Өндірістік жарақаттанушылық профилактикасының тиімділігі үшін

8
Өндірістік жарақаттанушылық профилактикасының тиімділігі үшін
Оракбаева Г. Г.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", главный специалист Департамента социально-экономической защиты и трудовой инспекции Федерации профсоюзов Республики Казахстан
Кәсіподақтар бұл бағыттағы күрделі жұмысты ұйымдастыруда елеулі әлеует жинақтады. Және де қазір, бұл саладағы проблемаларды көре отырып, олар жұмыс берушілерге еңбекті қорғау мен адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы міндеттерді шешуде көмектеседі.

Бүкіл дүниеде жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулар орасан адамдық трагедия болып қалып отыр және елеулі экономикалық жоғалтулардың себебі болып табылады. Өндірісте жазатайым оқиғалардың туындауы мен олардың халық денсаулығы мен ел экономикасына әсер етуінің жалпы дүниежүзілік заңдылықтарынан Қазақстан да қалыс қала алмайды.

 2017 жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша республика кәсіпорындары мен ұйымдарында жазатайым оқиғалар нәтижесінде 1683 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда  10,2 %-ға төмен (2015 жылы – 1723 адам). Еңбектің зиянды жағдайларымен қамтылған жұмыскерлер саны 2014 жылғы  346,8 мың адамнан 2016 жылғы 367,7 мың адамға дейін – 21 %-дан  22,1 %-ға дейін артты.

Республикадағы өндірістік жарақаттанушылық статистикасы

Өндірістік жарақаттанушылық профилактикасының тиімділігі үшін

Алайда өндірістік жарақаттанушылықтың жалпы деңгейінің төмендеу аясында республикадағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйін қанағаттанарлық деп есептеуге болмайды. Кәсіптік тәуекелдер деңгейі жоғары болып қалып отыр, қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін жұмыс орындарының саны артуда. Тау-кен-металлургиялық секторда, құрылыс саласында, коммуналдық қызмет кәсіпорындарында жарақаттанушылықтың жоғары дәрежесі сақталып отыр.

Жарақаттанудың алдын алу жоспары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 143 қаулысымен Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспары бекітілді. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексі  (06.04.2016 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (бұдан әрі  – ҚР ЕК), Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, және Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі  – ХЕҰ)  еңбек қауіпсіздігі және гигиенасы туралы № 155 және   «Еңбек қауіпсіздігі және гигиенасына жәрдемдесетін негіздер туралы» № 187 Конвенцияларының нормалары есепке алына отырып, өндірістегі жарақаттанушылық пен жазатайым оқиғалардың алдын алу мен сақтандыру жөніндегі Жоспар (бұдан әрі  – Жоспар) қосымша әзірленді.

Жоспар еңбекті қорғау жүйесі мен өндірістік жарақаттанушылық көрсеткіштерін ХЕҰ стандарттарына сәйкестікке келтіруді көздейді. Және де өндірісте жазатайым оқиғалар, кәсіптік аурулар, жойылатын себептерден өлімге ұшыраушылық тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жұмыс істейтін халықтың өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығы, еңбек қауіпсіздігі жағдайларын жақсартуды қамтамасыз етуге арналған.  Жоспар отандық және шетелдік тәжірибені есепке алумен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттерді өз уақытында және біліктілікпен шешуге бағытталған нормативтік құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеушілік және әдістемелік іс-шаралар тізбесін қамтиды.

Бұл жерде Астана қаласының тәжірибесін ескерте кету керек, мұнда әкімдік, кәсіподақтардың аумақтық бірлестігі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалы 2017-2019 жылдарға арналған «Қауіпсіз еңбек»  Бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеп, бекітті.

Бағдарламаның басты мақсаты – халықаралық стандарттар негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін (бұдан әрі  – ЕҚБЖ) жасау және ендіру жолымен Астана қаласы ұйымдарында еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, жұмыскердің өмірі мен денсаулығын сақтау.

Бағдарламаның басты міндеті – ЕҚБЖ мен тараптардың әрқайсысының ықпал ету дәрежесіне қарай кәсіптік тәуекелдерді басқаруда мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында ынтымақтастық жауапкершілікті қайта бөлісуде әлеуметтік әріптестік рөлін күшейту.

Жұмыс орындарында қауіпсіздік бойынша белгіленген талаптарды сақтау және бұзушылықтарды жою бойынша жедел іс-шаралар қабылдау үшін жұмыс беруші ішкі бақылауды жүзеге асыруға міндетті, ол:

–  ЕҚБЖ-н құру мен енгізуді;

–  еңбек жағдайларын бақылауды;

–  өндірістік бақылау мәліметтеріне жедел талдау жүргізуді;

–  тәуекелдерді бағалауды;

–  айқындалған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына  сәйкессіздіктерді жою жөнінде іс-шаралар қабылдауды қамтиды.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік

мониторинг үш түрі

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бақылаудың үш түрі бар:

1) Мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

2) Ішкі бақылау – жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өкілдері еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар арқылы.

3) Қоғамдық бақылау – кәсіподақ ұйымдары.

ҚР-ның жаңа ЕК-нде  «еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес», және «еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор» түсініктері енгізілген. Бұл нормаларды іске асыру іс-тәжірибеде не береді?

Ол:

–  ең аз қаржылық шығындар мен адамдар ресурстары кезінде ЕҚБЖ нәтижелілігін жақсартуға;

–  республика ұйымдарында жарақаттанушылық, авариялылық және кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті (бұдан әрі  – Кеңес) құру еңбекті қорғауды басқару жүйесінің қызмет ету тиімділігін, кәсіпорындардағы өндірістік жарақаттанушылықты төмендету мен профилактикасын арттырады.

Кеңестің негізгі мақсаты – жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс орындарында тексерулер жүргізу бойынша бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің сұлбасы

Өндірістік жарақаттанушылық профилактикасының тиімділігі үшін

Кеңес – бұл еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің, еңбектің техникалық инспекторларын қосқанда, жұмыскерлер өкілдерінен тепе-теңдік негізде құрылатын алқалы орган. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, ұжымдық шартты басшылыққа алады. Жұмыс беруші Кеңес қызметін қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға, оның ішінде Кеңеске өзінде бар ақпаратты ұсынуға міндетті.

Еңбекті қорғау және денсаулық сақтау жұмыстар Кеңесі туралы

Кеңес пен техникалық инспекторлар жұмысының маңыздылығын есепке ала отырып, біздің әлеуметтік-экономикалық қорғау және еңбек инспекциясының департаменті Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына арнап ұсынымдық сипаты бар «Қазақстан Республикасы ұйымдары мен кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік Кеңес туралы» және  «Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы» Үлгілік ережелер әзірледі.

Кеңес құрамына жұмыс берушінің өкілдерін тағайындау жұмыс берушінің бұйрығымен, жұмыскерлер өкілдерін тағайындау Кәсіподақ шешімімен жүзеге асырылады. Тараптардың әрқайсысы Кеңес құрамындағы өз өкілін ауыстырумен кері шақырып алуға құқылы. Кеңестің жеке қүрамы жұмыс беруші мен Кәсіподақтың бірлескен шешімімен бекітіледі.

Кеңесті ротациялық негізде екі жылдық мерзімге жұмыс беруші мен жұмыскерлердің (кәсіподақтың) өкілдерінен құрылған Кеңес мүшелері сайлаған төраға басқарады. Кеңес мүшелері жұмыс берушінің шешімі бойынша міндеттерін орындау және еңбекті қорғау бойынша оқытудан өткізілген кезеңде жалақысы сақтала отырып, негізгі жұмысын орындаудан босатылады.

Кеңес төрағасы Кеңес жұмысын ұйымдастырады, отырыстар өткізу мерзімдерін, Кеңестің әрбір мүшесінің жұмысы мен функциясын ұйымдастыру тәртібін белгілейді, жұмыс берушіден Кеңес қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратады. Кеңес отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіледі. Кеңес отырыстарына ұйым басшысы және оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің, цехтардың басшылары, өзге де мүдделі тұлғалар шақыртылуы мүмкін.

Кеңес қарастырылатын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды, олар жұмыс беруші мен жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады. Кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді. Өз жұмысында Кеңес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, бақылау мен қадағалаудың басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен өзара әрекеттеседі.

Белгілі бір өкілеттіліктерін орындау үшін Кеңес мүшелері жұмыс берушінің қаражаты есебінен білім берудің тиісті ұйымдарындағы біліктілік көтеру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімдерін тексеруден мерзім-мерзім, кем дегенде үш жылда бір рет өткізіледі.

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектордың (бұдан әрі  – инспектор) кандидатурасын ұйымның кәсіподақ комитеті  ұсынады. Инспектор еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен бекітіледі. Бекітілгеннен кейін бір айдың ішінде инспектор  басшы қызметкерлер мен өндірістік ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалары үшін көзделген көлемде кадрларды кәсіптік дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімдерін тексеруден өтуі тиіс. Оқу кезеңіне ақы төлеу ұжымдық шартпен реттеледі. Бұған қоса, инспектор жылына бір рет өткізілетін арнаулы курстарда және семинарларда біліктілігін мерзімдік арттырудан өтеді.

Арнаулы дайындықтан өткен және өз қасиеттері бойынша ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты орындауға қабілетті, бес жылдан кем емес жұмыс өтілі, жоғары немесе орта техникалық білімі бар тұлғалар инспекторлар бола алады.

Атқаратын лауазымы бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілікте болатын қызметкер техникалық инспектор бола алмайды.

Инспкторға өз функцияларын жүзеге асыру үшін апта сайын негізгі жұмысындағы жалақысы сақталумен екі сағаттан кем емес уақыт беріледі. Техникалық инспектор кәсіподақ комитетінің басшылығымен жұмыс істейді және кәсіподақ комитетінің алдында орындалған жұмыс туралы ай сайын есеп береді. Кәсіподақ комитеті тоқсан сайын инспектордың ескертулерін/ұсыныстарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің отырысына  ұсынады.  Инспектор құқықтарын әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасы заңнамасымен, ұжымдық шартпен немесе келісіммен реттеледі.  Инспекторға белгіленген нысандағы куәлік беріледі.

Еңбек кодексі жұмыскердің еңбек құқықтарын нақты қорғау үшін жаңа мүмкіндіктер бере отырып, кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестік құрылымындағы рөлі мен жауапкершілігін күшейтеді.

Адам құқықтарын құрметтеу, еңбектің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, жұмыспен қамту мүмкіндіктерін жақсарту, экономикалық тұрақтылықты арттыру – бұлардың бәрі әлеуметтік әділдіктің негізгі элементтері болып табылады, кәсіподақтар олармен барлық еңбекшілерді қамтамасыз етуге ұмтылады.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау»  



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль