Сапа менеджментінің нақты жүйесі кәсіпорынға тек табыс әкеледі

4
Сапа менеджментінің нақты жүйесі кәсіпорынға тек табыс әкеледі
Шумаев Р. Р.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", руководитель Семейского отдела Департамента Комитета технического регулирования и метрологии по Восточно-Казахстанской области, кандидат технических наук
Сапа менджменті жүйесі сертификатының бар болуы – бұл кәсіпорынның таныстыру карточкасы, ол оның сапаға, нарық мүмкіндіктеріне епті және жылдам ден қоюға бейім екендігін көрсетеді.

Табысты халықаралық компаниялардың іс-тәжірибесі мен біліміне негізделген, заманауи сапа менджменті жүйелері (бұдан әрі - СМЖ) нарықты реттеу тетігі мәселелерін кешенді шешуге, қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер етуге мүмкіндік береді.

Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасында 8 527 кәсіпорын менеджмент жүйесін енгізді және халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестігін сертификаттады. Олардың ішінде ИСО:9001 бойынша – 7 281; ИСО:14001 – 13 269; OHSAS:18001 – 1 221; ИСО:22000 – 111, SA:8000 – 16.

Мұндай кәсіпорындардың неғұрлым көп саны республиканың ірі облыстары мен қалаларында шоғырланған:

- Алматы – 2 349 (менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған кәсіпорындардың жалпы санының 27 %-ы);

- Қарағанды облысы – 1 317 (15 %);

- Астана – 1 129 (13 %);

- Ақтөбе облысы – 906 (10,6 %);

- Оңтүстік Қазақстан облысы – 882 (10,3 %);

- Жамбыл облысы – 837 (9,8 %);

- Алматы облысы – 794 (9,3 %).

Кәсіпорындардың неғұрлым аз саны:

- Солтүстік Қазақстан облысы – 145 (менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындар жалпы санының 1,7 %-ы);

- Қостанай облысы – 250 (2,9 %);

- Ақмола облысы – 283 (3,3%).

Тұтастай алғанда, менеджмент жүйесін ендірген кәсіпорындардың жалпы саны соңғы уақытта Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде арта түсті. Өйткені артықшылықтары айқын. СМЖ тек компания басшысына ғана:

- кәсіпорынның басқарылушылығын арттыру, белгіленген рәсімдер бойынша жұмыс;

- өнім берушілердің сенімділігін бағалау;

- бөлімшелер жұмысы тетігін реттеу;

- шығындарды төмендету есебінен пайдалылықты арттыру;

- сара жүйесі мәліметтерін пайдалана отырып, шешімдер қабылдау;

- кез келген кезеңде  ақпаратты тұрақты алу мүмкіндігін береді.

Солай болса да, кереғарлық, – СМЖ енгізген кәсіпорындардың бәрі бірдей оның қағидаттарын қадағаламайды. Жүйе көбінде экономикадағы дағдарыстық құбылыстар, қаражат пен білікті персоналдың жоқтығы, ескі жабдықтар және т.б. сияқты факторлардан ғана емес, басқа да факторлардың себебінен жұмыс істемейді. Кейбіреулері мемлекеттік сатып алуларға тендерді жеңіп алу үшін сертификат алуға ұмтылады. Ал стандарттарды енгізуге асықпайды…

Сондықтан бұл жүйелер нақты жұмыс істейтін кәсіпорындар мысалында СМЖ тиімділігі мен нәтижелілігі туралы әңгімелеу қажет. Семей қаласында СМЖ  «Семей цемент зауыты»  ЖШС-нде (бұдан әрі  –  «СЦЗ» ЖШС) табысты жұмыс істеуде.

Кәсіпорын 2008 жылы ИСО:9001-2000 халықаралық стандарты бойынша сертификатталды,  2014 жылы – ойдағыдай қайта сертификатталды. 2016 жылдың маусым айында   BM TRADA CERTIFICATION Ltd-тің өкілі – «BMT Cert» ЖШС кезекті инспекторлық аудит өткізді. Аудит қорытындылары бойынша: «Өте кемеліне келген, сенімді QMS (quality management system - сапаны басқару жүйесі). Белгіленген мақсаттарға  90 %-дан астам қол жеткізіледі. Бүкіл технологиялық процесте жоғары мөлдірлік бар. Персонал сауатты, жақсы оқытылған» қорытындысы берілді .

 2015 жылы зауыт үшін  МемСТ 22266-2013 «Сульфатқа төзімді цементтер. Техникалық талаптарға» сәйкес ССПЦ-400Д0 маркалы цементтің жаңа өндірісі іске қосылды. 2016 жылы кәсіпорын өнімі Ресей Федерациясында сертификатталды, оны Ресей құрылыс индустриясының 40-тан астам кәсіпорындары алады, оларға 90 мың тоннадан астам жоғары сапалы цемент экспортталды. Мұндай нәтижелерге қол жеткізуге тиімді әрекет еткен СМЖ мүмкіндік берді.      

Соңғы екі жылдың ішінде зауыт материалдық-техникалық базаны айтарлықтай жаңартуды жүргізді. Шикізат дайындау және клинкер күйдіру цехында жөндеуаралық кезең мерзімдерін арттыру және отқа төзімділердің меншікті шығынын төмендету, айналатын пештерді шегендеу үшін «Refratechnik» компаниясының «PERILEX» отқа төзімді кірпішінің жаңа түрлері пайдаланылды. Шығарылатын өнім сапасын арттыру үшін тарту цехында №1, 5 цемент диірмендерінде ішкі жарақтандыруды монтаждау жүргізілді.  №3 қазандағы бу-су цехында MasterSCADA  ортасында көзбен шолумен БӨАжА аспаптарының жаңа желісін орнату жүргізілді. Жылулық блокта электрқозғалтқыштар және жарықтық дабылдама қорғанысымен автоматиканың жаңа сұлбасын жинау жүргізілді. Қоршаған орта мен атмосфералық ауаға әсер етуді төмендету бойынша бірқатар табиғат қорғаушылық іс-шаралар өткізілді (тек осы бағытта ғана 28 378 000 теңге игерілді). НТКИ  цехында (ізбес тас карьері) жүккөтерімділігі 40 тонна болатын бір роторлы балғалы уатқыш қосымша орнатылды.

Кәсіпорын зертханасы жыл сайын зертхана аралық салыстыру сынақтарына (бұдан әрі - ЗАСС) қатысады, бұған Ресей, Қазақстан мен Қырғызстанның 20-дан астам цемент зауыттары қатысады. Соңғы ЗАСС-дың қорытындылары бойынша бұл сынақ зертханасы қызметкерлерінің құзіреттілігі мен жоғары біліктілігін растайтын қорытынды алынды.

 «Семей цемент зауыты» ЖШС әлеуметтік-жауапты кәсіпорын болып табылады.  Жыл сайын еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды қаржыландыруға елеулі қаражат бөлінеді.  2015 жылы персоналды оқытуға жұмсалған шығындар 5 736 570 теңгені (667 адам) құрады. 2016 жылы зауыт қызметкерлері Семей қаласы бойынша «КазИнСт» РМК өкілдігі базасында біліктілікті арттырудан өткізілді. Кәсіпорында денсаулық сақтау пункті бар, ол жерде барлық қызметкерлерге профилактикалық тегін тексеріп-қараулар өткізіледі.

«СЦЗ» ЖШС басшылығы кәсіпорында өндіріс мәдениетін қамтамасыз етеді. Өнім өндірісінің технологиялық нормативтерін, жабдықтардың сенімділігі мен авариясыз жұмыс істеуін сақтау есебінен шығарылатын өнім сапасы үшін жауапкершілік артады. Мұны 2014 жылы  әлеуметтік жауапкершіліктің  «Парыз» республикалық конкурсында «СЦЗ»  ЖШС-нің  «Үздік ұжымдық шарт» аталымында дипломмен марапатталуы көрсетті. 2015 жылы  –  Сараптама мен сертификаттаудың Ұлттық орталығының «Сапа саласындағы жоғары жетістіктері үшін» дипломымен атап өтілді.

Дағдарыстық жағдайларда, қазақстандық кәсіпорындардың алдында «жүзуді жалғастыру» міндеті тұрған кезде бұл өткізудің жаңа нарықтарын іздестіруді, өндірісті жаңғыртуды, шығарылатын өнім жиынтығын кеңейтуді білдіреді. Бүгінгі күні Қазақстанның бірқатар кәсіпорындары шетелдік әріптестермен жұмыс істей бастады. Және де бұл сапа мәселелеріне көзқарастарды қайта пайымдауға міндеттейді, персонал біліктілігін арттыруға, ендірілген СМЖ бойынша нақты жұмыс істеуге маәжбүрлейді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау, № 4, 2017 



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль