Жұмыскердің атқаратын лауазымына сәйкессіздігін бағалаудың негізгі өлшемдері

11
Жұмыскердің атқаратын лауазымына сәйкессіздігін бағалаудың негізгі  өлшемдері
Гречко Юлия Магомедрасуловна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», главный бухгалтер, г. Алматы
Қызметкерді атқаратын қызметіне сәйкес келмегені үшін жұмыстан босатқанда жұмыс берушіде көптеген сұрақтар туындайды.

жұмыскердің атқаратын қызметіне сәйкес келмегені –жұмыстан босату үшін негіз бе?

  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексі (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан жұмыскер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген жағдайда бұзылуы мүмкін екенін көздейді (ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы).

НА ЗАМЕТКУ

Атқаратын лауазымына сәйкес келмеуіне байланысты қызметкерді жұмыстан босату үшін, оның кәсіпқой емес екенін және оның лауазымына әзірленген талаптарына сәйкес еместігін дәлелдеу қажет.

Жұмыскердің біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегені инновациялық технологияларды енгізуге, өндірісті жаңғыртуға және басқа да себептерге байланысты болуы мүмкін.

      Осы негіз бойынша еңбек өтілінің қысқалығынан қажетті өндірістік тәжірибесінің болмауы, сондай-ақ арнайы біліктілігінің болмауы негізінде, егер ол заңнамалық актілерге сәйкес еңбек шартын жасасу кезінде міндетті шарт болып табылмаған жағдайда қызметкермен еңбек шартын бұзуға болмайды (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы№ 9 нормативтік қаулысы «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы» № 9 нормативтік қаулысының 11-тармағы) (2011.30.12 берілген өзөгерістермен және толықтырулармен).

ВНИМАНИЕ

Аттестаттау комиссиясының шешімі еңбек шартын бұзуға негіз болып табылады.

ҚР ЕК 53-бабының 3-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, аттестаттау нәтижелерімен расталған біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан жұмыскер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген жағдайда еңбек шартын бұзу құрамына жұмыскерлердің өкілі қатысуға тиіс аттестаттау комиссиясының шешіміне негізделуге тиіс.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе,  жұмыс берушінің ұйымында құрамына жұмыскерлердің өкілі қатысуға тиіс аттестаттау комиссиясы құрылады.

Жұмыскерлердiң өкiлдерiне кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер жатады (ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының  44) тармақшасы).

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 27 маусымдағы «Кәсiптiк одақтар туралы» № 211-V Заңының (2016.08.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) 17-бабының 8) тармақшасына сәйкес кәсіподақтар кәсiподақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлердің мүдделерін кәсiподақ мүшелеріне арналғандай шарттарда білдіруге міндетті.

Жұмыс берушілер ҚР ЕК 54-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі және демалыста жүрген кезеңінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол берілмейтінін ескеруге тиіс.

НА ЗАМЕТКУ Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» № 105-V Заңында (2016.09.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалған жұмыскерлермен еңбек шартын жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссиясының оң шешімінсіз ҚР ЕК 52-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзуға жол берілмейді.

Аттестаттау – қызметкерлер құрамының жұмысын бағалау нысаны

Жұмыскерлерді аттестаттау – олардың кәсіптік даярлығы деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау жөнінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын рәсім.

Аттестаттау бірнеше кезеңнен тұрады, және аттестаттау кезіндегі бағалаудың негізгі өлшемі жұмыскердің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға  қабілеті болып табылады.

Мыналарды:  

·      атқарып отырған лауазымында бір жылдан аз жұмыс істегендерді;

·      жүкті әйелдерді;

·      үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді;

·      жүктілігіне және босануына байланысты және (немесе) бала күтіміне байланысты демалыста болғандарды қоспағанда, аттестаттауға барлық қызметкерлер жатады.

Нормативтік құқықтық актілерде оларды аттестаттау көзделмеген жұмыскерлердің санаттары үшін ол жұмыс беруші әзірлейтін және жұмыскерлердің өкілді органының пікірлерін ескере отырып қабылдайтын жергілікті нормативтік актілерді негізінде өткізілуі мүмкін.

Бұл аттестаттау жүргізу мерзімі, рәсімі, аттестаттау комиссиясына қойылатын талаптар  мен аттестаттау нәтижелерін даулау тәсілдері жазылған Қызметкерлер құрамын аттестаттау туралы ереже болуы мүмкін; сондай-ақ кезектен тыс аттестаттау өткізу немесе жұмыс берушінің өзара байланысты жергілікті актілерінің кешені (жұмыскерлерді аттестаттау жоспарын дайындау және аттестаттауды өткізу, жұмыскерлерді мерзімдік аттестаттаудан өткізу және аттестаттау комиссиясын құру туралы бұйрық, мерзімдік аттестаттауға жататын жұмыскерлер тізімі,  аттестаттау кестесі). Егер ұйымда бұл қарастырылған болса, онда аттестаттауды өткізуге болады.

Жұмыскерлерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі, шарттары мерзімділігі  ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

НА ЗАМЕТКУ

Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органы айқындайды (ҚР ЕК 139-бабының 7-тармағы).

ПРИМЕР

Авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығымен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларына сәйкес өткізеді (2016.29.11. берілген өзгерістермен).

Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» № 83 бұйрығын (2016.05.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) басшылыққа алады.

Әдетте, аттестаттау жұмыстан болған әрбір келесі үш жыл өткен соң, бірақ белгілі бір лауазымды атқарған күннен бастап алты ай толған соң өткізіледі.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы №5  оқыңыздар 



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль