Жүк көтеру операциясы – өнер болған кезде

8
Жүк көтеру  операциясы  – өнер болған кезде
Колесник А. В.
Автор журнала "Охрана труда. Казахстан", начальник отдела безопасности и охраны труда ТОО «Консорциум ISKER»
Мақала авторы жүк көтеру жылжытулары саласында инновациялық ұяқалыпқа айналуы мүмкін, Атырау облысындағы ірі жобалардың біріндегі бірегей операция туралы баяндайды.

Көтеру краны жоқ құрылыс терезелері жоқ үй немесе толқындары жоқ теңіз сияқты. Жүк көтеру тетіктерін қолданусыз құрылыстар тұрғызуды ойға алу да мүмкін емес. Бүгінгі күні құрылыс объектісінде ойыншық құрылымдаушы бөлшектері сияқты күнбе-күн көп тонналық элементтерді қандай да бір алыптың көмегінсіз көтеріп, Ежелгі Мысыр пирамидаларының, афинылық Акропольдің немесе Римдегі Колизейдің қалай салынғанына ұзақ уақыт таңдануға болады. Алайда осылай болды, бізге тек сол замандағы құрылысшылардың инженерлік ойының кереметтеріне сүйсіну ғана қалады.

Алайда мен бұл мақалада болған және өтіп кеткен уақыттар туралы емес, керісінше орындалатын жобалардың кез келгенінде құрылыс жүргізудің ажырамас бөлігі болып табылатын жүк көтеру тетіктері пайдаланылатын бүгінгі күндер туралы жазғым келді.

Ірі құрылыс жобаларына қатысушы біздерден кім аспанға ұмтылған жүк  көтеруші крандардың сидақтарынан құралған тбейнесін көрмеді екен? Олар күзгі маусымда өзен жағасында отыратын балықшылар қармақтарының саптарына ұқсайды.

Бүгінгі күні аяқталуға жақындап келе жатқан, Атырау облысындағы аса ірі жобалардың бірі  – Батыс Ескендегі темір жол кешені жобасында осылай болды. Жобаға тапсырыс беруші North Caspian Operating Company (бұдан әрі – NCOC) халықаралық компаниясы, ал бас мердігері –  «ISKER консорциумы» ЖШС болды. Құрылыстың жоғары шегі болған 2014 - 2015 жылдары жобаға бір мезгілде жүккөтерімділігі 35-тен 750 тоннаға дейін болатын әртүрлі 30-дан астам кран тартылды. Жүк көтеру операцияларының (бұдан әрі  – ЖКО)  шарықтау шегі «Күкіртті күкірт алаңшасынан тиеу мұнарасына жинауға және тасымалдауға арналған қондырғыны» (бұдан әрі – Reclaimer) көтеру болды. Алайда барлығын рет-ретімен баяндайық.

Жобада жүргізілетін барлық ЖКО Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Жүк көтеру механизмдерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қағидаларын бекіту туралы» № 359 бұйрығына, сондай-ақ NCOC-тың   «ISKER консорциумы» ЖШС-ндегі рәсімдеріне сәйкес орындалады. Бұл рәсімдерге сәйкес, ЖКО мыналарға бөлінеді:

 әдеттегі;

 әдеттегіден тыс.

Өз кезегінде әдеттегі ЖКО:

 қарапайым;

 күрделі және қауіпті болып бөлінеді;

Күрделі және қауіпті көтерулер – ерекше санаттағы көтерулер, ол өзіне көтерулердің мынадай түрлерін қамтиды:

 массасы 20 тоннадан асатын жүктерді көтеру;

 қолданыстағы жабдықтардың, құбыржолдардың үстіндегі көтерулер;

 «соқыр» көтерулер;

 биіктігі шектелген кеңістіктегі көтерулер;

 адамдарды көтеру;

 белгісіз және анықталуы қиын ауырлық центрімен көтеру;

 екі немесе одан көп жүк көтеру тетіктерін пайдаланумен көтерулер;

 көтеруге әсер ететін жағдайлардағы көтерулер.

Жоғарыда ол туралы айтылған көтеру қауіпті көтерулердің біріне жатты, онда бірнеше аса күрделі өлшемшарттар: соқыр көтеру, бір мезгілде екіден көп жүк көтеру тетіктерін пайдалану және қауіпті масса араласып кетті. Мұндай үлгідегі көтеруді жүзеге асыру үшін мынадай іс-шараларды орындау қажет болды:

 жүктемелердің әсер етуін, жүк көтеру тетіктерін орнатуды көрсетумен көтеру қозғалыстарын иллюстрациялау көрсетумен жүк көтеру жұмысының егжей-тегжейлі жоспарын дайындау;

  жүкті байластыру сұлбасын дайындау;

  алда тұрған жұмыстың тәуекелдерін мұқият бағалауды жүргізу;

  жұмыс жүргізуге наряд-рұқсатты ресімдеу;

  көтеруге тартылатын барлық жұмыскерлерге егжей-тегжейлі нұсқама өткізу.

Жүк көтеру  операциясы  – өнер болған кезде

 Reclaimer-ді көтеру үшін ЖКМ-н орнату әдісін сұлбалық бейнелеу

Орнату бөлшектері:  ұзындығы – 65 м, биіктігі – 18 м, массасы – 142 т.

Бұл текті ЖКО-сының қауіпсіз орындалуы жан-жақты есептеулерді талап етеді, ал қауіпсіздіктің бірінші орында тұратыны белгілі.

Бұл көтерудің есептеуін орындау үшін инженерлер командасы тартылды, олар есептеулер және жұмыстар жүргізу жоспарын дайындау бойынша мұқият жұмысты тындырды.

ЕҚжЕҚ бөлімімен бірге тәуекелдерді бағалау жасалды, наряд-рұқсат ресімделді, жабдықтарды құрастыру мен тексеру жүзеге асырылды. Барлық іс-шараларды орындау үшін бүкіл команда бірнеше апта бойы жұмыс істеді. Және де жобадағы барлық дайындық іс-шаралары орындалғаннан кейін, бұл процеске қатысқандардың бәрі күткен және бір мезгілде уайымдаған күн де келіп жетті.

 2016 жылғы 17 ақпан күні, таңертең, болашақ күкірт сақтау алаңында көтеруді ақтық тексеру басталды. Тартылған жабдықтарды тағы да бір рет тексеріп алу қажет болды, атап айтқанда:

 шынжыртабандық жүрісті 750  тонналық алып -  Manitowac - M1800;

 пневматикалық жүрісті 500  тонналық кран - Demag - AC - 5002;

 пневматикалық жүрісті 200  тонналық кран - Demag - AC - 200 - 1;

 екі  автогидрокөтергіш (бұдан әрі  – АГК);

 бір айырлы жүктиегіш;

 барлық такелаждық жабдықтар.

 Сондай-ақ жұмыстар жүргізуді бастаудың алдында міндетті түрде нұсқама жүргізу қажет, кімнің басты сигнал беруші болып табылатындығын талқылау, қандай пәрмендерді кімнің беретінін анықтап алу қажет, ал бұл жұмысқа төрт: қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде сөйлейтін қызметкерлер қатысатын кезде ерекше маңызды болады.

Жүк көтеру операциясы процесіне барлық қатысушылар:

 механикалық жұмыстар жөніндегі менеджер;

 жүк көтеру операциясы үшін жауапты супервайзер;

 екі шебер,супервайзердің көмекшілері;

 алты  монтажжаушы;

 екі  АГП операторы;

 үш кран операторы;

 сегіз жүк байластырушы;

 айырлы жүктиегіштің операторы.

Барлық дайындық операциялары аяқталғаннан кейін бұл барлық іс-шарадағы ең басты рөлді – көтеру үшін жауапты  супервайзер рөлін орындау уақыты басталды. Оның әрекеттерге айқын және сенімді пәрмен беруіне бұл көтеруге тартылған адамдардың қауіпсіздігі ғана емес, сондай-ақ орасан жабдықтың, кешен бөлігінің бүтіндігі де байланысты. Болмашы ғана қателік немесе жабдықтың зақымдануы операцияның үзілуіне және жобаның жоспардан ұзақ уақыт қалып қоюына әкеледі.

Оркестр дирижерінің кемелді қозғалыстарымен ол қатысушыларға - әрбір кранның операторына, жүк байластырушыларға  кезек-кезегімен пәрмендер берді. Жеке алғанда әрбір кранның, сондай-ақ бір мезгілде барлығымен бірге бұл орасан зор жүкті миллиметріне дейін бұрынғыдан да  жоғарыға көтеріп бара жатқаны көрініп тұрды.

Бірақ жабдықты жоғары көтеріп қана қою аз, оны сондай-ақ орнатып, бұрандамалармен бекіту қажет. Бұл кезеңде монтаждаушылар тобы іске қосылады, олар  АГП биіктігінен барлық бөлшектердің сенімді ілінісуі үшін барлық бұрандамаларды тартады.

Жүк көтеру операциясының бірнеше сағаты өткеннен кейін қондырғы өз «табандарына» қойылды, монтаждаушылар бұрандамалық біріктірудің соңғы жұмыстарын аяқтады. Енді операцияның барлық қатысушылары еркін тыныс ала алады, ал бұл көтеруге жауапты  супервайзерге, және оның  командасына – дирижер мен оның оркестріне қол соққандай, түрегеп тұрып қол соғылды!

Жүк көтеру  операциясы  – өнер болған кезде

Жүк көтеру  операциясы  – өнер болған кезде

Толығырақ оқыңыз: «Қазақстанда еңбекті қорғау», № 7, 2017  



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией

© 2007–2017  «Кадры и охрана труда  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Кадры и охрана труда МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для специалистов по кадровому делу, охране труда и делопроизводству

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 2 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • шаблоны документов, пошаговые инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль