Өнім сапасы мен еңбек қауіпсіздігі өзара байланысты

4
Өнім сапасы мен еңбек қауіпсіздігі өзара байланысты
Сыроежко Л. В.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", инженер по охране труда и технике безопасности ТОО «Блок», г. Петропавловск
Электроқшаулаушы материалдар өндірісі денсаулық үшін тәуекелмен байланысты. Сондықтан жұмыс процесінде қауіпсіздік техникасы негіздерін ұстану маңызды, оларды білу жарақаттар алу мен жабдықтардың сынуын болғызбауы мүмкін.

Петропавл қаласындағы «Блок» ЖШС  1995 жылдың қаңтар айынан бастап трансформаторлар жүйесінде қолданылатын электроқшаулаушы материалдар мен әртүрлі тағайындалудағы электр жабдықтары:

– слюдалық электроқшауламасы – қалыптық, төсемдік, икемді миканиттер;

– шыны миканиттер;

- жалтырсырлық  маталар;

- электроқшаулағыш жалтырсырлар;

- шайырлы таспа;

–  электроқшаулағыш иілімді түтікше өндірісіне маманданып келеді.

Ал  2008 жылдан бастап кәсіпорын  «Ризолин» су оқшаулайтын шатырлық материалын шығарады.

Оқырмандар үшін түсіндірейін: миканиттер — үзіліп алынған слюда жапырақшаларын шайырлар немесе жалтырсырлардың көмегімен желімдеу жолымен алынатын қатты немесе иілімді табақтық материалдар.

Басты қызмет көрсету бойынша

Бүкіл өндіріске қызмет көрсету бойынша басты учаскелер жөндеу-механикалық және электртехникалық учаскелер болып табылады. Олар жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуі мен техникалық ақаусыздығын қамтамасыз етеді, тозған тетіктерін алмастырады, бұл жазатайым оқиғалардан сақтандыру мен қауіпсіз жұмысқа жағдай жасайды. Кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы саны – 83 адам.

 «Блок» ЖШС еңбекті қорғау қызметін жұмыс өтілі 19 жылдан астам, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы (бұдан әрі - ЕҚжҚТ) жөніндегі инженер басқарады. Ол кәсіпорын бөлімшелерінің еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіреді, барлық қажетті құжаттаманы жүргізеді, жұмысшыларды еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы мәселелері бойынша ақпараттандырады.

Жұмысқа жаңадан қабылданғандардың бәрі кіріспе нұсқамадан өткізіледі, онда әзірленген және бекітілген бағдарлама бойынша кәсіпорындағы жұмыс регламенті, тәртіпті, өрт қауіпсіздігін, электр қауіпсіздігін, өндірістік санитария мен еңбек гигиенасын сақтау, қауіпсіздік техникасының жалпы талаптары, зиянды өндірістік факторлар, өндірісте зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету және т.б. туралы әңгімеленеді.

Еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмыс орнындағы нұсқаманы бөлімшелер бойынша жауапты тұлғалар тоқсанына бір рет өткізеді. Осы мақсатпен барлық қажетті нұсқаулықтар әзірленген және бекітілген, олар учаскелерге орналастырылған.

Бөлімшелердегі жұмыс орындарында жаңадан қабылданған қызметкерлерге тағылымдама журналы жүргізіледі. Тағылымдама өндіріс ерекшеліктеріне байланысты біліктілігі және мамандығына қарамастан өткізіледі. Және орындалатын жұмыстың күрделілігі мен тәуекелдерге байланысты бірден 14 ауысымға дейін болуы мүмкін.

Бұйрықпен тағайындалған жауапты тұлғалар өз бөлімшелерінде еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуына, қорғаныс құралдарының қолданылуына бақылау жасауды жүзеге асырады, жұмысты орындау тәсілдеріне назар аударады, өндіріс технологиясының сақталуын қадағалайды.

Жұмысшылар жұмысқа бұл жабдықтағы жұмыс ережелерімен, қауіпсіздік техникасы мен өнеркәсіптік санитария бойынша жалпы ережелермен және қағидалармен танысқаннан кейін ғана кірісе алады. Жұмыс басталардың алдында өз жұмыс орнын, арнаулы киімнің жай-күйін, қорғаныс құралдарының  (көзілдіріктер, қолғаптар, халаттар мен жеке қорғанудың басқа да құралдарын) бар екендігін, жабдықтардың ақаусыздығын тексереді.

Ерекше назар

  Машиналар мен білдектердегі барлық айналатын және қозғалатын бөліктерінің қоршалуына ерекше назар аударылады.
   Бұл ретте барлық бөгде тұлғалар жазатайым оқиғаны болдырмау үшін әкетіледі. Желдетілу міндетті түрде тексеріледі және егер ақаулық айқындалса, бұл туралы шұғыл іс-шаралар қабылдау үшін дереу шеберге баяндалады. Жұмыс кезінде жұмыс орнының тазалығына ерекше назар аударылады.

-  Қоршауды алып тастауға;

- машинаны тазартуды, майлауды жүргізуге болмайды!

Ұзын шаштар үшкіл жаулықтың немесе бас киімнің астына жинастырылуы тиіс. Халаттың жеңдері  – сенімді  етіп байланған немесе жеңселер кигізілген болулары тиіс.

 «Блок» ЖШС кәсіпорнындағы барлық сұйыққоймалар тыныстау клапандарымен жарақталған, шикізатты қабылдау сорғымен жүзеге асырылады, сыйымдылықтар ұшқын шығармайтын металдан жасалған аспаппен ашылады, өйткені еріткіштердің тұтанып кетуі мүмкін. Автомашина сыйымдылығынан еріткіштерді сұйыққоймаға құю кезінде еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженер қауіптілігі жоғары жұмысқа наряд-рұқсат береді, онда мыналар:

- дайындық, қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша іс-шаралар;

- қорғаныс құралдары;

- өрт сөндіру құралдары көрсетіледі.

Бұл жұмыстарды орындайтын персонал үшін қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқама өткізіледі.

Кәсіпорында еңбекті қорғау кабинеті бар, ол барлық қажетті:

- кәсіптер мен жұмыстардың түрлері бойынша еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтармен;

- лауазымдық нұсқаулықтармен;

- нормативтік және заңнамалық құжаттамамен;

- көрнекті үгіт, плакаттармен жабдықталған.

Қызмет көрсетуші персонал жыл сайын оқу орталығында прекурсорлар бойынша оқыту мен білімдерін тексеруден өткізіледі, олардың нәтижелері бойынша куәлік беріледі (прекурсорлар – бұл жаңа бірыңғай заттың түзілуіне әкелетін реакцияға қатысатын химиялық заттар. Бұған қоса, бұл терминмен уытты заттар өндірісіне қатысатын реагенттер де білдіріледі).

Персоналды оқыту

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V (06.04.2016 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) Еңбек кодексіне  (бұдан әрі - ҚР ЕК) сәйкес, бекітілген бағдарлама бойынша жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімдерін тексеру жүргізіледі. График жасалады, емтихан қабылдау мерзімдері белгіленеді, бұйрықпен үш адамнан тұратын аттестаттау комиссиясы тағайындалады. Білімдерін тексеру билеттер бойынша жүзеге асырылады, нәтижелері хаттамада жіберілгені туралы белгімен тіркеледі.

Жұмыскерлердің жекелеген санаттары оқыту және біліктілікті арттыру орталықтарында оқыту мен аттестаттаудан өтеді. Жыл сайын мамандандырылған ұйымда электр қондырғыларына қызмет көрсететін техникалық персоналдың жұмыс нормалары мен ережелері бойынша білімдері тексеруден  өткізіледі.

Қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

Қауіпті жұмыстар тізбесі жасалады және бекітіледі. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер жұмыстарды орындауға жіберілгені туралы белгі қоюмен белгіленген нысан бойынша наряд-рұқсат береді.

Жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандандырылған аккредиттелген зертхана жыл сайын жерлендіруші құрылғының кедергісіне бақылау өлшеулерін  жүргізеді, элементтер арасында тізбектің бар екендігін тексереді.

Әрбір бөлімшеде киім ілетін жері бар тұрмыстық үй-жайлар бар. Ауызсу режимі ұйымдастырылған, суды жылыту және салқындату құрылғылары орнатылған, киім ілетін жеке және жұмыс киіміне арналған шкафшалармен жабдықталған, жылы санитарлық тораптар, қол жууға арналған қондырғылар бар. Ортақ пайдалану үшін сабын беріледі.

Кәсіпорын жұмыскерлері жұмыс беруші қаражатының есебінен арнаулы киім, арнаулы аяқ киім, жеке қорғану құралдарын, қолдарды өндірістік ластанулардан қорғауға арналған кремдер алады. Әрбір жұмыскерге арнаулы киім алуы бойынша есептік карточка жүргізіледі.

Барлық учаскелерде қорғаныс құралдары (көзілдіріктер, қолғаптар, тұмылдырықтар, газтұтқылар, қорғаныс дулығалары, монтаждау белдіктері) бар. Ұжымдық қорғаныс құралдары – ағынды және сорып шығаратын желдетулер бар.

Жұмыскерлер тізім бойынша зиянды өндірістік фактор үшін сүт, ауысымда бір рет - түскі ыстық тамақ алады, жабдықталған асхана бар.

Кәсіпорын жұмыскерлері жыл сайын медициналық тексеріп-қараудан өткізіледі. ЕҚ және ҚТ жөніндегі инженер медициналық тексеріп-қараудан өтуді ұйымдастыруды, құжаттаманы, бақылауды  жүргізеді. Әрбір учаскеде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған медициналық қорапшалар бар. Қорапшада түсіндірмелік ақпарат – дәрі-дәрмектердің тізбесі, олардың тағайындалуы мен қолданылуы бар, қорапша құрамы тұрақты тексеріліп тұрады.

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер:

- күн сайын кәсіпорынның бүкіл аумағын аралап шығады, өндірістің барлық учаскелерін қауіпсіз еңбек жай-күйі бойынша тексеріп-қарап, бақылау жасап шығады;

- журналға тіркеумен мақсатты нұсқамалар өткізеді;

- жыл сайын, хаттамаға белгі қоюмен өрт қауіпсіздігі бойынша техникалық минимум өткізеді;

- жыл сайын, электртехникалық персоналдан тыс жұмыскерлерге журналға белгі қоюмен, бекітілген бағдарламамен электр қауіпсіздігі бойынша топ береді;

- жыл сайын кәсіпорын жұмыскерлерінің арасында аварияға қарсы жаттығулар өткізеді, кәсіпорын басшылығы бекітетін график жасайды, төтенше жағдайларда аварияны жою кезіндегі жаттығулардың егжей-тегжейлі жобасын әзірлейді.

Қорытындыда біздің кәсіпорында көптеген сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттары, марапаттардың бар екендігін атап өткім келеді, олар шығарылатын өнімге деген мүдделілікті ғана емес, сондай-ақ оның сапасын да бейнелейді. Бұл еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін тиісті дәрежеде сақтаусыз мүмкін болмайды.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 4, 2017  



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль