Кадр резервін құру – компанияның даму кепілі

18
Кадр резервін құру –  компанияның даму кепілі
Архипов Дмитрий Анатольевич
Генеральный директор ТОО «IPCG», бизнес-тренер, консультант, организатор-коуч, психолог, психотерапевт, г. Алматы
Кадр резерві – кез келген ірі компанияның маңызды құрамдас бөлігі. Оның бар болуы компанияның тұрақты, үдемелі және табысты стратегиялық дамуы қамтамасыз етеді.

Алдымен ұғымның анықтамасын берейік.

Кадр резерві – басқару қызметіне ықтимал қабілетті, қандай да бір дәрежедегі лауазымға қойылатын  талаптарға жауап беретін, іріктеуге ұшыраған және жүйелі мақсатты біліктілік дайындықтан өткен жұмыскерлер тобы.

ВОПРОС Резервте тұрғандарға кімді жатқызуға болады?

Резервте тұрған адамдарға: 

1) топ-менеджерлерді;

2) орта буынның менеджерлерді (инженерлік-техникалық жұмыскерлдерді қосқанда);

3) төменгі буынның менеджерлерін;

4) өндірісдік жұмысшыларды (немесе негізгі);

5) қосалқы жұмысшыларды жатқызуға болады.

Кадр резервін басқару функцияларын дамыту мыналардың сауатты қалыптасатынына алып келеді:

1) алмастыруды жоспарлау бойынша жұмыс; 

2) кадр резервімен жұмыс;

3) жоғары қабілетті резервшілерді анықтау; 

4) таланттарды стратегиялық басқару.

КАДР РЕЗЕРВІН ЖАСАҒАН КЕЗДЕГІ НЕГІЗГІ МАҚСАТ ПЕН МІНДЕТТЕР

Зерттеу негізінде кадр резервін қалыптастыру болады, сол кезде оны жасаудың негізгі мақсатын түсіну маңызды:

•             қызметкерлер құрамының тұрақтамауын төмендету (дәлірек айтқанда, неғұрлым құнды қызметкерлердің тұрақтамауын);

•             компанияға деген адалдықты арттыруға;

•             бос жұмыс орындарды қысқа мерзімде азайту;

•             бо орындарды азайтуға орташа шығындарды төмендету;

•             компанияның жұмыс беруші ретіндегі брендін жақсарту;

•             компанияның беделін күшейту;

•             еңбекақы төлеу қорын бақылау;

•             компаниядағы орта мерзімді жоспарлауды жақсарту;

•             HR-бюджеттің шығыс бөлігінің тиімділігн арттыру;

•             HR-департаменттің компаниядағы беделін арттыру;

•             білікті қызметкерлердің қажеттілігін қамтамасыз ету;

•             бизнестің стратегиясын табысты жүзеге асыру;

•             компанияның қаржылық жағдайын жақсарту;

•             кәсіби қызметтің уәждемесін арттыру;

•             үздік қызметкерлердің кәсіби және мансаптық өсуіне жағдайлар жасау.

Кадр резервін жасау міндеттері:

•             компания қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру;

•             оқыту тиімділігін арттыру;

•             компанияның корпоративтік мәдениетін қалыптастыру; 

•             қызметкерлердің адалдығын қалыптастыру;

•             компанияда жалпы ұғымдық аппаратты жасау, жалпы нәтижеге бағытталу;

•             мансаптық өсуді басқару;

•             өзгерістерді енгізу.

КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ТҮРЛЕРІ

Кадр резерві келесі түрлерге бөлінеді:

Ішкі кадр резерв компаниядағы жұмыскерлер санынан құралады. Ол жедел және стратегиялық резерв деп бөлінеді.

Жедел резерв – мамандар, желілік менеджерлер, орта буын менеджерлері мен біліктілігі бар және дереу жұмысқа кірісетін, белгілі бір лауазымдарды ауыстыратын топ-менеджерлер қатарынан тұратын үміткерлер резерві.

Стратегиялық резерв – бұл, бір-екі жылдардың ішінде босайтын және олардың ұзақ дайындығын талап ететін лауазымдарға үміткерлер.

НА ЗАМЕТКУ

Ішкі кадр резервіне қосу және оны жаңарту жыл сайын жүргізіледі.

Сыртқы кадр резерві:  кадровый резерв формируется из числа:

•             HR-менеджермен болған әңгімеден өткен, бірақ, осы сәтте бос орынның болмауына байланысты компанияда жұмысқа кіріспеген үміткерлер;

•             олар туралы деректер салалық сегментте негізгі мамандарды болуын зерттеу үшін еңбек нарығында өткізілген мониторинг негізінде алынған үміткерлер.

НА ЗАМЕТКУ

Сыртқы кадр резервінің құрамына қосу және оны жаңарту тұрақты негізде, сыртқы үміткерлердің әңгімелесу рәсімдерінен жіне іріктеуден өтуіне қарай жүргізіледі.

КАДР РЕЗЕРВІМЕН ЖҰМЫС ҚАҒИДАТТАРЫ

Жариялылық. Кадр резервіне қосылған қызметкерлерге, әлеуетті үміткерлерге арналған, сондай-ақ орналасатын лауазымдар және болжамды позицияларында туралы ақпарат ашық болуы керек. Тек осы жағдайда ғана компаниядағы қызметкерлердің уәждемесі мен адалдығын арттыратын жүйені құруға болады.

Бәсекелестік – кадр резервін қалыптастыру қағидаттарының бірі және басшылық позициясына кем дегенде екі, ал ең жақсысы үш үміткердің бар болуын тұспалдайды.

Белсенділігі. Табысты кадр резервін қалыптастыру үшін процеске тартылған  және мүдделі барлық адамдар белсенді және ынталы болуы тиіс. Көбінесе бұл кадр резервіне үміткерлерді ұсынуға жауапты желілік менеджерлер. 

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 4 оқыңыздар 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль