Газтұтқылық сүзгілерді таңдап алудың ерекшеліктері

18
Газтұтқылық сүзгілерді таңдап алудың ерекшеліктері
Уссенов А. К.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", технический специалист компании «3М Казахстан»
Сүзгілік газтұтқының негізгі міндеті – ластанған ауаны онымен тыныс алуға болатындай ету. Нақ сіздердің кәсіпорынға қажеттілерін талдауға және таңдап алуға көмектесеміз.

Тыныс алу мүшелері арқылы әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, бұлар:

- жұмыс аймағын қоршаған ауаның құрамындағы әртүрлі қоспалар, олардың тіпті шамалы мөлшерімен тыныс алу  ағзаның жайсыздық немесе денсаулықтың бұзылуы түріндегі жауап әрекетін туындатуға қабілетті;

- қалыпты атмосферамен салыстырғанда ауа құрамында оттектің, көмірқышқыл газының немесе инертті газдардың артуы немесе азаюы.

Сондықтан еңбекті қорғау саласындағы неғұрлым өзекті міндеттердің бірі жұмыс аймағы ауасының құрамында  болатын зиянды газдар мен булардан қорғау болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындарда оқшаулаушы материалдардан орындалған, газтұтқылық немесе аралас сүзгілері (картридждер, патрондар) бар бетперделер мен жартылай бетперделер белсенді пайдаланылады.

Негізгі факторлар

Газтұтқылық картридждердің тиімділігін бағалау үшін үш негізгі параметрді бөліп көрсетуге болады:

- жұмыстық жағдайларда қорғауы;

- пайдалану кезіндегі жайлылығы;

- бағасы.

Егер баға сандық салыстыруға айтарлықтай оңай көнетін болса, онда қорғау мен жайлылық деңгейін бағалау тетігі айқын болып табылмайды. Аталған параметрлерді неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырамыз.

Қорғаныс

Сүзгімен қамтамасыз етілетін қорғаныс:

- картридждің жұмыс аймағы ауасындағы зиянды газдар мен буларды кетіру қабілеттілігімен;

- картридждің қорғаныстық әрекет уақытымен (қызмет ету мерзімімен) анықталады.

Соңғы  параметр әртүрлі жағдайларда тиісті газдарға қатысты сүзгінің қорғаныстық әрекетінің ең аз уақытын анықтау бойынша сынақтар жүргізуді қарастырады.

Қорғаныстық әрекет уақыты  – бұл стандартты ағын, температура мен салыстырмалы ылғалдылық кезінде берілген мөлшердегі газ-бу-ауа қоспасы өткізілетін сүзгі ауаны қоспалардан өтіп кететін мөлшерге дейін тазартуға қабілетті болатын уақыт. Өтіп кететін мөлшер – стандартпен белгіленген, сүзгіден шығатын ауадағы тест-заттың мөлшері, бұл кезде газтұтқылық сүзгі істе сыналған болып есептеледі, сынақ тоқтатылады және қорғаныстық әрекет уақыты тіркеледі.

Барлық сүзгілерді мыналарға бөлуге болады:

- сүзгіленетін газдардың үлгісі бойынша маркалар (А, В, Е, К, АХ, SХ және басқалар) (см. таблицу);

- сүзгілену тиімділігі бойынша сыныптар (1сынып – тиімділігі төмен сүзгілер, 2 сынып – тиімділігі орташа сүзгілер, класс 3 сынып – тиімділігі жоғары сүзгілер).

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер өндірушілерді бұйымдарда картридждің қорғаныстық әрекетінің орташа уақытын көрсетуге міндеттемейді, ал сертификаттау сынақтары сүзгілердің стандарттар талаптарына сәйкестігін тексеру ғана болып түсініледі – олардың қорғаныстық әрекет уақыты онда белгіленген ең төменгі жол берілетін шекарадан асып кетуі тиіс. Бұл мән-жайды ескеретін болсақ, нарықта тиімділіктің бір сыныбына жататын, бірақ қорғаныстық әрекеттерінде бірнеше есе айырмашылықтар болатын картридждерді кездестіруге болады.

Оған сүзгілерді сыныптарға бөлу негізделетін сүзгілік қабілеттілік ретінде картридждің ауаны зиянды газдар мен булардан тазарту тиімділігі түсініледі. Мұнымен бірге зертханалық зерттеулер сүзгілердің бәрі бірдей 100-пайыздық сүзгілеуді жүзеге асыруға қабілетті емес екендігін көрсетеді, сондықтан сүзгіленген ауадағы газ мөлшері картридждің қасиеттеріне қарай елеулі өзгеруі мүмкін. Мысалы, сезімталдық шегі шекті-жол берілетін мөлшерден (ШЖБМ) төменірек кейбір газдар  кейде сүзгіні пайдалану кезінде әрең білінетін иісімен байқалады.

Газдар мен буларды сүзгілеу үшін әдетте, белсендірілген көмір пайдаланылады, оның  шығу тегі әртүрлі болуы мүмкін. Тыныс алу мүшелерінің жеке қорғану құралдарында  (бұдан әрі – ЖҚҚ) әдетте тас көмірден немесе кокос жаңғағының қабығынан алынған белсендірілген көмір қолданылады. Органикалық газдар мен булар физикалық адсорбция арқылы, бейорганикалық газдар мен булар – белсендірілген көмірдің арнаулы сіңдірмелері есебінен, хемосорбция көмегімен кетіріледі.

Іс-тәжірибеде өте кең таралған адасушылықтардың бірі газтұтқылық картридждер аэрозольдерді сүзгілеуге қабілетті болатындығы туралы пікір болып табылады. Мұнымен қатар, зертханалық сынақтар аэрозольге қарсы қосымша сүзгісі жоқ газтұтқылық картридждің сүзгілердің өткізгіштігін анықтау үшін пайдаланылатын стандартты тест-заттың – тест-аэрозольдің 60 %-ына жуығын өткізетінін көрсетеді. Бұл мән-жай тыныс алатын ауаны аэрозольдерден тазарту қажет болған кезде, газтұтқылық сүзгілерді пайдалануға жол берілмейтіндігін дәлелдейді.

Жайлылық

Картридждің тиімділігін бағалау кезіндегі маңызды параметр қызметін оны пайдалану кезіндегі жайлылық  атқарады.

Пайдаланушы жайлылығының деңгейіне:

- картриджді бетпердеге бекіту тәсілі;

- оның салмағы;

- тыныс алуға кедергісі әсер етеді.

Мысалы, картридждерді бекітудің неғұрлым кең танымал екі тәсілі бар:

- бұрандалы біріктіру;

- байонет.

Бұрандалы біріктіру мұқияттылықты талап етеді, өйткені көбінде пайдаланушыда картриджді орнатудың дұрыстығын анықтау үшін айқын өлшемшарттар болмайды және қымталғандықтың қамтамасыз етілгендігі туралы бірмәнді тұжырымдай алмайды.

Бұрандалы біріктірудің кемшіліктерінен  (дұрыс орнатылмаған картридждің өз қорғаныстық қасиеттерін жоғалту тәуекелін қосқанда) бүкіл дүние жүзінде, оның ішінде ресейлік өндірушілердің арасында картридждерді бетпердемен басқасымен салыстырғанда біреуінің осьтік жылжуы мен бұрылуы (кейде бүйірлік орын ауыстыруы) арқылы байонетті (сүңгілік) біріктіру қарқын алып келеді.

Бұл ретте бұрандалы қосылыс әлі де болса бетперденің беттік бөлігін неғұрлым сыйымды картридждерге бекіту үшін пайдаланылады. Картридждердің мұндай үлгісі жұмсалатын материалдар мөлшерін үнемдеуге мүмкіндік береді, алайда сүзгінің салмағы ауырырақ болған және тартпалар жеткілікті қатты тартылмаған жағдайда жұмыскер басының кез келген шұғыл бұрылыстары оның барлық қорғаныс қасиеттерін жоққа шығара отырып, бетперденің бетке жатуын айтарлықтай нашарлатуы мүмкін.

Сүзгі салмағы да пайдаланушының жайлылығы бөлігінде маңызы кем емес рөл атқарады –  әртүрлі картридждердің салмағындағы тіпті болмашы айырмашылықтың өзі ұзақ уақыт пайдалану кезінде жақсы сезілуі мүмкін.

Бағасы

Енді тиімді қорғанысты қамтамасыз ететін картридждердің неліктен неғұрлым  жоғары бағасымен ерекшеленетіндігі  түсінікті бола түседі. Бұған қоса, соңғы уақытта нарықта тыныс алу мүшелерінің контрафактілік ЖҚҚ-ның, әсіресе газтұтқылық картридждердің орын алу проблемасы туындауда. Олардың бағасы түпнұсқалық бұйымдармен салыстырғанда төмен,  ол көптеген шамадан тыс үнемшіл жұмыс берушілерге солардың пайдасына таңдау жасауға мәжбүр етеді. Алайда зертханалық зерттеулер  тыныс алу мүшелерінің контрафактілік ЖҚҚ көбінде түпнұсқалық бұйымдардың тек сыртқы түрін ғана көшіріп алып, мәлімделген қорғаныстық қасиеттерді иеленбейтінін көрсетеді. Осылайша, оларды қолдану жұмыскерге қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді және оның денсаулығы үшін өте зиянды, мұны үнемдеудің соңына түскен жұмыс берушілердің ұмытпағаны жөн.

Бұған қоса, иемдену құны деп аталатын құнды да назарға алған жөн. Ол тыныс алу мүшелері ЖҚҚ-на кеткен барлық шығындар сомасын пайдалану мерзіміне бөлумен есептеледі. Көбінде неғұрлым сапалы және қымбат ЖҚҚ-н пайдалану қорытындыда иемденудің неғұрлым төмен түпкі құнын қамтамасыз ететін болып шығады.

Тыныс алу мүшелерінің ЖҚҚ-н таңдау кезінде жоғарыда қарастырылған параметрлердің бәрін  – жұмыс жағдайларындағы қорғауды, иемденудің түпкі құнын және жайлылықты есепке алу қажет екендігін атап өту керек. Бетпердені сатып алу өте шығынды шара болып шығуы мүмкін, сондықтан оның сапасын, жатуын, қымталғандығы мен барлық бекітпелерінің сенімділігін тексеру маңызды. Ал қажет емес шығындарды болдырмау үшін, бұл мүмкін болған жағдайда, нақты жұмыстық жағдайларда орын алатын газдардан ғана қорғайтын сүзгіні таңдау қажет. Жалған картридждерді пайдалануға жол берілмейді, өйткені тыныс алу мүшелерінің  контрафактілік ЖҚҚ жұмыскерге ешқандай қорғанысты қамтамасыз етпейді.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 4, 2017  

негізгі факторлар



Ваша персональная подборка

    Вопросы по теме

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль