Жалақыдан салық шегерімдері: түрлері және қолдану қағидасы

9
Жалақыдан салық шегерімдері: түрлері және қолдану қағидасы
Третьякова Альбина Анатольевна
Эксперт ЭС «ACTUALIS: Кадровое дело», автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Алматы
Осы мақалада біз жұмыскерлердің табысын айқындау кезінде салық шегерімдерінің қандай түрлері қолданылады және салық шегерімдеріне қолданылатын жалпы қағидалар қандай, сол туралы айтып береміз.

Жұмыскерлердің табысын айқындау кезінде қолданылатын салық шегерімдерінің түрлері

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» № 99-IV кодексінің (2017.01.05 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР СК) 166-бабына сәйкес  жұмыскердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл iшiндегi әрбiр ай үшiн мынадай салық шегерімдері қолданылады:

·       республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және табысты есепке жазу күні қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшеріндегі, табыс есебіне жазылатын тиісті айдағы сома. Бір жылдағы салық шегерімінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ағымдағы жылдың әрбір айының басында қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінің жалпы сомасынан аспауға тиіс;

·       Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мөлшердегі мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы;

·       Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;

·       жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақыларының (егер шартта сақтандыру сыйлықақыларын бөліп төлеу көзделген жағдайда – мерзімдік сақтандыру жарналарының) сомасы;

·       Қазақстан Республикасының резидентi жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар;

·       ҚР СК 6-бабының 6-тармағында белгіленген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар.

Әр салық шегерімін егжей-тегжейлі қарастырайық

1. Ең төменгі жалақы мөлшеріндегі салық шегерімі. Шегерім  2017 жылы 24 459 теңге болатын, ең төменгі жалақы мөлшерінде табысты есептеудің әрбір айы үшін қолданылады. Сондықтан күнтізбелік жыл ішіндегі салық шегерімінің жалпы сомасы 12 еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен, яғни,  293 508 теңгеден аспауы тиіс.

 Егер салық шегерімінің сомасы ҚР СК 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған, қызметкердің бір айға айқындалған табысының сомасынан асып кетсе, онда асып кеткен сома қызметкердің салық салынатын табысын азайту үшін күнтізбелік жыл шегінде келесі айларға рет-ретімен ауыстырылады.

Бұл ретте, салық кезеңi iшiнде жұмыскер жұмыстан босатылған жағдайда, оның қайта ұйымдастырылу жағдайларын қоспағанда, алдыңғы жұмыс берушіде жұмыс кезеңі ішінде құралған асып түскен сома жаңа жұмыс берушіде есептелмейді.

   Егер жеке тұлға бір ай ішінде күнтізбелік он алты күннен аз уақыт қызметкер болса, онда жұмыскердің табысын айқындау кезінде салық шегерiмі жүргiзiлмейдi.

2. Мiндеттi зейнетақы жарналары ретіндегі салық шегерімдері.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыстың 10 % мөлшерiнде белгiленедi.

Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерінен, яғни  1 834 425 теңгеден аспауға тиiс.

3. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» № 105-V Заңына сәйкес (2016.09.04 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) ерікті зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімдері Қазақстан Республикасының ерікті зейнетақы жарналарын төлеуге арналған шығыстар бойынша резидент-жеке тұлға қолданады.

Ерікті зейнетақы жарналарын ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес жасасқан мөлшерде өз табысы есебінен өз пайдасына жеке тұлғалар – салымшылар енгізеді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

      1) елу жасқа толған;

      2) мүгедек болып табылатын;

      3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.

Ерiктi зейнетақы жарналары бойынша салық шегерімдерін қолдану үшін растау құжаттары:

1) ерiктi зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт;

2) ерiктi зейнетақы жарналарын  төлегенін растайтын құжат.

4. Сақтандыру сыйлықақылары бойынша салық шегерімін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын (мерзiмдi сақтандыру жарналарын) төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы №6  оқыңыздар



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль