Келісу комиссиясы қалай жұмыс істейді

16
Келісу комиссиясы қалай жұмыс істейді
Дуйсенбаев Г. Б.
судья Верховного Суда Республики Казахстан
Келісу комиссиясы – бұл іс-тәжірибе, бұл кезде жанжал туындаған жағдайда тараптар үшінші тараптың көмегіне жүгінеді немесе екі тарап үшін де қабылдауға болатын шешім табу

Республиканың еңбек заңнамасы ҚР Конституциясына негізделеді және Еңбек кодексі мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен құралады.

Еңбек дауы

 Конституцияның 24 бабында былай делінеді: «Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар».  Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.  Яғни әрбір азамат Конституциямен көзделген құқықты жалдамалы еңбек, жеке еңбек қызметі, мемлекеттік қызмет  сияқты әртүрлі нысандарда іске асыра алады, ал қызмет тегі мен кәсіпті еркін таңдау құқығы азаматтың өз еркін білдіруі болып табылады.

Еңбек дауы – бұл жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек туралы заңнаманы қолданудың, еңбек шартының жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы   талаптары орындалуының реттелмеген  мәселелері бойынша келіспеушілік.

 2015 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасының № 414-V (01.01.2017 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) жаңа Еңбек кодексінің (бұдан әрі  – ҚР ЕК) қабылдануымен еңбек дауларын шешу тәртібі елеулі өзгерді, өйткені келісу комиссиясының келіспеушіліктерді қарастыруы міндетті кезеңге айналды.

Келісу комиссиясы ұйымда, оның филиалдары мен өкілдіктерінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Келісу комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірдей санынан тепе-тең негізде құрылады.

ҚР ЕК 159 бабының 1 тармағына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерін және заңды тұлғаның атқарушы органының басшыларын қоспағанда, жеке еңбек дауларын - келісу комиссиялары, ал реттелмеген мәселелер не келісу комиссиясы шешімінің орындалмауы бойынша соттар қарайды.


Келісу комиссиясы

Бірнеше маңызды сәттерді атап өткен жөн.

«Келісу комиссиясы» термині қазақстандық заңнамадағы жаңалық емес. Еңбек кодексінің мұның алдындағы нұсқасы келісу комиссиясын құруды көздеген еді. Келісу комиссиясына қатысты кодекстің ескі және жаңа редакцияларындағы басты айырмашылығы 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін келісу комиссиясы Қазақстан Республикасы соттарымен бірдей дәрежеде жеке еңбек дауларын қарастыру органы болып табылғандығы, яғни еңбек шартының тараптары өз таңдауы бойынша жеке еңбек дауын шешу үшін тікелей келісу комиссиясына (ол бар болған кезде) және (немесе) Қазақстан Республикасының сотына жүгіне алатын. Іс-тәжірибе жеке даулардың көпшілігі сот тәртібімен шешілгендігін, және Қазақстан Республикасында мұндай келісу комиссиясы институтының жұмыс істемегендігін көрсетеді.

Енді мұның алдындағы Еңбек кодексінен айырмашылығы - келісу комиссиясының жеке еңбек дауын қарастыруы міндетті болып табылатындығы, тек реттелмеген мәселелер немесе келісу комиссиясының шешімі орындалмаған кезде ғана дау сот тәртібімен қарастырылуы мүмкін.

Бұл талап Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің
(26.07.2016 берілген өзгерістерімен), 8 бабы, 6 тармағына сәйкес келеді, ол бойынша істердің белгілі бір санаты үшін  дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібі шартпен көзделген немесе заңмен белгіленген болса, сотқа жүгіну бұл тәртіп сақталғаннан кейін болуы мүмкін.

Келісу комиссиясы заңды тұлғаның атқарушы орган басшыларымен және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлерімен даулардан басқа жеке еңбек дауларының барлық түрлерін қарайды.

Сондықтан орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері міндетті түрде келісу комиссиясын құрулары тиіс.

ҚР ЕК жұмыскерлер өкілдері мен жұмыс берушінің жазбаша келісімде немесе ұжымдық шартта келісу комиссиясына қатысты мыналардың белгілеуін көздейді:

–  сандық құрамын;

–  өкілеттіліктер мерзімін;

–  жұмыс тәртібін;

–  шешімдер қабылдау тәртібін;

–  келісу комиссиясына делдалды тарту туралы мәселелерді.

Өтінімдерді қарау

Бұған қоса, келісу комиссиясының даудың мүдделі тарабының өтінішін қарау тәртібі де белгіленген. Бұл үшін еңбек шартының тарабы өтініш беруі тиіс, оны келісу комиссиясы міндетті түрде тіркеуі қажет. Дау өтініш берушінің өзі  немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен 15 жұмыс күнінің ішінде қарастырылуы тиіс. Келісу комиссиясының дауды белгіленген мерзімде реттемеуі сотқа жүгіну үшін негіздеме болып табылады.

Дауды қарағаннан кейін келісу комиссиясы үш күндік мерзім ішінде шешімнің көшірмесін екі тарапқа да беруі тиіс.  Жұмысқа қайта алу туралы дауды қоспағанда, келісу комиссиясының шешімі белгіленген мерзімде орындалуға жатады.

Жұмыскерді бұрынғы лауазымына жұмысқа қайта алу кезінде жұмыс беруші жұмыскерге жұмыстан шеттетілген барлық уақыт, бірақ 6 айдан аспайтын уақыт үшін орташа жалақы немесе жұмыскерді жалақысы аз лауазымға ауыстырылған уақыты үшін жалақысындағы айырманы төлеуі тиіс.

Еңбек кодексімен тараптардың өз құқықтарының бұзылуы белгілі болған немесе бұзылуы белгілі болуы тиіс сәттен бастап, бір жылдың ішінде келісу комиссиясына жүгіне алатындығы белгіленген.

Бұған бұрынғы жұмыс орнына қайта алу туралы даулар қосылмайды.

Егер жұмыскер өзінің жұмыстан босатылуын заңсыз деп есептейтін болса, онда ол жұмыс беруші еңбек шартын тоқтату туралы акт көшірмесін берген күннен бастап бір айдың ішінде келісу комиссиясына жүгінуге құқылы.

Егер бұл мәселе келісу комиссиясымен реттелмесе немесе жұмыс беруші келісу комиссиясының шешімін орындаудан бас тартса, онда жұмыскер келісу комиссиясы шешімінің көшірмесі тапсырылған күннен бастап екі айдың ішінде сотқа жүгіне алады.

Соттың  іс-тәжірибесі көрсеткендей, жұмыс берушілер егер әлеуетті еңбек дауы жоқ болса, келісу комиссиясын құруға асықпайды. Және де жанжал туындау жағдайында ғана жұмыс беруші оны құруға бастама көтереді: келісім әзірлейді, жұмыскерлер өкілдерін хабардар етеді, өз өкілдерін тағайындайды және жұмыскерлерге келісу комиссиясының мүшелері ретінде өз қатысушыларын сайлауды ұсынады.

Қағидаттық жағынан еңбек шартының кез келген тарабы келісу комиссиясын құру немесе ұжымдық шартқа (егер ол ұйымда жасалса) өзгерістер енгізу туралы шешім дайындай алады және келісу және қол қою үшін екінші тарапқа жібереді.

Кәсіподақтардың рөлі

ҚР ЕК-не сәйкес, жұмыскерлердің өкілдері кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында жұмыскерлердiң  кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдері болып табылады.

Келісу комиссиясын құру туралы келісімге қол қою және оның жұмысына қатысу үшін жұмыскерлердің өкілдері жұмыскерлердің жалпы жиналысында сайланулары тиіс. Сондықтан әрбір ұйым бұл мәселені қызметкерлерінің санына, өзінің ұйымдық құрылымына, ұжымдық шартына немесе ішкі ережелеріне қарай өздігінен шешуі тиіс.

ҚР ЕК жаңалықтарының бірі келісу комиссиясының мүшелерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негіздеріне, келіссөздер жүргізу мен еңбек дауларында келісімге қол жеткізу шеберлігіне жыл сайын оқыту болып табылады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын субъектілерді қоспағанда, барлық ұйымдар үшін келісу комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін орган ретінде анықталатындықтан, келісу комиссиясын оның жоқтығы ұйымның іс-әрекетін заңсыз деп тануға  әкелетін жағдаят басталғанға дейін құру туралы ойлану қажет.

Өз кезегінде істерді қараудың соттық тәртібі жұмыскерлер ғана емес, сондай-ақ жұмыс берушілердің де бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруді қамтамасыз ете оьырып, еңбек дауларын жылдам және дұрыс шешуге кепілдік береді, өйткені соттың қорғауы – бұл бұзылған құқықтарды қорғаудың сенімді және тиімді формасы. Сот қорғауының артықшылығы әділ соттың конституциялық қағидаттарынан, төрешілердің тәуелсіздігі мен соттың дауласушы тараптармен және іске қатысушылармен байланысты еместігінен құралады.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 4, 2017 г.  



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль