Ынталандырушы төлемдер: ресімдеу және салық салу тәртібі

20
Ынталандырушы төлемдер:  ресімдеу және салық салу тәртібі
Елемесова Маржан Адилхановна
Master of Business Administration, профессиональный бухгалтер-практик.
Бұл мақалада біз ұғымын анықтаймыз, ынталандыру төлемдерін ресімдеу тәртібін және оларға салық салуды айқындаймыз.

Қандай төлемдер ынталандырушы болып табылады?

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінің (2016.06.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы – жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.

Жалақыға өтемақы және ынталандыру сипатындағы, оның ішінде радиоактивтiк ластануға ұшыраған жұмыс жағдайы үшін және сол аумақтарда тұрғаны үшін төлемдер, өзге де төлемдер (өтемақы сипаттындағы) және ынталандыру төлемдері (қосымша ақылар мен ынталандырушы үстемеақылар, сыйақылар мен басқа да көтермелеу төлемдері) жатады.

НА ЗАМЕТКУ

Қолданыстағы заңнамада ынталандыру төлемдерінің нақты тізбесі жоқ, ол жұмыс берушінің ұжымдық шартында немесе нормативтік актісінде кез келген ынталандырушы төлемдер белгіленуі мүмкін екенін білдіреді.

Өтемақы төлемдерін  ынталандыру  төлемдерінен ажырата білу қажет. Өтемақы төлемдері еңбек жағдайлары қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқып кеткенде төленеді.

Өтемақы төлемдері – жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айырылуына, жұмыскерлерге еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шығындарды өтеуге байланысты ақшалай төлемдер, сондай-ақ жұмыскерлерді немесе еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды кәсіптік даярлаумен, қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен байланысты төлемдер.

Ынталандырушы қосымша ақылар мен үстемеақылар:

·      жоғары біліктілігі;

·      кәсіби шеберлігі;

·      ұйымдағы жұмыс өтілі;

·      үйренуінің нәтижелілігі;

·      қандай да бір жобаны табысты жүзеге асырғаны;

·      шет тілдері білгені;

·      өзге де еңбегі үшін беріледі.

Ұйымдарда өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстардың сапасын жоғарылатуға мүдделілігін арттыруды күшейтудің ең тиімді түрлерінің бірі  сыйлықақы жүйесі болып табылады.

Компанияда  ынталандыру жүйесін дұрыс құрғанда және осы мақсат үшін ынталандырушы төлемдер сияқты «пәрменді тетіктерін» пайдаланғанда:

·      компания қызметінің нәтижелерін арттыру;

·      жұмыскерлердің кәсіби деңгейінің артуы;

·      кадрлар тұрақсыздығының төмендеуі;

·      жоғары білікті мамандарды тарту;

·      бәсекеге қабілеттіліктің артуы және т. б. қамтамасыз етіледі.

Сыйлықақы бір жолғы сипатта немесе тұрақты болуы мүмкін, онда ұйым басшысының бұйрығын шығару жеткілікті.

Жұмыскерлерді көтермелеу механизміндегі біржолғы сыйлықақылар мен сыйақылардың  белгілі бір мақсатты міндеті бар. Олар жұмыскерлердің еңбекке қосқан үлесін және олардың еңбекақысын бағалау жүйелерін толықтырады,  сондай-ақ, олардың икемділігі мен шынайылығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Біржолғы ынталандырушы төлемдердің көмегімен ұйымдардың басшылары өндірістің нәтижелілігіне ықпал еткенімен, айқын білінетін сандық көрсеткіштері жоқ жұмыскерлердің қасиеттерін ынталандырады (мысалы, тәртіптілік, ұжымдағы беделі, өндірістік қиындықтар туындаған жағдайда көмекке келуге әзірлігі, жалпы және кәсіби мәдениеті, адалдық және т. б.).

Біржолғы ынталандырушы төлемдерге:

·      төлем көздерiне байланысты емес бiржолғы ақшалай сыйлықақылар;

·      жарты жылдық, бiр жылдық жұмыс қорытындысы бойынша сыйақы (бонустар);

·      бiржолғы ақшалай сыйлықақылар (мерейтойға, мерекелік күнге және т. б.);

·      материалдық көмек;

·      біржолғы сипаттағы жұмысты орындау нәтижелері бойынша сыйлықақылар жатады. 

ПРИМЕР

Ұйым қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында  басшы еңбек уәждемесінің жүйесіне  мынаны енгізуді шешеді: ұйымның қызметкерлеріне белгіленген айлық ретінде еңбекақының тұрақты бөлігін және жұмысты орындау қорытындысы бойынша сыйлыақы ретінде айнымалы үстемеақы белгілеуді.

ВОПРОС Компания қызметкерлерге ай сайын сыйлықақы беруі мүмкін бе, және оған қандай салық салынады?

Төлем жүйесі және қызметкерлердің еңбегін ынталандыру ұжымдық шарттың, еңбек шартының және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалады.

Бұл ретте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде, жұмыс берушінің актілерінде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары ҚР ЕК және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.

ҚР ЕК 1-бабы 1-тармағының 59) тармақшасына сәйкес негізгі жалақы ­– тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақылар, кесімді бағалар бойынша төлемді қамтитын, жалақының салыстырмалы түрдегі тұрақты бөлігі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер.

ҚР ЕК 107-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлердің өндіріс тиімділігі мен орындалатын жұмыстардың сапасын жоғарылатуға мүдделілігін арттыруды күшейту үшін ұжымдық шарт талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалған сыйлықақы беру жүйелерін және еңбекті ынталандырудың басқа да нысандарын енгізе алады. Еңбекке ақы төлеу жүйесі біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке алмағанда, жұмыскерлер жалақысының кемінде 75 пайызы болатын негізгі жалақы үлесін қамтамасыз етуге тиіс (ҚР ЕК 107-бабының 4-тармағы)

Тұрақты төлемдерге мыналар жатады:

·      айлық, тарифтік мөлшерлемелер, кесімді бағалар бойынша еңбекақы;

еңбекақы төлеу режимімен және жұмыс жағдайлары байланысты төлемдер (мысалы, түнгі уақытта, мереке және демалыс күндерінде жұмыс істегені үшін, тұрақты сипатқа ие зиянды, қауіпті және ауыр еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін, вахталық  әдіспен істейтін жұмыс үшін төленетін үстеме ақылар, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» № 1787-ХІІ Заңында (2014.31.03 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) және  Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» № 1468-XII Заңында (2013.03.07 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген қосымша ақылар;

·      ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде белгіленген ынталандыру сипатындағы тұрақты сипатқа ие төлемдер (кәсіби шеберлігі, жұмыс өтілі үшін үстемеақы, тұрақты сипаттағы сыйлықақылар және т. б.).

Бұл сыйлықақының мөлшері мен оны төлеу жиілігін компания басшылығы айқындайтынын білдіреді, бұл ретте егер сыйлықақы тұрақты сипатта болса, оның мөлшері жұмыскердің жалпы жалақысынан 25% аспауы тиіс.   

Тұрақты сипаттағы сыйлықақы (үстемеақы) штаттық кестеде көрсетілуге тиіс. Штаттық кесте ұйымның жарғысына сәйкес оның құрылымын, штат құрамын және штат санын ресімдеу үшін қолданылады. Бұл ретте өлшемдерге қарай жұмыскерлерге төленетін үстемеақылар белгілі кезеңге, белгісіз кезеңге немесе мүлдем белгіленбеуі мүмкін. 

Егер еңбек шартында немесе жұмыс берушінің жергілікті нормативтік актісінде белгіленген шарттары,  сондай-ақ, үстемеақылардың мөлшерін  азайтуға мүмкіндік беретін өлшемдер сақталған кезде үстемеақылардың мөлшері өзгертілуі мүмкін.

Егер еңбек шартында осы шарттар мен өлшемдер болмаса, бірақ олар жергілікті нормативтік актіде жазылған болса, жұмыскер олармен  жеке таныстырылуға тиіс. 

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 6 оқыңыздар 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль