Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды кім әзірлейді

2
Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды кім әзірлейді
Радионов Геннадий Васильевич
Эксперт электронной системы «ACTUALIS: Кадровое дело», автор журнала «Охрана труда. Казахстан», ведущий бизнес-тренер по безопасности и охране труда в Республике Казахстан, г. Алматы
Кәсіпорындардағы аса маңызды бағыттардың бірі еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету, олардың талаптары жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 927 бұйрығымен регламенттеледі.

 Нұсқаулықты не үшін әзірлеу қажет және ол не болып табылады?      

     Нұсқаулық жұмыс берушінің өндірістік үй - жайларда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көліктік құралдарда және ұйымның бұл жұмыстар жүргізілетін немесе қызметтік міндеттер орындалатын өзге де жерлерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың қолданылуын егжей - тегжейлі баяндайтын актісі болып табылады.

 Ұйымда Нұсқаулықты кім әзірлеуі тиіс?

     Жұмыс беруші Нұсқаулық әзірлеуді учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертхана мен тұтастай алғанда ұйымдағы әрбір кәсіп үшін, сондай - ақ жұмыстардың жекелеген түрлері (биіктіктегі жұмыс, сынақтар) және жұмыс орындары үшін жұмыс берушінің мүдделі құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен тізбеге сәйкес жүзеге асырады, тізбені еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман (бұдан әрі – жауапты тұлға) мен жұмыскерлер өкілдері жасайды.

Нұсқаулық әзірлеуді сондай - ақ, жұмыс берушінің (ұйымның) өтінімі бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелердің мамандары да шарттық негізде жүзеге асырулары мүмкін.

 Нұсқаулық қандай құжаттардың негізінде әзірленеді?


         Нұсқаулық еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нормативтер негізінде және жабдықтарды дайындаушы - зауыттың пайдалану және жөндеу құжаттамасында, сондай - ақ жұмыс берушінің технологиялық құжаттамасында баяндалған қауіпсіздік талаптары мен өндіріс жағдайлары ескеріле отырып, әзірленеді.
         Нұсқаулықтар тізбесі жұмыс берушінің еңбек заңнамасына сәйкес бекітілген қызметшілердің Біліктілік анықтамалығы мен жұмыстар, жұмысшылар кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік - біліктілік анықтамалығы ескеріле отырып, бекітілген штаттық кестесінің негізінде жасалады. Жасалған тізбе жұмыс берушімен немесе өзге де уәкілетті тұлғамен бекітіледі және барлық құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.

 Нұсқаулықты әзірлеу бойынша дайындық жұмысы нені қамтиды?


     Нұсқаулықты әзірлеуден бұрын, дайындық жұмысын жүргізу қажет, ол мыналарды қамтиды:

§  нұсқаулықты әзірлеу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша пайдаланылатын материалдарды іріктеу;

§  қолданылатын жабдықтар, айлабұйымдар мен аспаптардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау;

§  технологиялық процесті зерделеу, оның қалыпты өтуі және оңтайлы режимнен ауытқулары кезінде туындайтын, мүмкін болатын қауіпті және зиянды өндірістік факторларды айқындау, сондай - ақ көрсетілген факторлардан қорғану құралдары мен іс - шараларын белгілеу;

§  жұмыстардың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін, олардың кезектілігін, сондай - ақ Нұсқаулыққа енгізілуге жататын техникалық және ұйымдастырушылық іс - шараларды анықтау;

§  белгілі бір кәсіп (жұмыстар түрі) үшін кәсіптік аурулар мен өндірістегі жарақаттану, авариялық жағдаяттар себептеріне талдау жасауды жүргізу;

§  тиісті жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын қорғану құралдарының құрылымдық ерекшеліктері мен тиімділігін, сондай - ақ ақпараттық хаттарды зерделеу;

§  осы кәсіпорындағы жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимдерін анықтау.


      Нұсқаулық мазмұны нені қамтуы тиіс?

Нұсқаулық мазмұнында технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы болады және қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру мәселелерін жан - жақты қамтиды. Әрбір нұсқаулыққа тиісті атау беріледі. Атауында оның қандай кәсіпке немесе жұмыстардың түріне арналғандығын қысқаша көрсету керек. Нұсқаулық талаптары бұл жұмыс орындалатын жағдайлар есепке алынумен технологиялық процестің кезектілігіне сәйкес баяндалады:

1) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары;

2) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жұмыс басталардың алдындағы талаптары;

3) жұмыс кезіндегі;

4) авариялық жағдаяттардағы;

5) жұмыс аяқталғаннан кейінгі талаптары.

 Әрбір тарауға нені енгізу қажет?  

 «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қойылатын жалпы талаптар» тарауында:

1) тұлғаларды кәсібі бойынша дербес жұмыс істеуге немесе тиісті жұмысты орындауға рұқсат ету талаптары (жұмыскердің дербес жұмыс істеуге жіберілуі мүмкін болатын жас мөлшері, жынысы, жүргізілген медициналық зерттеп - тексерудің негізіндегі денсаулығының жай - күйі, тиісті оқыту мен нұсқамалар өткізу);

2) еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтау қажеттігі туралы нұсқаулар және еңбек пен демалыс режимдерін орындау жөніндегі талаптар;

3) жұмыскерге әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың сипаттамалары;

4) мемлекеттік, салалық стандарттардың белгіленулері мен оларға қойылатын техникалық талаптарды көрсетумен бұл кәсіпке берілетін арнаулы киім мен жеке қорғанудың басқа да құралдарының нормалары;

5) жұмыскер жұмысты орындау кезінде сақтайтын жеке гигиена талаптары;

6) экологиялық, өрт және жарылыс қауіпсіздігін қаматамасыз ету жөніндегі талаптар көрініс табады.


 «Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары» тарауында:

1) жұмыс орнын, жеке қорғану құралдарын дайындау мен өндірістік санитария;

2) жабдықтардың, айлабұйымдар мен аспаптың, қоршаулардың, дабылдаманың, бұғаттаушы және басқа құрылғылардың, қорғаныс жерлендірудің, желдету мен жергілікті жарықтандырудың ақаусыздығын тексеру;

3) бастапқы материалдардың (дайындамалар, жартылай дайын өнімдер) жай - күйі мен бар екендігін тексеру;

4) үздіксіз жұмыс жағдайында ауысымды қабылдап алу тәртібі баяндалады.

 «Жұмыс кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары» тарауында:

1) жұмыстарды қауіпсіз орындаудың, технологиялық жабдықтар, айлабұйымдар мен аспаптарды пайдаланудың тәсілдері мен әдістері;

2) бастапқы материалдармен (шикізат, дайындамалар, жартылай дайын өнімдер) қауіпсіз жұмыс істеу талаптары;

3) көліктік құралдарды, техникалық құрылғыларды, ыдыстар мен жүк көтеруші тетіктерді қауіпсіз пайдалану талаптары;

4) жұмыс орнын қауіпсіз күтіп ұстау жөніндегі нұсқаулар;

5)  нормативтік технологиялық режимнен ауытқулардың негізгі түрлері және оларды жою әдістері;

6) авариялық жағдаяттарды болғызбауға бағытталатын іс - әрекеттер;

7) жұмыскерлердің қорғану құралдарын пайдалануға қойылатын талаптар суреттеледі.

 «Авариялық жағдаяттардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары» тарауы:

1) жұмыскерлердің жағымсыз салдарларға әкелетін авариялар мен жағдаяттар туындаған кездегі іс - әрекеттерін;

2) жарақаттанған, уланған және кенеттен ауырған кезде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету бойынша іс - әрекеттерді;

3) жұмыс берушіні жұмыскердің жарақаттану оқиғалары және жабдықтардың, айлабұйымдар мен аспаптың ақаулықтары туралы хабардар ету тәртібін қамтиды.

 «Жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары» тарауы:

1) жабдықтарды, айлабұйымдарды, машиналарды, тетіктер мен аппаратураны қауіпсіз ажырату, тоқтату, бөлшектеу, тазарту мен майлау, үздіксіз процесс кезінде – оларды ауысым бойынша тапсыру тәртібін;

2) жұмыс орнын тапсыру;

3) өндіріс қалдықтарын жиыстырып - тазалау тәртібін;

4) жеке гигиена мен өндірістік санитарияны сақтау талаптарын;

5) жұмыс берушіні жұмыс кезінде айқындалған барлық кемшіліктер туралы хабардар ету тәртібін қамтиды.
    

 Нұсқаулықты бекіту мен қайта қарау қалай жүргізіледі?

     Нұсқаулықтарды жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен немесе жауапты тұлғамен және басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, лауазымды тұлғалармен, жұмыскерлер өкілдерімен келісілгеннен кейін бекітеді.
     Бекітілген Нұсқаулықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе жұмыс берушінің жауапты тұлғасы Нұсқаулықтарды есепке алу журналына тіркейді.
     Кәсіптер немесе жұмыстардың түрлері бойынша Нұсқаулықтарды қайта қарау кем дегенде үш жылда бір рет жүргізіледі.

Нұсқаулықтың мерзімінен бұрын қайта қарастырылуы мүмкін бе?


         Нұсқаулық мынадай жағдайларда қайта қарастырылуы мүмкін:

1) Қазақстан Республикасының заң актілері, мемлекеттік стандарттары мен нормативтік құқықтық актілері өзгерген кезде;

2) жаңа техника мен технология енгізілген кезде;

3) өндірістегі жазатайым оқиғаларды, авариялар мен апаттарды тергеп - тексерудің нәтижелері бойынша.
      Қайта қарау нәтижелері бойынша Нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі анықталады.

Егер үш жылдың ішінде жұмыскерлердің еңбек жағдайлары өзгермесе, онда Нұсқаулықтың қолданылуы келесі мерзімге ұзартылады, ол туралы Нұсқаулықтың бірінші бетінде жазба жасалады («Қайта қаралды» мөртабаны, Нұсқаулықтың қайта қаралуы үшін жауапты тұлғаның Т. А. Ә. (ол бар болған кезде), күні мен қолы қойылады).

Дереккөз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 5, 2017  



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль