Жұмыс орнындағы күйзеліс: қауіп-қатерді басқару әдістері

20
Жұмыс орнындағы күйзеліс: қауіп-қатерді  басқару әдістері
Ткаченко О. В.
менеджер по работе с персоналом СНГ (Казахстан, Беларусь, Украина, Каспийский регион)
Күйзелістің жағымсыз жағы біздің ағзамызды ауқымды эпидемияға дұшар етеді және қазіргі қоғамның басты әлеуметтік мәселелердің бірі болып табылады.

Сонда да, күйзеліс біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болатынына қарамастан, жұмыстағы күнделікті күйзелістің іс-әрекет барысында еңбек өнімділігін, денсаулықтың физикалық және эмоциялық жағдайын барынша төмендететінін де ұмытпаған жөн.  Дәл сол себептен өндірістік күйзелісті бақылауда ұстау әдісін табу қажет. Бақытымызға орай біздің әрқайсымыз жұмыста өз күйзелісімізді өз алдына шектей және бақылай аламыз, ол үшін оның белгілерін дұрыс анықтай білу қажет. Сонымен, қане талқылап көрейік.

Қызметтік міндетті орындаумен байланысты күйзеліс (жұмыс орнындағы күйзеліс), – бұл жұмыскерге оның біліміне, біліктілігі мен қабілеттілігіне сәйкес келмейтін тапсырманың қойылуы салдарынан туындайтын кертартпалық әрекеттің жиынтығы.

Осы тұрғыда байқалған күйзеліске мыналарды жатқызуға болады:

·      физиологиялық кері әрекет – мәселен, жүректің жиырылу жиілігінің артуы,  қан қысымын жоғарылауы, жүрек соғысының жиілеуі, сонымен қатар адреналин және  кортизол сияқты «күйзеліс гармондарының» секрециясы;

·      сезімге бой алдырушылық – қызбалық, ашуланшақ;

·      когнитивті кері әрекет – мұқияттылық пен қабылдаудың төмендеуі немесе тарылуы, ұмытшақтық;

·      мінез-құлықтық кері әрекет  – агрессивное, шабытты қылықтар, жұмыста қателіктердің пайда болуы.

НА ЗАМЕТКУ

Көптеген мемлекеттердің заңнамаларында жұмыс берушіге өз жұмыскерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқор болу міндеті жүктеледі. Әрі қызметкер денсаулығының психикалық жағдайы, физикалық жағдайы сияқты маңызды, сол себепті күйзелістен қорғау да жұмыс берушінің міндетіне кіреді. 

Жұмыс орнында күйзелістен сақтау жұмыс барысында қолайлы жағдай мен сапалы басқару дегенді ғана білдірмейді, туындаған келеңсіз мәселелерді шешу болып та табылады: егер қызметкер жұмысқа қатысты себептерсіз де күйзеліс жағдайында болса, онда жұмыс беруші оны бұл жағдайдан шығару шараларын жасағаны жөн.

Күйзеліске ұшыраған қызметкерлердің денсаулығында қиындықтар бар, жұмысқа ынтасы төмен және  тиімсіз болады.

Күйзеліс жағдайында жүрген адам мазасыз болады, соның салдарынан тапсырмаларды орындау барысында қырағылығын және тиімділігін төмендетеді. Тиісінше, ол қызмет етіп отырған ұйым бәсекелестік нарықта қандай да бір жетістікке жету мүмкіндігін төмендетеді.

Күйзелістің пайда болуының басты себептері

Бүгінгі еңбек жағдайында жұмыс орнындағы қысымнан құтылу мүмкін емес. Жұмыскер қысымды тиімді қабылдаған жағдайда,  ол адамды ынталандыра отырып, күнделікті сарында ұстай отырып, оқуға және әрі қарай жетілуге итере отырып, пайда әкелуі мүмкін. Бірақ қысым шектен шығып кетсе немесе басқарудан ауытқып кетсе – бұл күйзеліске әкеп соқтырады. 

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымдарымен жүргізілген зерттеу барысында көрсетілген жағдайлар неғұрлым күйзелісті болып табылады:

·      жоғарылатылған талаптары бар және қызметкерге шектен тыс қысым көрсететін жұмыс;

·      талғау мүмкіндігіне немесе бақылауға келмейтін жағдайдағы жұмыс;

·      әртіптестер тарапынан қолдаудың жеткіліксіз болуы барысындағы жұмыс.

Мына жағдайларда жұмыскерлер күйзеліске аз душар болады,:

·      оған қойылған талаптар оның жағдайы мен мүмкіндігіне сәйкес келсе;

·      олардың жұмысы бақылауда болған жағдайда;

·      басшылар мен әріптестер тарапынан қолдау сезілген жағдайда;

·      оған қатысты жұмыс бойынша шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі бар жағдайда.

Жұмыс орнында күйзелістің пайда болуының тоғыз себебі:

1. Жұмыстың мазмұны: жұмыс барысының бір сарындылығы, шектен тыс ынталандыру, мағынасыз тапсырмалар, түрліліктің болмауы, жағымсыз тапсырмалар және т. б.

2. Жұмыс жүктелімі мен жұмыс қарқыны: өте көп немесе өте аз міндеттер, уақыттың шектелуімен және күнделікті бақылаумен, ескертпелермен өте көп немесе өте аз жұмыс және т. б.

 3. Жұмыс уақыты: жұмыс кестесіндегі икемділіктің болмауы, жұмыс күнінің ұзақтығы, қолайсыз немесе шексіз жұмыс уақыты, жұмыс ауысымдарының нақты реттелмеуі және т. б.

 4. Қатысу және бақылау: шешім қабылдауға қатыса алмау мүмкіндігі, жұмыс барысында, жұмыс кестесі мен шарттарында бақылаудың болмауы және т.б.

 5. Мансаптық өсу, дәреже және еңбек ақысы: жұмыспиен қамтылу сенімсіздігі, қызмет бабымен өсу мүмкіндігінің болмауы, жеткіліксіз немесе шектен тыс қозғалыс, төмен әлеуметтік құндылығы бар еңбек, келісімді төлемақы, нәтижелілікті бағалау жүйесінің түсініксіздігі немесе әділетсіздігі, атқарып отырған лауазымы үшін жеткіліксіз немесе шектен тыс санаттылық және т. б.

6. Лауазым: нақты айқындалмаған лауазым, бір лауазым ауқымындағы тапсырмалар шиеленісі, басқа адамдар үшін жауаптылық, басқа адамдармен және олардың жағдайларымен күнделікті байланыс.

7. Тұлғааралық қатынастар: теңсіз бақылаулар (жұмысшы мүддесіндегі нақты жүзеге аспайтын немесе қажетті деңгейде толық емес), ұжымдағы теріс ахуал, жәбірлеу, қысым көрсету және зорлық-зомбылық, басқаларынан оқшауланған немесе жалғыз жұмыс, қызметкерлердің жағдайларына және арыз-өтініштеріне әсерін тигізу әрекеттерінің болмауы және т. б.

8. Ұйымдастырушылық мәселелер: нашар байланыс,  әлсіз басшылық, өзін-өзі ұстаудың бекітілген ережелерінің болмауы, ұйымдастырушылық мақсатында, құрылымдар мен түпкілік қатынаста айқындылықтың болмауы.

9. Жұмыс пен жеке өмір теңгерімі: жұмыс пен үй мүддесіндегі шиеленіс, әріптестері тарапынан жеке басының  мәселелеріне қатысты қолдаудың болмауы, жұмысқа қатысты мәселелерге үй тарапынан қолдаудың болмауы, жеке өмір мен жұмыс арасында теңгерімді қолдап отыратын ұйымдастыру қағидалартының дұрыс ойластырылмауы.

Жеке өмірі мен жұмыс арасындағы шектің іс жүзінде жойылып кетуіне алып келетін психологиялық-әлеуметтік себептерді жеке бөліп көрсету қажет:

·      күнделікті жарысқа түсу;

·      жетістіктер мен жұмыс күнінің ұзақтығы бойынша неғұрлым жоғары өнімділік;  

·      қарқынды байланыс пен жаһандық бақталастықтың жоғары деңгейіне байланысты, жұмыс қарқынының шапшаң өсуі.

Одан басқа, еңбек қатынасының маңызды өзгеруі мен ағымдағы экономиканың құлдырауына байланысты жұмыскерлер ұйымдастырушылық өзгерістер мен қайта құрылымдаудан, жұмыс болашағының қысқаруынан, жұмыспен қамтылу бойынша күмәнді ұсыныстардың ұлғаюынан, жұмыс орнын жоғалтып аламын ба деген күнделікті қорқыныштан, жаппай жұмыстан босату мен қаржы тұрақтылығының төмендеуінен жиі жапа шегеді.

Жұмыс күйзелісінің зардабы

Күйзеліс әртүрлі адамға әрқалай ықпал етеді. Ол ерекше мінез-құлықтың себебі болуы мүмкін және және физикалық жағдайдың күрделенуіне әкеп соқтырады.

НА ЗАМЕТКУ

Қиын жағдайда ұзақ мерзімді күйзеліс немесе жұмыстағы жарақаттаушы жағдайлар адамға жұмыс істеуге мұмкіндік бермейтін көңіл- күйдің психикалық бұзылуына әкеп соқтырады.

Күйзелістің жиі болатын тағы бір серіктесі шылым шегу, ішімдік және есірткіге деген құштарлық болады.

Күйзелістің ықпалынан адам жұмыста:

1) неғұрлым ашуланғыш болады;

2) бойын еркін ұстай алмайды және ойын жинақтай алмайды;

3) логикалық ойлау мен шешім қабылдау қиындықтарына тап болады;

4) жұмыс оны қанағаттандырмайды;

5) шаршауды, торығуды, мазасыздануды сезінеді;

6) ұйқысы бұзылады.

Сол сияқты күйзеліс денсаулыққа да түрлі кері әсерін тигізеді, мынандай қиын жағдайларға тап болады:

·      иммунитеттің төмендеуіне;

·      жүрек ауыруына;

·      ас қорыту жүйесінің бұзылуына;

·      қан қысымының көтерілуіне,бас ауыруына;

·      қаңқа бұлшық еттерінің бұзылуы (белдің, қолдың ауыруы).

Егер негізгі қызметкерлер немесе қызметкерлердің көп бөлігі күйзеліске душар болса, бұл бүкіл ұйымның жұмысына әсер етеді. Ұжым арасында жағымсыз атмосфера қалыптасқан компания өз жұмысшыларынан толық қайтарым ала-алмайды, бұл нарық көрсеткішінің төмендеуімен, тағы сол сияқты борышқор болумен тепе-тең. 

Жұмыс орнында күйзелістің ықпал ету белгілері төмендегі жағдайлар арқылы көрінеді:

·      жұмысқа келмей қалу санының көбеюі;

·      жұмысқа деген бейілділіктің төмендеуі;

·      кадр ағымының туындауы;

·      өнімділіктің төмендеуі;

·      қауіпсіз емес жұмыс істеу әдістерінің және оқыс оқиғалар санының көбеюі;

·      тұтынушы мен тапсырыс берушіден түскен шағымның көп болуы;

·      қызметкерлерді іріктеу тәртібінің нашарлауы;

·      күйзелістен зардап шеккен жұмысшыларға соттың шешімімен шығарылған төлемдердің көбеюі;

·      өз жұмыскерлері арасында, одан тыс жерлерде компанияның атына кір келтіретін жағдайлар.

Статья представлена в сокращённом варианте, полный текст читайте в журнале «Справочник кадровика. Казахстан» № 4, 2017



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль