text
Справочник кадровика

Жұмыс істейтін мүгедектерге арналған жеңілдіктер мен кепілдіктер жүйесі

  • 24 июля 2017
  • 497
Автор ряда изданий Цифрового издательства «МЦФЭР-Казахстан», юрисконсульт, г. Костанай
Жұмыс істейтін мүгедектерге арналған жеңілдіктер мен кепілдіктер жүйесі

Халықтың денсаулық жағдайының нашарлауы, жарақаттану, өндірістегі жазатайым оқиғалар мүгедек деп танылған азаматтар санының ұлғаюына әкеледі.

Көрсетілген санаттағы азаматтардың көпшілігі өз еңбек жолын жалғастырғысы келеді және жалғастыра алады. Сондықтан, оларды қосымша қолдау қажеттілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мүгедектерді жұмысқа орналастырудың  белгілі бір кепілдіктерін қамтиды, сондай-ақ оларға арналған нақты жеңілдіктерді көздейді.

Адамға еңбек етуге, лайықты өмір сүру үшін табыс табуға ешкім тыйым салуға құқылы емес. Қазақстандық заңнамада жұмыс істейтін мүгедектердің еңбекке құқығын жүзеге асыруға, қауіпсіз жұмыс істеуге арналған  қолайлы жағдай жасауға, жұмысқа орналасу және жұмыстан босату кезінде оларды кемсітушілікке жол бермеуге бағытталған жеңілдіктер жүйесі қарастырылған.

НА ЗАМЕТКУ

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында мемлекет басшысы, еңбек – ХХІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайында, алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік жаңғырту жолындағы елеулі кедергілер әлеуметтік инфантилизм, масылдық, сондай-ақ жалған әлеуметтік бағдарлар болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстан қоғамының әлеуметтенуіне тағы бір қадам Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы  № 414-V Еңбек кодексінде (2017.01.01 берілген өзгерістермен және толықтырулармен) (бұдан әрі – ҚР ЕК) және мүгедек жұмыскуерлерді жұмыспен қамтуға байланысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде қабылданған нормалар болып табылады.

Біріншіден, ҚР ЕК 25-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігін бұзуға тыйым салынады. ҚР ЕК көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектемейді.

НА ЗАМЕТКУ

Егер мүгедек жұмыскерде осы еңбек функциясын асыруға медициналық қарсы көрсетілімдер, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген өзге де жалпы тыйым салулар мен шектеулер болмаса, онда ол еңбек шартын жасасуға құқығы бар.

ЛУПА Жұмыс беруші ізденушінің мүгедектігі болған жағдайда, оны жұмысқа қабылдаудан бас тарта алмайды.

Екіншіден, ҚР ЕК 28-бабының 2-тармағы мүгедекпен жасалатын еңбек шартында жұмыс орындарын олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуға тиіс екенін көздейді.

ВОПРОС Бұл нені білдіреді?

Заң шығарушының  мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін тең құқықтар беретінін ескере отырып, тиісінше, осы санаттағы жұмыскерлердің өз еңбек жолын жүзеге асыруға нақты мүмкіндіктері болуы тиіс. Және мүгедек жұмыскерлердің жеке мүмкіндіктерін  ескере отырып, жұмыс орындарын жабдықтау бойынша дәл осы шарт оларға осындай мүмкіндікті береді.

Үшіншіден, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 482-V Заңының 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілейді.

Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ, жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын мүгедектер құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.

Осылайша, жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тыйым салулар мен шектеулер болмаған кезде мүгедек қызметкерлерге қалыпты еңбек жағдайларында еңбек функциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мүгедектердің кейбір санаттары үшін ҚР ЕК-нде белгілі бір ерекшеліктер көзделетінін ескеру қажет, атап айтқанда:

1) бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді (69-бабының 3-тармағы);

ВНИМАНИЕ Бірінші және екінші топтардағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспайды;

2) бірінші топтағы мүгедек жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді (75-бабының 8-тармағы);

ВНИМАНИЕ Егер екінші және үшінші топтардағы мүгедек жұмыскерлерге сараптамалық кәсіптік-патологиялық комиссияның қорытындысы негізінде жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленетін режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгіленбейді;

3)  мүгедек жұмыскерлерді түнгі уақытта жұмысқа тартуға, оларға мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі (76-бабының 3-тармағы);

4) үстеме жұмысқа мүгедектер жіберілмейді (77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы); 

5) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі (89-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы).

Мемлекет кепілдік берген құқықтық шаралардың және әлеуметтік қорғау шараларының бұл жүйесі мүгедектерге қалыпты еңбек ету жағдайларын қамтамасыз етуге арналған және басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндігін жасауға бағытталған.

Мақала қысқартылған нұсқада ұсынылып отыр, толық мәтінін  «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» журналының 2017 жылғы № 7 оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль