті тәртіппен тұрақтандырылған КҚ қосылмайды) кезде болған ЖКО.

Бұл кезде компания, мердігер, қосымша мердігер немесе үшінші жақтың персоналы не болмашы жарақат алған (алғашқы көмек көрсетілу оқиғасы), не жарақат алмаған кез келген ЖКО.

10. 3. Экологиялық оқыс оқиға

Қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін, материалдың, сұйықтықтардың немесе қатты заттардың кез келген жоспардан тыс немесе бақыланбайтын шығарылысы.

10. 4. Мүлікке келтірілетін залал

Оқиға нәтижесінде компания жабдықтарына, аспаптарына немесе материалдарына келтірілген тікелей залал немесе олардан айырылу.

10. 5. Өрт

Жанудың қоғам мен компания мүдделеріне, өмір мен денсаулыққа зиян, материалдық залал келтіретін, бақыланбайтын процесі.

10. 6. Әлеуетті қауіпті оқиға

Өзге мән-жайлар кезінде жарақатқа, мүлікке, қоршаған ортаға, компания беделіне залал келтіруі мүмкін кез келген жоспарланбаған оқиға, әрекет немесе жағдай.

10. 7. Қауіпті іс-әрекет

Оқиғаның себебі болып табылуы мүмкін, қауіпті жағдаят немесе жайттар жасайтын іс-әрекет немесе қауіпсіздік техникасы нормаларының сақталмауы.

10. 8. Қауіпті жағдай

Оқиғаның себебі болып табылуы мүмкін қауіпті жағдайлар.

11. Қолданылтын нысандар

HQ - HS - FR-030               Найзағай

HQ - HS - FR-031               Алынған сабақтар

HQ - HS - FR-070               Оқиға туралы хабарлама

HQ - HS - FR-071               «Оқыс оқиғалар» мәліметтер қоры

HQ - HS - FR-072               Өндірістегі ЖО мен денсаулықтың өзге де зақымданулары тіркелетін Журнал

HQ - HS - FR-073               Оқиғаны тергеп-тексеру, өзгерістерді сипаттау бойынша есеп беру

HQ - HS - FR-074               Әлеуетті қауіпті оқиға туралы есеп беру

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 3, 2017  



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль