Еңбекті қорғау мәдениеті – компанияның барлық қызметкерлері үшін құндылық

2
Еңбекті қорғау мәдениеті – компанияның барлық қызметкерлері үшін құндылық
Тулеубаев Е. К.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", инженер по безопасности и охране труда отдела охраны труда, радиационной безопасности и охраны окружающей среды рудника «Семизбай»
«Семізбай – U» ЖШС-нде еңбекті қорғау мәдениетін арттыру проблемасы басқарушылық жүйелерді және оларға жұмыскерлердің қатысу іс-тәжірибесін, жұмыс орнындағы тәртіпті қамтиды.

 «Семізбай – U» ЖШС жер қойнауын пайдаланушы ретінде Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы мен Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында орналасқан «Семізбай» уран кен орнын игеруді жүзеге асырады.

Корпоративтік мәдениет

Біздің компания  табысының маңызды құрамдастарының бірі - бұл  корпоративті мәдениет, ол барлық бөлімшелерді ортақ бизнес-мақсаттарға қол жеткізуге, бастаманы ынталандыруға, жұмыскерлер арасындағы өзара түсіністік пен адалдықты қамтамасыз етуге жұмылдыруға мүмкіндік беретін тиімді құрал болып табылады.

Өндірістегі қауіпсіздікті басқару мен бақылауға арналған құқықтық өріс еңбекті қорғаудың күрделі және кешенді проблемасының мәселелерін реттейтін  заң және нормативтік құқықтық актілердің саналуан жүйесімен қалыптасады. Барлық талаптарды іске асыру үшін «Семізбай – U» ЖШС-нде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғауды басқару жүйесі (бұдан әрі - ӨҚжЕҚБЖ) әзірленген және қолданысқа енгізілген, оның әрбір элементіне өз функциялары, міндеттері, қызмет саласы, тәртібі мен рәсімі бекітілген.

ӨҚжЕҚБЖ іс-шараларының негізгі мақсаты – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау. Кәсіптік тәуекелдерді жою (төмендету):

- еңбек жағдайларын жақсарту элементтерінен;

- қажетті құрылғылармен және құралдармен жарақтандырудан;

- жұмыскерлерді еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудың, нұсқаулар беру мен білімдерін тексерудің белгіленген тәртібін қамтамасыз етуден құралады.     

 «Семізбай – U» ЖШС-нде еңбекті қорғау мәдениетін тұрақты жетілдіру мен арттыруға ұмтылу кәсіпорын персоналына қауіпсіздіктің белгіленген талаптары сақталатын, шын мәніндегі жайлы жағдайларда жұмыс істейтіндіктеріне сенімділік береді.

Жұмыс орнындағы еңбекті қорғау мәдениеті – бұл өндіріс процесінде жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау жүйесін дамытудың жоғары деңгейі. Cол кезде қауіпсіз және салауатты өндірістік ортаға құқық барлық деңгейлерде сақталады. Сол кезде жұмыс берушілер мен жұмыскерлер белгіленген құқықтар, жауапкершілік, міндеттер жүйесі арқылы қауіпсіз және салауатты өндірістік ортаны қамтамасыз етуге белсене қатысады. Сол кезде профилактика қағидаттарына ең жоғары басымдық беріледі.

Бақылау еңбекті қорғау

«Семізбай - U» ЖШС-ндегі бақылаудың негізгі түрлері ведомстволық және мемлекеттік қадағалау болып табылады. Ведомстволық қадағалауды кәсіпорын қызметтері мен мамандары жүзеге асырады және бақылаудың 4 сатылық жүйесі болып табылады. 

Бұған сондай-ақ стандарттар менеджменті кіріктірілген жүйесінің ішкі аудиті де кіреді: ХС ИСО 9001:2008 (ҚР СТ  ИСО 9001); ХС ИСО 14001: 2004 (ҚР СТ  ИСО 14001); OHSAS 18001:2007 (ҚР СТ OHSAS 18001); ХС ИСО 50001:2011 (ҚР СТ  ХС ИСО 50001:2012).

Тексерулер ӨҚжЕҚБЖ-не сәйкес жүргізіледі, ол мыналарды көздейді:

 • еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты бұл жұмысқа «Семізбай» кенішінің барлық персоналын міндетті түрде белсене қатыстыра отырып, белгілі бір жүйеге келтіру;

 • бұзушылықтарды өз уақытында жоюды ғана емес, сондай-ақ сақтандыруды да қамтамасыз ететін жағдайлар жасау;

 • бүкіл персоналдың өндірістік жарақаттанушылықтан сақтандыру жөніндегі профилактикалық жұмысқа қатысуы;

• барлық басшылар мен мамандардың тарапынан жұмыс істеушілердің еңбекті қорғау және өндірістік санитария ережелерін сақтауына тұрақты бақылау жасау;

• еңбекті қорғау бойынша жүргізілетін профилактикалық жұмысты жоспарлауды, жүйелі есепке алу мен көрсеткіштеріне бақылау жасауды, сондай-ақ бұл жұмысты әрбір құрылымдық бөлімшеде ай сайын талдау мен бағалауды ұйымдастыру;

• өндірістік жабдықтардың, өндірістік процестердің қауіпсіздігін, ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін, еңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайларын, еңбек пен демалыстың оңтайлы режимдерін қалыпқа келтіруді қамтамасыз ету, жұмыс істеушілерді жеке қорғану құралдарымен, емдік-профилактикалық тамақтандыру мен санитарлық-тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.

Персоналдың еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, радиациялық, өрт қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзғаны үшін жеке жауапкершілігін арттыру мақсатында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап персоналдың жеке жауапкершілігі жүйесі (бұдан әрі - ЖЖЖ) туралы ереже қолданысқа енгізілді.

Жүргізілген тексерулерден кейін іс-шаралар жоспары жасалады, онда айқындалған бұзушылықтарды жоюға ерекше назар аударылады.

Жауапкершілігін күшейту

Нұсқамалар, білімді тексерулерді және олардың өз уақытында өткізілуіне тиісті бақылау жүргізу кезінде жұмыскерлердің жауапкершілігін күшейту үшін нұсқаманың жеке карточкалары жүргізіледі.

Персоналды еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқама беру мен білімдерін тексеру талаптарға сай ұйымдастырылған. Кеніш жұмыскерлері өндірістік қызмет басталардың алдында және жұмыс процесінде негізгі және межелес мамандықтар бойынша, сондай-ақ лауазымдарды қоса атқару кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша мезгіл-мезгіл кәсіптік дайындықтан, оқытудан, білімдерін тексеруден өткізіледі. Кеніш персоналы салалық нормаларға сәйкес жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген, олар біздің өндірістің ерекшелігіне сәйкес келеді. Кәсіпорын аумағында, өндірістік үй-жайларда қауіпсіздіктің тиісті белгілері орнатылған.  

Мыналар бойынша оқыту мен білімдерін тексеру өткізілді:

Курстың аталуы

Адам саны

Сомасы /теңге

Техникалық  инспекторлар қызметіндегі еңбекті қорғау

3

450 000

ӨҚ пен ЕҚ, азаматтық қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі  және т.б. бойынша ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту

2

240 000

Автокөлігі бар және жүк пен жолаушы тасымалдарын жүзеге асыратын объектілерде автомобильдерді авариясыз жүргізу

5

195 000

Қауіпті жүктерді тасымалдайтын көліктік құралдардың жүргізушілерін дайындау

8

246 450

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

15

210 000

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы  «Атом энергиясын пайдалану туралы» № 442-V Заңын зерделеу

1

98 850

Радиациялық қорғаныс пен қауіпсіздік

3

162 000

Өнеркәсіптік қауіпсіздік

242

2 057 000

БАРЛЫҒЫ

279

3 659 300

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» №188-V Заңына сәйкес өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кеніште 60 адамнан тұратын  авариялық-құтқару командасы (бұдан әрі  –  АҚК) құрылған, оның ішінде:

- мамандандырылған авариялық  бригада (бұдан әрі – МАБ) – 42 адам;

- өртке қарсы ерікті құралым (бұдан әрі  – ӨЕҚ) – 18 адам.

Арнаулы оқытудан:

- азаматтық қорғаныс құралымдарының командалық-басшылық және жеке құрамы –  «Адам ресурстарын дамыту академиясы» мамандандырылған оқу орнында;

- ӨЕҚ жеке құрамы –  «Азаматтық қорғау бойынша мамандандырылған оқу орталығы» ЖШС-нде;

- МАБ жеке құрамы – «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің Орталық штабы» РМКК-нда өткізілді.

Графикке сәйкес 8 оқу дабылдары мен  19 практикалық сабақ өткізілді. 

 Кеніште жалпы саны 118 адам болатын штаб пен азаматтық қорғаныстың 9 құралымы  құрылған (жұмыс істеушілер жалпы санының 41 %-ы):

авариялық-құтқару  командасы – 60  адам;

 байланыс буыны  – 6 адам;

автокөлікпен қамтамасыз ету буыны – 12 адам;

 радиациялық және химиялық бақылау посты – 4 адам;

эвакуациялық комиссия – 8 адам;

санитарлық жасақ – 4 адам;

 материалдық-техникалық қамтамасыз ету буыны – 4 адам;

қоғамдық тәртіпті қорғау буыны – 10 адам;

тамақтандырумен қамтамасыз ету буыны – 10 адам.

Құралымдардың әміршіл-басшылық және жеке құрамы тыныс алу мүшелерін жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілген:

-  ГП-7 газтұтқыларымен;                                                                                

-  «Лепесток» сүзгілік тұмылдырықтарымен;                                        

- сүзгілік қорапшалары бар өнеркәсіптік тұмылдырықтармен.                                  

Сондай-ақ  – арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен, байлап-таңу пакеттерімен қамтамасыз етілген.

  Кеніш персоналымен қауіпсіздікті насихаттау бойынша жұмыс белсенді жүргізіледі. Ынталандыруды арттыру үшін – кеніш бөлімшелері (учаскелері) арасында еңбекті қорғау саласындағы жұмысты үздік ұйымдастыруға конкурс өткізіледі.

 Салауатты және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етумен байланысты проблемаларды зерделеу мен шешу – өндірістің жаңа технологиялары маен жүйелерін әзірлеудегі неғұрлым маңызды міндеттердің бірі. Өндірістік жазатайым оқиғалардың, кәсіптік аурулардың, авариялар, жарылыстар, өрттердің мүмкін болатын себептерін зерттеу және айқындау  және оларды жоюға бағытталған іс-шаралар мен талаптарды әзірлеу адам еңбегі үшін қауіпсіз және қолайлы жағдайларды жасауға мүмкіндік береді. Еңбектің жайлы және қауіпсіз жағдайлары – еңбек өнімділігі мен қауіпсіздігіне, жұмыскерлердің денсаулығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі.

Лайықты жұмыс орны, оның әлеуметтік пайдалылығы, құқықтық қорғалғандық, еңбек нәтижелері үшін әділетті сыйақы, кәсіптік өсу мен болашаққа деген сенімділік еңбек өмірінің аса маңызды құрамдас сапалары болып табылады.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 5, 2017 



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль