Персоналмен және мердігерлермен жазатайым оқиғаларсыз жұмыс істейміз

3
Персоналмен және мердігерлермен жазатайым оқиғаларсыз жұмыс істейміз
Сальников С. С.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", главный технический руководитель по охране труда ТОО «АЭС Шульбинская ГЭС»
«АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС Safety - чемпиондардың бірегей тобы қауіпсіз жұмыс істеуге көмектеседі, және Қазақстандағы барлық AES кәсіпорындарының ішінде үздік болып танылған.

Safety - чемпиондардың пайда болуы

Қазақстандағы AES Компаниялар тобы басшылығының бастамасы бойынша 2008 жылдың соңында «АЭС Шүлбі СЭС» (бұдан әрі – ШСЭС) ЖШС-нде мақсаты – кәсіпорындағы қауіпсіздік мәдениетін арттыру болған қоғамдық инспекторлар тобын құру туралы идея туындады.

Оның қатарына ұжымда жұмыс істеген жылдары өзінің мінез - құлықтарымен және ие болған беделімен қызметкерлердің санасына «Қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздік техникасы  – бірінші орында» түсінігін енгізе алған тұлғалар енгізілді.

Кейінірек инспекторларды Safety - чемпиондар (Safety ағылшын тілінен – сақталғандық, қауіпсіздік, еңбек қауіпсіздігі) деп атай бастады.

 Қазіргі кезде жыл сайын Safety - чемпиондар құрамына еріктілерді таңдау мен сайлау өткізіледі, бүгінгі күні олардың құрамында Шүлбі СЭС қызметкерлері жалпы санының 20 % - ға дерлігі жұмыс жүргізуде, бұл кәсіпорын персоналын осы бағдарламаға тарту көлемінің көрсеткіші болып табылады.

BMOD

Чемпиондар өз жұмысын «BMOD» (Behavior мodification – мінез - құлықты өзгерту) бағдарламасын іске асырудан бастады, ол өзіне ұжымда еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚ) және қауіпсіздік техникасы (бұдан әрі – ҚТ) мәселелері бойынша қауіпсіздік мәдениеті мен мінез - құлықтық факторды жақсартудың үш жылдық жоспарын қамтыды.

Үш жылдың ішінде «BMOD» көптеген бағытты іске асырды:

–  персонал арасында ҚТ мен жабдықтарды пайдалану жөніндегі ережелерді сақтау, жұмыс орнын ұйымдастыруды қадағалауды жақсарту әдістері туралы анонимді сауалдама жүргізу;

–  қоршаушы айлабұйымдардың жай - күйін бақылау;

–  Шүлбі СЭС персоналына арналған қауіпсіздік техникасы Күнін өткізуге қатысу;

–  персоналды ЕҚ, ҚТ және қоршаған ортаны қорғау (бұдан әрі – ҚОҚ) мәселелері бойынша ақпараттандыру.

Сондай - ақ қауіпсіздік, жұмыстар ең көп орындалатын кезеңде бақылауды күшейту бойынша аралап шығуларды талдау негізінде оқыс оқиғаларды, қауіпті жағдаяттарды талдау бойынша орасан жұмыс тындырылды. Одан кейін кәсіпорындағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жөніндегі барлық талаптарды орындайтын, ескертулері жоқ, адал ниетті бригадаларды көтермелеу жүйесі ұсынылды.

Safety - чемпиондар бағдаламасының қолданылуын ұзарту

 «BMOD» үш жылдық жоспары ойдағыдай іске асырылғаннан кейін, басшылықтың алдында Қазақстандағы AES крмпаниялар тобы кәсіпорындарында Safety-чемпиондар бағдарламасының қолданылуын ұзарту қажеттілігі туралы мәселе тұрды. Ол бірауыздан қабылданды және ЕҚ және ҚТ мәдениетін халықаралық деңгейге дейін жақсартудың жаңа бағыты алынды.

Чемпиондардың қауіпсіздік бойынша бағдарламасының негізгі мақсаттары:

–  білімді беру;

–  инновацияларды енгізу;

–  қауіпсіздік көрсеткіштерін үздіксіз жақсарту;

–  қауіпсіздіктің халықаралық сыныптағы орнықты мәдениетіне қолдау жасау болып белгіленді.

 Safety - чемпиондардың мердігерлік ұйымдармен жұмысы

Чемпиондар ай сайын мердігерлік ұйымдардың персоналына қауіпсіздік бойынша тұсаукесерлер ұсынады, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау мен қоршаған ортаны қорғау бойынша түсіндіру әңгімелесулерін өткізеді. Чемпиондардың әрқайсысы мердігерлік ұйымның кураторы болып табылады және мердігерлерді оқытуды, бақылау мен қадағалауды жүргізеді.

Чемпиондар – станса персоналының көшбасшылары

Кәсіпорында ай сайын ҚТ мен ҚОҚ Күндері өткізіледі, оларға Safety - чемпиондар белсене қатысады.

Күн бағдарламасы:

–  оқыс оқиғаларды талдауды;

–  ҚТ мен ҚОҚ бойынша теориялық тренингтерді (стандарттар, тақырыптар бойынша тұсаукесерлер мен бейнефильмдер);

–  практикалық сабақтарды;

–  ҚТ және ҚОҚ бойынша конкурстарды қамтиды.

Олар жылына екі рет бұл іс - шараларды өздігінен дайындайды, ал қандай да бір себептермен қатыса алмағандар үшін оны қосымша өткізеді. Чемпиондар ұжым өкілдері болып табыла отырып, персоналдың ұсыныстары мен тілектерін білдіре отырып, ҚТ және ҚОҚ жөніндегі комитеттердің жұмысына белсене қатысады, сондай - ақ комитеттердің шешімдері бойынша кері байланысты жүзеге асырады.

Және де ең бастысы – Safety - чемпиондар өздерінің жеке үлгісімен өз әріптестеріне және мердігерлерге өздерінің компания қағидаттарын жақтайтындарын көрсетеді!

 24/7 бағдарламасы

Кәсіпорында ҚТ мен ҚОҚ ережелерін тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы сақтауды білдіретін 24/7 бағдарламасы енгізілген. Бұл бағдарлама қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің жұмыстан тыс уақытта жарақаттануларын болдырмауға бағытталған, және де чемпиондар бұл бағдарламада көшбасшылық рөл атқарады.

Олардың бастамасы бойынша жылына бірнеше рет отбасылық ҚТ және ҚОҚ Күндері өткізіледі, оларға қызметкерлердің отбасылары қатысады. Олардың назарына өндіріс пен тұрмыстағы ҚТ мен ҚОҚ ережелері бойынша материалдар ұсынылады, осы тақырыптар бойынша балалар шығармашылығының конкурстары өткізіледі. Бұған қоса, 2015 жылдан бастап, бұл күндері аумақты көгалдандыруды, көшеттер отырғызуды өткіземіз.

ҚТ және ҚОҚ бойынша ішкі аудиттер

 2014 жылы AES компаниясының бастамасымен ҚТ және ҚОҚ бойынша AES корпоративтік стандарттарына сәйкестікке ішкі аудиттер жүргізу бағдарламасы енгізілді. Safety - чемпиондардың жоғары біліктілігі ескеріліп, олар да аудиттер жүргізуге тартылды және жоғары тиімділік көрсетті.

Экология бойынша чемпионды таңдау

2015 жылдан бастап чемпиондар құрылымына өзгерістер енгізуге, ЕҚ және ҚТ бойынша негізгі чемпионға, – ҚОҚ бойынша негізгі чемпионды қосуға шешім қабылданды. Бұл мақсатты қолдау және AES - тің тұрақты компания болуға ұмтылысын жақтаушылықты көрсету үшін экология бойынша чемпиондар мынадай салаларда жүзеге асырылатын іс - шараларға белсене қатысады:

–  экологиялық инновациялар;

–  оқыту және хабардарлық;

–  коммуникация мен хабардар болу.

Оқыту және чемпиондарға қолдау жасау

Бағдарламаны қолдау және корпорацияның оқыс оқиғаларсыз жұмыс орындарын және дүниежүзілік сыныпты еңбекті қорғау мәдениетін жасауды жақтайтындығын көрсету үшін қауіпсіздік бойынша чемпиондар басқарушылықтан бастап психологиялық бағытқа дейінгі әртүрлі бағыттар бойынша мерзімдік оқытудан өткізіледі. Бұл «Жаттықтырушылар тренингтері»,  «Жанжалдарды басқару» және «Фасилитаторлар курсы» (фасилитатор – табысты топтық коммуникацияны қамтамасыз ететін адам). Оқытудың барлық үлгілері өз оқытушыларын және сыртқы компанияларды тартумен Оқытудың корпоративтік Орталығы базасында өткізіледі. Мұның бәрі чемпиондар біліктілігін жоғары кәсіптік деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Уәждеме және көтермелеу бағдарламасы

Кәсіпорында персоналды ҚТ және ҚОҚ саласындаға жетістіктері үшін уәждеме мен көтермелеу бағдарламасы әзірленген, онда чемпиондарды көтермелеу жеке блок болып бөлінген. Бағдарлама тұрақты түзетіледі және жақсартылады – бірнеше жылдың ішінде чемпиондар оны жақсарту бойынша бірнеше мәнді ұсыныс ұсынды, олар ойдағыдай қолданылды. Жұмыс нәтижелері және 2015 - 2017 жылдары іске асырылған іс - шаралар бойынша Шүлбі СЭС қауіпсіздік бойынша чемпиондар командасы Қазақстандағы барлық AES кәсіпорындарының ішінде  үздігі болып танылды. Бұл жетістіктері үшін белсенді чемпиондар бағалы сыйлықтармен, сондай - ақ сыйлыққа берілген жолдамалармен марапатталды. Осылайша, AES жоғары басшылығы тарапынан чемпиондар жұмысын тану, орнықты даму мен бағдарламадағы оңды өзгерістер байқалып отыр.

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 6, 2017  



Ваша персональная подборка

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    Записаться

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

    Живое общение с редакцией

    © 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

    Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

    По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

    По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04

    
    • Мы в соцсетях
    Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

    Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
    зарегистрируйтесь.
    Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
    • доступ к 1 500+ полезным статьям
    • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
    • шаблоны документов, пошаговые инструкции
    • ежедневно обновляемая информация
    • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Я тут впервые
    И получить доступ на сайт Займет минуту!
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль