Алғыс рейді және инновациялық ұяқалып

6
Алғыс рейді және инновациялық ұяқалып
Ембердиев А. Ж.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", главный технический руководитель по охране труда – директор департамента охраны труда безопасности и экологии ТОО «ПетроКазахстан Ойл Продактс»
Кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесі тұрақты жетілдіріледі және тиімді қолданылады, оны халықаралық аудиторлар таныды және тиісті сертификат – OHSAS 18001:2007-ді алды

Шымкент мұнай өңдеу зауыты («ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС) (бұдан әрі  – «ПетроКазахстан») – бұл Қазақстан Республикасындағы заманауи, жоғары автоматтандырылған, тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорын.

БІРІНШІ ҚАУІПСІЗДІК

Зауыт автомобиль бензинін, ұшқыр қозғалтқыштарға арналған отын, дизельдік, қазандық отын, вакуумды газойль, тұрмыстық тұтынуға арналған сұйытылған газ шығарады. Мұнай өңдеудің жылдық көлемі 4, 6 млн тоннаны құрайды. Өндірістік процестер жоғары  –  520 оС-қа дейінгі температураны, жоғары – 50 және одан көп атмосфера қысымды қолданумен, толып жатқан жабдықтарды: сорғыларды, компрессорлар, тоңазытқыштарды, сыйымдылықтарды, тазартушы бағандарды және т. б. пайдаланумен жүргізіледі. Бұл ретте көптеген зиянды және қауіпті факторлар орын алады. Сондықтан кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің жұмысын ұйымдастырудағы басты мақсаттар – қоршаған ортаға барынша аз әсер етумен қауіпсіз, жарақаттарсыз және аварияларсыз жұмыс істеу. Бұған  «Бәрінен бұрын – қауіпсіздік!", "Қауіпсіздік – әркімнің ісі!", "Қауіпсіздік – жоспарлы және тұрақты жұмыс» екенін ұғыну арқылы қол жеткізіледі.

Зауыт көптеген жылдар бойы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша  тұрақты жақсы көрсеткіштер көрсетіп келеді.

 Көрсеткіштер

2011

2012

2013

2014

2015

2016

Өндіріспен байланысты жазатайым оқиғалар саны.

0

0

0

0

0

1

Өліммен аяқталған, ауыр және топтық оқиғалар саны.

0

0

0

0

0

0

Мүлік зақымдануының сақтандырушылық оқиғалары.

0

0

0

0

0

0

Санатты авариялар саны.

0

0

0

0

0

0

ЖКО саны.

0

0

0

0

0

0

Әкімшілік экологиялық айыппұлдар

0

0

0

0

0

0

Инспекторлық жасайтын және бақылаушы органдар тарапынан айыппұлдар, талап арыздар,кінә қоюлар.

0

0

0

0

0

Жыл сайын еңбекті қорғауға елеулі қаражат жұмсалады:

2012

2013

2014

2015

2016

Еңбекті қорғау іс-шараларына жұмсалатын шығындар ( млн. теңге).

130,147,7

145, 019

146,064

177, 961

265,830

 Цифрлар қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау  (бұдан әрі - ҚЕҚОҚ) бойынша орындалған жұмыстың тиімділігін растайды. Оқиғалар мен жарақаттанушылық оқиғаларының негізгі бөлігі (90 %-дан астамы) «ПетроКазахстанға» қызметтер көрсететін мердігерлік ұйымдарда тіркелген. Нақ сондықтан, 2009 жылдан бастап бізде мердігерлік ұйымдардың көрсеткіштерін жақсартуды көздейтін «Мердігерлік ұйымдарда ҚЕҚОҚ бойынша қызметті бағалау және жақсарту Бағдарламасы» іске асырылуда. Оның шеңберінде жазатайым оқиғалар мен оқиғалар саны бойынша көрсеткіштер, ҚЕҚОҚ бойынша айқындалған және жойылған бұзушылықтар, жұмыстарды қауіпсіз олрындау бойынша ағымдағы практика бағаланады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысқа

барлық жұмыскерлер тартылған

Өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мұнай өндіру және қайта өңдеу саласындағы бағандардың бірі болып табылады. Және де соңғы 10 жылдың ішінде «ПетроКазахстан» компаниясы еңбекті қорғауды басқаруды жақсарту мәселелерінде елеулі табыстарға қол жеткізді.

Жұмыскерлерді ҚЕҚОҚ бойынша саясат пен рәсімдер, сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздіктің жалпы талаптары туралы ақпараттандыру үшін «ҚЕҚОҚ бойынша басшылық» әзірленді және шығарылды, ол жұмыскерлер арасында таратылды және әрбір жаңадан келген қызметкерге беріледі.

Соңғы 10 жылдың ішінде  «ПКОП» ЖШС-не тиісті мұнай базаларындағы маркетинг және тасымалдау объектілерінде ҚЕҚОҚ жай-күйінің елеулі жақсаруы болып өтті, бұл жерлерде күрделі жобалар іске асырылды.  

Олардың неғұрлым маңыздылары:

–  мұнай өнімдерін  автоцистерналарға құюдың заманауи автоматтандырылған жүйелерін пайдаланумен босатуды ұйымдастыру;

–  «Синтез», «Ақшолақ» және  «Шалғай Қарасу» мұнай базаларындағы артық өнімдерді іріктеу пункттерін монтаждау;

–  темір жол және мұнай базаларының автоқұю эстакадаларында автоматты өрт сөндіру және өрт дабылдамасы жүйелерін орнату;

–  автоматты режимде іске қосылатын, электрмен жабдықтаудың авариялық көздерін (дизельдік генераторлық қондырғыларды) сатып алу және орнату.

Мұнай базаларының басшылығы өртке қарсы қауіпсіздік және төтенше жағдайға ден қою мәселелеріне көп көңіл бөледі. Барлық объектілерде компанияның өрке қарсы ерікті құралымдарының мүшелері мен «Өрт Сөндіруші» мердігерлік ұйымының жұмыскерлерінен өрт сөндіру посттары ұйымдастырылған. ҚР ІІМ ТЖК мемлекеттік өртке қарсы қызметінің күштерін тартумен авариялық жаттығулар мен үйретулер тұрақты негізде жүргізіледі, олардың нәтижелері жұмыскерлер дайындығының деңгейін арттырады және оңды пікірлерге ие болады.

Қызметкерлерді ынталандыру 

 2013 жылдан бастап «ПетроКазахстанда»  «Әлеуетті қауіпті жағдайлар мен қауіпті жағдайлар/іс-әрекеттер туралы хабарлағаны үшін жұмыскерлерді көтермелеу Бағдарламасын» іске асыру басталды. Оның негізгі мақсаты - қауіпсіздікке дұрыс көзқарасты қалыптастыру, хабардарлықты арттыру, өндірістегі тәуекелдерді айқындау мен жазатайым оқиғалардан сақтандыру дағдыларына ие болу, мүмкін болатын оқиғалардан болатын жоғалтуларды болдырмауға бағытталған профилактикалық іс-әрекеттерді белсендіру. Нәтижесі ретінде - жұмыскерлердің денсаулығына қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінің төмендеуі және технологиялық процестерді жүргізу қауіпсіздігін жақсарту.

Бағдарлама қолданылған екі жылдың ішінде ғана оңды кері байланыстың 42 фактісі алынды,  «ПетроКазахстанның» 35 жұмыскері өз уақытында айқындаған жоғары тәуекелдері үшін ақшалай сыйлықақылар, ынталандырулар, мақтау қағаздары мен «Бәрінен бұрын - қауіпсіздік!» төсбелгілерін алды. Сонымен қатар,  2014 жылы «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» АҚ-нда  «Дюпон-Казахстан» компаниясының қолдауымен мақсаты   – ҚЕҚОҚ басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру болған «Қорғау» жобасын іске асыру басталған кезде біз жұмыскерлерді қауіпсіз жұмысы үшін марапаттаумен Алғыс Рейдтерін жүргізе бастадық.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыруға барлық жұмыскерлер тартылды. Әрбір өндірістік бригада, ауысым бригада мүшелерінің жұмысы мен мінез-құлқы, олардың өндірістік және еңбек тәртібін, еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін сақтауы үшін ұжымдық жауапкершілікте болады. Жұмыскерді бағалау еңбек нәтижелері және сапасы бойынша жүргізіледі. Арнаулы рәсіммен қажетті іс-шараларды қабылдау, қауіпті жағдайды немесе әлдекімнің қауіпсіздік нормаларын бұзу фактісін айқындаған әрбір қызметкердің тиісті инстанцияға хабарлауы туралы ереже регламенттелген.

«ПетроКазахстан» ҚЕҚОҚ корпоративтік департаментімен бірге  «Жұмыскерлерді ҚЕҚОҚ бойынша оқыту» жаңа рәсімін әзірледі, ол оқытудың инновациялық ұяқалыбын қамтыған, бұл ұяқалыптың  арқасында әркім өз лауазымы үшін еңбекті қорғау бойынша міндетті және қосымша оқудың түрлері мен мерзімділігін анықтай алады.

Экологиялық жобалар мен бағдарламалар

«ПетроКазахстан» қоршаған ортаны қорғау бағытында орындаған үлкен жұмыс соңғы 10 жылдың ішінде  зауыттың қоршаған ортаға, персонал мен жақын жатқан кенттер халқының денсаулығына зиянды әсер етуін барынша азайтуға, бу газдарының шығарылыстарын төмендетуге, энергия сақтаушы технологияларды енгізуге және   «жасыл» экономикаға өтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл – сумен жабдықтаудың айналыстық циклдерін жасау, аралық тоғандар түбін жерасты суларының ластануын болдырмау мақсатымен су өткізбейтін геожарғақшамен қорғау, топырақтың мұнаймен ластанған учаскелерін биологиялық қалпына келтіру және пирофорлы қосылыстарды биологиялық кәдеге жарату  бойынша биотехнологиялық процестерді енгізу.

Зауытта тазартылған ағын суларды кәсіпорынның өртке қарсы жүйесіне қайтару жүйесі жұмыс істейді, ол қалалық су арнасы желілерінен алынатын таза судың эквивалентті мөлшерін үнемдеуге мүмкіндік береді. 2014-2018 жылдарға арналған кешенді экологиялық бағдарлама әзірленген және белсенді іске асырылуда. Қазақстанда табиғат қорғау жағдайын жақсарту үшін Кедендік одақтың Техникалық регламенті талаптарын қолданысқа енгізумен біздің МӨЗ  К2 экологиялық сыныбындағы отындар шығаруға көшті – бұл  АИ-80-К2, АИ-92-К2, АИ-96-К2 маркаларындағы бензиндер мен ДТ-Л-К2 және  ДТ-З-К2 дизельдік отыны. Бұл ретте шығарылатын бензиндер мен дизельдік отын «Күкірттің массалық үлесі» сипаттамасы бойынша К3 сыныбына сәйкес келеді, бұл елдегі мұнай өңдеу зауыттарының арасындағы үздік көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласында бірнеше ірі жобалар табысты іске асырылды, бірақ ілеспе мұнай газын электр энергиясын өндіру және оны жер қабатына кері айдау жолымен кәдеге жарату басымдыққа ие болды. Бұл жобаның шеңберінде Құмкөлде газ-турбиналық қондырғы,  Арысқұм және  Майбұлақ кен орындарында  – қосынды қуаттылығы 113 МВт болатын газ-пішпекті қондырғылар салынды. Кәдеге жаратылатын газдың жобалық қуаттылығы жылына 280 млн. м3-ты құрайды. Өндірілетін негізгі электр энергиясы кен орындарында тұтынылады, артылғаны сыртқы тұтынушыларға беріледі. Жобаны іске асыру атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар лимиттерін жылына 13697 тоннадан  6013 тоннаға дейін – яғни 2 есе дерлік төмендетуге әкелді.

Осымен қатар, қалдықтарды кәдеге жарату мен көму бойынша объектілер құрылысы жүзеге асырылды және қабылдауының жобалық қуаты  4600 м3 болатын, тұрмыстық қатты қалдықтарды көметін полигон пайдалануға берілді. Әлсіз радиоактивті қалдықтарды кезеңдер бойынша кәдеге жарату және оларды уақытша сақтауға арналған алаңшаны толықтай қайта құрылымдау бойынша жұмыстар жүргізілді. Суға келіп түсетін, құрамында мұнай бар қалдықтардан мұнай өнімдері мен тазартылған топырақты бөліп алуға мүмкіндік беретін жабдық сатып алынды.

Шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды тазартатын объектілер құрылысын да атап өту керек. Арысқұмда қуаттылығы тәулігіне 400 м3 ағын суды тазартатын биологиялық тоғандар пайдалануға берілді, бұл түзілетін ағындарды Құмкөл кен орнына дейін тасымалдауға кететін шығындарды төмендетуге, тазарту тиімділігін арттыруға және осылайша қоршаған ортаға әсер етуді азайтуға мүмкіндік берді.

 2008 жылдан бастап ұңғымалар бұрғылаудың қырмансыз әдісі енгізілді, ал  2015 жылы бұрғылау қалдықтарын қабылдау және қайта өңдеу бойынша өз  полигоны жасалды. Енді қайта өңделген бұрғылау қалдықтары қазылған карьерлерді қалпына келтіру үшін пайдаланылады.  2008 жылғы тамызда ауданы 4,2 га болатын, 1996 жылы қыркүйекте Құмкөл кен орнындағы №2079 ұңғыманың бұрқақтап атқылауы болып өткен,  «тарихи ластану» деп аталатын аумақты қалпына келтіру бойынша үш жылдық жұмыс аяқталды. Аумақты тазарту цеолитті-микробиологиялық технологияны қолданумен жүргізілді. Компания қызметінде іске асырылған жобалар мен «ПетроКазахстан» ҚЕҚОҚ барлық департаменттерінің жемісті жұмысы  өңірлердегі экологиялық жағдайдың өзгеруіне, компания персоналы үшін жұмыстың бұрынғыдан да қауіпсіз жағдайларын жасауға, ең бастысы – оны одан әрі жақсарту үшін мықты іргетас қалыптастыруға оңды әсер етті, өйткені ҚЕҚОҚ департаменті қабылдайтын іс-әрекеттердің негізгі мақсаты «ПетроКазахстанның» әрбір қызметкері өзінің күнделікті жұмысында әрқашанда «Бәрінен бұрын - қауіпсіздік!» алтын ережесін ұстануына қол жеткізу болып табылады.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 4, 2017  

қызметкерлерді ынталандыру



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль