Ынталандырушы төлемдер – жұмыс берушінің құқығы ма, әлде міндеті ме?

14
Ынталандырушы төлемдер – жұмыс берушінің құқығы ма, әлде міндеті ме?
Елемесова Маржан Адилхановна
Master of Business Administration, профессиональный бухгалтер-практик.
Еңбек кодексінде берілген тұжырымдамаларға қарай ынталандыру сипатындағы төлемдер (сыйлықақыларды, үстемеақыларды, қосымша ақыларды қоса) жұмыс берушінің міндеті, сондай-ақ оның құқығы болуы мүмкін.

Осыған байланысты еңбек шартын дұрыс құрастыруға назар аудару керек. Еңбек шартының «Еңбекке ақы төлеу» атты бөлімінде еңбекақының қандай бөліктерден құралытыны көрсетілуге тиіс.

Егер еңбек шартында еңбекақы лауазымдық айлықақыдан, өтемақы төлемдерінен және ынталандыру сипатындағы төлемдерден құралатыны көрсетілсе, бұдан әрі ынталандырудың нақты көрсеткіштері белгіленсе, онда асы арқылы ынталандыру сипатындағы төлемдердің еңбекақының құрамдас бөлігі болып табылатындығы бекітіледі.

НАЗАРҒА АЛЫҢЫЗ

Ынталандыру сипатындағы төлемдердің қандай жағдайда міндетіне айналатынын жұмыс беруші өзі анықтайды.

Еңбек шартында сыйлықақының мөлшері көрсетілген жағдайда сыйлықақы беру шарттарын көрсету және (немесе) жұмыскерлерге сыйлықақы төлеуді реттейтін жергілікті актілерге сілтеме беру керек. Жұмыскерлерді осы жергілікті актілермен таныстыруда осы мәліметтер мен дәлелдердің болмауы сыйлықақының еңбекақының құрамдас бөлігі болып табылатынын және міндетті түрде төленуге тиіс екенін білдіреді.

Еңбекке ақы төлеу жүйесіне кірмейтін бір реттік сыйлықақылар жергілікті нормативтік актімен, келісіммен, ұжымдық шартпен белгіленбеген, ол жұмыс берушінің қалауы бойынша төленеді және міндетті төлем болып саналмайды.

Бір реттік сыйлықақы еңбекке ақы төлеу қорына енгізіледі және Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес барлық салық түрлері ұсталады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Сыйлықақы беру мөлшері, кезеңдері немесе сыйлықақы төлеу жиілігі заңнамамен регламенттеледі және ұйым басшылығымен, ұжымдық шарттармен, жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді.

ОН ҮШІНШІ ЖАЛАҚЫ

Кеңес Одағында 13-ші жалақы деген атауға ие болған жылдық сыйлықақыны есептеу және төлеу қағидалары КСРО Мемлекеттік еңбек комиссиясының Қаулысымен, КОБОК-нің 1983 жылғы 10 тамыздағы «Халық шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлеріне жылдың қорытындысы бойынша жалпы жұмыс нәтижелері үшін сыйақы төлеу тәртібі мен шарттары туралы ұсынымдарды бекіту туралы» № 177 Президиумімен регламенттелген. Бүгінде Қазақстанның заңнамасында «13-ші жалақы» деген ұғым жоқ, алайда «жылдық сыйлықақы» деп аталатын ұғым бар. Аталған сыйлықақы түрі жыл қорытындылары бойынша төленетін ерікті материалдық сыйақы болып табылады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Жылдық сыйлықақы (жыл қорытындылары бойынша жұмыскерлерге берілетін сыйлықақы) ұйымның жарғысында көрсетілген қаржыландыру көздерінен, қағида бойынша, материалдық көтермелеу қорының, еңбекке ақы төлеу қорының немесе әлеуметтік даму қорының қаражатынан төленеді.

Жылдық сыйлықақы басқа ынталандыру сипатындағы сыйақылар секілді белгіленбеген және ұжымдық шарттар мен жұмыс берушінің актілерінде қарастырылған шарттарға қарай кез келген соманы құрауы мүмкін. Іс жүзінде жылдың соңындағы сыйақы мөлшері айлықақының толық мөлшерін құрайтын сыйлықақы болып табылатын жағдайлар жиі кездеседі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Ұжымдық шартта былай делінуі мүмкінЖылдың соңында жұмыскердің тәртіп бұзушылықтары болмаған және жұмыста белгілі нәтижелерге жеткен жағдайда оған сыйлықақы беріледінемесетәртіп бұзушылықтары болмаған жұмыскерге күнтізбелік жыл өткен соң бір айлық жалақысы мөлшерінде сыйлықақы төленеді

Жылдық сыйлықақы мынадай жолмен есептелуі мүмкін:

Басшылық күнтізбелік жыл өткен соң қызметкерлердің сыйлықақысына 3 000 000 теңге бөлді.

Жалпы еңбекақы төлеу қоры  = 2 800 000 теңге  (бұл бір жыл ішінде жұмыскерге төленген еңбекақы сомасы, еңбекке жарамсыздық парағының, еңбек демалысының және т. с. с. төлемдерін алып тастағанда).

Сыйлықақы сомасы жалпы еңбекақы төлеу қорына бөлінеді: 3 000 000/2 800 000 = 1,07 теңге. Әрбір еңбекпен тапқан теңгеге 1,07 теңге сыйлықақы қосылады:

Жұмыскердің Т. А. Ә.

Төленді (бір жылдық еңбекақы, теңге)

Жылдық сыйлықақы (бір жылдық еңбекақы × 1,07 теңге)

1

Иванов И. И.

200 000

214 000

2

Петров П. П.

150 000

160 500

3

Сидоров С. С.

300 000

321 000

МЫСАЛ

Компания жылдың соңында жобаның сәтті аяқталуының нәтижесінде ынталандыру ретінде қызметкерлерге айлықақы мөлшерінде жылдық сыйлықақы төлеу туралы шешімге келді.

Басшылық сыйлықақыға 726 600 теңге бөлді, бұл іс-шара бухгалтерлік құжаттарда былай тіркелген:

Қызметкердің Т. А. Ә.

Айлықақы

Сыйлықақы беру %

Жылдық сыйлықақы (еңбекақы × сыйлықақы беру % /100 %)

1

Антонова Т. И.

100 000

100

100 000

2

Дубова Н. С.

50 000

80

40 000

3

Азитаев А. Т.

80 000

85

68 000

4

Ризабекова М. С.

130 000

120

156 000

5

Оспанов Т. А.

102 000

30

30 600

6

Ивакин С. С.

80 000

40

32 000

7

Головенко Н. Н.

200 000

150

300 000

ЖИЫНЫ

726 600

Жылдық сыйлықақы төлеуге бөлінген қаражат көлемі шектеулі болған жағдайда жылдық сыйлықақы белгіленген сомамен де берілуі мүмкін. Аталған есептеу тәсілі ұжымдық шартта немесе компанияның жергілікті нормативтік актілерінде тіркеледі.

Еңбек заңнамасында сыйлықақы беруге қатысты еңбекке ақы төлеу мөлшерін белгілегенде, сонымен бірге өзгерткенде және басқа жағдайларда кемсітушілікке тыйым салу туралы норма қарастырылған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414- V Еңбек кодексінің (2017.01.01. өзгертулер мен толықтырулармен)  (бұдан әрі – ҚР ЕК) 107-б. сәйкес, жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу және ынталандыру жүйесі ұжымдық, еңбек шарттарының талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалады.

Бұл ретте келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары ҚР ЕК және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 6 оқыңыздар 



Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль