Жұмыс орнындағы медитацияның жеті қағидасы

5
Жұмыс орнындағы медитацияның жеті қағидасы
Верещагина Анна Анатольевна
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», практикующий психолог, доцент Балтийского федерального университета им. И. Канта, действительный член (академик) МАПН, доктор психологических наук, г. Калининград
Бірнеше жыл бұрын бұл екі сөз – "медитация" және "кеңсе" – бірге қолданылған жоқ. Бірақ бүгінде өз қызметкерлерінің денсаулығы туралы қамқорлық жалпы мәдениеттің бір бөлігі болып табылады.

 Сонымен қатар, психологиялық білім белсенді насихатталып жүр, адамдар өзін-өзі реттеу және әртүрлі психотехникаларды пайдалану мәселелерінде өте білімді болып барады. 

Психологтың тұрақты түрдегі кеңестері жеке басының психикалық ауытқулары ретінде қабылданбайды, өзіне және өз өміріне деген саналы және ілтипатты қарым-қатынасының көрсеткіші болып табылады.

Бүгін біз сәнді тенденция туралы әңгімелесеміз – жұмыс орнындағы медитация. Мынандай сөз бар: "Егер сіздің бос уақытыңыз болмаса, жарты сағат медитациялаңыз. Егер сіздің бос уақытыңыз мүлдем болмаса,  бір сағат медитациялаңыз". Адамдардың көпшілігіне бұл ой онша қисынды емес шығар, әсіресе, егер біз жұмысты нәтижелерге қол жеткізу деп ойласақ.

Бірақ, егер ойланып қарасақ, онда күніне бірнеше рет психологиялық үзіліс жасап, біз санамызды тазартамыз, эмоциямызды тынышталдырамыз, сабырлылығымызды және шоғырлану қабілеттілігімізді арттырамыз. Сайып келгенде, айналамызда қандай аласапыран болса да, қызметіміздің тиімділігі артады.

НА ЗАМЕТКУ

Google, Facebook, Twitter, Apple и «Лаборатория Касперского» сияқты ірі компаниялар қызметкерлерінің медитациямен айналысудың топтық сабақтарын тәжірибе негізінде өткізеді.

Жұмыскерлер өз қызметіне саналы түрде қараса, нәтижелері сенімдерін ақтайтыны дәлелденген. Озық басқарушылар жоғарғы технологиялар ғасырында білімді және шабыттанған жұмыскерлер ғана жаңа өнімдер жасап, жаңалықтарды ашатынына сенімді. Ежелгі болмыстың құпияларын жоғары технологиялар әлемімен қалай біріктіруге болатынын көптеген конференцияларда талқылауда.

Көптеген адамдарға медитация күрделі, қол жетпейтін, түсініксіз, мүмкін, тіпті қорқынышты болып көрінеді. Бірақ, олай емес.

Медитациялау оңай және де өте тиімді. Бұл сананы тынышталдыратын тәсілдердің бірі ғана емес, сонымен қатар адамның өз денесіне жасай алатын жақсылықтардың бірі.

НА ЗАМЕТКУ

Медициналық зерттеулер медитациямен айналысу сабақтары иммундық жүйені қолдайтынын, қан айналымын жақсартатынын, холестерин деңгейін төмендететінін, ұйқысыздықпен күресуге көмектесетінін растайды. Көптеген жағдайларда оның мақсаты қарапайым – айналасындағы болып жатқан оқиғаларға алаңдамай, бір міндетке ғана шоғырлану.

Таң қаларлық, бірақ медитациялауды түскі асқа бара жатқанда, лифтіде немесе жұмыс орнында өткізуге болады. Ол үшін арнайы атмосфера, құрал-жабдықтар және абсолюттік тыныштық мүлде қажет емес.  Қажет болатын нәрселер, ол – ішкі уәждеме, осы дағдыны тынықсыз орында меңгеруге ниеттену. 

Келіңдер, медитациялайық

Егер қызметкерлер  медитацияның қаншалықты пайдалы екенін білмесе және ешқашан оны істемеген болса, оны бастайтын уақыт келді.

Көп адамдар уақытының тығыздылығына сілтеп немесе басқа да себептермен кейінге қалдыруға ниеттенеді.

Бойын еркін ұстау үшін көп уақыт жұмсаудың және қандай да бір шарттылықты сақтаудың қажеті жоқ екенін білу қажет. Медитацияның қалай істейтінін білу үшін, одан өту керек.

Барлық адамдар жұмысбасты болғандықтан, жұмыс орнында өткізетін медитацияның бірнеше қағидасын ұсынамыз:

1. Өзіңіздің тыныс алуыңызды қадағалаңыз. Бұл ең қарапайым және тиімді медитация. біраз уақытқа айналысқан нәрсеңізді кейінге қалдыра тұрыңыз, және денеңізді еркін ұстаңыз. Табаныңызбен еденді толық басып, босаңсып тұрыңыз. Денеңізді күнге еріп жатқан мұздың бір бөлігі немесе балмұздақ деп елестетіп көріңізші. Көзіңіз ашық немесе жабық болуы мүмкін. Бірнеше минут ішінде деміңізді қадағалаңыз, деміңізді алғанда және шығарғанда кеудеңіз қалай қозғалатынын, ішіңіздің босаңсығанын, дем алғанда және дем шығарғанда иықтарыңыз қалай қозғалатынын бақылаңыз.

2. Күлімсіреңіз. Бұл байсалды болмауы мүмкін. Мүмкін, біреу бұл іс оған тән емес дейтін шығар. Осы тұста Мюнхгаузеннің сөздерін еске түсірейікші: «Адам ақылды боп көрінсе, ол ақылдылықтың белгісі емес, мырзалар.     Ақымақтықты дәл осы ақылды боп көрінетін адамдар жасайды…Күлімсіреңдер, мырзалар, күлімсіреңдер!»

Жұмыста біз әрдайым қабағымыз түйіліп, тұнжырап жүреміз. Бір уақытқа жұмысты ұмытып, табаныңызды еденге нық қойыңыз. Ендігі іс-әрекетіңіз – күлімсіреу. Күлімсіреуге асықпаңыз. Егер күлкіңіз жасанды болып бара жатқанын сезсеңіз, тоқтатыңыз. Терең дем алыңыз және баяу дем шығарыңыз, содан кейін әрі қарай жалғастырыңыз. Бірқалыпты және баяу дем алыңыз. Өзіңізге қанша мүмкіндік бере аласыз, сонша уақыт «күлімсіреген» қалпыңызда болыңыз.

3. Бір сөзден тұратын мантра. Мантра үшін бір сөзді таңдаңыз. Ол сіз үшін  жағымды және рухтандырушы болуы керек. Денеңізді бос ұстаңыз. Табаныңызбен еденге нық тұрыңыз. Өз тынысыңызды қадағалаңыз. Бір минутқа тоқтап, өзіңізді тыңдаңызшы. Қуанышты және тыныныштыққа толы жағдайыңызға рахаттаныңыз. Таңдалған сөзді іштей қайталауды жалғастыра беріңіз.

4. Серуен кезінде медитациялаңыз. Егер үзіліс кезінде кеңседен шығып, қыдыратын мүмкіндігіңіз болса, медитациямен айналысыңыз.

Тынысыңызды тыныштандыруға және теңестіруге тырысыңыз. 

Серуендеу кезінде сіз өз денеңізге назар аударуыңыз керек: аяқтарыңыз қалай жылжиды, жерді қалай басады, тізелеріңіз бен табандарыңыз қалай жылжиды. Жүріс-тұрысыңызға назар аударыңыз. Серуендеу кезінде қолдарыңыз, сандарыңыз қалай жылжитынын байқаңыз. Содан кейін аяқтарыңызға оралыңыз. Жүріс-тұрыңыз өзгереді. Әрдайым жаяу серуендегенде, тіпті екі минут болса да, медитациямен айналысыңыз.  Сізді қоршаған нәрсенің барлығын сезініңіз. Сізді қоршаған нәрсенің барлығын тыңдаңыз: принтердің дыбысын, пернелерді тықылдатуды, телефон арқылы сөйлесулерді, далада жүрсеңіз күннің жылуын. Жүргенде осы дыбыстар мен сезімдерді бойыңызға сіңіріңіз. Ағымдағы істер туралы ойламаңыз, тек осы уақыттағы іс-әрекеттерге шоғырланыңыз.

Іскерлік кездесуге бара жатқан жүйкеңізді тынышталдыру үшін, осындай медитациямен айналысыңыз. Мүмкіндік бар болса үзілістерді көшеде, таза ауада өткізіңіз. Сондай-ақ, бұл сіз физикалық түрғыда жұмыстан алшақтайсыз және біраз уақыт өз-өзіңізбен бола аласыз.

5. «Сәуле» медитациясы. Қолайлы қалыпты қабылдаңыз. Көздеріңізді жұмыңыз. Күн сәулесі басыңызға түсіп тұрғанын елестетіңізші. Ойша өзіңіздің ішкі кеңістігіңізді емдейтін, жылы, жарқын күннің жарығымен толтыруды бастаңыз. Бірқалыпты, баяу дем алыңыз.

6. Музыкалық медитация. Табиғат дыбыстары, жағымды этникалық музыка – медитацияның тамаша көмекшілері. Құлаққап киіңіз, денеңізді бос ұстаңыз, дұрыс дем алыңыз, музыкаға рақаттаныңыз.

7. Терең дем алу. Егер кеңседе шиеленіскен жағдай болса – бұл күйзеліс пен жанжалдың алдын алудың ең жақсы тәсілі. Креслода ыңғайлы отырыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, мұрын арқылы терең, бірақ баяу дем алыңыз, тынысыңызды тоқтатыңыз да ауыз арқылы деміңізді баяу шығарыңыз. Осыны үш рнет жасаңыз, жай-күйіңіздің өзгергенін көресіз.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу» журналының 2017 жылғы №5  оқыңыздар



Ваша персональная подборка

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией


    Рассылка






    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль