Сейсмикалық қауіптілік және азаматтардың қауіпсіздігі (проблема немесе дилемма)

14
Сейсмикалық қауіптілік және азаматтардың қауіпсіздігі  (проблема немесе дилемма)
Бектемиров Абдраш Карбозович
Автор журнала «Охрана труда. Казахстан», заместитель директора ТОО «Институт сейсмологии», к. э. н., ассоциированный профессор РАМ
Алайда ең үздік регламенттер – бұл жоғалтуларды барынша азайтатындар емес, аварияларды болғызбауға мүмкіндік беретін регламенттер. Қазақстан өзінің сейсмикалық қауіпсіздік "жастығын" жасауға дайын ба?

Адамзат күн сайын өздерінің көлемдеріне қарай ондаған миллиард доллармен есептелетін, жеке тұлға, отбасы, ұжымдар, жергілікті және өңірлік қауымдастықтардың, тұтастай алғанда мемлекеттің тіршілік қарекеті жағдайларына елеулі әсер етуі мүмкін, толып жатқан әртүрлі қауіптіліктерге кез болады. Мүмкін болатын жағдаяттар акуқымдарын сандық жағынан бағалау мен оларды қандай да бір факторлар бойынша жіктеу үшін  «қауіптіліктің» рөлі маңызды. Бұл терминмен қоршаған ортадағы (табиғи және әлеуметтік) жағдаят түсініледі, бұл кезде кейбір жағдайларда (кездейсоқ және заңды сипаттағы) жайсыз оқиғалардың (әскери, техникалық және табиғи сипаттағы – авариялар, табиғи зілзалалардың, эпидемиялар, экономикалық немесе әлеуметтік жанжалдардың және т.б.) іске асырылуы мүмкін. Салдары ретінде қандай да бір қатерлердің, тәуекелдердің туындауы қоғам үшін қолайсыз салдарларға әкеледі.

Проблема немесе дилемма

Қазіргі жағдайда қазақстандық ғалымдарға қоғамға таңдаудың баламасын ұсынуы жеткіліксіз, – шешімді таңдау жасалғанға дейін салдарларын мұқият зерттеу, олардың бағасын айқындау талап етіледі. Бұл үшін мемлекеттік басқару бірінші кезекте адамдардың өмірін, денсаулығын, экономикалық қызметтің барлық салалары мен түрлерінің өндіріс процесін үздіксіз қадағалау негізінде өмір сүруді қамтамасыз ету жүйелерінің сенімділігін  сақтауға бағытталуы тиіс.

Бүгінгі күні Қазақстан аумағының мөлшері бойынша бүкіл Жер шары бетінің 2 %-ын, Азияның  

 6 %-дан астамын алып жатыр, және дүние жүзіндегі аумағы жағынан ең ірі мемлекеттердің  алғашқы ондығына кіреді,  Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан мен Аргентинадан кейінгі орынды иеленеді. Оның аумағының жартысынан көбін (272,49 млн га) шөлейттер (ҚР жер қорының 120,4 млн га немесе 44,2 %-ы) мен шөлдер (61,6 млн га немесе 22,6 %-ы) алып жатыр. Қалған бөлігінен  – 7 %-ы далалардың,  6,2 %-ы – тауалды өңірлерінің үлесіне тиеді. Ел табиғи-климаттық жағдайлары бойынша өте нәзік экологиялық жүйе болып табылады, оған қауіпті табиғи процестер мен құбылыстардың кең ауқымының сыртқы әсер етулеріне жоғары сезімталдық тән.

Мысалға,  2003 жылы 23 мамырда Жамбыл облысының Т.Рысқұлов атындағы ауданында болған Луговой жер сілкінісінің нәтижесінде 20 900 адам баспанасыз қалды. Жер сілкінісі 7 балл (Рихтер межелігі бойынша) қарқындылықпен болып өтті. Қираулар аймағы 38 мыңнан аса адам тұратын 18 елді мекенді қамтыды. Жер сілкінісі салдарларын жою жөніндегі Штабтың арнаулы комиссиясының есептеулері бойынша тікелей материалдық залал 15 587,7 млн. теңгені немесе 105 миллионға жуық $-ды құрады.

Сол  2003 жылы Қазақстан аумағы мен шектес аумақтарда мынадай күшті жер сілкіністері болып өтті: 27 қыркүйекте Ресейдің Таулы Алтайында  магнитудасы 7,4; қарқындылығы 8-9 балл, 1 желтоқсанда ҚХР-мен шекаралас аумақта магнитудасы 5,7; қарқындылығы 7 балл.

Қазіргі уақытта біз үшін неғұрлым үлкен қауіптілік жер сілкіністері, су тасқындары, дауылды желдер мен Жер бетіндегі экзогенді процестер болып табылады. Елдер үшін нақты дабыл дүние жүзінде сейсмикалылық деңгейі артуының байқалуы болып табылады. Бұған Жапонияда (1995), Түркияда (1999), Үндістанда (2001), Индонезияда (2004) және басқаларында болып өткен күшті жер сілкіністері фактілері айғақ болады. Дүние жүзінде болып өткен ең қиратушы жер сілкіністерінің бестігі туралы статистиканың кейбір мәліметтері мынадай.

Статистика

Адамзат тарихындағы ең елеулі жер сілкінісі Жапония жағалауларында 2011 жылғы 11 мамырда болып өткен жерасты дүмпулерінің топтамасы болып есептеледі. Топарал жағалауынан 72 км қашықтықта, 30 км тереңдікте тіркелген, магнитудасы 9 болған ең күшті дүмпу 6 минуттай уақытқа созылды және биіктігі 40 метрден астам цунами туындатты. 15 883 адам қаза тапты, 6 мыңнан астам адам зардап шекті және 2676 адам хабар-ошарсыз кеткен болып есептелді. Цунами «Фукусима» АЭС-ндағы аварияға себепші болды. Жалпы залал - 186-235 млрд $-ды құрады.

Қирату көлемдері бойынша екінші жер сілкінісі Кобе қаласының айналасында  1995 жылғы 17 қаңтарда болып өтті. Күшті қираулардың себебі 16 кма тереңдікте тіркелген, магнитудасы 6,9 дүмпу болды.

 Хонсю аралының 6434 адамы қаза тапты.  150 мыңнан астам ғимараттар жойылды, 300 мың адам баспанасыз қалды. Жалпы залал - 100 млрд $-ды құрады.

Қиратушылығы жағынан үшінші жер сілкінісі 2008 жылы 12 мамырда, Қытайдағы  Сычуань орталық провинциясында болды. Магнитудасы 8 болған жерасты дүмпуі 19 км тереңдікте болып өтті.  69195 адам қаза тапты,  374643 адам жарақаттанды, 18 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кетті.  5-тен   11 млн-ға дейінгі адам баспанасыз қалды. Жалпы залал  - 153 млрд $-ды құрады.

Төртінші орынды 1994 жылы 17 қаңтарда Лос-Анджелестің айналасында болған жер сілкінісі иеленеді. Магнитудасы 6,7 болған жерасты дүмпуі Калифорния штатында, 19 км тереңдікте тіркелді.  57 адам қаза тапты, 8,7 мыңнан астам адам зардап шекті. Жалпы залал  - 20 млрд $-ды құрады.

Келтірген залал мөлшерлері бойынша бесінші жер сілкінісі 2010 жылы 27 ақпанда Чилиде болып өтті. Магнитудасы 8,8, жағалаудан үш километр жерде, 30-35 км тереңдікте тіркелген жерасты дүмпуі ел халқының 80%-ына сезілді. Биіктігі екі метрден жоғары цунами елдің орталығындағы Талькауано портын зақымдады. Погибли 525 адам қаза тапты, 25 адам хабар-ошарсыз кетті. Жарты миллионға жуық үйлер қирады. Жалпы залал  - 15-30 млрд  $-ды құрады.

Жер сілкінісі циклдар

Қазақстан Республикасында  – 14 облыс,  86 қала, 169 аудан, 174 кент бар, бұл жерлерде  17 млн-дай адам тұрады. Өнеркәсіптік әлеуеттің   40 %-дан астамы шоғырланған, халықтың жартысы дерлік тұратын аумақтың елеулі бөлігі сейсмикалық қауіптілікке ұшыраған. Жекелеген өңірлердегі температуралардың ауытқулары: қыста шамамен минус 35 градус Цельсийге, жазда елеулі арақашықтығына байланысты шамамен плюс 40 градусқа дейін жетеді.

Сейсмология проблемаларымен айналысатын мамандардың пікірінше, жер сілкіністері цикліне жүргізілген көпжылдық бақылаулардың негізінде баллдар қайталанушылығының орташа кезеңі мынаны құрайды:

–  7 балл кезінде – шамамен 12 жыл (бұл ретте соңғысынан кейін өткен уақыт аралығы – 7 жылды құрайды);

–  8 балл кезінде – шамамен  30 жыл;

–  9 балл кезінде – 100 жылдан астам.

Арнаулы қызметтер жүргізетін зерттеп-тексерулердің жыл сайынғы нәтижелері сейсмикалық күшейтуді талап ететін ғимараттар мен құрылыстар санының өсіп келе жатқанын көрсетеді. Болжамдық бағалаулар бойынша, сейсмикалық белсенді аудандарда күшті жер сілкінулер туындаған кезде  материалдық залал құрбандықтар мен қираулардың есебінен жүздеген миллиарде теңгеге дейін жетуі мүмкін. Тиісінше, халық пен аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды шешу үшін мемлекетке көп қаражат, оның ішінде қираған үйлердің тұрғындарына бірреттік өтемақылар төлеу үшін қаражат қажет.

Әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде экономикалық залал көлемдерінің, салдарларды жоюға, табиғи зілзалалардан зардап шеккен халық пен аумақты оңалтуға кететін шығындардың өсуін есепке алатын болсақ, жуырдағы перспективада бірқатар көрсеткіштер бойынша ел экономикасы мұндай жоғалтулардың орнын толтыра алмайтыны туралы қорытынды жасауға болады.

Әртүрлі жағдаяттарда экономика объектілері жұмысының орнықтылығын арттыру зақымдаушы факторлардың әсер етуін барынша азайтуға бағытталған ұйымдастыру, инженерлік-технологиялық іс-шаралар кешенін өткізуге байланысты болады. Әдетте, төтенше жағдай режимі енгізілетін кездегі іс-шараларды қоспағанда, оларды әзірлеу мен жүзеге асыруды алдын ала жүргізу қажет.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

Жер сілкіністерінің туындау ықтималдығына неғұрлым көбірек ұшырайтын аймақтардағы қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

–  қызмет көрсетуші персонал штатын дайындалған және аттестатталған қызметкерлермен толымдауға;

–  өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға өндірістік бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға;

–  ғимараттардың қауіпсіздігіне сараптамалардың, техникалық құрылғылар мен құрылыстарды куәлендірудің жүргізілуін қамтамасыз етуге;

–  авариялар, апаттарды оқшаулау мен салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.

Дүние жүзінің көптеген елдеріндегі шешілмеген ғылыми проблемалардың бірі жер сілкіністерін алдын ала көре білу болып есептелетіндігі белгілі.

Олар жер сілкіністерін болжамдау түрлері бойынша:

- ұзақмерзімді (бірнеше жыл),

- орта мерзімді (айлар) және қысқа мерзімді (күндер мен сағаттар) болып бөлінеді.

Оның үстіне болжамның әрбір түрінде нақты практикалық бағытталғандық болады.

Бұл проблемада ведомствоаралық және өңіраралық сипат бар болғандықтан, Қазақстан Республикасы тұрақты негіздегі мемлекеттік тапсырыс ретінде жер сілкіністерінің мониторингіне мұқтаж болады.

Мониторинг қажеттілігі

Бұл жағдайда мониторингтің заманауи түсініктері бойынша, қандай да бір табиғи, табиғи-антропогенді немесе өзге де құбылыстар мен процестердіі жай-күйі мен дамуынбақылаулардың, бағалау мен болжамдаудың белгілі бір жүйесі түсініледі. Қауіптіліктерді сандық бағалау кезінде, мониторингті жүзеге асыру барысында оның шабуылдау ықтималдылығы ғана емес, сырттан болатын әртүрлі қатерлерге қоғамның осалдық дәрежесі де есепке алынады. Алдын алу іс-шараларының жоспарында қоғамның тәуекелдің белгілі факторлары туралы ақпараттану тарауы болуы тиіс. Ақпараттандыру тобының хабарламалары шынайы, қарапайым, дәл және өз уақытында болулары тиіс. Байланыстың қолданылатын құралдарының, оқиғалар орнынан қашықтық пен мәліметтерді оnline-режимде беру жеделдігінің маңызды рөлі бар. Құрылымы, функциялары мен іс-әрекеттері жұртшылықты ақпараттандыруға басшылық етудің барлық кезеңдерінде алдын ала белгіленген болуы тиіс. Барлық элементтер мемлекеттік саясатқа қатаң сәйкестікте болулары тиіс.

Қазіргі уақытта республикада 2016-2018 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар кешені» Жол картасы іске асырылуда. Онда мемлекеттік органдар мен басшылардың жауапкершілігіне жоғары талаптар қойылған. Жол картасы шеңберінде «2017-2019 жылдарға арналған жерүстілік-ғарыштық мониторинг мәліметтері бойынша Қазақстан аумағында күшті жер сілкіністерін болжамдаудың ғылыми-әдістемелік ақпараттық технологиясын әзірлеу» бағдарламасы белгіленген.

Жол картасының орындалуы үшін: «Сейсмология институты» ЖШС мен «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС құрылымдық бөлімшелері бар «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің Ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы жауапты болып табылады .

Азаматтар мен инфрақұрылым объектілерін жер сілкіністерінен құтқару – бұл мүдделі органдардың, қызметтердің негізгі мақсаты. Осыдан ғимараттар мен құрылыстардың белгілі бір баллдағы дүмпулерге дайындығы нысанында олардың жай-күйін бағалау мен төлқұжаттандырумен мамандандырылған ғылыми, өндірістік ұйымдар, мекемелер айналысуы тиіс екендігі келіп шығады. Басқару органдарының мамандарын, мүдделі қызметтерді тартуға қаражат орталықтандырылып бөлінуі тиіс. Сейсмикалық қауіпті өңірлердегі қалаларда төлқұжаттандыруды енгізу қираулардың сипатын, жедел жиналу орындары мен халықты эвакуациялау жолдарын белгілеуге септігін тигізеді. Олардың нәтижелері азаматтарды тозығы жеткен және авариялық үйлерден сапалы тұрғын үй қорына ертерек қоныс аударуға мүмкіндік береді.

Табиғи зілзалаға қарсы тұру мәселелерін іске асыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, олардың аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ ірі сақтандыру компанияларына маңызды рөл беріледі. Іс-шаралар мен сарапшыларды, мамандандырылған ұйымдарды тартумен байланысты басқа да бағдарламаларды қаржыландырудың көзі әлеуметтік, алдын алушылық, білім берушілік және басқа міндеттерге арналған, бюджеттен тыс қорлар болуы мүмкін.

Зілзалалар қауіптілігін азайту жөніндегі II Бүкіл дүниежүзілік конференцияда (Кобе қаласы, Жапония) қабылданған Хиого декларациясында: «зілзалалармен күреске үкіметтер, азаматтық қоғам, халықаралық ұйымдар, ғылыми қоғамдар, қаржы институттары, жекеменшік сектор мен еріктілер қосылуы тиіс. Әрбір нақты адамнан бастап дүниежүзілік қауымдастыққа дейінгі барлық деңгейлерде зілзалалардан сақтандыру мәдениетін арттыру қажет. Тәуекелдер деңгейлерін төмендету проблемасына ұлттық саясатта басымдық сипатын беру қажет» екендігі атап өтілген.

Елдің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар кешені әрқашандағыдан да өзекті. Сондықтан халықты қорғау технологиялары мен мониторингінің ең жаңа әдістерін қолдану Қазақстан дамуының Стратегиясын іске асыруға бағытталған, Ұлт Жоспары – «Бес институттық реформаны іске асыру бойынша 100 қадам» шеңберінде Еурокодтар жүйелері (азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға арналған еуропалық техникалық стандарттар) Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше бақылауына алынған.

Елдің қауіпсіздігі – бұл тек мемлекеттік саясаттың қорғалғандығы ғана емес, сондай-ақ билік институттарының ұлттық мүдделерді іске асыру және қорғау тетіктерін жасауға, қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығын қолдауға дайындығы, қабілеттілігі де.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан қысқаша дәйексөзге назар аударыңыздар: «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»: «Қауіпсіздіктің басымдығы айқын: егер ел оны сақтамайтын болса, онда бізде орнықты даму жоспарлары туралы айту мүмкіндігі болмайды. Біздің ұжымдық қауіпсіздігіміз қамтамасыз етілген кезде әрбір адам оның жеке мүдделері ғана қанағаттандырылған, ал қоғамның қауіпсіздігі тәуекел шегінде болатын кездегіден айтарлықтай көбірек ұтады».

Бүгінгі күн тәртібінде: азаматтардың сейсмикалық қауіптілігі және қауіпсіздігі – бұл проблема немесе дилемма ма?

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 4, 2017  

азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль