text
Справочник кадровика

Компаниядағы электрондық оқыту: қызметкерлер құрамының біліктілігін арттырудың тиімді құралы

  • 24 мая 2017
  • 14
Автор журнала «Справочник кадровика. Казахстан», бизнес-тренер по управлению персоналом, директор Департамента обучения и развития персонала АО «Qazaq Banki», PhD, MBA, г. Алматы
Компаниядағы электрондық оқыту: қызметкерлер құрамының біліктілігін арттырудың тиімді құралы

Бүгінгі таңда компания үшін нарықта қатысуы және өз ісін жақсы істеуі аз – тұрақты даму динамикасында болуы керек.

Заманауи әлем қарқынды дамуда және білім берудің ең жылдам және арзан тәсілін қолдануды талап етеді. Төменде біз бүгінгі күні қызметкерлердің біліктілігін арттырудың ең басым бағыттарының бірі – электрондық оқыту неге негізделген және қалай құрылатыны туралы айтамыз.

НА ЗАМЕТКУ

Электрондық оқыту Интернет пен мультимедиялық техниканы дамытудың арқасында пайда болды. Электрондық оқытудың әлемдік индустриясы, ең қарапайым есептеулер бойынша, 48 миллиард долларды құрады.

Заманауи бизнестің әдіснамасы білімге және кәсіби құзыреттілікке негізделген бәсекелестікке апарады. Бүгінгі таңда компания үшін нарықта қатысуы және өз ісін жақсы істеуі аз – тұрақты даму динамикасында болуы керек.

ВНИМАНИЕ Компаниядағы оқыту басым бағытта болуы тиіс.

А. Тоффлердің пікірінше әлем – бұл жылт-жылт еткен бедел, ал бизнес – бұл пікірлердің, идеялардың тұрақты циркуляциясы, ауыстыру, жауап қайтарудың іскерлік модельдерін ауыстыру. Бұл жағдайда өзінің «үздік маман» болып қалуы,  ал өз қызметкерлерін бір қалыпты деңгейдеқалдыру компания үшін тиімсіз болады. Электрондық оқыту қазіргі заманғы өткір мәселені шешуге мүмкіндік беретін құралдардың бірі.

Қызметкерлер құрамын оқыту оңтайландыру

Компания жұмысының тиімділігін көтеру мақсатында үнемі қызметкерлер құрамының біліктілігін арттыру үшін тренингтер өткізу қажет. Соңғы уақытта артуда қашықтықтан оқыту жүйесі (бұдан әрі – ҚОЖ).

ҚОҚ білім беру және біліктілікті көтеру процесін қарапайым және тиімді басқаруға, компания қызметкерлерін оқыту және жүргізу нәтижелері туралы есептерді алуға және олардың сапалық мониторингін өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл жүйе Интернет немесе компанияның жергілікті желісі арқылы алынған нәтижелерді оқыту және тексеру жүргізуді білдіреді.

Оқытудың бұл моделі шағын бизнеске де, жұмысында қызметкерлердің біліктілігін тұрақты көтеруді қажет ететін ірі компаниялар мен холдингтер де лайық.

ЛУПА Қызметкерлер құрамын оқыту – компанияның тиімділігін көтерудегі маңызды қадам

Қашықтықтан оқыту өз қызметкерлерін дамыту және оқыту бойынша міндетті оңтайландыруға, уақытты және қаржыны үнемдеуге  мүмкіндік береді. Бұл ретте компанияның мақсаттары мен міндеттеріне байланысты қашықтықтан оқыту жүйесін осы компания үшін оқыту бағдарламасына барлық қойылатын талаптарды ескере отырып, ең жақсы түрде орнатуға болады.

 ҚОЖ көп жағдайда жаңа қызметкерлерге арналған бейімделу кезеңіне ұсынылады. Әдетте, компанияда «жас сарбаздың» оқыту курсы өткізіледі, онда компанияға жаңадан келген қызметкерлерге қажетті корпоративтік мәдениет, дресс-код, ішкі тәртіп ережелері және басқа да қажетті нәрселер айтылады.

 Осының арқасында жаңа қызметкерді лауазыммен таныстыру рәсімінің уақыты қысқарады, және сонымен қатар жаңадан келген қызметкер  компанияның ішкі қағидаларымен танысады.

Қызметкер, жұмыс орнына алшақтамай, арнайы бөлінген уақытта оқыту курстарын өтеді, қажет болған жағдайда оқуды тоқтатуы мүмкін – ҚОЖ оның тоқтаған жерін есіне түсіріп, дәл сол жерден оқуды жалғастыруды ұсынады.

Қызметкерлер құрамын қашықтықтан оқытудың және дамытудың артықшылықтары:

·      филиалдарда сұхбаттасуды жүргізу үшін РR-бөлімін іссапарларға бару қажеттігінен босатады;

·      дәрістер, тренингтер, консультациялар және қызметкерлерді жүргізу үшін келетін  шетелдік кеңесшінің ұшып келуін төлеуді талап етпейді;

·      электронды кітапханалар, арнайы курстар, дәрістер, бейне материалдар, деректер қоры, интерактивті тестілер және т. б. арқасында қызметкерлерге өзінің білімімен кез-келген өзіне ыңғайлы уақытта айналысуға мүмкіндік береді;

·      HR-бөліміне қалаулы лауазымға компанияның талаптарын ескеретін  арнайы әзірленген тесттердің қорытындыларына сүйене отырып, маманның немесе ізденушінің дағдыларын және білімін тез бағалауға мүмкіндік береді;

·      түрлі филиалдардың қызметкерлеріне бейнеконференциялар өткізуге, тәжірибесімен  және әртүрлі материалдармен алмасуға мүмкіндік береді, атап айтқанда, өндірістік құрамды оқыту мақсатында.

Кейбір компанияларда ұйым қызметкерлерін оқыту үшін оқыту ақпараты бар құжаттарды орналастыру жеткілікті, бірақ басқа компаниялар үшін толыққанды қашықтан оқытуды іске асыру қажет.

Ішкі оқыту порталының болуы корпоративішілік байланыс міндетін, әсерін айтарлықтай жеңілдетеді.

Статья представлена в сокращённом варианте, полный текст читайте в журнале «Справочник кадровика. Казахстан» № 5, 2017

Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Чтобы обеспечить качество материалов и защитить авторские права редакции, многие статьи на нашем сайте находятся в закрытом доступе.
Предлагаем вам зарегистрирроваться и продолжить чтение. Это займет всего полторы минуты, а вы получите:
  • доступ к 8 500+ полезным статьям
  • 10 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль