89-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары

32
89-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары

1. Мыналарға:

1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.

Ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.

Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес толық көлемде беріледі;

Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлергеҚРДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы» № 1053 бұйрығына (бұдан әрі – Тізім) сәйкес, ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.

Тiзiмде көзделген еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптер мен лауазымдарда жұмыс жылы бойы жұмыс істеген жұмыскерге қосымша демалыс іс жүзінде жұмыс істеген күндеріне пропорционалды түрде берiледi.Жұмыскерлер жұмыс жылы iшiнде олардағы жұмыс үшiн ұзақтығы әртүрлi қосымша демалыс берiлетiн әртүрлi өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда жұмыс істеген жағдайларда, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс iстелген уақыт, Тiзiмде тиiстi өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптердiң және лауазымдардың жұмыскерлерi үшiн белгiленген қосымша демалыстың ұзақтығына қарай, әрбiр жұмыс бойынша жеке есептеледi.

 Еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтарда үнемi жұмыс iстейтiн жұмыскерлерге қосымша демалыс толығымен немесе жұмыскердiң қалауы бойынша бөлiніп берiледi.

Кәсiптерi мен лауазымдары Тiзiмге кiрмеген, бiрақ жекелеген уақыт кезеңдерінде еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстерде, цехтарда, кәсiптерде және лауазымдарда жұмыс істейтін жұмыскерлерге қосымша демалыс кәсiптерi мен лауазымдары Тiзiмде көзделген жұмыскерлерге қолданылатын негiздемелермен берiледi.

Бөлек ұйымдардың (құрылыс, жөндеу, iске қосу-баптау) жұмыскерлерiне және ұйымдардың қосалқы цехтарының (механикалық, жөндеу, энергетикалық, автоматика) жұмыскерлерiне еңбек жағдайлары зиянды өндiрiстер мен цехтарда жұмыс істеген уақыты үшiн қосымша демалыс негізгі жұмыскерлермен бірдей негіздемелер бойынша Қағидалардың осы тарауында көзделген тәртiппен берiледi.

Ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» № 1057 бұйрығымен расталған, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.

Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары Тізбеге сәйкес толық көлемде беріледі;

2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.

Түсіндірме беріліп отырған бапта бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39-III заңының 32-бабының 1-тармағында белгіленген, ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.

 

2. Жұмыскерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін.

Жұмыскерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның келесідей ұзақтығы белгіленуі мүмкін:

  • соғыс мүгедектерiнежыл сайын ұзақтығы 15 жұмыс күнiне дейiн ақы төленетiн қосымша демалыс берiледi (ҚР 1995 жылғы 28 сәуiрдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн 
    жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» № 2247 заңының 12-бабының 1-тармағы);
  • бітімгершілік операцияға қатысатын (қатысқан) азаматтық персоналға бітімгершілік операциядан келгеннен кейін бір жыл ішінде ұзақтығы күнтізбелік он төрт күн қосымша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі (ҚР 2015 жылғы 15 маусымдағы «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» № 320-V заңының 17-бабының 1-тармағы);
  • жыл сайын ақы төленетін қосымша демалыс (еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне):
  • экологиялық апат аймағы бойынша – 12 күнтізбелік күн
  • экологиялық дағдарыс аймағы бойынша – 9 күнтізбелік күн
  • экологиялық дағдарыс жағдайына
  • жақындаған аймақ бойынша – 7 күнтізбелік күнберу белгіленеді (ҚР 1992 жылғы 30 маусымдағы «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы»№ 1468-XII заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы);
  • ҚР 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы»№ 1787-ХII заңының 5–9-баптарында көрсетілген аймақтарда тұрып жатқан халыққа төменде көрсетілген аймақтар бойынша жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы беріледі:
  • төтенше радиациялық қауiптi аймақ бойынша – күнтізбелік 14 күнi бар;
  • ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша – күнтізбелік 12 күнi бар;
  • жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша – күнтізбелік 10 күнi бар;
  • ең төмен радиациялық қауiптi аймақ бойынша – күнтізбелік 7 күнi бар;
  • жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ бойынша – күнтізбелік 5 күн (ҚР 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы»№ 1787-ХII заңының 13-бабының 3) тармақшасы);
  • орталық атқарушы органдардың кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарының құтқарушыларына ұзақтығы күнтiзбелік отыз күн ақылы демалыс берiледi. Әрбір үш жыл өтілі үшін ұзақтығы бір күн, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын қосымша ақылы демалыс беріледі(ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V заңының 35-бабының 5-тармағы);
  • АИТВ/ЖИТС-пен байланысты профилактикалық, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысымен тікелей айналысатын медицина қызметкерлеріне, қызметшілеріне және техникалық қызметкерлеріне ұзақтығы күнтізбелік 24 күн қосымша ақы төленетін еңбек демалысы беріледі (ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 182-бабының 5-тармағы);
  • Бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң жұмысшылары мен қызметшiлерiнежыл сайынғы кезектi еңбек демалысы, сондай-ақ жылына екi аптаға дейiн еңбекақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріледі (ҚР 1995 жылғы 28 сәуiрдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн 
    жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» № 2247 заңының 11-бабының 23-тармағы, 16-бабының 5-тармағы).      

3. Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатындағы жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін.

Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскерлерге:

  • үздіксіз ұзақ жұмысты;
  • маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатындағы жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін.

Көтермелеу сипатындағы жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалыстар еңбегінің нәтижелілігі үшін ынталандыру болып табылады.



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль