Қазақстан кәсіпорындарында еңбектің қауіпсіз жағдайлары қаншалықты сақталған?

5
Қазақстан кәсіпорындарында еңбектің қауіпсіз жағдайлары қаншалықты сақталған?
Оспанкулов Толеген Капакович
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», заместитель председателя Комитета труда, социальной защиты и миграции Министерства труда и социальной защиты Республики Казахстан, главный государственный инспектор труда
Еңбек заңнамасын, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудағы бұзушылықтардан сақтандыру мақсатында 2015 жылдың өзінен бастап-ақ сақтандыру-алдын алушылық сипаты бар, кәсіпорындарға келулер түріндегі бақылаудың жаңа түрі көзделді.

2016 жылға шолу

2016 жылдың қорытындылары бойынша, республика кәсіпорындарында жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 1691 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,0 %-ға төмен (2015 жылы – 1723 адам).

Бұл ретте өндірістік жарақаттанушылықтың жоғары деңгейі:

–  Шығыс Қазақстан облысында (216 адам зардап шекті),

–  Қарағанды облысында (213 адам),

–  Павлодар облысында (191 адам),

–  Қостанай облысында (137 адам) сақталуда.

Бұл өңірлерге өндірістік жарақаттану оқиғаларының жартысына дерлігі (45 %) тиеді.

Өліммен аяқталған оқиғалардан зардап шеккендер саны 247 адамды құрады, бұл да өткен жылдың көрсеткішінен 1,6 %-ға аз (2015 жылы. – 251 адам).

Сонымен бірге жекелеген өңірлерде өндірістегі өлім оқиғаларының өсуі орын алды, атап айтқанда, Атырау (2-ден 12-ге дейін), Қарағанды (31-ден 38-ге дейін) және Павлодар (9-дан 27-ге дейін) облыстарында.

Экономика салаларының қимасында зардап шеккендердің ең көп саны мынадай кәсіпорындарда байқалды:

–  құрылыс саласында – 176 адам;

–  тау-кен-металлургия кешенінде – 191 адам;

–  коммуналдық шаруашылық – 81 адам.

 2016 жылы өңірлердегі мемлекеттік еңбек инспекторлары 10 598 тексеру жүргізді, олардың нәтижесінде 18 мыңнан астам бұзушылықтар, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында – 5 251 бұзушылық айқындалды.

Айқындалған фактілерді жою үшін жұмыс берушілерге 7 180 ұйғарым берілді және - 600, 6 млн теңге сомасына 4810 айыппұл салынды.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша жұмыс берушілер еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына кінәлі 20 адамды атқаратын лауазымдарынан босатты.

Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына төнген нақты қауіпке орай, 20 өндірістік объектінің, 11 ұйымның, 44 білдек пен жабдықтардың жұмысы уақытша тоқтатылды (тыйым салынды).

Жол берілген бұзушылықтарға кінәлі лауазымды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселені қарастыру мақсатында құқық қорғау органдарына 1053 материал жіберілді, олар бойынша 88 қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқарудың заманауи жүйесін жасауға бағытталған № 414-V (06.04.2016 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) Еңбек кодексінде (бұдан әрі – ҚР ЕК) олардың шешімдері жұмыс беруші үшін міндетті болып табылатын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құру жолымен ішкі бақылауды жүзеге асырудың жаңа тәсілдері көзделген. Кәсіподақ ұсынатын және аталған кеңестер бекіткен жұмыскерлерден техникалық инспекторлар институты енгізілді.

 2016 жылы республика кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 11 мыңнан астам өндірістік кеңес құрылды.

Еңбек заңнамасын, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы бұзушылықтардан сақтандыру мақсатында 2015 жылдың өзінде сақтандырушы-алдын алушылық сипаты бар кәсіпорындарға барулар түріндегі бақылаудың жаңа түрі қарастырылды.

ҚР ЕК-не сондай-ақ, олардың қызметін ерікті декларациялау арқылы жұмыс берушілерді ынталандыруға бағытталған тетіктер енгізілді, декларациялау Ережелері қабылданды.

 Қызметі еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп танылған жұмыс берушілерге үш жыл мерзімге сенім сертификаттары тапсырылады. Мұндай сертификатты иеленушілерге қатысты осы уақыт ішінде тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандары жүргізілмейді.

 2017 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстанның 60 жұмыс берушісі сенім сертификатының иегерлеріне айналды.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 3, 2017  



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль